5163 БАЗАЛЫҚ ТОП
Азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің
алдыңғы топтарда ескерілмеген басқа да қызметкерлері
Азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің алдыңғы топтарда ескерілмеген басқа да қызметкерлері нысандарға заңсыз кіруді, ұрлықты және басқа заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында ғимараттарды немесе аумақты патрульдеуді жүзеге асырады; жабайы құстарды заңсыз атуды болдырмау мақсатында қорықтарды, ормандарды патрульдейді; жағажайларды патрульдейді және суға кететін адамдарды құтқарады; азаматтарды шабуылдардан және басқа жазатайым оқиғалардан қорғайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- күзетілетін нысандарға өтетін адамдардың құжаттары мен рұқсатнамаларын тексеруді;
- материалдық құндылықтарды көлікпен шығаруды және шығаруды бақылауды, бұзушыларды ұстауға шаралар қабылдауды;
- күзетілетін нысандар аумағында иттермен қызмет өтеуді және қалдырған іздері бойынша бұзушыларды ұстауға шаралар қабылдауды;
- жабайы аңдар мен құстарды заңсыз атуды болдырмау мақсатында қорықтарды, ормандар мен орманды алқаптарды патрульдеуді;
- жазатайым оқиғаларды болдырмау және суға кететін адамдарды құтқару мақсатында жағажайларды патрульдеуді;
- арнайы автокөлікті, жабдықты, құрал-саймандарды, арнайы киімді, жеке қорғану құралдары мен үй-жайларды дезактивтеуді;
- берілген рецептура бойынша дезактивтейтін құрам дайындауды;
- қызмет ету кезінде иттерді үйретуді, жаттықтыруды және қолдану ережелерін білуді және нақты орындауды;
- қызметтік иттердің, техниканың және жабдықтың есіртке, қылмыскерлерді, зиян шеккендерді іздеуді, минасыздандыру жөніндегі жұмыстарды және басқа жұмыстарды орындауды шұғыл жүргізуге тұрақты даярлықты жүзеге асыруды;
- қызметтік иттерді тамақтандыруды, тамақтардың сапасын, олардың күтімін және ұстауын бақылауды, иттерде жоғары жұмыс машықтарын дағдыландыру мақсатында хайуандардың тұрақты тренингін қамтамасыз етуді;
- қызмет түрлері, даярлық сапасы, тұқымы, жасы бойынша қызметтік иттердің есебін жүргізуді және деректерді жоғарыда тұрған органдарға уақытында ұсынуды;
- қызметтік иттерге ветеринарлық қызметтер көрсетуді ұйымдастыруды және оларды ұстау орындарында жоспарлық, шұғыл және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруды;
- азаматтарды шабуылдардан қорғауды;
- азаматтар мен мүлікті қорғау жөніндегі басқа міндеттерді орындауды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Газдан қүтқарушы
Дезактиваторшы
Егерь
Кинолог
Бақылау-өткізу пунктінің бақылаушысы
Күзетші
Қызметтік иттердің жолсерігі (вожатый)
Құтқарушы
Атқыш
Оққағар
52 ҚҰРАМДАС ТОП
Модельдер, сатушылар, тауарларды көрсетушілер
Модельдер, сатушылар, тауарларды көрсетушілер тауарларды сауда ұйымдарында, палаткаларда және рыноктарда сатады, олардың сапасын тексереді және көрсетеді; киімді көрсету кезінде, мүсіндеу жұмыстарын жасаған және суреттер салған кезде жанды үлгі ретінде жұмыс істейді.
Осы құрамдас топ қызметкерлері орындайтын міндеттері:
- тауарларды сауда ұйымдарында, палаткаларда және рыноктарда сатуды;
- тауарларды сатып алушыларға көрсетуді және оның сапасын тексеруді;
- суретшілердің шеберханаларында және сурет училищелерінде натурашылар сапысында жұмыс істеуді;
- киімді, прическаларды көрсету кезінде манекенщиктер боп жұмыс істеуді қамтиды.
521 ҚҰРАМДАС ТОП
Манекеншілер және басқа да модельдер
Манекеншілер және басқа да модельдер конкурстарда, семинарларда, мода конгрестерінде, демонстрациялық залдардағы сеанстарда және басқа көрсетулерде киімді, прическаларды көрсетеді; жарнама мақсатында, сурет училищелерінде модельдер сапасында жұмыс істейді; мүсін жұмыстарын жасаған немесе сурет салған кезде суретшіге модель ретінде жұмыс істейді.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- конкурстарда, семинарларда, мода конгрестерінде, демонстрациялық залдардағы сеанстарда және басқа көрсетулерде киімді, прическаларды көрсетуді;
- суретшілерге, сондай-ақ фото- және киноға түсірулерде модель ретінде жұмыс істеуді;
- көркем сурет, мүсін, кескіндеме, сондай-ақ студенттерді сурет училищелерінде оқыту кезінде модель ретінде жұмыс істеуді қамтиды.
5210 БАЗАЛЫҚ ТОП
Манекеншілер және басқа да модельдер
Манекеншілер және басқа да модельдер конкурстарда, семинарларда, мода конгрестерінде, демонстрациялық залдардағы сеанстарда және басқа көрсетулерде киімді, прическаларды демонстрациялайды; жарнама мақсатында, сурет училищелерінде жанды үлгілер сапасында жұмыс істейді; мүсін жұмыстарын жасаған немесе сурет салған кезде суретшіге модель ретінде жұмыс істейді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- конкурстарда, семинарларда, мода конгрестерінде, демонстрациялық залдардағы сеанстарда және басқа көрсетулерде киімді, прическаларды көрсетуді;
- суретшілерге, сондай-ақ фото- және киноға түсірулерде, көркем сурет, мүсін, кескіндеме, сондай-ақ студенттерді сурет училищелерінде оқыту кезінде модель ретінде жұмыс істеуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Киім көрсетуші
Прическалар демонстраторы
Мүсін сомдау позаларының демонстраторы
522 ҚҰРАМДАС ТОП
Дүкендер сатушылары және тауарлар көрсетушілер
Дүкендер сатушылары және тауарлар көрсетушілер сауда ұйымдарында тауарлар сатады, олардың сапасын тексереді және олардың қолданылуын көрсетеді.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- тауарларды сатуға дайындауды, тауарларды көтерме сауда ұйымдарында бөлшектеп сататын сатушыларға және тауарлардың ірі партияларын тұтынушыларға сатуды;
- бөлшектеп сату дүкендерінде сатып алушыларға қызметтер көрсетуді;
- тауарларды, олардың қолданылуын көрсетуді, тауарды таңдап алуға көмектесуді, тауардың құнын есептеуді және чек жазуды;
- тауардың жұмыс запасын уақытында бақылауды;
- сатылмаған тауарларды және ыдыстарды жинауды қамтиды.
5220 БАЗАЛЫҚ ТОП
Дүкендер сатушылары және тауарлар көрсетушілер
Дүкендер сатушылары және тауарлар көрсетушілер көтерме сауда ұйымдарында бөлшектеп сататын сатушыларға және тауарлардың ірі партияларын тұтынушыларға тауарлар сатады, олардың сапасын тексереді және олардың қолданылуын көрсетеді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- тауарларды сатуға дайындауды және оларды тікелей сатуды;
- тауарларды және олардың қолданылуын сатып алушыларға көрсетуді;
- сатып алушыларға қажетті тауарды таңдап алуға көмектесуді;
- тауардың құнын есептеуді, чек жазуды және сатып алушылардан ақша алуды;
- тауардың жұмыс запасын уақытында толықтырылып отыруын бақылауды;
- сатылмаған тауарларды және ыдыстарды жинауды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тауарлар көрсетушілер
Азық-түлік емес тауарлар сатушысы
Азық-түлік тауарларының сатушысы
Кассир-бақылаушы
523 ҚҰРАМДАС ТОП
Палаткалардың және рыноктардың сатушылары
Палаткалардың және рыноктардың сатушылары теріден, тоқымадан, ағаштан жасалған көркем бұйымдар және тоқыған бұйымдар, газеттер, открыткалар, мерзімдік басылымдар, сигареттер, шоколад, балмұздақ сияқты түрлі тауарларды және басқаны, лицензияларына сәйкес қаланың көшелерінде белгіленген орындарда орналасатын палаткаларда сатады; көкөніс, жеміс-жидектерді, етті және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін нарықтарда сатады.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- жергілікті биліктен палатка ашуға рұқсат алуды;
- тауарларды сатып алуды немесе базадан алуды және тиісті құжаттарды ресімдеуді;
- тауарларды сөрелерде, жаймаларда орналастыруды;
- тауарды сатып алушыға сатуды және онымен есеп айырысуды;
- тұтынушылардың сұранысын зерттеуді және соның негізінде тапсырыс ресімдеуді;
- құжаттарды ресімдеуді және тауар есебін жүргізуді;
- жеміс-жидекті, көкөністі, етті және басқа да азық-түлік өнімдерін рынокта сатуды, тазалық пен тәртіпті сақтауды қамтиды.
5230 БАЗАЛЫҚ ТОП
Палаткалардың және рыноктардың сатушылары
Палаткалардың және рыноктардың сатушылары теріден, тоқымадан, ағаштан жасалған көркем бұйымдар және тоқыған бұйымдар, газеттер, открыткалар, мерзімдік басылымдар, сигареттер, шоколад, балмұздақ сияқты түрлі тауарларды және басқаны, сондай-ақ көкөніс, жеміс-жидектерді, етті және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін сатады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- жергілікті биліктен палатка немес дүңгіршек ашуға рұқса алуды;
- тауарларды сатып алуды немесе базадан алуды және тиісті құжаттарды ресімдеуді;
- тауарларды сөрелерде, жаймаларда орналастыруды;
- тауарды сатып алушыға сатуды және онымен есеп айырысуды;
- тұтынушылардың сұранысын зерттедіу және оның негізінде тапсырыс ресімдеуді;
- құжаттарды ресімдеуді және тауар есебін жүргізуді;
- жеміс-жидекті, көкөністі, етті және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін және орман өнімдерін кеңшар нарықтарында сатуды;
- ұшаларды бөлуді және оларды ұсақ кесектерге кесуді, зертханалық талдаулар үшін еттің үлгісін іріктеп алуды, сөреде етті жайғастыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Палатканың (алаңның, нарықтың) сатушысы
Дүңгіршектің сатушысы
Рынокта ет шабушы
53 ШАҒЫН ТОП
Коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар
Коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі жұмысшылар қалаларда, кенттерде және басқа да мекенжайларда газ және су-канализация шаруашылығының авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындайды; су мен газдың келуіне және жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады; электр энергиясының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады; қалалар мен басқа да мекенжайларды көгалдандырумен байланысты жұмыстарды орындайды.
