Тасќынынан, ќўламалардан жјне пайдалы ќазбалар мен кен орныныѕ сапасын тґмендететін басќа да факторлардан ќорєауын, баќылау



жүктеу 7,21 Mb.
бет19/25
Дата04.02.2020
өлшемі7,21 Mb.
#28189
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

Полициялар мен детективтер
Полициялар мен детективтер қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметті атқарады, құқық бұзышылықтар мен қылмысты тергеуге, оларды ашу және болдырмау үшін қажетті ақпаратты іздеуге қатысады.

Олардың міндеттері:

- қоғамдық тәртіп бұзу себептері мен мән-жайын тергеуді, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды;

- жасалған қылмыстың фактілері мен мән-жайын жинауды және тергеуді, оған қатысты адамдар шеңберін белгілеуді;

- құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында адамдар мен ұйымдар туралы ақпарат жинауды;

- құқыққа қарсы мінез-құлық жағдайларын тергеуді, дәлелдемелер жинауды;

- тұтқынға алу немесе қылмыскерлерді тұтқынға алған кезде көмек көрсетуді, сотта мән-жайлар және тергеу нәтижелері туралы куәлік етуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Полиция

Детектив
346 ҚҰРАМДАС ТОП



Әлеуметтік қызметкерлер
Әлеуметтік қызметкерлер клиенттерге әлеуметтік мәселелерді және солармен байланысты проблемаларды шешуге көмек көрсетеді.

Олардың орындайтын міндеттері жалғызілікті және қарт адамдарға, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсетуді; кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде қызмет, құқық бұзушыларға тәрбие жұмысын және қадағалау жүргізуді, оларды әлеуметтік пайдалы жұмысқа тартуды; психикалық немесе дене кемістіктері бар адамдарға қажетті ем алуға және олардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге қатысуына көмектесуді қамтиды.

Әлеуметтік қызметкерлер біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандардың және басшылардың басқаруымен қызмет істейді.

Бұл құрамдас топтың қызметтері (кәсіптері) орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімді талап етеді.


3460 БАЗАЛЫҚ ТОП

Әлеуметтік қызметкерлер

Әлеуметтік қызметкерлер жалғызілікті және қарт адамдарға, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалатын топтарына әлеуметтік мәселелер мен олармен байланысты проблемаларды шешуге көмек көрсетеді.

Олардың міндеттері:

- жеке адамдарға және отбасыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсетуді;

- әлеуметтік құқықтар мен міндеттер, клиенттерге берілген әлеуметтік кепілдіктер мәселелері жөнінде консультациялар беруді;

- жайсыз жағдайдағы отбасылар туралы материалдар жинауды, жайсыз жағдайдағы отбасылар балаларын қадағалауды және қамқорлыққа алуды;

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі қызметті, құқық бұзушыларға тәрбие жұмысын және қадағалау жүргізуді, оларды әлеуметтік пайдалы жұмысқа тартуды;

- психикалық немесе дене кемістіктері бар адамдарға қажетті ем алуға және оларды еңбек қызметіне тартуды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Әлеуметтік қызмет жөніндегі маман

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор

347 ҚҰРАМДАС ТОП

Өнер, ойын-сауық және спорт саласының қызметкерлері
Өнер, ойын-сауық және спорт саласының қызметкерлері тауарлар дизайнымен және интерьерлерді безендірумен айналысады; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат береді; сахнада, мюзик-холлда, көшеде, цирктерде және стадиондарда ойын-сауық көрсетеді.

Олардың орындайтын міндеттері өнеркәсіптік дизайн, көркемдеу мен интерьерлерді безендіру жөніндегі жұмыстарды, радио және теледидар арқылы ақпарат жеткізуді; ойын-сауық нөмірлерін орындауды, фокустар көрсетуді, күрделі және әсерлі акробаттық трюктар мен басқа цирктік нөмірлер орындауды; кәсіптік спорт жарыстарына қатысуды қамтиды.

Өнер, ойын-сауық және спорт қызметкерлері менеджерлердің, продюсерлерлердің басқаруымен немесе дербес қызмет етеді. Кейбір жағдайларда олар басқаруды немесе басқа қызметкерлерді даярлауды жүзеге асыруы мүмкін.

Бұл құрамдас топтың қызметтері (кәсіптері) орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімді, сондай-ақ айтарлықтай практикалық тәжірибені талап етеді.


3471 БАЗАЛЫҚ ТОП

Дизайнерлер
Дизайнерлер мен тектес кәсіптер қызметкерлері бұйымдардың, олардың сыртын, орауының көркем құрастырылуын, тұрғын үй және офистік интерьерлер жасауға, көрнектерді, көрме залдарын және тағы басқаларды безендіруге қатысады.

Олардың міндеттері:

- өнеркәсіп және коммерциялық өнімдерді көркем құрастыруды;

- бұйымдардың жоғары тұтыну және эстетикалық сапаларын ұштастыратын көркем-құрастыру шешімдерінің ең ұтымды нұсқаларын іздеуді;

- киім мен аяқ киімнің жаңа түрлері мен стилін, әбзелдердің жаңа түрлері мен оларды әзірлеу үшін қолданылатын материалдарды әзірлеуді;

- тұрғын үй және басқа да ғимараттардың интерьерлерін безендірудің көркем-құрастыру жобаларын жасауды;

- өнеркәсіптік және өндірістік тауарлар орауларының жаңа түрлері мен нысандарын әзірлеуді;

- көрнектерді, көрме залдарын көркем безендіру, театр сәндемелерін жасауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Аяқ киім конструкторы

Киім конструкторы

Суретші-конструктор (дизайнер) (біліктілік денгейі орташа)

Суретші-безендіруші (біліктілік денгейі орташа)
3472 БАЗАЛЫҚ ТОП

Радио және теледидар дикторлары
Радио, теледидар дикторлары және өзге дикторлар тыңдаушыға немесе көрерменге мәтіннің мағыналық мазмұнын жеткізеді, жаңалықтар мәліметтерін, хабарламаларды мәнерлеп оқиды, біреулердің атынан радиода, теледидарда, театрларда, концерттерде және басқа да жерлерде сөз сөйлейді.

Олардың міндеттері:

- мәтінді анық және мәнерлеп оқуды, тыңдаушыларға немесе көрермендерге мәтіннің мағыналық мазмұнын жеткізе алуды;

- радио және теледидар хабарларын жүргізе алуды, олардың қатысушыларын таныстыруды, хабарламалар жасауды;

- студияда немесе сахнада микрофондардың дұрыс орналасуын, хабарлар мен эфирге шығудың басталу және аяқталу уақытын бақылауды;

- тіл және сөйлеу ережелерін білуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Диктор


Диктор (комментатор)
3473 БАЗАЛЫҚ ТОП

Сазгерлер, әншілер мен бишілер
Түрлі қоғамдық жерлерде, оның ішінде үйде және көшелерде, түнгі клубтарда, цирктарда, мюзик-холлдарда және басқаларда өнер көрсететін сазгерлер, әншілер мен бишілер көрушілер мен келіп-кетушілердің көңілін көтеру үшін музыкалық аспаптарда ойнайды, суырып салушылықпен айналысады және билейді.

Олардың міндеттері:

- бір немесе бірнеше музыкалық аспаптарда соло немесе ансамбль, оркестр құрамында ойнауды;

- мюзик-холлдарда, түнгі клубтарда немесе үйде (үйлену тойы, мерей той және басқа) және көшелерде көпшілікке белгілі музыкалық туындылар мен өлеңдерді орындауды;

- би нөмірлерін соло немесе ансамбльдің, топтың құрамында орындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Көшеде өлең айтушы (сазгер)

Түнгі клуб бишісі


3474 БАЗАЛЫҚ ТОП

Цирк әртістері
Цирк әртістері (клоундар, иллюзионистер, акробаттар және басқалар), көрсетілімдер мен жеке цирктік нөмірлер көрсете отырып, жұртшылықтың көңілін көтереді.

Олардың міндеттері:

- көңіл көтеретін трюктарды орындауды, күлкілі сценаларды, интермедияларды және т.б. нөмірлерді ойнауды;

- сиқырлық, көз байлаушылық жанрының, гипноз өнерінің нөмірлерін көрсетуді;

- күрделі де әсерлі акробаттық және гимнастикалық нөмірлер, жонглерлық трюктарды орындауды;

- хайуандарды (аттарды, құстарды, жыртқыштарды, теңіз хайуандарын, маймылдарды, пілдерді және басқа хайуандарды) үйрету өнерін көрсетуді, олармен аренада өнер көрсетуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Цирк әртісі

Әртіс-әуе гимнасты

Кілемдегі әртіс (клоун)


3475 БАЗАЛЫҚ ТОП

Спортшылар, нұсқаушылар, әдіскерлер
Спортшылар, нұсқаушылар, әдіскерлер және тектес кәсіптер тұлғалары спорттық жарыстарға қатысады, спортшыларды жаттықтыруды және спорттық іс-шаралар ұйымдастырады.

Олардың міндеттері:

- дене даярлығын және спорттық жарыстарға қатысуды;

- спортшыларды жаттықтыру, олардың спорттық іскерлігін, машықтарын дамытуды, спорттық жетістіктерге даярлауды;

- спорттық іс-шараларды, жарыстарды, көрсетілімдерді ұйымдастыруды және өткізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Мемлекеттік жаттықтырушы

Спорт жөніндегі әдіскер

Менеджер (спорттық жарыстарды ұйымдастырушы)

Спортшы
348 ҚҰРАМДАС ТОП



Діни мәртебесі жоқ діни ұйымдардың қызметкерлері
Діни мәртебесі жоқ діни ұйымдардың қызметкерлері діни салттарды орындайды немесе орындауға көмектеседі, діни рәсімдер мен жораларды өткізуге қатысады, өзінің өмірін намаз бен ойға шомуға арнайды, белгілі діни оқуды таратады.

Олардың орындайтын міндеттері діни жоралар өткізуді және діни сенім уағыздауды, діни ресімдер, жиналыстар өткізуге көмектесуді, балаларға немесе дін қабылдайтындарға өсиет айтуды қамтиды.

Діни мәртебесі жоқ діни ұйымдардың қызметкерлері өз қызметін рухани дәрежесі бар шіркеу қызметкерінің басқаруымен жүзеге асырады.
3480 БАЗАЛЫҚ ТОП

Діни мәртебесі жоқ діни ұйымдардың қызметкерлері
Діни мәртебесі жоқ діни ұйымдардың қызметкерлері діни салттарды орындайды немесе орындауға көмектеседі, діни рәсімдер мен жораларды өткізуге қатысады.

Олардың міндеттері:



  • діни жиналыстарда діни сенім уағыздауды;

- діни ресімдер, салттар орындауды, жиналыстар мен сабақ өткізу кезінде рухани мәртебесі бар діни ұйымдар қызметшілеріне көмек көрсетуді;

  • өз өмірін намаз бен ойлануға арнауды;

  • белгілі діни оқуды таратуды;

  • ерекшеленген қоғамда өмір сүруді және оның ережелері мен нормаларын орындауды;

  • балаларға немесе дін қабылдайтындарға өсиет айтуды;

  • діни анттарды сақтауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Рухани мәртебесі жоқ діни ұйымының қызметшісі


4 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП

Ақпарат дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен, есеп жүргізумен және қызметтер көрсетумен айналысатын қызметшілер
Осы ірілендірілген топ қызметшілері қызметтің түрлі салаларын ақпараттық қамтамасыз етумен, тауарлық-материалдық құндылықтарға, ақша қаражатына және көлік құралдарына есеп жүргізумен, клиенттерге қызметтер көрсетумен байланысты қызметтерді басым орындайды. Оларды орындау тиісті кәсіптік тәжірибенің немесе практикалық даярлығының болуын көздейді.

Бұл іріленген топ қызметтерінің (кәсіптерінің) көбі үшін талап етілетін біліктілікке жеке оқу немесе жалпы орта білім базасындағы белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық жолымен қол жеткізіледі. Осы іріліндірілген топқа кіретін бір қатар кәсіптік топтар үшін қажетті біліктілікке бастауыш кәсіптік білім немесе орта кәсіптік білім алғанда ие болады.

Осы біліктілік тобына тән қызметтерге: қажетті құжаттаманы әзірлеу, ресімдеу және жүргізу; есептеу техникасы құралдарының көмегімен қаржы, статистикалық және басқа цифрлық деректерді өңдеу; шикізат пен материалдарға, дайын өнімге, ақша және көлік құралдарына есеп жүргізу, өндірістік процестер барысын шұғыл бақылау; клиенттерге қаржы, коммерциялық немесе басқа қажетті ақпарат беру; клиенттерге туристік және көлік қызметтерін көрсету; жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсету жатады.

Кейбір жағдайларда бұл топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді басқару жөніндегі қызметтерді орындай алады.



41 ШАҒЫН ТОП

Ақпарат дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен және есеп

жүргізумен айналысатын қызметшілер

Ақпарат әзірлеумен, құжаттамаларды ресімдеумен және есеп жүргізумен айналысатын қызметшілер қызметтердің әр саласы үшін ақпарат әзірлеумен және өңдеумен, тауар-материалдық құндылықтары мен көлік тасымалдауына есеп жүргізумен, ондірістік процестер барысына шұғыл бақылаумен, халыққа кітапханалық және пошта қызметтерін көрсетумен және тағы басқалармен байланысты қызметтерді орындайды. Оларды орындау тиісті кәсіптік тәжірибенің немесе практикалық даярлықтың болуын көздейді.

Бұл іріленгірілген топ қызметтерінің (кәсіптерінің) көбі үшін талап етілетін біліктілікке жалпы орта білім базасындағы белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық немесе жұмыс орынында жеке оқу жолымен қол жеткізіледі. Осы шағын топқа кіретін қызметтердің (кәсіптердің) көбі үшін қажетті біліктілікке бастауыш кәсіптік білім немесе орта кәсіптік білім алғанда ие болады.

Осы біліктілік шағын тобы қамтитын кәсіптерге тән қызметтерге: қызметтің нақты түрлерімен байланысты ақпаратты тіркеу, сақтау, іздеу және тапсыру; қажетті құжаттаманы тиісінше ресімдеу; есептеу техникасы құралдарының көмегімен қаржы-экономикалық, статистикалық ұйымдық-техникалық және басқа да деректерді өңдеу; түрлі шұғыл деректерді есепке алу және көлік тасымалдауды үйлестіру; өндірістік кестелерді жасау және орындалуын бақылау; халыққа байланыс қызметтерін көрсету және басқа жатады. Кейбір жағдайларда бұл шағын топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді басқару жөніндегі қызметтерді орындайды.



411 ҚҰРАМДАС ТОП

Есептеу (есептеуіш) машиналарының хатшылары, операторлары және тектес кәсіптер
Бұл құрамдас топтың қызметшілері есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасы құралдарының көмегімен қажетті ақпаратты әзірлеумен, сақтаумен, өңдеумен және оны тұтынушыға ауызша немесе жазбаша түрінде жеткізумен байланысты қызметтерді басым орындайды.

Осы құрамдас топтың қызметшілері атқаратын міндеттер әдеттегідей: айтып жатқа жаздыратын және басқа да материалдарды стенограммалар ретінде жазуды; бұл материалдарды машинкада, компьютерде немесе телетайпта басуды; түрлі ақпаратты компьютерге енгізу; әртүрлі есептеу машиналарында алғашқы құжаттарды өңдеуді; хаттар мен құжаттаманы қабылданған стандарттарға сәйкес редакциялауды және ресімдеуді; түрлі хатшылық міндеттерді орындауды қамтиды. Кейбір жағдайларда осы құрамдас топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді бақылау жөніндегі қызметтерді атқара алады.


4111 БАЗАЛЫҚ ТОП

Стенографисткалар мен машинисткалар
Стенографисткалар мен машинисткалар ұйымдар мен олардың бөлімшелері басшыларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет ақпаратты өңдеумен байланысты техникалық қызметтерді орындайды: стенографиялық жазулар жүргізеді және шифрларын шешеді және орфография мен пунктуация ережелерін, ұйымдық-иелік ету құжаттаманың бірегейленген стандарттары мен жүйелерін сақтай отыра, түрлі машина жазбалық жұмыстар жүргізеді.

Олардың міндеттері:

- баяндамалардың, лекциялардың, сөз сөйлеулердің, отырыстар мен кеңестер хаттамаларының стенографиялық жазуын жүргізуді;

- айтып жатқа жаздыратын, телефон арқылы немесе магниттік тараушыларда жазылған ақпараттар мәтіндерін стенографиялауды және шифрларын шешуді;

- стенограммаларды, сондай-ақ қолжазба және баспа тұпнұсқаларын (оның ішінде шетелдік мәтінді) орфография мен пунктуация ережелерін, ұйымдық-иелік ету құжаттаманың бірегейленген стандарттары мен жүйелерін сақтай отыра, машинкамен басуды;

- қағаз басатын машинкаларды, ақпаратты магниттік таратушыны пайдалану ережелерін сақтауды;

- жеңіл кеңсе жұмыстарын орындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Машинистка

Шетел мәтінімен жұмыс істейтін машинистка

Редакция машинисткасы

Стенографистка



4112 БАЗАЛЫҚ ТОП

Ақпараттарды дайындау және беру үшін арнайы жабдықтарды пайдаланатын операторлар
Ақпараттарды дайындау және беру үшін арнайы жабдықтарды пайдаланатын операторлар түрлі техникалық құралдардың көмегімен ақпарат енгізуді, беруді және қабылдауды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- телетайп, телефакс немесе өзге техникалық құралдар көмегімен ақпаратты қабылдауды және беруді;

- ақпарат енгізуді;

- форматты белгілеуді және мәтінді ресімдеуді;

- машинкамен басылған мәтінді ресімдеуді және редакциялауды;

- жұмыс нәтижелерін басу құрылғыларына шығаруды;

- кейбір кеңсе қызметтерін орындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Телетайп операторы

Телефакс операторы

Телекс операторы


4113 БАЗАЛЫҚ ТОП

Әртүрлі ақпарат енгізумен айналысатын электрондық-есептеу машиналарының операторлары
Әртүрлі ақпарат енгізумен айналысатын электрондық-есептеу машиналарының операторлары жұмыс нұсқауларына сәйкес басқару пультынан цифрлы және басқа ақпаратты электрондық-есептеу машиналарына ауыстыруға әзірлеуді және ауыстыруды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- ақпаратты электрондық-есептеу машинасына (ЭЕМ) енгізумен байланысты әзірлеу операцияларын орындауды;

- цифрлы және басқа ақпаратты техникалық таратушылардан және байланыс арналарынан ЭЕМ-ге енгізуді және оны машинадан шығаруды;

- машиналардан алынған есептік деректерді байланыс арналары бойынша кейінгі операцияларға беруді;

- деректер әзірлеу қондырғыларында ақпаратты техникалық тараушыларды әзірлеуді;

- таратушының бір түрінен екіншісіне ақпаратты жазуды, оқу және қайта жазуды;

- ақпаратты техникалық таратушыларды бақылауды;

- ақпаратты өңдеу процесінің жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді;

- ЭЕМ жұмысын қадағалауды;

- ақпаратты өңдеу процесіндегі жұмыста болған ақаудың себептерін анықтауды;

- орындалған жұмыстар нәтижесін ресімдеуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Электрондық-есептеу машиналарының операторы

Басу-компьютерлік техникасының операторы
4114 БАЗАЛЫҚ ТОП

Есептеу машиналарының операторлары
Есептеу машиналарының операторлары әртүрлі машиналарда алғашқы құжаттардың арифметикалық өңдеуін (сомалауды орындау, біржолды және көпжолды құжаттарды таксирлеу, пайыздарды, пайыздық қатынастарды есептеу, дәрежесін шығару, түбірін табу, еске сақтау регистрлерінде сандарды сақтау және жинау және соған ұқсас) жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- ақпаратты механикалық өңдеуді қамтамасыз ету жөніндегі дайындық және бақылау операцияларын орындауды;

- өңдеуге қабылданатын құжаттардың өңделетін деректемелерде шифры болуын, құжаттарды анық толтыруды және оларды тиісті ресімдеу бөлігінде сыртқы бақылауды;

- ақпарат енгізуді;

- есептеу машиналарында перфокарталарды перфорациялауды, верификациялауды, қосарлауды, репродукциялауды және та­буляциялауды;

- ақпараттың алғашқы құжаттардан машиналық таратушыларға ауыстыру дұрыстығын тексеруді;

- механикаландырылған тәсілмен жасалған табуляграммаларды бақылауды, олардың қорытынды деректерін бақылау сандарымен салыстыруды;

- орындалған жұмыс нәтижелерін нұсқаулыққа сәйкес ресімдеуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Есептеу машиналарының операторы
4115 БАЗАЛЫҚ ТОП

Хатшылар, офис-менеджерлер
Хатшылар, офис-менеджерлер ұйым басшысының жұмысын қамтамасыз ету және қызметтер көрсету жөніндегі техникалық қызметтерді, компьютерді, ұйымдық техниканың құралдарын және өзге техникалық құралдарды пайдалана отырып орындайды.