Осы шағын топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- газ, пеш және су-канализация шаруашылығын жөндеу және қызметтер көрсету жөнінде жұмыстарды орындауды;
- су, газ және электр энергияның жұмсалуын бақылауды;
- бақшадағы жолдарды, гүлзарларды безендіруді;
- қарапайым құрал-саймандар мен қүрылғылар арқылы көшеттерді күтуді қамтиды.
531 ҚҰРАМДАС ТОП
Қалалар, кенттер мен елді мекендердегі газ шаруашылығы жұмысшылары
Қалалар, кенттер мен елді мекендердегі газ шаруашылығының жұмысшылары қолданыстағы газ құбырларында авариялық-жөндеу жұмыстарын, газ су жылытқыштарын және тұрмыстық газ плиталарды ауыстыру жөнінде слесарлық жұмыстарды орындайды, пештердің және плиталардың түтіндіктерін уақытында тазалануын бақылайды және басқа жұмыстар орындайды.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- қолданысағы төмен, орта және жоғары қысымды газ құбырларында авариялық-жөндеу жұмыстарын, тұрмыстық газ аппаратурасын қалпына келтіру жөнінде жөндеу жұмыстарын орындауды;
- газ су жылытқыштарын және тұрмыстық газ плиталарды ауыстыру жөнінде слесарлық жұмыстарды орындауды; газ баллондарын ауыстыруды;
- газ плиталарын пайдалану жөнінде абоненттерге нұсқау жүргізуді;
- қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жанатын пештердің және плиталардың түтіндіктерін уақытында тазалануын бақылауды;
- түтіндіктер мен пештердің техникалық жағдайы туралы белгіленген нысанда акт жасауды қамтиды.
5310 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қалалар, кенттер мен елді мекендердегі газ шаруашылығы
жұмысшылары
Қалалар, кенттер мен елді мекендердегі газ шаруашылығының жұмысшылары қолданыстағы газ құбырларында авариялық-жөндеу жұмыстарын, газ су жылытқыштарын және тұрмыстық газ плиталарды ауыстыру жөнінде слесарлық жұмыстарды орындайды, пештердің және плиталардың түтіндіктерін уақытында тазалануын бақылайды және басқа жұмыстар орындайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- қолданыстағы төмен, орта және жоғары қысымды газ құбырларында авариялық-жөндеу жұмыстарын орындауды;
- тұрмыстық газ аппаратурасын қалпына келтіру жөнінде жөндеу жұмыстарын және газ су жылытқыштарын және тұрмыстық газ плиталарды ауыстыру жөнінде слесарлық жұмыстарды орындауды, газ баллондарын ауыстыруды;
- газ приборларын пайдалану жөнінде абоненттерге нұсқау жүргізуді;
- қатты, сұйық және газтәрізді отынмен жанатын пештердің және плиталардың түтіндіктерін уақытында тазалануын бақылауды;
- түтіндіктердің және пештердің техникалық жағдайы туралы акт жасауды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Газ шаруашылығындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь
Пеш шаруашылығының бақылаушысы
532 ҚҰРАМДАС ТОП
Су құбыры-канализация шаруашылығының жұмысшылары
Су құбыры-канализация шаруашылығының жұмысшылары су тартқыш насостар мен резервуарларға қызметтер көрсетеді, су бөлетін будкалардан халыққа су жібереді, суды озондаудың технологиялық процестерін жүргізеді, су қоймасындағы судың деңгейін өлшейді, су жүргізетін-канализациялық құрылғыларға қызметтер көрсетеді, диспетчерлік пульттен жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау жұмысын автоматтық түрде бақылайды; су жүргізетін-канализациялық жүйелерді жөндеу жөнінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді; су жүргізетін-канализациялық жүйелерді ондағы ақауларды анықтау үшін тексеруді және қарауды жүзеге асырады.
Осы топ қызметкерлерінің міндеттері:
- су итергіш насостар мен резервуарларға қызметтер көрсетуді, жекелеген аудандар бойынша су беруді реттеуді, аспаптар көрсеткіштері бойынша суды озондау процесін жүргізуді және бірілген режимге сәйкес озонаторлық станцияның жұмысын реттеуді, су қоймасындағы судың деңгейін өлшеуді және оны жабу құрылғылары арқылы реттеуді;
- су құбыры-канализациялық жүйелерді қарауды және тексеруді, шамалы ақауларды жоюды;
- су жүргізу жүйелерін жөндеуді, канализациялық жүйелерді тазалауды және қоқыстанған жерлерін тазартуды, каналдар мен котловандар қазуды және оларды бекіту жөнінде жұмыстарды орындауды;
- диспетчерлік пульттен жылумен жабдықтауды және сумен жабдықтау жұмысын автоматтық түрде бақылауды қамтиды.
5320 БАЗАЛЫҚ ТОП
Су құбыры-канализация шаруашылығының жұмысшылары
Су құбыры-канализация шаруашылығының жұмысшылары су тартқыш насостар мен резервуарларға қызметтер көрсетеді, су бөлетін будкалардан халыққа су жібереді, суды озондаудың технологиялық процестерін жүргізеді, су қоймасындағы судың деңгейін өлшейді, су құбыры-канализациялық құрылғыларға қызметтер көрсетеді, диспетчерлік пульттен жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау жұмысын автоматтық түрде бақылайды; су құбыры-канализациялық жүйелерді жөндеу жөнінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді; су құбыры-канализациялық жүйелерді ондағы ақауларды анықтау үшін тексеруді және қарауды жүзеге асырады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- су итергіш насостар мен резервуарларға қызметтер көрсетуді;
- жекелеген аудандар бойынша су беруді реттеуді;
- аспаптар көрсеткіштері бойынша суды озондау процесін жүргізуді және берілген режимге сәйкес озонаторлық станцияның жұмысын реттеуді;
- су қоймасындағы судың деңгейін өлшеуді және оны жабу құрылғылары арқылы реттеуді;
- су құбыры-канализациялық жүйелерді қарау және тексеру, шамалы ақауларды жоюды;
- су жүргізу жүйелерін жөндеуді, канализациялық жүйелерді тазалауды және қоқыстанған жерлерін тазартуды;
- диспетчерлік пульттен жылумен жабдықтауды және сумен жабдықтау жұмысын автоматтық түрде бақылауды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалы:
Су таратушы
Су құбыры-канализациялық жүйелерді қараушы
Озонаторшы
Құтқару-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
533 ҚҰРАМДАС ТОП
Көгалдандыру шаруашылығы жұмысшылары
Көгалдандыру шаруашылығы жұмысшылары жерді өңдеумен және көшеттер, ағаштар, бұталар және саябақтарда, гүлзарларда, көгалдарда, оранжереялар мен көшетханаларда гүл өсімдіктерін отырғызумен, клемдік газондар мен гүлзарларды қырқумен, ағаштар мен бұталардың бөрікбастарын қиюмен, бақ жолдары мен көгалдарды қоқыстан тазалаумен айналысады.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- жерді өңдеуді, минералдық тыңайтқыштар енгізуді;
- көшеттерді, екпе көшеттерді, ағаштарды, бұталарды және гүл өсімдіктерін отырғызуды;
- өсімдіктерді зарарсыздандыру дәрілерімен бүркуді;
- клемдік көгалдар мен гүлзарларды қырқуды, ағаштар мен бұталардың бөрікбастарын қиюды;
- гүл өсімдіктерін қолмен суаруды;
- жасыл екпе ағаштарды қарапайым құрал-саймандар мен құрылғылар арқылы күтуді;
- оранжереялық және көшетханақ шаруашылығын ұйымдастыруды және жүргізуді;
- бақ жолдарын, көгалдарды, гүлзарларды және басқа көгалдандырылған алаңдарды қоқыстан және қардан тазартуды;
- саябақтардағы, бақтардағы және тынымбақтардағы грунттық, гравийлік және ұсақталған тастардан жасалған жолдарды жөндеуді қамтиды.
5330 БАЗАЛЫҚ ТОП
Көгалдандыру шаруашылығы жұмысшылары
Көгалдандыру шаруашылығы жұмысшылары жерді өңдеумен және көшеттер, ағаштар, бұталар және саябақтарда, гүлзарларда, көгалдарда, оранжереялар мен көшетханаларда гүл өсімдіктерін отырғызумен, клемдік газондар мен гүлзарларды қырқумен, ағаштар мен бұталардың бөрікбастарын қиюмен, бақ жолдары мен көгалдарды қоқыстан тазалаумен айналысады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- жерді өңдеуді;
- минералдық тыңайтқыштар енгізуді;
- көшеттерді, екпе көшеттерді, ағаштарды, бұталарды және гүлдер отырғызуды;
- өсімдіктерді зарарсыздандыру дәрілерімен бүркуді;
- клемдік көгалдар мен гүлзарларды қырқуды, ағаштар мен бұталардың бөрікбастарын қиюды;
- гүл өсімдіктерін суаруды;
- оранжереялық және көшетхана шаруашылығын ұйымдастыруды және жүргізуді;
- бақ жолдарын, көгалдарды, гүлзарларды және басқа көгалдандырылған алаңдарды қоқыстан және қардан тазартуды;
- саябақтарда, бақтарда және тынымбақтарда грунттық, гравийлік және ұсақталған тастардан жасалған жолдарды жөндеуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Көгалдандырушы
Бақшашы-көгалдандырушы
534 ҚҰРАМДАС ТОП
Энергия қадағалауды жүзеге асыратын жұмысшылар
Энергия қадағалауды жүзеге асыратын жұмысшылар электроэнергия тұтынушыларына қызметтер көрсетеді, электроэнергияны есепке алатын аспаптың жұмысын бақылайды және есепсіз пайдалану жағдайларын анықтайды, сынған электр санауыштарды және өлшеуіш трансформаторларды айырбастайды, бекітілген тұтынушылар бойынша электр энергиясы үшін есеп айырысулар жүргізеді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- электроэнергия тұтынушыларын ажырату мен қосуды және оларға қызметтер көрсетуді;
- электр санауыштарды және өлшеуіш трансформаторларды айырбастауды;
- бекітілген тұтынушылар бойынша электр энергиясы үшін есеп айырысулар жүргізуді;
- электроэнергия тұтынушыларымен өзіне өзі қызметтер көрсету кітапшалары бойынша немесе төленген шоттар бойынша есеп айырысуды бақылауды;
- есепке алу аспаптарының жағдайын бақылауды және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуді;
- энергияны есепке алу бұзылғанда есепайырысу, электр санауыштың көрсеткіштерін алуды қамтиды.