Олардың міндеттері:

- келіп-кетушілерді қабылдауды, телефон келіссөздерін, телефонограммалар қабылдауды ұйымдастыруды;

- басшы әзірлеген құжаттар мәтіндерін, кейіннен шифрын шешумен стенографиялық жазылуын қамтамасыз етуді;

- қағаз басатын машинканы немесе компьютерді қолдана отырып, айтып жатқа жаздырып немесе жазба материалдарымен жұмыс істеуді;

- кейбір жағдайларда ақпаратты теле­тайп, телефакс немесе өзге техникалық құралдар көмегімен қабылдауды және жіберуді;

- іс қағаздарын жүргізуді;

- басшының жұмыс орынын кеңсе заттарымен, ұйымдық техника құралдарымен қамтамасыз етуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Офис-менеджер

Хатшы-машинистка

Хатшы-стенографистка

Зағип маманның хатшысы
412 ҚҰРАМДАС ТОП

Есеп айырысу-шоттары операцияларымен айналысатын қызметшілер

Есеп айырысу-шоттар операцияларымен айналысатын қызметшілер есептеу техникасы құралдарының көмегімен статистикалық, қаржы және басқа да цифрлы ақпаратты өңдеуді жүзеге асырады.

Осы құрамдас топтың қызметшілері орындайтын міндеттері әдетте: шұғыл есептің түрлері бойынша құжаттама жүргізуді; статистикалық деректерді жинауды және өңдеуді; еңбек және жалақы жөнінде түрлі деректер есебін; қаржы құжаттарын жүргізуді, қор акцияларын және басқа да бағалы қағаздар есебін қамтиды. Кейбір жағдайларда, осы құрамдас топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді бақылау жөніндегі қызметтерді орындай алады.
4121 БАЗАЛЫҚ ТОП

Бухгалтерлік операциялармен және есеп жүргізумен айналысатын

қызметшілер
Бухгалтерлік операциялармен және есеп жүргізумен айналысатын қызметшілер есептеу техникасы құралдарын қолдана отырып, шұғыл және бухгалтерлік есеп түрлері бойынша жұмыс жүргізеді.

Олардың міндеттері:

- есептік операциялар жүргізу үшін қажет алғашқы құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын бақылауды;

- бухгалтерлік операциялар жөнінде жазу жүргізу: есеп регистрлері мен тарату кестелерін толтыруды, бухгалтерлік жазбалар мен шоттар бойынша оларды таратып жазуларды тіркеуді;

- бухгалтерлік есептің жекелеген учаскелері бойынша қарапайым есептерін орындауды;

- шұғыл есептің түрлері (дайын өнімнің көлемі, өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар, отынның, энергиясының шығысы және басқа) жөнінде жазба жүргізуді;

- төлем құжаттарының, нормаланған уақыттың есебін жүргізуді, жүктеу-құжатты топтастыруды және жалақы есептеу үшін оларды тапсыруды;

- қолма-қол ақша қаражатымен жұмыс, жалақыны үлестіруді және төлеуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Табельші


Бағалаушы

Еңбек жөніндегі техник

Есепші
4122 БАЗАЛЫҚ ТОП

Статистикалық және қаржы ақпараттарды өңдеумен айналысатын қызметшілер
Статистикалық және қаржы ақпараттарын өңдеумен айналысатын қызметшілер есептеу техникасы құралдарының көмегімен түрлі статистикалық ақпаратты жинау, қорытындылау және талдау, қаржы құжаттарын жүргізу, бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ ұйымның өндірістік және шаруашылық-қаржы қызметін талдауға қатысады.

Олардың міндеттері:

- алғашқы құжаттарды жинауды және алынған деректер дұрыстығын, жекелеген бөлімшелер бойынша олардың өткен кезеңдегі деректермен салыстырмалылығын тексеруді;

- цифрлық деректерді жүйелеуді және өңдеуді (оларды топтастыру, жиынтығын есептеу, түрлі көрсеткіштерді есептеу және тағы басқа);

- қаржы құжаттарын жасауды;

- клиенттер тапсырмасы бойынша сатып алынған немесе сатылған қор акциялары мен басқа да бағалы қағаздарды есепке алуды;

- статистикалық есеп деректерінің негізінде түрлі анықтамалар дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Брокер-статисшы (біліктілік денгейі орташа)

413 ҚҰРАМДАС ТОП

Материалдар мен көлік есебін жүргізумен айналысатын

қызметшілер
Материалдар мен көлік есебін жүргізумен айналысатын қызметшілер өндірілген, сатып алынған, сақталатын және жіберілетін өнімнің, сондай-ақ өндірістік бағдарламаларды орындау үшін белгіленген мерзімде қажет шикізат пен материалдардың есебін жүргізумен байланысты қызметтерді жүзеге асырады; көлік тасымалының есебімен және жолаушы және жүк көлігін үйлестіру есебін; өндірістік процестер барысына шұғыл бақылауды жүзеге асырады.

Бұл құрамдас топ қызметшілерінің орындайтын міндеттері әдетте: өндірілген, сақталатын және жіберілетін тауарларға қатысты есеп жүргізуді; шикізат пен материалдарды қабылдау, сақтау және бөліп тарату есебін жүргізуді; өндіріске нақты мерзімде қажетті шикізат пен материалдар санын есептеуді; өндіріс кестесін жасауға және орындалуын бақылауға қатысуды; көлік тасымалын шұғыл ұйлестіруді, есеп жүргізуді және тиісті есеп берулер әзірлеуді қамтиды. Кейбір жағдайларда осы құрамдас топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді бақылау жөніндегі қызметтерді атқара алады.



4131 БАЗАЛЫҚ ТОП

Тауарларға есеп жүргізумен, қабылдаумен және берумен айналысатын қызметкерлер
Тауарларға есеп жүргізумен, қабылдаумен және берумен айналысатын қызметкерлер түрлі материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді: отынның, шикізаттың, жартылай дайын өнімнің, дайын өнімнің, бөлшектердің, құрал-саймандардың, заттардың және тағы басқаның есебін жүргізеді.

Олардың міндеттері:

- тауарларды қабылдауды және жүкті тиеуді ұйымдастыруды және бақылауды, жүктерді өлшеуді, олардың сыртын қарауды және буып-түю дұрыстығын тексеруді, тиісті есеп жүргізуді;

- материалдар мен өнімнің бұзылуын және жоғалуын болдырмау мақсатында олардың сақталуын ұйымдастыруды;

- тұтынушылардың өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар партияларын жинақтауды;

- жүкті баратын жеріне дейін алып баруды, тасымалдау кезінде оны сақтаудың және сақталуының қажетті режимін қамтамасыз етуді;

- құрал-саймандарды, бөлшектерді алуды, жинақтауды және беруді, тиісті есеп жүргізуді;

- ақауы бар құрал-саймандарға, аспаптарға және басқаларға ақаулық тізімдемесін, оларды жөндеуге және есептен шығаруға, сондай-ақ жетіспеуіне және материалының бұзылуына актілер жасауды;

- түгендеме жасауға қатысуды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Таразышы

Қоймашы
4132 БАЗАЛЫҚ ТОП



Өндірісті диспетчерлеумен айналысатын қызметшілер
Өндірісті диспетчерлеумен айналысатын қызметшілер ұйымның немесе оның бөлімшелерінің өндірістік процесіне және негізгі қызметінің басқа да түрлеріне шұғыл есеп жүргізеді; көлік құралдарының қозғалысы туралы ақпарат қабылдайды және береді; көлік тасымалын шұғыл үйлестіруді жүзеге асырады; шұғыл есеп жүргізеді және тиісті есеп беруді әзірлейді.

Олардың міндеттері:

- тасымалдау процесінің барысына, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға шұғыл есеп жүргізуді, көлік құралдарының қозғалысын шұғыл үйлестіруді;

- көлік тасымалын жүзеге асыру үшін қажетті алғашқы құжаттарды ресімдеу дұрыстығын тексеруді;

- көлік құралдарының қозғалысы туралы ақпарат қабылдауды және беруді;

- жүк алушыларға, олардың мекенжайына жүктің келу уақыты туралы хабарлауды;

- қызметкерлердің көлік құралдары кестесін сақтауын бақылауды;

- шұғыл есеп беруді жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Диспетчерлік (өндірістік-диспетчерлік) қызмет операторы

Теміржол бөлімшесі бойынша кезекші жанындағы оператор

Қозғалыс қызметінің кезекшісі



4133 БАЗАЛЫҚ ТОП

Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметшілер
Көлікте есеп жүргізумен айналысатын қызметшілер көлік құралдарын пайдалану қызметіне шұғыл есептің әртүрлі түрлері бойынша жұмыс жүргізеді, алынатын ақпаратты өңдеуді және жүйелеуді жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- көлік құралдары мен көлік тасымалының есебін жүзеге асыру үшін қажет алғашқы құжаттардың дұрыстығын тексеруді;

- көлік құралдарының барына, қозғалысына, техникалық қызметтер көрсетулеріне, жөндеуіне есеп жүргізуді;

- көлік құралдары мен көлік тасымалының есебін жүзеге асыру үшін қажет қарапайым есеп айрысуларды орындауды;

- алғашқы және тасымалдық құжаттардың таксировкасын және әр құжат бойынша қорытынды есептеуді;

- шұғыл есептің әр түрі бойынша жазу жүргізуді;

- белгіленген есептемені жасауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Вагон депосының операторы

Вагондарды ауыстыру есебі жөніндегі бюро операторы

Жуу-булау станциясының операторы

Тасымал құжаттарының таксировшысы
414 ҚҰРАМДАС ТОП

Кітапханалар, пошта және басқа да қызмет қызметкерлері
Кітапханалар, пошта және басқа да қызмет қызметкерлері халыққа кітапханалық және пошталық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді; құжаттарды сыныптайды, оларды одан әрі өңдеу үшін деректер дайындайды, басуға арналған материалдарды тексереді және жоғары тұрған адамдардың тапсырмасы бойынша жазулар жүргізеді.

Бұл құрамдас топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері әдетте:

- кітаптар сатып алуға, беруге және қайтаруға есеп жүргізуді;

- мұрағаттарда түрлі құжаттарды сыныптауды және сақтауды;

- поштаны сорттауды, тіркеуді және жеткізуді;

- гранкаларды кодтауды, түзетуді қамтиды.