5340 БАЗАЛЫҚ ТОП
Энергия қадағалауды жүзеге асыратын жұмысшылар
Энергия қадағалауды жүзеге асыратын жұмысшылар электроэнергия тұтынушыларына қызметтер көрсетеді, электроэнергияны есепке алатын аспаптың жұмысын бақылайды және есепсіз пайдалану жағдайларын анықтайды, сынған электр санауыштарды және өлшеуіш трансформаторларды айырбастайды, бекітілген тұтынушылар бойынша электр энергиясы үшін есеп айырысулар жүргізеді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- электроэнергия тұтынушыларын ажырату мен қосуды және оларға қызметтер көрсетуді;
- сынған электр санауыштарды және өлшеуіш трансформаторларды айырбастауды;
- бекітілген тұтынушылар бойынша электр энергиясы үшін есеп айырысулар жүргізуді;
- пайдаланған электроэнергия үшін электрэнергия тұтынушыларының бекітілген учаскелері бойынша өзіне өзі қызметтер көрсету кітапшалары бойынша немесе төленген шоттар бойынша есеп айырысуды бақылауды;
- есепке алу аспаптарының жағдайын бақылауды және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуді;
- энергияны есепке алу бұзылғанда есеп айырысуды, электр санауыштың көрсеткіштерін алуды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Энергия қадағалау бақылаушысы
54 ШАҒЫН ТОП
Кино және телестудия жұмысшылары
Кино және телестудия жұмысшылары сәндемелер орнату және безендіру жөнінде жұмыстар орындайды, әртістерді гримдейді, ойын қуыршақтарын және бутафориялық бұйымдар әзірлейді, кинотүсіру аппаратурасына және теледидар жабдықтарына қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстарды, құрастыру жұмыстарын орындайды, жанғыш бұйымдарды әзірлейді және тағы басқа жүзеге асырады.
Осы шағын топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- түсіру алаңдарында және телестудияларда сәндемелер орнатуды және безендіруді;
- әртүрлі күрделі жанғыш бұйымдармен ойыншық қуыршақтар жасауды;
- гримдер мен көркем прическалар жасауды, париктер дайындауды;
- құрастыру жұмыстарын және дыбыс және түсіру техникасына, кинотеледидарлық жабдыққа техникалық қызметтер көрсету жөнінде жұмыстар орындауды;
- позитивтер мен негативтерді құрастыруды;
- кинотеатрлар мен клубтарда фильмдер көрсетуді және киноқондырғыларына техникалық қызметтер көрсетуді;
- ақ-қара және түрлі түсті фильм көшірмелерін тексеруді және қалпына келтіруді қамтиды.
541 ҚҰРАМДАС ТОП
Кино және телестудия жұмысшылары
Кино және телестудия жұмысшылары сәндемелер орнату және безендіру жөнінде жұмыстар орындайды, әртістерді гримдейді, ойын қуыршақтарын және бутафориялық бұйымдар әзірлейді, қойылымдар арасындағы антракттарда сәндемелердің орнын ауыстырады, қойылымдар, дайындықтар және кино түсірімдері кезінде сахнаға жарық түсіреді, сәндемелерге, жарық түсіргіш аппаратарға,сахна мүлкіне ұсақ жөндеулер жүргізеді, сәндемелердің және сахна жабдығының техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады, кинотүсіру аппаратурасына және теледидар жабдықтарына қызметтер көрсету жөнінде жұмыстарды орындайды, негативтер мен позитивтерді құрастырады, жанғыш бұйымдарды әзірлейді.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- түсіру алаңдарында, телестудияларда және театрларда сәндемелер орнату және жасау жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- әртүрлі күрделі жанғыш бұйымдар мен ойыншық қуыршақтар жасауды;
- гримдер мен көркем прическалар жасауды, париктер дайындауды;
- сахнада сәндемелер мен жиһазды қоюды және оларды антракттарда, қойылымдар арасында қайта қоюды;
- электр жарығын түсіретін аппаратураны орнатуды және сахнаны қойылымдар, дайындықтар және түсіру алаңдарында жарықтандыруды;
- құрастыру жұмыстарын және дыбыс және түсіру техникасына, кинотеледидарлық жабдыққа техникалық қызметтер көрсету жөнінде жұмыстар орындауды;
- бейнелеу мен жарнамалық роликтердің позитивтерін және негативтерін құрастыруды;
- кинотеатрлар мен клубтарда фильмдерді көрсетуді және киноқондырғыларына техникалық қызметтер көрсетуді;
- ақ-қара және түрлі түсті фильм көшірмелерін тексеруді және қалпына келтіруді;
- сәндемелер мен сахна жабдығының сақталуын бақылауды;
- сәндемелерге, жарық түсіргіш аппаратарға, сахна мүлкіне ұсақ жөндеулер жүргізуді қамтиды.
5410 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кино және телестудия жұмысшылары
Кино және телестудия жұмысшылары сәндемелер орнату және безендіру жөнінде жұмыстар орындайды, әртістерді гримдейді, ойыншық қуыршақтарды және бутафориялық бұйымдарды әзірлейді, қойылымдар арасындағы антракттарда сәндемелердің орнын ауыстырады, қойылымдар, дайындықтар және кино түсірімдері кезінде сахнаға жарық түсіреді, кинотүсіру аппаратурасына және теледидар жабдықтарына қызметтер көрсету жөнінде жұмыстарды орындайды, негативтер мен позитивтерді құрастырады; жанғыш бұйымдар жасайды, сәндемелерге, жарық түсіргіш аппаратарға, сахна мүлкіне ұсақ жөндеулер жүргізеді, сәндемелердің және сахна жабдығының техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- түсіру алаңдарында, телестудияларда және театрларда сәндемелер орнату және жасау жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- жанғыш бұйымдар мен ойыншық қуыршақтар жасауды;
- гримдер мен көркем прическалар жасауды, париктер дайындауды;
- сахнада сәндемелер мен жиһазды қоюды және оларды қайта қоюды;
- құрастыру жұмыстарын және дыбыс және түсіру техникасына, кинотеледидарлық жабдыққа техникалық қызметтер көрсету жөнінде жұмыстар орындауды;
- бейнелеу мен жарнамалық роликтердің позитивтерін және негативтерін құрастыруды; - кинотеатрлар мен клубтарда фильмдер көрсетуді және киноқондырғыларына техникалық қызметтер көрсетуді;
- ақ-қара және түрлі түсті фильм көшірмелерін тексеруді және қалпына келтіруді;
- сәндемелер мен сахна жабдығының сақталуын бақылауды;
- электр жарығын түсіретін аппаратураны орнатуды және сахнаны қойылымдар, дайындықтар және түсіру алаңдарында жарықтандыруды;
сәндемелер мен сахналық жабдықтың сақталуын бақылауды, жарық түсіргіш аппаратар мен аспаптарға, сахна мүлкіне ұсақ жөндеулер жүргізуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сәндемелерді безендіру жөніндегі бояушы
Сахна құрастырушысы
Сахна машинисі
Бутафор
Пастижер-гример
Пастижер
Ойыншық қуыршақтарды дайындаушы
Жарықтандырушы
Пиротехник
55 ШАҒЫН ТОП
Жарнамалық-безендіру және жаңғырту жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
Жарнамалық-безендіру және жаңғырту жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар шынышырайларды жасау және көрнектерді безендіру жөніндегі жұмыстарды, жирықтау жұмыстарын, безендіру және жарнамалық сипаттағы көркем жұмыстарды, макеттік және мозаикалық жұмыстарды, көркем бұйымдарды, сәнді заттарды, мұрағаттық және кітапханалық материалдарды жаңғырту және басқа да жұмыстарды орындайды.
Осы шағын топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- табақ және құйма нысандағы шынылардан шынышырайлар жасауды;
- фирмалық, мамандандырылған және әмбебап дүкендердің көрнектерін безендіруді;
- тұсқағаз-қаптама жұмыстарын орындауды;
- безендіру және жарнамалық сипаттағы көркем жұмыстарды орындауды;
- ағаш, металл, оргшыны және басқа материалдардан бөлшектер мен тораптар дайындауды;
- нобай және картон бойынша мозаикалық жиынтықтар орындауды;
- көркем-сәндемелік экспонаттар, көркемдер, стендтер және тағы басқаланы құрастыруды және жасауды;
- сәндемелік-көркем бояулардың, сәндемелік сылау және сомдау бұйымдарын, металл конструкциялардың төбе жабылтқыларын, ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерін, көркем бұйымдарды және түрлі материалдардан жасалған көркем бұйымдар мен сәндемелі заттарды, мұрағаттық және кітапханалық материалдарды жаңғыртуды қамтиды.
551 ҚҰРАМДАС ТОП
Жарнамалық-безендіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
Жарнамалық-безендіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар әртүрлі шыныдан шынышырайлар жасайды, көрнектерді безендіреді, жирықтау жұмыстарын орындайды, көркем-безендіру жұмыстарын орындайды, макеттік-үлгілік жобалау үшін бөлшектер мен түйіндер әзірлейді, театрлық –қойылымдық және көркем макеттер әзірлейді, мозаикалық жұмыстарды және көркем-сәндемелік экспонаттар, көркемдер, стендтер және тағы басқаны әзірлеу жөнінде макеттік жұмыстарды орындайды, көрме экспозицияларын безендіру жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- әртүрлі шыныдан шынышырайлар жасауды;
- дүкендерде, көрме стендтерінде көрнектерді безендіруді;
- тұсқағаз-қаптама жұмыстарын орындауды;
- безендіру, жарнамалық және шрифтік сипаттағы көркем жұмыстарды орындауды;
- сызбалар мен эскиздер бойынша макеттер түсірімдерін және ағаштан, металдан, оргшыныдан және басқа материалдан жасалған макеттерге бөлшектер мен түйіндер жасауды;
- суретшінің эскизі бойынша мозаикалық жиынтық жасауды;
- көркем-сәндемелік экспонаттар, көркемдер мен стендтерді құрастыруды және жасауды;
- мұражайлардағы және көрме залдарындағы монументтік кескіндеме, мүсін және көркемдік-безендіру өнерінің туындыларын құрастыруды және қайта құрастыруды қамтиды.
5510 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жарнамалық-безендіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
Жарнамалық-безендіру жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар көркемдерді, көрме экспозицияларын безендіреді, тұсқағаз-қаптама жұмыстарын және көркемдік-ресімдеу жұмыстарын орындайды, әртүрлі шыныдан шынышырайлар, театрлық-қойылымдық және көркем макеттер, сондай-ақ макеттік-үлгілік жобалау үшін бөлшектер мен түйіндер әзірлейді, көркем-сәндемелік экспонаттар, көркемдер, стендтер және басқаларды әзірлеу жөніндегі мозаикалық және құрастыру жұмыстарын орындайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- дүкендерде, көрме стендтерінде көрнектерді безендіруді;
- сызбалар мен эскиздер бойынша макеттік-үлгілік жобалауды, түсірім үшін макеттерге түрлі материалдан бөлшектер мен түйіндер жасауды;
безендіру, жарнамалық және шрифтік сипаттағы көркем жұмыстарды орындауды, сондай-ақ обой-жирықтау жұмыстарын орындауды;
- әртүрлі шыныдан шынышырайлар жасауды;
- суретшілер эскиздері бойынша мозаиканы жиынтықтауды;
- көркем-сәндемелік экспонаттар, көркемдер, стендтер және тағы басқаны құрастыруды және жасауды, мұражайлардағы және көрме залдарындағы монументтік кескіндеме, мүсін және көркемдік-безендіру өнерінің туындыларын орнатуды және қайта құрастыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалы:
Шынышырайшы
Көркемдер сәндеушісі
Көркем макеттер макетшісі
Жиырушы
Монументтік-әсемдік кескіннің мозаика құрастырушысы
Экспозициялар мен көркем-безендіру жұмыстарының құрастырушысы
Көркем туындыларды орнатушы
552 ҚҰРАМДАС ТОП
Жаңғырту жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
Жаңғырту жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар сәндемелік-көркем бояуларды, сылауды, сомдау бұйымдарын, төбе жабылтқыларын, металл конструкцияларды, ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерін, көркем бұйымдарды және сәндемелі заттарды, мұрағаттық және кітапханалық материалдарды жаңғырту жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Осы топ қызметкерлірінің орындайтын міндеттері:
- ежелгі үлгілер және зерттеп ашылған жаңалықтар нәтижелері бойынша колерлер жасап сәндемелік-көркем бояуларды жаңғыртуды;
- зертханалық талдаулар нәтижесінде анықталған түрлі құрамдағы ежелгі сылаудың ерітінділерін дайындап сәндемелік сылауды және мүсінді бұйымдарды жаңғыртуды;
- түрлі жабылтқы материалдардан жасалған жабылтқыларды жаңғыртуды;
- металл конструкцияларды жаңғыртуды, конструкцияларды қайта құрастыруды және бүлінген бөлшектерді тұзеуді;
- ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерін жаңғыртуды;
- ағаштан, металдан, фарфордан, шыныдан, керамикадан және басқа материалдардан жасалған көркем бұйымдар мен сәндемелік заттарды жаңғыртуды;
- маталарды, гобелендерді және кілемдерді жіптерін, бояуларын және шіріп кеткен үлгілер бойынша сүреттерін келтіре отыра, жаңғыртуды, мұрағаттық және кітапханалық материалдарды жаңғыртуды қамтиды.
5520 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жаңғырту жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
Жаңғырту жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар сәндемелік-көркем бояуларды, сылауды, сомдау бұйымдарын, төбе жабылтқыларын, металл конструкцияларды, ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерін, көркем бұйымдарды және сәндемелі заттарды, мұрағаттық және кітапханалық материалдарды жаңғырту жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- ежелгі үлгілер және зерттеп ашылған жаңалықтар нәтижелері бойынша колерлер жасап сәндемелік-көркем бояуларды жаңғыртуды;
- зертханалық талдаулар нәтижесінде анықталған түрлі құрамдағы ежелгі сылаудың ерітінділерін дайындап сәндемелік сылауды және мүсінді бұйымдарды жаңғыртуды;
- түрлі жабылтқы материалдардан жасалған жабылтқыларды, металл конструкцияларды жаңғыртуды, оларды қайта құрастыруды және бүлінген бөлшектерді тұзеуді;
- ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерін жаңғыртуды;
- ағаштан, металдан, фарфордан, шыныдан, керамикадан және басқа материалдардан жасалған көркем бұйымдар мен сәндемелік заттарды жаңғыртуды;
- маталарды, гобелендерді және кілемдерді жіптерін, бояуларын және шіріп кеткен үлгілер бойынша сүреттерін қалпына келтіре отырып жаңғыртуды;
- мұрағаттық және кітапханалық материалдарды қалпына келтіруді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ағаш сәулетшілігі ескерткіштерін жаңғыртушы
Тас сәулетшілігі ескерткіштерін жаңғыртушы
Аған өнімдерін жаңғыртушы
Маталар, гобелендер және кілемдер жаңғыртушысы
Мұрағаттық және кітапханалық материалдарды жаңғыртушы
6 ІРІЛЕНГЕН ТОП
Ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының,
балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері
Ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері егіс дақылдарының және жемістер өнімін өсіреді және жинайды; үй малы мен құсын өсіреді және оларды күтеді; жабайы аңдарды қарайды және оларға аңшылыққа шығады, ормандарды өсіреді, қорғайды және пайдаланады, балықты өсіреді және аулайды; су өсімдіктері мен жан-жануарларын өсіреді және басқа түрлерін жинайды.
Осы іріленген топтың білікті қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- жерді дайындауды, егіс дақылдарын егуді, отырғызуды, тыңайтқыштар енгізуді және егіс дақылдарын жинауды;
- бақша, жеміс және бағбан-жидек дақылдарын өсіруді және жинауды;
- жабайы өсетін өсімдіктердің жемісін жинауды;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тері және басқа өнім алу мақсатында үй малы мен құсын өсіруді және күтуді;
- жабайы аңдарға аңшылыққа шығуды;
- ара шаруашылығы мен жібек шаруашылығының өнімдерін алу үшін араларды және тұт құрттарын өсіруді және оларды күтуді;
- орманды өсіруді, сақтауды және пайдалануды;
- балықты өсіруді және аулауды;
- су өсімдіктерінің және жан-жануарларының басқа да түрлерін өсіруді және жинауды;
- алынған өнімді сақтауды және алғашқы өңдеуді;
- өнімді дайындау немесе өткізу ұйымдарына сатуды немесе тапсыруды, рынокта сатуды қамтиды.
Көрсетілген жұмыстарды орындау практикалық тәжірибенің және жалпы негізгі немесе жалпы орта білім базасындағы кәсіби оқу процесінде ие болатын арнайы білімнің болуын көздейді.
61 ШАҒЫН ТОП
Нарықтық бағдары бар ауылшаруашылығы өндірісінің, орман,
аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті
қызметкерлері
Нарықтық бағдары бар ауылшаруашылығы өндірісінің, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері егіс дақылдарының және ағаштар мен бұталарда өсетін жемістер өсіру жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізеді, үй малы мен құсын өсіреді және оларды күтеді, мал шарушылығының бір қатар өнімін өндіреді, жабайы аңдарға қарайды және оларға аңшылыққа шығады, ормандарды өсіреді, қорғайды және пайдаланады, балықты өсіреді және аулайды; су өсімдіктері мен жан-жануарларын өсіреді және басқа түрлерін жинайды.
Осы шағын топтың білікті қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- егіс дақылдарын және бақша дақылдарын егу үшін жерді дайындауды, егуді, отырғызуды, топыраққа тыңайтқыштар енгізуді және егіс, бақша, жеміс және бағбан-жидек дақылдарын жинауды;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тері және мал шаруашылығының басқа да өнімін алу мақсатында үй малы мен құсын өсіруді және күтуді;
- ара шаруашылығыны мен жібек шаруашылығының өнімдерін алу үшін араларды және тұт құрттарын өсіруді және оларды күтуді;
- ет, жүн, тері және басқа өнім өндіру мақсатында жабайы аңдарға аңшылыққа шығуды; орманды өсіруді және сақтауды;
- балықты өсіруді және аулауды; су өсімдіктерінің және жан-жануарларының басқа да түрлерін өсіруді және жинауды; алынған өнімді сақтауды және алғашқы өңдеуді;
- өнімді дайындау немесе өткізу ұйымдарына сатуды немесе тапсыруды қамтиды.
611 ҚҰРАМДАС ТОП
Нарықтық бағдардағы бақша, жеміс және дала дақылдарын
өндірушілер
Нарықтық бағдардағы бақша, жеміс және дала дақылдарын өндірушілер егіс және бақша дақылдарын, жеміс-жидек дақылдарын өсіру, ағаштарда өсетін жемістерді, емдік және басқа өсімдіктерді өсіру жөніндегі қажетті жұмыстарды орындайды, жеміс көшеттігінде бау шаруашылығының дақылдарын өсіреді, дайын өнімді дайындау пункттеріне жеткізеді, көтерме сатып алушыларға сатады және оны рыноктарда сату үшін өткізу ұйымдарына жеткізеді.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
жерді егуге немесе отырғызуға дайындауды; егіс, бақша, бау және басқа дақылдарды егуді, қопсытуды;
- жерді дайындауды және тыңайтқыштар енгізуді, өндірілуі жөн жеміс көшеттіктерінің өнімін қоса дала, бақша және бау дақылдарының түрін және санын белгілеуді;
- тұқымды, көшеттерді, тыңайтқыштарды сатып алуды;
- түсімді жинауды және оны сақтауды;
- ауыл шаруашылығы құрылыстарына, машиналарына және жабдықтарына қызмет көрсетуді;
- өсірілген өнімді сақтауды және алғашқы өңдеуді;
- өсірілген өнімді өткізу ұйымдарына тапсыруды немесе сатуды қамтиды.