Кейбір жағдайларда бұл құрамдас топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді бақылау жөніндегі қызметтерді орындай алады.
4141 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кітапханалар және картотекамен айналысатын қызметкерлер
Кітапханалар және картотекамен айналысатын қызметкерлер кітапханалық қорлар мен мұрағаттарды іріктеп жинақтаудың және сақтаудың есебін жүргізеді; материалдарды сыныптау жөніндегі жұмыстарды орындайды және кітапханалар мен мұрағаттарға келушілерге сапалы қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

Олардың міндеттері:

- кітаптарды және басқа да басылымдарды сатып алуға, беруге және қайтарып алуға есеп жүргізу мақсатында ақпаратты жазуды;

- әдебиетті, мұрағаттық көшірмелерді және құжаттарды беруді;

- жүйелі және алфавиттік каталогтар жасауды;

- істер номенклатурасын әзірлеуді, істерді шифрлауды, жүйелеуді және орналастыруды, оларға есеп жүргізуді;

- құжаттарды және өзге де материалдарды фотокөбейткіш немесе өзге жабдық көмегімен көбейтуді;

- кітаптарды насихаттауға, оқу конференцияларын, маңызды көрмелерді ұйымдастыруға қатысуды және сол сияқты;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Архивариус

Кітапханашы (біліктілік денгейі орташа)
4142 БАЗАЛЫҚ ТОП

Пошта таратушылар және сұрыптаушылар*

_____________

* 4142 базалық топты 7521 базалық топта ескеру қажет.
4143 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кодтаушылар, түзетушілер және мазмұны бойынша тектес кәсіптер
Бұл базалық топ қызметкерлері ақпаратты кодтаумен айналысады, редакцияланған қолжазбалар мен типографиялық баспа-таңбаларды бақылайды және түзетеді, түрлі кеңсе жұмыстарын орындайды.

Олардың міндеттері:

- ақпаратты кодтауды және оны деректерді өңдеу мақсатында кодттар көмегімен сыныптауды;

- мәтіннің түрлі элементтерінің графикалық және лексикалық біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында редакцияланған қолжазбалар мен корректорлық баспа-таңбаларды оқуды, орфографиялық және пунктуациялық қателерді жоюды, терімнің техникалық ережелерін сақтауды, сондай-ақ маңызды және стилистикалық сипаттағы кемшіліктерді түзетуді;

- қолжазбалардың жинағын, тақырыпнамадағы бөлімдердің реттік нөмірлерін тексеруді, терминдердің, символдардың, өлшем бірліктердің және басқалардың дұрыс жазылуын қамтамасыз етуді;

- мәтін терімінің дұрыстығын тексеруді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кодтаушы


Түзетуші
419 ҚҰРАМДАС ТОП

Ақпараттарды дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен және есеп жүргізумен айналысатын басқа да қызметшілер
Бұл топ қызметшілері қажетті құжаттама дайындаумен байланысты қызметтерді және басқа құрамдас топтарда ескерілмейтін есептік-статистикалық және бақылау қызметтерін басым орындайды.

Бұл құрамдас топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері әдетте:

- қажетті құжаттаманы жүргізуді және ресімдеуді;

- кәсіпорындарда режимдік шараларды қамтамасыз етуді және мазмұны бойынша басқа тектес міндеттерді қамтиды.


4190 БАЗАЛЫҚ ТОП

Ақпараттарды дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен және есеп жүргізумен айналысатын басқа да қызметшілер
Бұл топ қызметшілері ақпарат әзірлеумен және қажетті құжаттама ресімдеумен байланысты жұмыстарды орындайды және басқа базалық топтарда ескерілмейтін кеңсе қызметтерін басым орындайды.

Олардың міндеттері:

- тегін, атын, мекенжайын және басқа деректерді көрсете отырып, есеп жөнінде жазу жүргізуді;

- әскери қызметшілерді броньдауды;

- қызметтік мекенжайлар мен телефондардың тізімін жасауды және кезеңмен жаңартып отыруды;

- басқару пультынан тапсырыстар қабылдауды;

- кодтау жөнінде жұмыстар орындауды;

- пошта тарату үшін тізім жасауды және кезеңмен жаңартуды;

- халыққа қажетті құжаттаманы, жеке басының куәліктерін, төлқұжаттарды, анықтамаларды және басқаларды ресімдеуді және беруді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кодтаушы

Паспортшы


42 ШАҒЫН ТОП

Қызмет көрсету саласының қызметшілері

Қызмет көрсету саласының қызметшілері клиенттерге қызметтер көрсетумен, оның ішінде ақпараттық, туристік, көліктік қызметтер көрсетумен; жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсетумен; ақшалай қаражатқа есеп жүргізумен, шаруашылық қызметтерін көрсетумен байланысты қызметтерді басым орындайды. Оларды орындау тиісті кәсіптік тәжірибенің немесе практикалық даярлықтың болуын көздейді.

Бұл көрсетілген шағын топ қызметтерінің (кәсіптерінің) көбі үшін талап етілетін біліктілікке жалпы орта білім базасындағы белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық немесе жұмыс орынында жеке оқу жолымен қол жеткізіледі. Осы шағын топқа енген бірқатар кәсіптік топтар үшін қажетті біліктілікке бастауыш кәсіптік білім немесе орта кәсіптік білім алғанда ие болады.

Осы біліктілік шағын тобы қамтыған кәсіптерге тән қызметтерге: клиенттерге қаржы-экономикалық, коммерциялық немесе басқа қажетті ақпарат беру; саяхат ұйымдастыру, клиенттерге көліктік қызметтер көрсету жөнінде міндеттер орындау; кассалық операциялар орындау; ставкалар ресімдеу және олар бойынша спорттық және басқа жарыстарда, ойын үйлерінде сомалар төлеу; заттарды, мүлікті немесе бағалы қағаздарды кепілдікке алып ақшалай сомаларды беру; түрлі қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз ету және басқа жатады. Кейбір жағдайларда бұл шағын топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді басқару жөніндегі қызметтерді орындайды.


421 ҚҰРАМДАС ТОП

Кассирлер және тектес кәсіптер
Бұл құрамдас топтың қызметкерлері ақшалай қаражатқа есеп жүргізумен, клиенттерге ақпараттық қызметтер көрсетумен, құмар ойындар өткізумен және қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарды басым орындайды.

Бұл құрамдас топ қызметшілерінің орындайтын міндеттері әдетте:

- клиенттерге қаржы, коммерциялық немесе басқа қажет ақпарат беруді;

- тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін клиенттер төлейтін сомаларды қабылдауды;

- кассалық операциялар мен пошта қызметтерін көрсеткен кезде банк және пошта бөлімшелерінің клиенттерімен іс жүргізуді;

- спорттық жарыстарда ставкалар қабылдауды және ставкалар бойынша төлеуді;

- құмар ойындар өткізуді;

- кепілдікке ақшалай сомалар беруді;

- берешек сомалар мен басқа төлемдерді жинауды қамтиды.

Кейбір жағдайларда бұл құрамдас топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді бақылау жөніндегі қызметтерді орындай алады.


4211 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кассирлер, билет кассирлерін қоса
Кассирлер, билет кассирлерін қоса ақшалай қаражат пен бағалы қағаздарды қабылдау, есепке алу, беру және сақтау жөніндегі операцияларды, бөлшектеп сату дүкендерінде немесе билеттік кассаларда сияқты мекемелерде олардың сақталуын қамтамасыз ететін ережелердің міндетті сақталуымен жүзеге асырады, сондай-ақ банктерде қарапайым кассалық операцияларды және т.б. жүргізеді.

Олардың міндеттері:

- қызметшілер мен жұмысшыларға жалақы, сыйлықақы, іссапар және басқа шығыстарды төлеу үшін банк ұйымдарында ақшалай қаражат пен бағалы қағаздарды белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделген құжаттар бойынша алуды;

- кіріс және шығыс құжаттарының негізінде кассалық кітапты ресімдеуді, ақшалай сомалар мен бағалы қағаздардың нақты барын кітап қалдығымен салыстырып-тексеруді, кассалық есеп жасауды;

- жолаушыларға бос орындар туралы ақпаратты жеткізуді;

- төлемдерді қолма-қол ақшамен, чектар бойынша дүкендерде, билет кассаларында және басқа ұқсас мекемелерде алуды және төлеуді;

- жол билетін және тасымал құжаттарын ресімдеуді және сатуды;

- ұйым қызметкерлеріне жалақы беруді;

- ұйымнан қолма-қол ақша алуды, оларды құжаттармен салыстырып-тексеруді, оларды банкке тапсыруға дайындауды;

- кассалық аппараттарда жұмыс істеуді;

- кассалық есептеме дайындауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кассир

Билет кассирі



Сарапшы-кассир

Сауда залының кассиры


4212 БАЗАЛЫҚ ТОП

Банктер, пошта кассирлері және тектес кәсіптер
Банктер, пошта кассирлері және тектес кәсіптер банк клиенттерімен тікелей жұмыс істейді және ақшалай қаражатты, бағалы қағаздарды қабылдау, айырбастау және төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- клиенттерден ақшалай сомаларды, чектерді, бағалы қағаздарды алу және оларды тексеруді;

- клиенттерге ақшалай қаражат төлеуді;

- ақшалай сомаларды шоттар бойынша төлеуді және клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан аударуды;

- клиенттің өтініші бойынша алмастыру операцияларын жүргізуді;

- орындалатын барлық операцияларды тіркеуді және кассалық қалдықтарға олардың сәйкестігін тексеруді;

- ақшалай қаражат пен бағалы қағаздарға есеп жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кассир (поштада)

Бақылаушы (банктік жүйеде)
4213 БАЗАЛЫҚ ТОП

Букмекерлер мен крупьелер
Букмекерлер мен крупьелер ойын үйлерінде құмар ойындар өткізеді және қызметтер көрсетеді; тараптар ставкаларын қабылдайды және спорттық және өзге жарыстарда жеңген тарапқа тиесілі сомаларды береді.

Олардың міндеттері:

- мекемеде қабылданған ойын ережелерін түсіндіруді;

- ставканы қабылдау немесе қабылдамау үшін ойыншылар тәуекелі мен жеңісінің ықтималдығын бағалауды;

- ставкалардың шама белгіленімінің тізімін жасауды және таратуды;

- ойын барысында кәртішкелерді таратуды, фишкаларды шығаруды және рулетканы басқаруды;

- ұтып алған нөмірлерді жариялауды, ұтыстар бойынша төлеуді, ұтылып қалғандардан сомалар жинауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Букмекер

Крупье
4214 БАЗАЛЫҚ ТОП

Заттар кепілдігі және заемдарды несиеге беру жөніндегі агенттер
Заттар кепілдігі және заемдарды несиеге беру жөніндегі агенттер заттар, мүлік және бағалы қағаздарды кепілдікке алып халыққа ақшалай заемдарды қарызға береді.

Олардың міндеттері:

- кепілдікке салуға ұсынылып отырған тауар-материалдық құндылықтарды және бағалы қағаздарды бағалауды; пайыздар мөлшерін анықтау және ақшалай заемдар беруді;

- сақтауға қабылданған немесе кепілдікке салуға берілген тауар-материалдық құндылықтарға және бағалы қағаздарға құжаттарды ресімдеуді;

- қоймаларда тауар-материалдық құндылықтарды сақтау ережелерінің сақталуын бақылауды;

- сақтауға қабылданған немесе кепілдікке салуға берілген тауар-материалдық құндылықтар бойынша шұғыл есеп жүргізуді және есептеме жасауды;

- кепілдікке салуға берілген, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтарды сақтағаны үшін клиенттер төлеген ақшалай сомаларға есеп жүргізуді;

- қарыз өтелген немесе төлеу мүмкін болмаған жағдайда оны іске асыруға құжаттар ресімдеу кезінде кепілдікке салынған заттарды қайтаруды;

- болашақ түсімді кепілдікке салу немесе басқа жағдайларда заем ретінде қарыз беруді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кепілдік жөніндегі агент

Ломбард бақылаушысы

Ломбард тауар танушысы
4215 БАЗАЛЫҚ ТОП

Шоттар бойынша төлемдерді, мерзімі өткен және басқа да қолма-қол сомаларды алу жөніндегі қызметкерлер
Шоттар бойынша төлемдерді, мерзімі өткен және басқа да қолма-қол сомаларды алу жөніндегі қызметкерлер сақтандырудың кез келген түрінің кезінде клиенттерден төлемдерді ресімдеу және алу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.

Олардың міндеттері:

- клиенттерге төлемдер төлеу мерзімі туралы және оларды төлеу мерзімдері бұзылған кездегі айыппұл санкциялары туралы хабарлауды;

- клиенттерге төлемдер алу мақсатында баруды;

- алынған ақшалай қаражатқа есеп жүргізуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Жинаушы-агент (салықтар, қайыр садақа)
422 ҚҰРАМДАС ТОП

Клиенттерді ақпараттандырумен және шаруашылық

қызметін көрсетумен айналысатын қызметшілер
Бұл құрамдас топ қызметкерлері клиенттерге, ақпараттық, туристік, көлік қызметін көрсетумен қоса; жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін; шаруашылық қызметін көрсетумен байланысты қызметтерді орындайды.

Бұл құрамдас топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері әдетте: клиенттерді қабылдауды және олар талап ететін ақпарат беруді; жүру жолбағытын жасауды және көлік пен қонақ үй нөмірлеріне билеттерді резервте сақтауды; іскерлік кездесулерді ұйымдастыруды; түрлі қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етуді және басқаны қамтиды. Кейбір жағдайларда бұл құрамдас топқа жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерді бақылау жөнінде қызметтерді орындайды.


4221 БАЗАЛЫҚ ТОП

Саяхат ұйымдарының (туристік және көлік агенттіктерінің)

қызметшілері
Туристік және көлік (агенттіктерінің) ұйымдарының қызметшілері клиенттерге туристік-экскурсиялық және көлік қызметтерін көрсетуді жүзеге асырады: оларға қажетті ақпарат береді, жүкті экспедирлеуге, жол және тасымал құжаттарын сатып алуға тапсырыстар қабылдайды, жүру жолбағыттарын жасайды және қонақ үй нөмірлеріне билеттерді резевте сақтайды, саяхат бағдарламаларының және туристік топтарға қызметтер көрсету бағдарламаларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Олардың міндеттері:

- клиенттерге жүру жолбағыттары мен жүріп-тұру тәсілдері жөнінде ұсынымдар жасауды;

- жүру жолбағыттарын жасауды және әзірленген жолбағыттар бойынша саяхаттарға жолдамалар сатуды;

- жол және тасымал құжаттарын жеткізуге, жүкті экспедирлеуге, қонақ үй нөмірлеріне билеттерді резевте сақтауға тапсырыстар қабылдауды және осыған ұқсас;

- қабылданған тапсырыстардың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді;

- қажет болған жағдайларда визалар алуды;

- шоттарды көшіруді және ақша қабылдауды;

- бекітілген есептеме жасауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Билеттерге тапсырыс қабылдау жөніндегі агент

Тапсырылған билеттерді жеткізу жөніндегі агент

Халықтың тасымалдау тапсырыстары жөніндегі агент

Көлік-экспедициялық агенттігі (филиа­лы) бойынша кезекші


4222 БАЗАЛЫҚ ТОП

Келушілерді қабылдаумен және ақпарат берумен айналысатын

қызметшілер
Келушілерді қабылдаумен және ақпарат берумен айналысатын қызметшілер клиенттерді қабылдауды және ақпараттық қызметтер көрсетуді жүзеге асырады, таңдауы бойынша консультациялық ұйымдарда немесе кабинеттерде олардың атынан іскерлік кездесулер ұйымдастырады.

Олардың міндеттері:

- клиенттерге оларды қызықтыратын ақпаратты анықтамалық материалдардың көмегімен тікелей немесе телефон арқылы беруді;

- алған ақпаратты жазуды және тиісті құжаттама жүргізуді;

- клиенттер үшін іскерлік кездесулер ұйымдастыруды;

- клиенттерді олар қалаған орынға немесе қалаған адамға жіберуді;

- көрсетілген қызметтер үшін шоттардан көшірме үзінділер жасауды және ақысын алуды (тегін қызметтерді қоспағанда);

- ақпараттық бюллетеньдер немесе брошюралар таратуды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Ақпараттық-анықтамалық қызмет кезекшісі

Анықтамалар беру жөніндегі кезекші (анықтама бюросы)

Медициналық тіркеуші

Тіркеуші
4223 БАЗАЛЫҚ ТОП

Телефоншылар*
4224 БАЗАЛЫҚ ТОП

Шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілер
Шаруашылық қызметін көрсетумен айналысатын қызметшілер келушілерді қабылдауды, тіркеуді және орналастыруды жүзеге асырады және мүліктің сақталуын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуді, түрлі қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады.

Олардың міндеттері:

- келушілерді қабылдауды, тіркеуді және орналастыруды;

- тұрғаны және ұсынған қызметтері үшін есеп айырысуды жүзеге асыруды;

- ғимараттардағы мүліктің дұрыстығын және тазалық пен тәртіп болуын қамтамасыз ететін қызметшілердің жұмысын бақылауды;

- ішкі тәртіп ережелерінің, өртке қарсы қауіпсіздік пен санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды;

- бар мүлікке есеп жүргізу және оны есептен шығаруға актілер жасауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;

- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Комендант

Ғимарат коменданты

Нысан коменданты

Локомотивтік (поездік) бригадалар демалыс үйінің кезекшісі

Ана мен бала бөлмесінің кезекшісі

Демалыс (автомобиль жүргізушілері, балалы жолаушылар) бөлмесінің кезекшісі

Жатақхана бойынша кезекші

* 4223 Базалық топты 7521 базалық топта ескеру керек


5 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП

Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласының және тектес қызмет түрлерінің қызметкерлері
Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда және тектес қызмет түрлері саласының қызметкерлері тұрмыстық қызмет көрсету саласында жеке қызмет көрсетумен, азаматтар мен меншікті қорғаумен және сақтаумен, тауарларды сатумен және көрсетумен, коммуналдық қызмет көрсетумен, кино және телестудиялар жұмысын қамтамасыз етумен, жарнамалық-безендіру және қалпына келтіру жұмыстарын және басқаны орындаумен байланысты қызметтерді орындайды.

Бұл ірілендірілген топ қызметтерінің (кәсіптерінің) көбі үшін талап етілетін біліктілікке жұмыс орынында жеке оқу немесе негізгі жалпы білім немесе жалпы орта білім базасындағы белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық жолымен қол жеткізіледі. Осы ірілендірілген топ қамтитын бір қатар қызметтер (кәсіптер) үшін қажетті біліктілікке бастауыш кәсіптік білім алғанда ие болады.

Бұл біліктілік тобына тән қызметтерге:

- жолаушыларға көлікте, туристік қызметтерді қоса қызметтер көрсету;

- қоғамдық тамақтану ұйымдарының келушілеріне қызметтер көрсету;

- сырқаттарға емдеу мекемелерінде және үйде жеке қызметтер көрсету;

- клиенттерге шаштараздарда және сән салондарында қызметтер көрсету;

- киімді химиялық тазалау және бояу;

- кір жуу;

- киім мен аяқ киімді жеке тігу және жөндеу;

- пәтерлерді, жиһазды, электр тұрмыстық аспаптарды, теле- және радиоаппаратураны, сағаттарды және басқаны жөндеу;

- суреттерді фототүсіру;

- халыққа салт-дәстүрлік қызмет көрсету;

- тәртіп пен заңдылықты қолдау;

- өртке қарсы қорғануды қамтамасыз ету;

- көтерме және бөлшектеп сату ұйымдарында, палаткаларда және нарықтарда тауарлар сату;

- сатып алушыларға тауарларды көрсету;

- қалаларда, кенттерде және мекендерде газ, су-канализациялық және жасыл шаруашылыққа қызметтер көрсету;

- жарнамалық-безендіру және қалпына келтіру жұмыстарын және кино және телестудиялар жұмыстарын орындау жатады.
51- ШАҒЫН ТОП

Жеке қызмет көрсетулер және азаматтар мен меншікті қорғау саласының қызметкерлері
Жеке қызмет көрсетулер және азаматтар мен меншікті қорғау саласының қызметкерлері жеке қызмет көрсетуді және азаматтар мен меншікті қорғауды мынадай жағдайларда: саяхат уақытында, қоғамдық тамақтану саласында, балаларды, ауруларды және қарттарды күту кезінде, қызметтер көрсету саласында, өрт салдарынан және заңсыз әрекеттерден қорғау кезінде және соған ұқсас кездерде жүзеге асырады.