6111 БАЗАЛЫҚ ТОП
Диқандар мен көкөнісшілер
Диқандар мен көкөнісшілер топырақты өсімдік егуге немесе отырғызуға дайындайды; әртүрлі егіс дақылдарының мынадай: бидай, күріш, басқа тұқымдастар, сондай-ақ картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіз және басқа да көкөніс дақылдарын сату, дайындау пункттеріне немесе оларды рынокта сату үшін өсіреді және түсімін жинайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
жерді егуге және отырғызуға дайындауды (жыртуды, тырмалауды, қопсытуды және басқа жұмыстарды);
жерді дайындауды және тыңайтқыштар енгізуді;
тұқымды және отырғызатын материалды дайындауды;
- дала дақылдарын егуді және бақша дақылдарын өсіруді;
- тұқымды, көшеттерді, тыңайтқыштарды сатып алуды;
- түсімді жинауды және оны сақтауды;
- егістіктерді және отырғызылған ағаштарды өсіруді және күтуді (отауды, суаруды, түбін көмуді, өсімдіктерді байлауды және т.б.);
- өсімдіктерді зиянкестерден қорғауды (биохимиялық өңдеуді);
- өсірілген өнімді жинауды, сақтау орындарына тасымалдауды және сақтауды;
- өнімді дайындау пункттеріне жеткізуді немесе оны тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Дәнді дақылдар өндірушілері
Күрішші
Көкөнісші
6112 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ағаштар мен бұталарда өсетін дақылдарды өсіру жөніндегі бағбандар
Ағаштар мен бұталарда өсетін дақылдарды өсіру жөніндегі бағбандар отырғызатын материал мен жерді отырғызуға әзірлейді; дайындау пункттеріне жеткізу немесе тұтынушыларға сату үшін жеміс және жаңғақ ағаштары, шай бұталары, жүзім шиендері сияқты ағаштар мен бұталардан түсім жинайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
жерді егуге және отырғызуға дайындауды (жыртуды, тырмалауды, егудің алдында қопсытуды, отырғызатын ұялар қазуды және басқа жұмыстарды);
жерді дайындауды және тыңайтқыштар енгізуді;
отырғызатын материалды дайындауды (екпе көшеттер мен жеміс көшеттерін, жүзім, жидек дақылдарының көшеттерін қазып алуды және басқа жұмыстарды);
- ағаштарды отырғызуды және күтуді (ағаш діңін әктаспен сылауды, жас және жеміс салатын ағаштардың бөрікбастарын кесуді, ағаштың кесілген жерлерін және жараларын майлауды);
- ағаштар мен бұталарды зиянкестерден биохимиялық өңдеумен қорғауды;
- өсірілген өнімді жинауды, сақтау орындарына тасымалдауды және жиналған түсімді сақтауды;
- өнімді дайындау пункттеріне жеткізуді немесе оны тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жеміскөкөнісші
Жүзімші
Шай өсіруші
6113 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бағбандар, баушылар және жеміс көшеттігінің басқа да
қызметкерлері
Бағбандар, баушылар және жеміс көшеттігінің басқа да қызметкерлері өсімдіктер тұқымдары мен көшеттерін сатып алады; жерді егуге дайындайды; ағаштарды, көшеттерді, гүлдерді және басқа өсімдіктерді өсіреді; жуашықтар мен тұқымды жинайды; өсірілген өнімді, көшеттер мен тұқымды тапсырыс берушілерге немесе тұтынушыларға тапсырады немесе тұтынушыларға сатады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- өсімдіктер тұқымдары мен көшеттерді сатып алуды;
- жерді егуге және отырғызуға дайындауды;
- жерді дайындауды және тыңайтқыштарды енгізуді;
- саябақтар мен бақтарда ағаштарды, көшеттерді, гүлдерді және басқа өсімдіктерді өсіруді;
- гүлдерді, ағаштарды, бұталарды, экзотикалық және емдік өсімдіктерді, жүзім шиендерін және басқаны өсіруді және күтуді;
- өсімдіктерді зиянкестерден қорғау үшін химиялық өңдеуді;
- өсірілген өнімді тапсырыс берушілерге тапсыруды немесе оны тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Саңырауқұлақ өсіруші
6114 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аралас ауылшаруашылық өнімін өндірушілер
Аралас ауылшаруашылық өнімін өндірушілер егістік, дәнді және көкөніс дақылдарының, ағаштар мен бұталарда өсетін дақылдардың көкөніс, бау шаруашылыктары дақылдарының және өнімдер көшеттіктері өнімінің белгілі үйлесімдерін өсіру жіне оларды тапсырыс берушілерге және дайындау пункттеріне тапсыру үшін жинау жөнінде қажетті жұмыстарды жүзеге асырады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- отырғызатын дақылдардың түрлері мен санын анықтауды;
- жерді дайындауды, өсімдіктерді егуді, отырғызуды және отырғызылған дақылдарды күту сияқты ауыл шаруашылық жұмыстарын орындауды;
- түсімді, жемістерді, жидектерді, көкөніс дақылдарын, көшеттерді, жуашықтар мен тұқымды өсіруді және жинауды;
- өсірілген өнімді сақтау пункттеріне тасымалдауды және оны сақтауды;
- өсірілген өнімді тапсырыс берушілерге тапсыруды немесе оны тұтынушыларға сатуды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Түрлі ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жөніндегі ауылшаруашылық жұмысшысы.
612 ҚҰРАМДАС ТОП
Нарықтық бағдарлы мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
Нарықтық бағдарлы мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ірі қара мал, қой, шошқа, жылқы және сол сияқты малдарды, үй құсын, терісі қымбат аңдарды өсіреді және күтеді, араларды, тұт құрттарын өсіреді және оларды күтеді, мал шарушылығының, ара шаруашылығының және жібек шаруашылығының бір қатар өнімдерін өсіреді және оларды дайындау пункттеріне жеткізеді, көтерме сатушыларға сатады немесе рынокта сату үшін оларды сату ұйымдарына жеткізеді.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тері және мал шаруашылығының басқа да өнімін алу үшін үй малы мен құсын өсіруді және күтуді;
- бағалы тері алу үшін терісі бағалы аңдарды өсіруді және күтуді;
- бал, прополис, аршылмаған жібек және ара шаруашылығы мен жібек шаруашлығының басқа өнімдерін алу үшін өсіруді және күтуді;
- малдар мен құстарды союды;
- терісін түсіруді және қауырсыннан тазалауды;
- ұшаларды өңдеуді;
- алынған өнімді сақтауды және алғашқы өңдеуді;
- мал шаруашылығы өнімдерін дайындауды немесе сату ұйымдарына тапсыруды;
- дайындау немесе сою пункттеріне тасымалдау кезінде малға ілесіп баруды;
- малды қабылдау және тапсыру кезінде белгіленген құжаттаманы ресімдеуді қамтиды.
6121 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сүт және мал шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі қызметкерлер (фермерлер)
Сүт және мал шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі қызметкерлер (фермерлер) ірі қара малды, қойларды, шошқаларды, ешкілерді, жылқыларды, қояндарды және басқа жануарларды өсіру және күту жөнінде қажетті жұмыстарды орындайды; мал шарушылығының бір қатар өнімдерін өндіреді және оларды тапсырыс берушілерге, дайындау пункттеріне жеткізеді немесе тұтынушыларға сатады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндетері:
- қызмет көрсететін жануарларға қажет жемшөптің санын анықтауды;
- жануарларды өсіруді және оларды күтуді (жемшөптерін дайындауды және таратуды, жануарларға су беруді және оларға запас жасауды);
- санитарлық-профилактикалық жұмыстар жүргізуді, малдарды ұстауды орындарын тазалауды және жинауды;
- малдардың өнімділігін есепке алуды (малдарды өлшеуді, сүттің майлылығын анықтауды және т.б.);
- сүтті малдарды саууды;
- қойларды қырқуды;
- малдарды союды, терісін түсіруді, ұшаларын өңдеуді және тасымалдауды үшін мал шаруашлығы өнімін буып-түю;
- дайындау немесе сою пункттеріне тасымалдау кезінде малға ілесіп баруды;
- сүт және мал шарушылығының өнімдерін дайындау пункттеріне, тапсырыс берушіге жеткізуді немесе тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мал өсіруші
Жылқы өсіруші
Шошқа өсіруші
Марал өсіруші
Жемшөп дайындаушы
Фермер
6122 БАЗАЛЫҚ ТОП
Үй құстарын өсіру жөніндегі қызметкерлер (фермерлер)
Үй құстарын өсіру жөніндегі қызметкерлер (фермерлер) үй құсын өсіру және оны күту жөнінде қажетті жұмыстарды орындайды, дайындау пункттеріне құс өнімін (жұмыртқа, құс етін, қауырсынын, жүнін) жеткізеді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- құсты өсіруді және оны күтуді (азық дайындауды және оны таратуды, суаруды);
- құсты ұстау орындарында белгіленген режимдегі температураны, ауа ылғалдығы мен газ алмасуын тұрақты ұстауды;
- қора-қопсыларды жинауды және тазалауды;
- жұмыртқаларды жинауды, сұрыптауды, калибрлеуді және таңбалауды, оларды жіберу үшін буып-түюді;
- құсты союды, оны өңдеуді және жіберу үшін буып-түюді;
- құс өсірушінің өнімдерін дайындау пункттеріне, тапсырыс берушіге жеткізуді немесе тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Құс өсіруші
6123 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ара және жібек құрттарын өсіру жөніндегі қызметкерлер
(фермерлер)
Ара және жібек құрттарын өсіру жөніндегі қызметкерлер (фермерлер) бал, ара балауызын, жібек құртын және ара шаруашылығының және жібек шаруашылығының басқа да өнімдерін дайындау пункттеріне жеткізу немесе тұтынушыларға сату үшін аралар мен жібек құрттарын өсіру және күту жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- араларды өсіруді - көбелекті өсіруді және күтуді: тұт ағашының жапырақтарын көбелек құртына беру үшін дайындауды, азықты таратуды, инкубаторда белгілі температура мен ылғалдылықты ұстауды, инкубаторды жинауды және тазалауды және жібек құрттары жататын орындарды реттеуді;
- балды сорғызуды және балауыз шикізатын жинауды;
- жібек құрттарының түсімін жинауды және сұрыптауды;
- ара шарушылығының және жібек шаруашылығының өнімдерін буып-түюді және өнімдерін дайындау пункттеріне тұтынушыларға сату үшін жеткізуді;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ара өсуруші
Жібек өсіруші
6124 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аралас мал шаруашылығы өнімін өндірушілер
Аралас мал шаруашылығы өнімін өндірушілер ірі қара мал, қойлар, шошқалар, ешкілер, жылқылар және басқа жануарлар кіретін аралас табындарды өсіру және күту жөніндегі жұмыстарды жоспарлайды және орындайды, сондай-ақ мал шарушылығының, құс шаруашылығының, жібек шаруашлығының өнімдерін алу және оларды дайындау пункттеріне жеткізу немесе тұтынушыларға сату үшін үй құсын, аралар мен жібек құрттарын өсіреді және күтеді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндетері:
- малдың, құстың, аралардың және жібек құрттарының түрілері мен санын анықтауды;
- жемшөпті өсіруді және оны сатып алуды;
- ірі қара малдың аралас табынын, үй құсын, аралар мен жібек құрттарын өсірумен және күтумен байланысты жұмыстарды орындауды;
- жануарларды, құстарды және құрт-құмырысқаларды тамақтандыруды және су беруді;
- малдар мен құстарды жаюды;
- сиырларды саууды, қойларды қырқуды;
- жұмыртқаларды, жібек құрттарын және басқа өнімдерді жинауды, мал мен құсты союды және ұшаларын өңдеуді;
- мал, құс немесе құрт-қүмысқалар тұратын орындарды жинауды және санитарлық өңдеуді;
- алынған өнімді дайындау пункттеріне жеткізуді немесе тапсырыс берушіге сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Түрлі мал шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі ауыл шаруашылығының қызметкері
6129 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
Басқа топтарға енбеген мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер оларды сату ұйымдарына, цирктерге, хайуанаттар паркіне, қабылдау пункттеріне жеткізу немесе сату үшін жабайы сүтқоректілерді, жабайы, орман құсын, үйдікі емес терілері бағалы аңдарды, жыландарды және басқа рептилияларды өсірумен және күтумен айналысады.
- Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндетері:
- қажет жемшөптің мөлшерін анықтауды;
- жемшөптер дайындауды және оларды таратуды, хайуандарға су беруді;
- вольерлерді, торларды жинауды, хайуандарды ұстайтын үй-жайлардың ылғалдығы мен жарықтылығын тұрақты ұстауды;
- хайуандарды санитарлық өңдеуді және үй-жайларды зарарсыздандыруды;
- жануарларды топтарға іріктеуді, парларын іріктеп таңдап сұрыптауды;
- төлді қолдан қоректендіруді және оны күтуді;
- хайуандарды үйретуді, жыландардың уын іріктеу орындарына апаруды және герпетологқа уды іріктеуге көмектесуді;
- малдарды союды және ұшалардың терісін түсіруді;
- жануарларды немесе одан жасалған өнімдерді тасымалдауға дайындауды;
- жануарларды немесе мал шауашылығы өнімдерді сату ұйымдарына, цирктерге, хайуанаттар паркіне және басқа ұйымдарға сатуды немесе тасымалдау үшін мал шаруашлығы өнімін буып-түюді;
- дайындау немесе сою пункттеріне тасымалдау кезінде малдармен ілесіп баруды;
- сүт және мал шарушылығының өнімдерін дайындау пункттеріне, тапсырыс берушіге жеткізуді немесе тұтынушыларға сатуды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аң өсіруші
Бұғы өсіруші
Зоологиялық базалардың аң өсірушісі
Серпентарийдің (питомниктің) зоозертханашысы
Жануарларды күту жөніндегі жұмысшы
613 ҚҰРАМДАС ТОП
Нарықтық бағдарлы ауыл шаруашылық дақылдарын өндірушілер
және мал өсірушілер
Нарықтық бағдарлы ауыл шаруашылық дақылдарын өндірушілер мен мал өсірушілер аралас ауыл шаруашылығы өндірісінің қажетті жұмыстарын орындайды, онда дала және бау дақылдарын өсіреді және күтеді, сонымен бірге мал мен құс өсіреді және оны күтеді әрі мал өсірушелер мен құс өсірушілер өнімдерін өндіреді, дайын өнімді дайындау немесе сату ұйымдарына сатады немесе тапсырады.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- өсірілуі жөн дақылдар мен жануарлар түрлерін анықтауды;
- жемшөпті, тұқымды, көшеттерді, тыңайтқыштарды және басқа да тауарларды сатып алуды;
- жерді егіс және бау дақылдарын егуге дайындауды және өсірілген түсімді жинауды;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тері және мал өсірудің басқа өнімдерін алу мақсатында мал мен құсты өсіруді және күтуді;
- ауыл шаруашылық құрылыстарын, машиналарын және жабдықтарын ағымдағы жөндеуді және оларға техникалық қызметтер көрсетуді;
- өсірілген өнімді сақтауды және алғашқы өңдеуді;
- өсірілген ауыл шаруашылығы өнімін жеткізуді және сатуды қамтиды.
6130 БАЗАЛЫҚ ТОП
Нарықтық бағдарлы ауыл шаруашылық дақылдарын өндірушілер
және мал өсірушілер
Нарықтық бағдарлы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірушілер және мал өсірушілер аралас ауыл шаруашылығы өндірісінің жұмыстарын орындайды; дала, бақша және бау дақылдарын өсіреді және түсімін жинайды; мал мен құс өсіреді және оны күтеді; мал өсірушелер мен құс өсірушілердің түрлі өнімдерін өндіреді; өсірілген және өндірілген өнімді дайындау немесе сату ұйымдарына сатады немесе тапсырады.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- дақылдар мен жануарлар түрлерін анықтауды;
- жемшөпті, тұқымды, көшеттерді, тыңайтқыштарды және басқа да тауарларды сатып алуды;
- жерді егуге және отырғызуға дайындауды;
- дала, бақша және бау дақылдарын егуді;
- өсірілген түсімді жинауды;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн, тері және мал өсірудің басқа өнімдерін алу мақсатында мал мен құсты өсіруді және күтуді;
- ауыл шаруашылық құрылыстарын, машиналарын және жабдықтарын ағымдағы жөндеуді және оларға техникалық қызметтер көрсетуді;
- өсірілген өнімді сақтауды және алғашқы өңдеуді қамтиды.
Осы базалық топқа жататын кәсіптер мысалы:
Аралас ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі жұмысшы
614 ҚҰРАМДАС ТОП
Нарықтық бағдарлы орман шаруашылығы қызметкерлері және
ағаш дайындаушылар мен тектес кәсіптер қызметкерлері
Нарықтық бағдарлы орман шаруашылығы қызметкерлері және ағаш дайындаушылар мен тектес кәсіптер қызметкерлері орман ресурстарын дайындау немесе сату ұйымдарына сату немесе жеткізу үшін орман өсіру, сақтау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- ағаш егістіктерін өсіруді және күтуді;
- ағашы кесіліп кеткен жерлерді және сүрек көлемін анықтауды;
- ағаштарды кесуді және оларды бөренелерге бөлуді;
- ағаштарды бұтақтар мен бұтанақтардан тазалауды;
- ағашы кесіліп кеткен жерлерде бөренелерді бастапқы өңдеуді, оларды қатар-қатар жинауды, бөрене түсіргіштерге тиеуді немесе өзен бойымен ағызуды;
- сүректі ағаш көмірге айналдыруды немесе одан сағыз скипидарын алу үшін пештерді басқаруды;
- орман өртін болдырмау мақсатында күзетілетін нысандарды қарап шығуды;
- өрт сөндіру операцияларына қатысуды;
- сүректі, ағаш көмірді және басқа орман өнімдерін дайындауды немесе сату ұйымдарына сатуды немесе тапсыруды қамтиды.
6141 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орман шаруашылығының қызметкерлері және ағаш дайындаушылар
Орман шаруашылығының қызметкерлері және ағаш дайындаушылар орманды өсіру, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды (ағаштарды кесу және оларды бастапқы өңдеу, бөренелерді қатар-қатар жинау, оларды бөрене түсіргіштерге тиеу немесе өзен бойымен ағызу) орындайды.
Осы топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- ағаш егістіктерін тәртіпте сақтауды;
- ағашы кесіліп кеткен жерлерді анықтауды;
- орманды құлатуды және ағашы кесіліп кеткен жерлерде алғашқы өңдеуді (ағаштардың бұтанақтары мен ұшар басын кесуді, бөренелерге кесуді);
- ағаштарды кесуді және оларды бөренелерге бөлуді;
- сүректі дөңгелектеп кесуді;
- бөренелерді қатарлап жинауды;
- сүректерді аралық қоймаларға тартуды (апаруды);
- сүректі таудан жермен, көшпелі ағаш науалар және су науалары бойынша түсіруді;
- судағы сүректі ағызуды және салдар жасауды;
- сүректі суда сұрыптауды;
- орман өртін болдырмау мақсатында ормандарды қорғауды және қадағалауды әрі өрт сөндіру операцияларына қатысуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Орман өсіруші
Орман құлатушы
Бұтанақтарды кесуші
Сүректі қатарлаушы
Ағаш ағызушы
6142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ағаш көмірін күйдірушілер және тектес кәсіптер қызметкерлері
Ағаш көмірін күйдірушілер және тектес кәсіптер қызметкерлері ағаштан көмірді күйдіру жөніндегі, живица жинау, құрақ дайындау жөніндегі және тектес жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- көмір күйдіру пештерінде олардың жұмыс режимін реттей отыра сүректен көмір күйдіруді;
- өндіргеннен кейін ағаш көмірді сөндіруді;
- көмірді фракцияларға сұрыптауды және оларды ыдыстарға салуды;
- қабылдауыштан живицаны іріктеп алуды, оны ылғалсыздандыруды және тапсырыс берушіге живицалық скипидар алу үшін немесе қабылдау пункттеріне жеткізуді;
- құрақты шабуды, бау байлауды, көпенеге, қатар-қатар жинауды және маялауды;
- бауларды байлауға бұраулар дайындауды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ағаш көмір күйдіруші
Құрақ әзірлеуші
Живицаларды жинаушы
615 ҚҰРАМДАС ТОП
Нарықтық бағдарлы балық шаруашылығы мен балық аулау
кәсібінің қызметкерлері, аңшы-атқыштар және аңшы-трапперлер
(қақпаншылар)
Нарықтық бағдарлы балық шаруашылығы мен балық аулау кәсібінің қызметкерлері, аңшы-атқыштар және аңшы-трапперлер (қақпаншылар) балықты, моллюсктерді, устрицаларды және су өсімдіктері мен жан-жануарларының басқа да түрлерін аулайды және өсіреді, жабайы аңдар мен құстарға аңшылыққа шығады, зиянды және ауру хайуандарды жояды, балық өсіру және аңшылық өнімдерін дайындау немесе сату ұйымдарына сатады немесе тапсырады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- балықты, устрицаларды, мидияларды және су өсімдіктері мен жан-жануарларының басқа да түрлерін аулауды және өсіруді;
- ауларды және басқа да балық аулау жабдықтарын дайындауды;
- балық аулау кемелерін басқаруды;
- қармақ жемді салуды, ау салуды және тартуды;
- балық аулау кемелерінде немесе жағада балықты тазалауды, қатыруды, тұздауды немесе басқа да өңдеуді;
- ет, тері, қауырсын және басқа да өнімін алу үшін жабайы аңдарды немесе құстарды атуды немесе ұстауды;
- балық өсіру және аңшылық өнімдерін дайындауды немесе сату ұйымдарына сатуды немесе тапсыруды қамтиды.
6151 БАЗАЛЫҚ ТОП
Балық өсіруші-мариводтар
Балық өсіруші-мариводтар дайындау пункттеріне немесе тұтынушыларға сату үшін балықты, моллюсктерді, устрицаларды, мидияларды және су өсімдіктері мен жан-жануарларының басқа да түрлерін аулайды және өсіреді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- балықтарды, моллюсктерді, теңіз шөптерін және мари дақылдарының басқа да түрлерін өсіру үшін құрал-саймандарды, жабдықтарды және бассейндерді дайындауды;
- құрғақ және қамыр тәріздес жемшөптерді дайындауды, тірі азық өсіруді; - балықты өсіруді және мари дақылдарды қоректендіруді;
- су бассейіндерінде қажетті температура, жарықтандыру және басқа жағдайларды ұстауды;
- ерітінділердің қажетті концентрациясын дайындай отырып, балықты профилактикалық өңдеуді;
- су қоймаларына минералдық тыңайтқыштер енгізуді;
- селекциялық-асылдандыру жұмыстарын;
- шабақтарды ашық су қоймаларына жіберуді;
- мари дақылдарының барлық түрлерінің түсімін жинауды, сұрыптауды және буып-түюді;
- өсірілген өнімді дайындау пункттеріне тапсыруды немесе оны тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Балық өсіруші
Мари өсіруші
6152 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ішкі су қоймаларында және жағалауда балық аулаумен
айналысатын қызметкерлер
Ішкі су қоймаларында және жағалауда балық аулаумен айналысатын қызметкерлер балық аулайды немесе ішкі су қоймаларында немесе жағалауда су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрін жинайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- балық аулау құрал-саймандары мен жабдықтарын дайындауды;
- балық аулау кемелерін балық аулау жерлеріне баруын және кейін келуін басқаруды, оларға қызметтер көрсетуді;
- жағада, жағалауда немесе таяз суларда су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрін жинауды;
- балдырларды табиғи жағдайларда кептіруді;
- ұсталған балықты қабылдау пункттеріне тапсыруды;
- балық аулау құрал-саймандары мен жабдықтарды қоймаларға тапсыруды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кефаль шаруашылығының балықшысы
Балдырлар дайындаушы
6153 БАЗАЛЫҚ ТОП
Теңіз аймағында балық аулаумен айналысатын қызметкерлер
Терең су аймағында балық аулаумен айналысатын қызметкерлер терең суларда балық аулайды, оны өңдейді және қабылдау пункттеріне тапсырады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- ауларды және балық аулау құрал-саймандары мен жабдықтарын дайындауды;
- балық аулау кемелерін балық аулау жерлеріне баруын және кейін келуін басқаруды;
- жем салуды, балық аулау жабдықтарын суға тастауды және тартуды;
- балықты кемеде тазалауды, қатыруды немесе тұздауды;
- ұсталған балықты қабылдау пункттеріне тапсыруды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Теңіз аймағының балықшысы
6154 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аңшы-атқыштар және аңшы-трапперлер (қапқаншылар)
Аңшы-атқыштар және аңшы-трапперлер (қапқаншылар) аңдарды, жабайы жануарлар мен құстарды ет, тері, қауырсын және басқа өнім алу үшін аулайды немесе атады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- аңшылық сүрлеу жолдарын салуды;
- капқандар мен басқа аулау жабдықтарын орнатуды, оларды жұмыс жағдайында ұстауды;
- өздігімен аулайтын құрал-саймандарды жасауды, жөндеуді және орнатуды;
- аңшылық мылтықты бөлшектеуді және жинауды;
- жабайы жануарлар мен құстарды аулауды және атуды;
- кәсіпшілік өнімді алғашқы өңдеуді;
- ұстаған аңдарды, жабайы жануарлар мен құстарды тапсырыс берушіге жеткізуді немесе сатуды;
- атылған кәсіпшілік өнімді дайындау пункттеріне жеткізуді немесе тұтынушыларға сатуды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кәсіпкер аңшы
62 ШАҒЫН ТОП
Өзінің қажеттілігі үшін өнім өндіретін ауыл, орман, аңшылық, балық
шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері
Өзінің қажеттілігі үшін өнім өндіретін ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері өзін және өз отбасының мүшелерін тамақпен, тұрғын үймен және ең төмен ақшалай табыспен қамтамасыз ету үшін көкөніс, жеміс, жидек өсіреді және түсімін жинайды және гүлдер өсіреді, үй малдары мен құсын күтеді, жабайы өсетін жемістер мен өсімдіктерді жинайды, жабайы аңдарға аңшылыққа шығады, ормандарда ағаш кеседі, аралар өсіреді және күтеді, балық аулайды және су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрлерін жинайды.
Осы шағын топтың білікті қызметкерлерінің орындайтын міндетері:
- бақша мен бау дақылдарын отырғызу үшін жерді дайындауды, отырғызуды, жерге тыңайытқыштар енгізуді және бақша, жеміс және жеміс-жидек дақылдарын жинауды,
- жабайы өсетін жемістер мен емдік шөптерді жинауды;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн және мал шарушылығының басқа өнімдерін алу мақсатында үй малы мен құсты өсіруді және оны күтуді;
- бал және бал шаруашылығының басқа да өнімдерін алу мақсатында араларды өсіруді және күтуді;
- ет, тері және басқа өнімдерді алу мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды өсіруді және күтуді;
- отын үшін ағаш және тұрғын үйді салу және жөндеу үшін құрылыс материалдарын дайындауды;
- балық және су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрлерін аулауды;
- үй шаруашылығында пайдалану үшін қарапайым құрал-саймандар, киім және ыдыс жасауды;
- алынған ауыл шаруашылығы өнімін нарықта сату немесе дайындау ұйымдарына жеткізуді қамтиды.
621 ҚҰРАМДАС ТОП
Өзінің қажеттілігі үшін өнім өндіретін ауыл, орман, аңшылық, балық
шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері
Өзінің қажеттілігі үшін өнім өндіретін ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері өзін және өз отбасының мүшелерін тамақпен, тұрғын үймен және ең төмен ақшалай табыспен қамтамасыз ету үшін көкөніс, жеміс-жидек, жеміс және басқа дақылдардың түсімін өсіреді және жинайды, үй малдары мен құсын күтеді, жабайы өсетін жемістер мен өсімдіктерді жинайды, жабайы аңдарға аңшылыққа шығады, ормандарда ағаш кеседі, аралар өсіреді және күтеді, балық аулайды және су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрлерін жинайды.
Осы шағын топтың білікті қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- бақша мен бау дақылдарын отырғызу үшін жерді дайындауды, отырғызуды, жерге тыңайытқыштар енгізуді және бақша, жеміс және жеміс-жидек дақылдарын жинауды;
- жабайы өсетін жемістер мен емдік шөптерді жинауды;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн және мал шарушылығының басқа өнімдерін алу мақсатында үй малы мен құсты өсіруді және оны күтуді;
- бал шаруашылығының өнімдерін алу мақсатында араларды өсіруді және күтуді;
- ет, тері және басқа өнімдерді алу мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды өсіруді және күтуді;
- отын үшін ағаш пен шөпшек және тұрғын үйді салуды және жөндеу үшін құрылыс материалдарын дайындауды;
- балық, устрицалар, мидиялар және су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрлерін аулауды;
- үй шаруашылығында пайдалану үшін қарапайым құрал-саймандар, киім және ыдыс жасауды;
- алынған ауыл шаруашылығы өнімін, орман және балық аулау өнімін өзін және өз отбасының мүшелерін ең төмен ақшалай табыспен қамтамасыз ету үшін рынокта сату немесе дайындау ұйымдарына жеткізуді қамтиды.
6210 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өзінің қажеттілігі үшін өнім өндіретін ауыл, орман, аңшылық, балық
шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері
Өзінің қажеттілігі үшін өнім өндіретін ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері өзін және өз отбасының мүшелерін тамақпен, тұрғын үймен және ең төмен ақшалай табыспен қамтамасыз ету үшін көкөніс, жеміс-жидек, жеміс және басқа дақылдардың түсімін өсіреді және жинайды, үй малдары мен құсын күтеді, жабайы өсетін жемістер мен өсімдіктерді жинайды, жабайы аңдарға аңшылыққа шығады, ормандарда ағаш кеседі, аралар өсіреді және күтеді, балық аулайды және су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрлерін жинайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- бақша, жеміс-жидек және гүлдер отырғызу үшін жерді дайындауды;
- отырғызу және көкөніс өсіруді, өсімдік өсіруді, бау өсіру өнімдерін жинауды және гүлдерді отырғызуды, жерге тыңайытқыштар енгізуді;
- ет, сүт, жұмыртқа, жүн және мал шарушылығының басқа өнімдерін алу мақсатында үй малы мен құсты өсіруді және оны күтуді;
- бал шаруашылығының өнімдерін алу мақсатында араларды өсіруді және күтуді;
- жабайы өсетін жемістер мен емдік шөптерді жинауды;
- ет, тері және басқа өнімдерді алу мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды өсіруді және күтуді;
- отын үшін ағаш пен шөпшек және тұрғын үйді салу және жөндеу үшін құрылыс материалдарын дайындауды;
- балық, устрицалар, мидиялар және су өсімдіктері мен жан-жануарларының әр түрлерін аулауды;
- үй шаруашылығында пайдалану үшін қарапайым құрал-саймандар, киім және ыдыс жасауды;
- өсірілген және дайындалған өнімді рынокта сату немесе дайындау пункттеріне тапсыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Өнімді жеке қажеттілі үшін өндіретін білікті жұмысшы
7 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП
Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, көркем кәсіптердің,
құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер
қойнауын барлаудың білікті қызметкерлері
Осы ірілендірілген топтың жұмысшылары геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүзеге асырады; пайдалы қазбалар өндіреді және өңдейді, оларға қызметтер көрсетеді; ғимараттар мен құрылыстар салады және оларды жөндейді; кесетін және өлшейтін құрал-саймандар, құрылғылар мен бөлшектер жасайды; технологиялық жабдық жасайды, баптайды және жөндейді; жүріп-тұру құралдарына, двигательдерге, электрондық немесе электротехникалық жабдыққа техникалық қызметттер көрсетеді және жөндеуді жүзеге асырады; радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жинауды және реттеуді жүзеге асырады; түрлі мақсаттарға арналған оптикалық бөлшектер мен аспаптарды, прецизиондық құрал-саймандар мен аспаптарды жасайды, телефон және телеграф жабдықтарын орнатады; зергерлік бұйымдарды және түрлі материалдардан жасалған халық кәсіптерінің көркем бұйымдарын жасайды және жаңғыртады; баспа жұмыстарын орындайды; тамақ шикізатын өндейді және қайта өңдейді, одан азық-түлік жасайды; ағаштан, тоқымадан, теріден және басқа материалдардан жасалған бұйымдарды жасайды және жөндейді.
Жұмыс машиналар мен механизмдерде немесе қол күшін жұмсауды азайту және нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақытты азайту үшін пайдаланылатын машиналар мен механизмдерде емес қолмен жасалады. Бұл топтың жұмысшылары өндірістік процесті ұйымдастыруды, қолданылатын машиналар мен механизмдердің қолданылу принципін, пайдаланылатын материалдар мен механизмдердің неменеге арналғанын білуге тиіс.
Осы іріленген топ жұмысшыларының міндеттері:
- жер қойнауын барлауды және топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізуді;
- жер асты немесе ашық шахталар мен карьерлерден пайдалы қазбалар өндіруді және оларды өңдеуді;
- ғимараттар мен құрылыстар салуды, оларға техникалық қызметтер көрсетуді әрі оларды жөндеуді;
- ауыр металл конструкциялары мен басқа жабдықты орнатуды;
- кесетін және өлшейтін құрал-саймандар мен құрылғыларды жасауды, жөндеуді, реттеуді және жетілдіруді;
- пресс-формаларды жинауды, жетілдіруді және безендіруді;
- технологиялық жабдықтарды жасауды, жөндеуді және бұзылуларын анықтаумен және жоюмен оның жұмысына мерзімдік тексеру жүргізуді;
- металдан және басқа материалдардан жасалған бөлшектерді түрлі станоктарда жасауды және өңдеуді, бөлшектердің бетін бақылау-өлшеу аспаптарымен мөлшерлерін өлшеумен тегістеуді және жетілдіруді; көлік құралдары мен двигательдерді жетілдіруді, орнатуды және жөндеуді;
- электр және электрондық машиналарды жинауды, құрастыруды және жөндеуді; радиоэлектрондық аппаратураны, электр механикалық және электрондық аспаптар мен жабдықты жинауды, жөндеуді және реттеуді;
- оптикалық шыныдан бөлшектер жасауды және оптикалық бұйымдарды және түрлі мақсатта қолданылатын оптикалық бұйымдар мен аспаптарды жинауды;
- прецизиондық және музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
- байланыс тораптарында және пайдалану орындарында телефон және телеграфты орнатуды, оларға қызметтер көрсетуді және жөндеуді;
- зергерлік бұйымдарды, үй аспаптарының заттарын, халық кәсібінің көркем бұйымдарын жасауды және жаңғыртуды;
- шрифт теруді, баспа матрицаларын жасауды, баспаны басуды және оларды түптеуді;
- етті, балықты өңдеуді және одан азық-түлік жасауды;
- нан, тәтті тағамдар және басқа да ұн азық-түлігін жасауды, темекі және темекі бұйымдарын жасауды;
- сүректі өңдеуді, жиһаз және басқа да бұйымдар жасауды, жөндеуді және әрлеуді;
- тоқыма талшықтарын дайындауды және одан мата жасауды;
- бұйымдарды пішуді және лекалолар дайындауды, тоқымадан, теріден бұйымдар тігуді қамтиды.
Көрсетілген жұмыстарды орындау негізгі жалпы білім базасында кәсіптік оқу жолымен алатын арнайы білім мен практикалық тәжірибенің болуын көздейді. Бұл біліктілік тобының бір қатар кәсіптері үшін қажетті біліктілікке ие болу орта кәсіптік білім базасы болғанда мүмкін.
71 ШАҒЫН ТОП
Кен, күрделі таулы, құрылыс-құрастырушы және жөндеу-құрылыс
жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар
Кен, күрделі таулы, құрылыс-құрастырушы және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар жер асты немесе ашық шахталар мен карьерлерден пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіреді және оларды өңдейді; ғимараттар мен құрылыстар салады, және жөндейді әрі оларға техникалық қызметтер көрсетеді, әрлеу жұмыстарын жүргізеді; шахталар, карьерлер, метрополитендер, тоннельдер және арнайы жер асты құрылыстарын салады. Жұмыс машиналар мен механизмдерде немесе қол күшін жұмсауды азайту және нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақытты азайту үшін пайдаланылатын машиналар мен механизмдерде емес қолмен жасалады.
Бұл топтың жұмысшылары өндірістік процесті ұйымдастыруды, қолданылатын машиналар мен механизмдердің қолданылу принципін, пайдаланылатын материалдар мен механизмдердің арналғанын білуге тиіс.
Осы шағын топ жұмысшыларының міндеттері:
- жер асты немесе ашық шахталар мен карьерлерден пайдалы қазбаларды немесе құрылыс материалдарын өндіруді;
- шахталар мен тас қазылымдарда, құрылыс алаңдарында жарылыс заттарын салуды және қопаруды;
- құрылыс және басқа мақсатта пайдаланылатын тастар мен тас блоктарды өңдеуді; ғимараттар мен құрылыстар салуды, оларға техникалық қызметтер көрсетуді әрі оларды жөндеуді;
- ауыр металл конструкцияларын, тальдар мен басқа да жабдықты орнатуды;
- шахталар, карьерлер, метрополитендер, тоннельдер және арнайы жер асты құрылыстарын салуды;
құрылыс нысандарында әрлеу жұмыстарын;
- жабылғылырды жабуды;
- қабырғалар мен төбелерді сылауды және бояуды;
- оқшаулау материалдарын салуды;
- терезе және басқа жақтауларға шыны салуды;
- санитарлық-техникалық жабдықтар, құбырлар мен электр жүйелерін орнатуды және тағы басқаны қамтиды.
711 ҚҰРАМДАС ТОП
Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен
пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары,
жарушылар, тас қашаушылар, тас өңдеушілер және тектес кәсіптер
жұмысшылары
Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары, жарушылар, тас қашаушылар, тас өңдеушілер және тектес кәсіптер жұмысшылары пайдалы қазбаларды жер асты немесе ашық шахталардан, тас қазалымдардан, карьерлерден өндіреді; жарылғыш заттарды толтырады және үйінді үшін жыныстарды жарады, қатты пайдалы қазбаларды оларды кейіннен өнеркәсіпте және құрылыста қолдану үшін өңдейді.
Осы құрамдас топ қызметкерлерінің орындайтын міндетері:
- пайдалы қазбаларды өндіруді; шахталарда, тас қазалымдарда, карьерлерде, құрылыс алаңдарында жарылғыш заттарды толтыруды және жаруды;
- тасты немесе тас блоктарды құрылыс үшін және басқа мақсатта өңдеуді;
- аталған жұмыстарды орындау үшін қолданылатын машиналар мен механизмдерді басқаруды қамтиды.
7111 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен
пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер
жұмысшылары
Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары пайдалы қазбаларды жер асты немесе ашық шахталардан, тас қазбалардан, карьерлерден өндіреді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- көмірді, кендерді және басқа да қатты минералдарды, гранитті, әктасты, тақтатасты, тасты, сазды, гравийді, құмды және басқа да құрылыс материалдарын өндіруді;
- шахталар мен кендерде ағаш немесе металл тіреулерді қиыстырып келтіруді және орнатуды;
- забойда шурфтарды бұрғылау жөніндегі машиналар мен мехзанизмдерді баптауды және басқаруды, жарылғышты толтыруды және пайдалы қазбалдарды өндіруді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Кен жұмысшысы
Жер асты кен жұмысшысы
Тазалау забойының кен жұмысшысы
Бекітуші
Үңгілеуші
7112 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жарушылар
Жарушылар жарылыс орынын анықтайды, шахталарда, тас қазбаларда, құрылыс алаңдарында және басқа орындарда жыныстарды бұзу үшін заряд толтырады және жарады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- зарядты салу орыны мен мөлшерін анықтауды;
- жарылыс орынын дайындауды;
- жарылғышты толтыруды және зарядты жаруды;
- жарылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін орнын қарауды және жарылмаған зарядтарды жоюды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жарушы
Жарылғыш материалдарды таратушы
7113 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тас қашаушылар және тас өңдеушілер
Тас қашаушылар мен тас өңдеушілер тастарды плиталарға және блоктарға арамен аралайды және бөледі, тас плиталар мен блоктарды кейіннен құрылыста және басқа мақсаттарда пайдалану үшін қашайды, фрезерлейді, ыспалайды және жылтыратады.
Осы базалық топ қызметкерлеренің орындайтын міндеттері:
- тасты блоктарға бөлуді;
- кейіннен арамен плиталарға бөлу үшін блоктарға белгі салуды;
- тас плиталарды қашауды, фрезерлеуді, ыспалауды және жылтыратуды;
- ескерткіштерге, құлпытастарға және ғимараттарды сәнді безендіру үшін пайдаланылатын плиталарға жазулар кесуді және оюды;
- санамаланған жұмыстарды орындаған кезде құрал-саймандар мен тетіктерді қолдануды;
- мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тас қашаушы
Тасты арамен кесуші
Тасты фрезерлеуші
712 ҚҰРАМДАС ТОП
Құрылысшылар-құрастырушылар және тектес кәсіптер
Құрылысшылар-құрастырушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары ғимараттар мен құрылыстарды дәстүрлі құрылыс материалдарынан салу жөніндегі құрылыстық-құрастырушылық жұмыстарды және құрылыс нысандарындағы санитарлық-техникалық жүйелердің, жабдықтардың және құбыр салудың құрастыруын орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- кірпіштен, болаттан және жиынтық бетон және темірбетон конструкциялардан және басқа да дәстүрлі құрылыс матераилдарынан ғимараттар мен құрылыс салуды;
- санитарлық-техникалық жүйелерді құрастыру үшін бөлшектер мен бұйымдарды жинақтауды және іріктеуді және тікелей оларды құрастыруды;
- құрастырушылық жобалар бойынша құбырлар салу орындарын белгілеуді;
- құбырлар салуды құрастыруды;
- ағаш ұстасы, ағаш шебері және төбе жабу жұмыстарын қамтиды.
7121 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ғимараттар мен имраттар салу үшін дәстүрлі материалдар пайдаланатын құрылысшылар
Ғимараттар мен имраттар салу үшін дәстүрлі материалдарды пайдаланатын құрылысшылар ғимараттар мен құрылыстар салумен, санитарлық-техникалық жүйелерді, жабдықтарды және құбыр салуды құрастырумен айналысады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- грунтты цементтеуді және химиялық бекітуді;
- бетон қоспасын әзірлеуді және бетон және темірбетон монолиттік конструкцияларды бетондауды;
- бетон және темірбетон конструкцияларды құрастыруды;
- ғимараттар мен имараттардың фундаментік кірпіш пен тастан салуды және оларды плиткамен қаптауды, эскиздер бойынша мозаикалық паннолар жинауды;
- санитарлық-техникалық жүйелер, технологиялық және сыртқы құбыр салуларды құрастыруды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Арматуршы (цемент, темірбетон конструкцияларын өндіру)
Бетоншы
Цементаторшы
Тас қалаушы
Болат және темірбетон конструкцияларын құрастырушы
Санитарлық-техникалық жүйелер мен жабдықтың құрастырушысы
Достарыңызбен бөлісу: |