Бұл шағын топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері мынадай қызметтер көрсетуді:

- саяхаттарды ұйымдастыруды және туристермен ілесіп жүруді;

- жолаушыларға көлікпен жүргенде қызмет көрсетуді;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақты дайындауды және беруді;

- балаларды, мүгедектерді және қарттарды күтуді;

- емдеу ұйымдарының пациенттеріне және үйде ауруларға қызмет көрсетуді;

- клиенттерге шаштараздарда және сән салондарында қызмет көрсетуді;

- қайтыс болған адамдарды бальзамдау және оларды жерлеуді ұйымдастыруды;

- киімді химиялық тазалауды және сақтауды;

- кір жууды;

- киім мен аяқ киімді жеке тігуді және жөндеуді;

- пәтерлерді, жиһазды, электр тұрмыстық аспаптарды, теле- және радиоаппаратураны, сағаттарды және басқаны жөндеуді;

- азаматтар мен меншікті өрттен және заңсыз әрекеттерден қорғауды;

- тәртіп пен заңдылықты қолдау және тағы сондайларды қамтиды.
511 ҚҰРАМДАС ТОП

Саяхат бюросы, туристік фирмалар, қоғамдық көлік қызметкерлері

және тектес кәсіптер қызметкерлері
Саяхат бюросы, туристік фирмалар, қоғамдық көлік қызметкерлері және тектес кәсіптер қызметкерлері саяхат ұйымдастырады, туристік топтармен баратын жерге дейін ілесіп барады және оларға көруге тұратын орындармен таныстырады, ұшақпен, поезбен, кемемен, автобуспен немесе басқа көлік құралдарымен саяхаттауға байланысты түрлі жеке қызметтер көрсетеді.

Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- саяхат ұйымдастыруды, туристермен ілесіп жүруді және олардың жабдықталуын қамтамасыз етуді, топтармен көруге тұратын орындарға саяхатқа ілесіп баруды және олар туралы әңгімелеуді;

- жолаушылардың жолда жабдықталуын және қауіпсіздігін, оларға тамақ пен сусын беруді қамтамасыз етуді;

- жолдамаларды сатуды;

- жолаушыларға қажетті ақпарат беруді және саяхатпен және жол жүрумен байланысты түрлі сұрақтарға жауап беруді;

- поезд вагондарындағы, ұшақтар салонындағы және кемелер каюталарындағы тәртіпті қолдауды;

- туристер үшін ойын-сауық ұйымдастыруды қамтиды.


5111 БАЗАЛЫҚ ТОП

Теміржол вагонының жолсеріктері, бортсеріктер, стюардтар
Теміржол вагонының жолсеріктері, бортсеріктер, стюардтар жолаушылардың қауіпсіз мінуін және түсуін қамтамасыз етеді, жол жүру кезінде жолаушыларға, оладың жабдықталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке қызметтер көрсетеді, тамақ пен сусындар береді, вагондардағы, каюталардағы және ұшақ салондарындағы тәртіпті қолдайды.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- ұшу кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін және оларға жоғары сапалы қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған бортсеріктері қызметі қызметшілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыруды;

- жолаушыларды вагонға, ұшаққа немесе кемеге отыру кезінде қарсы алуды және оларды жол жүру құжаттарына сәйкес орналастыруды, жолаушыларды отырғызу және түсіру қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

- жол жүру кезінде жолаушыларға қызметтер көрсетуді: төсек-орындарын дайындауды, тамақ пен сусындар беруді, газет және журналдармен, купелер мен каюталарды жүйелі түрде жинауды төсек орынды ауыстырумен қамтамасыз етуді;

- қауіпсіздік белбеулерімен, суға батырмайтын дөңгелектермен, оттегі маскаларымен және басқа да құтқару құралдарымен пайдалану ережелерін түсіндіруді;

- желдеткіштің, ауа кондиционерлерінің және жылу құралдарының жұмысын реттеуді;

- командирдің двигательдерді және әуе кемелерінің жүйелерін басқару жөніндегі бұйрықтарын уақытында орындауды;

- жазатайым оқиғалар кезінде қажетті шаралар қабылдауды және зардап шеккен жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Бортсерік

Нұсқаушы-бортсерік

Жолаушы вагонының жолсерігі
5112 БАЗАЛЫҚ ТОП

Қоғамдық көлік кондукторлары
Қоғамдық көлік кондукторлары билеттер сатады немесе бұрын сатылған билеттерді тексереді, автобустарда, трамвайларда және басқа қоғамдық көлікте жүргенде жолаушылардың қауіпсіздігі мен жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- жол жүргені үшін төлем жинауды, бұрын сатып алынған жол құжаттары мен билеттерді тексеруді;

- жолаушыларға аялдамалық және ауысып міну пункттері туралы ақпарат беруді;

- күтпеген мән-жайлар және жазатайым оқиғалар туындаған кезде қажетті шаралар қабылдауды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Жолаушы көлігінің бақылаушысы
5113 БАЗАЛЫҚ ТОП

Гидтер
Гидтер көруге тұратын орындарды қараған кезде немесе саяхат кезінде туристермен ілесіп жүреді, туристермен тұратын орындарына дейін ілесіп барады және олардың жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Осы базалық топ қызметкерлері орындайтын міндеттер:

- туристермен тұратын орындарына дейін ілесіп баруды және олардың жабдықталуын қамтамасыз етуді;

- мұражайларға, көрмелерге, көруге тұратын орындарға барған кезде топтармен ілесіп баруды, олар туралы ақпарат беруді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Гид (мұражай, көркем галерея, саяхат)

Туризм жөніндегі аға нұсқаушы
512 ҚҰРАМДАС ТОП

Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының қызметкерлері
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының қызметкерлері мейрамханаларда, кафелерде, барларда, кемелерде, поездарда, емдеу мекемелерінде және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында тамақ пен сусын дайындаумен, келіп-кетушілерге оларды берумен байланысты әртүрлі жұмыстарды жүзеге асырады

Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- түрлі тағамдар мен кулинарлық өнімдер дайындауды;

- жаппай сұраныс тағамдарын порциялауды және таратуды;

- белігілі рецептер бойынша түрлі сусындар дайындауды және оларды порцияларға бөлуді;

- буфеттер арқылы сатылатын кулинарлық өнімдерді дайындауды және жіберуді;

- бар стойкасында келіп-кетушілерге тұтынуға дайын алкоголь сусындарымен, кондитерлік және басқа өнімдермен қызмет көрсетуді;

- түрлі коктейльдер, суық және ыстық шайнамалар дайындауды;

- келіп-кетушілерді қарсы алу және оларды бар тамақтар мен сусындар ассортиментімен, стол жасаумен таныстаруды;

- келіп-кетушілерден тапсырыс алуды және олармен шотқа сәйкес есеп айырысуды қамтиды.


5121 БАЗАЛЫҚ ТОП

Үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі көмекшілер *

___________

* 5121 базалық топты 913 құрамдас топта ескеру керек
5122 БАЗАЛЫҚ ТОП

Аспазшылар
Аспазшылар азық-түліктерді әзірлейді және мейрамханаларда, кафелерде, асханаларда, кемелерде, поездарда, емдеу ұйымдарында және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында түрлі тағамдар, сусындар мен кулинарлық өнімдер дайындайды.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- дастархан мәзірін жасауды;

- түрлі ыстық тағамдарды, суық шайнамаларды, тәтті және ыстық сусындарды, ұн және кондитер өнімдерін дайындауды;

- жаппай сұраныс тағамдарын, сондай-ақ тапсырысты және фирмалық тағамдарды порциялауды, безендіруді және таратуды;

- асханадағы қызметкерлерді басқаруды, шала өнімдер мен азық-түлік алуға өтінімдер жасауды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Аспазшы


Сусындар дайындаушы
5123 БАЗАЛЫҚ ТОП

Даяшылар, бармендер мен буфетшілер
Даяшылар, бармендер мен буфетшілер мейрамханаларда, кафелерде, барларда, кемелерде, поездарда, емдеу ұйымдарында және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында түрлі тағамдар, сусындар мен кулинарлық өнімдер дайындайды.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- столдарды әзірлеуді және алдын ала жасауды;

- келіп-кетушілерді қарсы алуды және оларды бар тамақтар мен сусындар ассортиментімен таныстыруды;

- келіп-кетушілерге тамақтар мен сусындар таңдауға көмек көрсетуді және оларды ұсынуды;

- бар стойкасында келіп-кетушілерге тұтынуға дайын алкоголь сусындарымен, кондитерлік және басқа өнімдермен қызмет көрсетуді;

- түрлі коктейльдер, суық және ыстық шайнамалар дайындауды;

- бар стойкасын және жаймаларды безендіруді;

- буфет арқылы сатылатын кулинарлық өнімдерді; бутербродтарды, суық шайнамаларды, мектеп таңертеңгі астарын, суық және ыстық сусындарды дайындауды және жіберуді және басқаны;

- келіп-кетушілермен есеп айырысу жүргізуді және қолма-қол ақшаны тапсыруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Бармен


Буфетші
513 ҚҰРАМДАС ТОП

Балаларға, ауруларға, мұгедектерге, қарттарға және басқаларға

күтім жөнінде қызмет көрсететін қызметкерлер
Балаларға, ауруларға, мұгедектерге, қарттарға және басқаларға күтім жөнінде қызмет көрсететін қызметкерлер балаларды, қарттарды күту жөнінде көмекті қамтамасыз етеді, серуенде олармен ілесіп және оларды қарап жүреді; дәрігерлер мен медбикелерге көмек көрсетеді; емдеу ұйымдарының пациенттеріне және үйдегі ауруларға көмек көрсетеді, мүгедектер мен қарттарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді және оларға түрлі қызметтер көрсетеді; үй жануарларын емдеу және ауруханаға жатқызу жөнінде көмек көрсетеді.

Осы топтың қызметкерлері орындайтын міндеттер:

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды күтуді, серуенге ілесіп шығуды, жуындыруды, киіндіруді, тамақтандыруды және басқа жұмыстарды;

- үйде қарттарға және ауруларға күтім жасауды, үй-жайларын санитарлық өңдеуді және жинауды;

- ауруларға емдеу ұйымдарында көмек көрсетуді, оларды емдеу-диагностикалық және процедуралық кабинеттерге жеткізуді;

- дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге емдеу және диагностикалық процедуралар жүргізген кезде көмек көрсетуді;

- ауруларға үйде көмек көрсетуді;

- құрал-саймандарды және ауруларды күту заттарын өңдеуді;

- мүгедектер мен қарттарды азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді және оларға үй шаруашылығын жүргізу жөнінде қызмет көрсетуді;

- кірді кір жуатын орындарға тапсыруды, коммуналдық қызметтерді төлеуді және басқа;

- үй жануарларын ауруханаға жатқызуды және емдеу кезінде көмек көрсетуді қамтиды.
5131 БАЗАЛЫҚ ТОП

Балалар күтімі жөніндегі қызметкерлер
Балалар күтімі жөніндегі қызметкерлер мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды күту жөнінде тәрбиешілерге көмек көрсетеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- балаларды киіндіруді, шешіндіруді, тамақтандыруды, төсекке жатқызуды;

- балаларды серуенге, сабақка дайындыққа ұйымдастыруды және сабақ өткізгенде ілесіп жүруді;

- ғимараттың, жабдықтың және құрал-саймандардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Гувернант

Няня


Тәрбиешінің көмекшісі
5132 БАЗАЛЫҚ ТОП

Емдеу ұйымдарының пациенттеріне жеке қызмет көрсететін қызметкерлер
Емдеу ұйымдарының пациенттеріне жеке қызмет көрсететін қызметкерлер ауруларды күтеді: емдеу процедураларын өткізеді, ауруларды тексеруге немесе емдеуге дайындайды; құрал-саймандарды, ауруларды күту заттарына және үй-жайларға санитарлық өңдеу жүргізеді.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Санитарка, санитар (ауруханада, жедел жәрдемде және басқаларда)
5133 БАЗАЛЫҚ ТОП

Үйде жеке қызмет көрсететін қызметкерлер
Үйде жеке қызмет көрсететін қызметкерлер жолдамасыз демалуға және емделуге келетіндерге кешенді қызметтер көрсетеді, мұқтаж пациенттерге олардың сырқатына, даралығына немесе қарттық жасына байланысты қажетті көмек көрсетеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- қарттарға және ауруларға үйде күтім жасауды; көмекке мұқтаж адамдарға тамақ ұсынуды және оларды тамақтандыруды, ыдыс-аяқ жууды, төсек орны мен киімін ауыстыруды;

- пациенттердің қажетті дәрі-дәрмектер қабылдауын қамтамасыз етуді және емдік процедуралар жүргізуді;

- пациент денсаулығының өзгеру жағдайлары туралы емдейтін дәрігерге хабарлауды;

- пациенттің сұрауы бойынша түрлі тұрмыстық қызметтер орындауды;

- азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары мен дәрі-дәрмек сатып алуды, кірді кір жуатын орынға, киімді химиялық тазалауға және аяқ киімді жөндеуге, пәтерді жинауды және басқа қызметтер көрсетуді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Тұрмыстық қызметтер көрсету бюросының жұмысшысы

Клиенттер демалысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы


5139 БАЗАЛЫҚ ТОП

Басқа топтарға енбеген жеке қызмет көрсететін қызметкерлер және

тектес кәсіптер қызметкерлері
Бұл базалық топ басқа топтарға енбеген жеке қызмет көрсететін қызметкерлерді және тектес кәсіптер қызметкерлерін қамтиды.

Мұндай жұмысшыларға, мысалы, жануарларға күтім жасайтын және қызмет көрсететін мал дәргерлерін, түрлі дәрі-дәрмектер әзірлейтін фармацевтерді және басқаны жатқызу керек.

Бұл базалық топ қызметкерлерінің міндеттері:

- жануарларды жууды және тамақтандыруды;

- ауру жануарларды емдеу ұйымдарына апаруды және мал дәрігерлеріне емдеу процедураларын жүргізуге көмектесуді;

- хирургиялық мал дәрігерлік құрал-саймандарды тазалауды және зарарсыздандыруды;

- дәрі-дәрмектерді әзірлеу үшін бөтелкелерді, мензуркаларды және басқа да жабдықтарды зарарсыздандыруды;

- дәрі-дәрмектерді және түрлі фармацевтикалық препараттарды этикеттеуді;

- басқа да міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Мал дәрігер санитары

Зарарсыздандырушы

514 ҚҰРАМДАС ТОП

Жеке қызметтер көрсететін басқа да қызметкерлер


Жеке қызметтер көрсететін басқа да қызметкерлер шаштараздар мен сән салондарында клиенттерге қызметтер көрсетеді, жұмыс берушіге жеке қызметтер көрсетеді; мәйіттерді бальзамдайды және жерлеуді ұйымдастырады; киімдерді химиялық тазалауға және бояуға, кір жууға тапсырыстарды орындайды; киім және аяқ киімді жеке тігуді және жөндеуді жүзеге асырады, пәтерлерді, жиһаздарды, электр тұрмыстық құралдарды, сағаттарды, теле- және радиоаппаратураны және басқаны жөндейді, фотосуреттер жасайды.

Бұл топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- шашты қиюды, бұйралауды және жатқызуды, бет пен мойынға массаж жасауды, құнарландыратын маскалар, макияж жасауды, тырнақтарды гигиеналық тазалауды және оларға лак жағуды;

- жұмыс берушіге жеке қызметтер көрсетуді;

- мәйіттерді бальзамдауды, жерлеуді ұйымдастыруды және өлген адамды кремациялауды немесе жерлеген кезде қызметтер көрсетуді;

- киімдерді химиялық тазалауға және бояуға, кір жууға және үтіктеуге тапсырыстарды орындауды;

- киім және аяқ киімді жеке тігуді және жөндеуді;

- пәтерлер, жиһаздар, электр тұрмыстық құралдар, сағаттар, теле- және радиоаппаратура және басқа тұрмыстық құралдарды жөндеу жөніндегі жұмыстарды;

- клиенттерді сүретке түсіруді және фотосуреттер мен фотопортреттер жасауды қамтиды.

5141 БАЗАЛЫҚ ТОП

Әйелдер және ерлер шаштараздары, косметологтар және тектес

кәсіптер қызметкерлері
Әйелдер және ерлер шаштараздары, косметологтар және тектес кәсіптер қызметкерлері шашты қияды, бұйралайды, бояйды және жатқызады, бетке, мойынға және бас терісіне массаж жасайды, макияж жасайды, тырнақтарды гигиеналық тазалауды және оларға лак жағуды жүзеге асырады.

Бұл базалық топ қызметкерлерінің міндеттері:

- тапсырыс берушілердің қалауына, моданың бағытына және беттің ерекшелігіне сәйкес шашты қиюды, бояуды және жатқызуды;

- басқа массаж жасауды және жууды, жапсырмалармен және париктермен жұмыстар орындауды;

- бетке, мойынға массаж жасауды, бетті тазалауды және құнарландыратын әрі зарарсыздандыратын маскалар жағуды;

- қастарды түзеуді және қастар мен кірпіктерді бояуды, макияж жасауды;

- тырнақтарды гигиеналық өңдеуді және оларға қажетті нысан беруді, тырнақтарға лак жағуды;

- клиентке моншада көмек көрсетуді және қарапайым массаж жасауды;

- жұмыста қолданылатын құрал-саймандарды зарарсыздандыруды, тазалауды және жөндеуді;

- басқа тектес міндеттерді орындауды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Моншашы (моншада, душевойда қызметтер көрсету жөніндегі жұмысшы)

Косметолог

Шаштараз


Педикюршы
5142 БАЗАЛЫҚ ТОП

Компаньондар және қызметшілер
Компаньондар және қызметшілер жұмыс берушіге компания құрады және оған жеке қызметтер көрсетеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің міндеттері:

- жұмыс берушілермен демалыс орындарына, туристік саяхаттарға, дүкендерге, қабылдауларға және басқа орындарға ілесіп жүруді;

- әңгімелер жүргізуді;

- қонақ қабылдауға көмек көрсетуді;

- жұмыс берушінің гардеробының және басқа да жеке заттарының қамын ойлауды;

- басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Компаньон

Қызметші
5143 БАЗАЛЫҚ ТОП



Дәстүрлі қызмет көрсету қызметкерлері
Дәстүрлі қызмет көрсету қызметкерлері қайтыс болған адамды санитарлық тәрбиелеуді жүзеге асырады; салт өтетін жерге қажетті заттардың жеткізілуін және жерлейтін орынды дайындауды қамтамасыз етеді; жерлейді немесе кремация өткізеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- қайтыс болған адамды санитарлық тәрбиелеуді, шаштараз және косметологиялық қызметтер көрсетуді;

- қайтыс болған адамды жууды және оны табытқа салуды;

- салт өтетін жерге қажетті заттарды жеткізуді;

- табытты автокатафалкқа орналастыруды және жерлейтін немесе кремация жүргізілетін орында автокатафалктан түсіруді;

- табытты молаға түсіруді немесе табытты көтергіштен алып крематорий пешіне әперуді;

- кремациядан кейін күлді қаңылтыр табаға жинауды және оған тиісті нөмір беруді, моланы безендіруді;

- басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Дәстүрлі қызмет көрсету қызметкерлері

Дәстүрлі жабдықтар машинисі


5144 БАЗАЛЫҚ ТОП

Химиялық тазарту мен бояумен айналысатын қызметкерлер
Химиялық тазарту және бояумен айналысатын қызметкерлер мыналарды:

- қабылдау пункттерінен келетін бұйымдарды қабылдауды;

- химиялық тазалау немесе бояу алдында бұйымдарды жинақтап салуды;

- матаның кез келген түрлерінен жасалған бұйымдарды әр түрлі тұсқа бояуды;

- бұйымдардың престерде немесе буландыру үстелдерінде ылғалдық-жылу өңдеуін жүргізуді;

- дақтарды дақ кетіру станоктарында немесе қолмен кетіруді;

- бұйымдардың өңдеу сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Осы базалық топ қызметкерлерінің міндеттері:

- қабылдау пункттерінен буып-түю өнімдерін қабылдауды және ілеспе құжаттарына сәйкес бұйымдардың саны мен атауларын тексеруді;

- химиялық тазалаудың немесе бояудың және оларды кейін технологиялық операцияларға берудің алдында бұйымдарды партияларға жинақтауды;

- бұйымдарды бояуды, ылғалдауды және ылғалдық-жылу өңдеу процестерінен өткізуді ;

- бұйымдардан дақтарды кетіруді және оларды жуу заттарының су ерітінділерімен өңдеуді;

- бұйымдарды кептіруді;

- бұйымдарды қарауды және оның сапасын анықтауды, ақаулары бар бұйымдарды іріктеп алуды және ақаудың себебін анықтауды;

- белгіленген рецептура бойынша бояуды, химиялық, ылғалдауды және жуу ерітінділерін дайындауды;

- басқа тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалы:

Бұйымдарды жинақтаушы

Бояушы

Бұйымдар кептірушісі



Буландырушы-пресші

Өңделген бұйымдар сапасын бақылаушы


5145 БАЗАЛЫҚ ТОП

Кір жуу орындарының қызметкерлері
Кір жуу орындарының қызметкерлері:

- жабдықтың өткізу қабілетіне сәйкес жуудың алдында кірді жинақтауды;

- кірді жууды және кептіруді;

- кірді үтіктеуге дайындауды және тікелей үтіктеуді;

- таза кірді жинақтауды және іріктеуді;

- кірді өңдеу технологиясын бақылауды жүзеге асырады.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- матаның түсі мен өңің, кірлеу дәрежесін ескере отырып, кірді өңдеу тәсілдері мен турлері бойынша сұрыптауды;

- жуатын және әрлейтін ерітінділер дайындауды;

- кірді қолмен және машинамен жууды;

- үтіктеуге жататын кірді сілкуді, оны ылғалдандыруды, булауды және үтіктеуді;

- таза кірлерді белгілерге сай іріктеуді және ілеспе квитанциялар бойынша сұрыптауды;

- кірлерді өңдеу технологиясын бақылауды және болған ауытқуларды жою үшін шаралар қабылдауды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Кірді жинақтаушы

Кірді үтіктеуге дайындаушы

Үтіктеуші

Жуғыш ұнтақтарын (ерітінділерін) әзірлеуші


5146 БАЗАЛЫҚ ТОП

Жеке іс тігумен және киім мен аяқ киімді жөндеумен айналысатын қызметкерлер

Жеке іс тігумен және киім мен аяқ киімді жөндеумен айналысатын қызметкерлер: киімді жаңа матадан тігер кезде пішу және ескі киімді қайта тіккенде қайта пішу; киім мен аяқ-киімді жеке тапсырыстармен тігу; аяқ киім мен киімді жөндеу және жаңартуды жүзег асырады.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- фасондар таңдауды, тапсырыс беруші денесінің өлшемдерін алуды және өнімдерді пішу үшін лекалолар дайындауды;

- тігу кезінде пішу және киімдерді жөндеуді, жаңартуды және қайта тігу кезінде қайта пішуді;

- киім мен аяқ киімді жеке тапсырыстар бойынша тігуді;

- бұйымдарды өлшеуді;

- дайын өнімдердің сапасын тексеруді және тапсырыс берушіге беруді;

- түрлі күрделі тері, бастырылған, және резеңке аяқ киімдерді жөндеуді;

- қалыптарда жаңа аяқ киімді созуды;

- басқа тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Киім пішуші

Жеке аяқ киім тігіншісі

Аяқ киім жөндеуші

5147 БАЗАЛЫҚ ТОП

Пәтерлерді, жиһаздарды, электротұрмыстық аспаптарды, теле- радио аппаратураларды, сағаттарды және т.б. жөндеу жөніндегі қызметкерлер
Пәтерлерді, жиһаздарды, электротұрмыстық құралдарды, теле- (аудио-, видео) және радиоаппаратураны, сағаттарды жөндеу жөніндегі қызметкерлер пәтерлер жөндеу бойынша сырлау жұмыстарын орындайды; едендер салады және жөндейді; жиһазды, механикалық, электрондық және кварц сағаттарды жөндейді; электротұрмыстық құралдардың және радиотеледидар аппаратурасының бұзылу себептерін анықтайдын.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- сылау, бояу жұмыстарын жүргізуді, қабырғалар мен төбеге тұсқағаздар немесе басқа материалдар жабыстыруды;

- еден салуды және өңдеуді;

- түрлі жиһазды, жекелеген бөлшектерді дайындаумен және қаптайтын матаны ауыстырумен жөндеуді және қалпына келтіруді;

- электр тұрмыстық құралдарды бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды;

-теледидарлар, радиоқабылдағыштар, барлық үлгідегі автомобиль қабылдағыштардың, барлық сынып магнитофондарының, аудио-, видеоаппаратураның, антенна күшейткіштерінің және басқа да радиотеледидар аппаратурасының ақауларын анықтауды, жөндеуді және баптауды;

- барлық конструкциядағы механикалық сағаттарды, хронометрлерді, секунда өлшеуіштерді және басқа уақыт өлшейтін құралдарды жеке жөндеуді және баптауды;

- жөнделген сағаттар сапасын құралдармен тексере отырып, электрон және кварц сағаттарды жөндеуді және реттеуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Пәтерлерді (жиһаздарды) жөндеу жөніндегі жұмысшы

Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

Аппаpатуpы (радио, теле-, аудио-, видео) жөндеу жөніндегі радиомеханик


5148 БАЗАЛЫҚ ТОП

Фотостудия қызметкерлері
Фотостудия қызметкерлері тапсырыс берушілердің құжаттарға немесе суреттерге фотоға түсу жөніндегі жұмыстарды орындайды, фотоматериалдарды өңдейді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- клиенттерді құжаттарға немесе суреттерге ақ-қара және түрлі-түсті фотоматериалдарға түсіруді;

- негативті фотоматериалдарды шығаруды, бекітуді, жууды және кептіруді;

- суреттерді айқындап өңдеуді және басып шығаруды;

- шығаратын және бекітетін ерітінділерді жасауды;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Фотограф

Фотозертханашы


5149 БАЗАЛЫҚ ТОП

Басқа топтарға енбеген, жеке қызметтер көрсететін қызметкерлер
Басқа топтарға енбеген, жеке қызметтер көрсететін қызметкерлер биде партнер міндеттерін орындайды, түрлі ойын сауық іс-шараларына ілесіп жүреді, клубтарда, түнгі клубтарда ақылы партнерлер ретінде қызмет етеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- клиенттермен партнерлар ретінде биге, мейрамханаларға және басқа да ойын-сауық орындарына ілесіп жүруді;

- клиенттерді түнгі клубтарда қарсы алуды және олардың көңілін көтеруді қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Ойын сауық орындарына ілесіп жүретін партнер

Биге партнер

Түнгі клубтың ақылы партнершасы (партнеры)


515 ҚҰРАМДАС ТОП

Астрологтар, балгерлер және тектес кәсіптер қызметкерлері
Астрологтар, балгерлер және тектес кәсіптер қызметкерлері клиенттер өмірінің болашақ жағдайларын астрология әдістерімен немесе басқа тәсілдер көмегімен айтып береді, түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек жөнінде алдын ала болжайды және кеңестер береді.

Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері: белгіленген уақыттағы жұлдыздар мен планеталардың орналасуына негізделген болашақ жағдайларды болжауды, жұлдызнамалар жасауды; клиент алақаны сипатының, ойын карталарының, Таро карталарының, шай жапырағының шашкедегі орналасуы немесе кофе қоюы негізінде немесе басқа осыған ұқсас негіздерде болжауды; клиентке қолайсыз әсерді болдырмау үшін алдын алу шараларының қажеттігі туралы кеңес беруді қамтиды.


5150 БАЗАЛЫҚ ТОП

Астрологтар, балгерлер және тектес кәсіптер қызметкерлері
Астрологтар, балгерлер және тектес кәсіптер қызметкерлері клиенттер өмірінің өткен ағымдағы, болашақ жағдайларын астрология әдістерімен немесе басқа тәсілдер көмегімен айтып береді, қауіптен сақтандырады және түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау жөнінде кеңестер береді.

Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:

- белгіленген уақыттағы жұлдыздар мен планеталардың орналасуына негізделген болашақ жағдайларды болжауды;

- жұлдызнамалар жасауды;

- клиент алақаны сипатының, ойын карталарының, Таро карталарының, шай жапырағының шашкедегі орналасуы немесе кофе қоюы негізінде немесе басқа осыған ұқсас негіздерде болжауды;

- клиентке қолайсыз әсерді болдырмау үшін алдын алу шараларының қажеттігі туралы кеңес беруді;

- басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Астролог

Балгер
516 ҚҰРАМДАС ТОП



Азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызмет

қызметкерлері
Азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызмет қызметкерлері азаматтар мен меншікті өрттен, ұрлықтан, тонаудан және басқа қауіптерден қорғауды жүзеге асырады, қоғамдық тәртіпті қолдайды және заңдардың, нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері: өртті болдырмауды және оны сөндіруді, азаматтарды, мүлікті және материалдық құндылықтарды өрт және оны сөндіру кезінде құтқаруды; құқықтық тәртіпті қолдауды, азаматтар мен мүлікті қауіптен және заңсыз актілерден қорғауды, заңды және жол ережелерін бұзғаны үшін адамдарды ұстауды; жазатайым оқиғалар кезінде операцияларды басқаруды; абақтылар мен колонияларда тұтқындардың арасында тәртіпті қолдауды қамтиды.


5161 БАЗАЛЫҚ ТОП

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер өрт сөндіру, адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнінде жұмыстар жүргізеді.

Осы базалық топ қызметкерлерінің міндеттері:

- өнеркәсіп ұйымдарында, тұрғын үйлерде, ормандарда және арнайы жабдықтар пайдаланылатын нысандарда өрт сөндіру жөнінде жұмыстар жүргізуді;

- адамдарды, мүлікті және материалдық құндылықтарды құтқаруды және эвакуациялауды;

- өртті болдырмау жөнінде іс-шаралар орындауды;

- өрт-техникалық жабдықтарға қызметтер көрсетуді және олардың ақауларын жөндеуді;

- басқа тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Өрт сөндіруші

Парашютші (десантник-өрт сөндіруші)


5162 БАЗАЛЫҚ ТОП

Түрме күзетшілері
Түрме күзетшілері қамаудағыларды қадағалайды және бақылайды: жұмыс орнына дейін және кейін ілесіп жүреді; абақтылар мен түзету колонияларында тәртірті қолдайды.

Осы базалық топ қызметкерлерінің міндеттері:

- қамауға келіп жатқандарды тінтуді және олардың бағалы заттарын сақтауға тапсыруды;

- қамауға алынғандармен камераларға ілесіп баруды және оларды жабуды;

- камераларды кезеңмен тексеруді;

- қамаудағылармен жұмыс орнына дейін ілесіп баруды;

- қамаудағыларға жұмыс және серуен кезінде қадағалауды жүзеге асыруды;

- қашып кету және басқа бұзушылықтарды болдырмау мақсатында абақты немесе колонияның аумағында патрульдеуді;

- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.

Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:

Түрме күзетшісі


жүктеу 7,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау