7122 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тасшылар (кірпіш пен тас бойынша) және плиткашылар*
7123 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бетон төсеушілер, бетон әрлеушілер және «терраццо»* үлгісіндегі бетон бойынша мозаика салушылар
____________
* 7122 және 7123 базалық топтарды 7121базалық топта ескеру керек
7124 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ағаш шеберлері және ұсталары, шатыршылар
Ағаш шеберлері және ұсталары, шатыршылар ғимараттармен имараттар салу процесінде түрлі ағаш ұсталық, ағаш шеберлік және төбе жабу жұмыстарын орындайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- құрылыс алаңдарында ауыр ағаш қаңқаларын құрастыруды;
- ғимараттардың ішкі және сыртқы элементтерін (қабырғалар, есік және терезе рамалары және басқа элементтер) жинаған және жетілдірген қиыстырып келтірген кездегі ұсталық және шеберлік жұмыстарын;
- рулонды, даналап сатылатын болат материалдарын пайдалана отырып төбені жасауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ағаш ұстасы
Ағаш шебері
Шатыршы
7129 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген құрылысшы-монтажшылар және тектес
кәсіптер жұмысшылары
Бұл базалық топ судың астында құбырлар, кабельдер және дюкерлер салумен айналысатын сүңгуірлер кәсіптерінде көрініс табады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- су асты құбырларын, кабельдерді, дюкерлерді салуды;
- су астында қалыптың кез келген түрін орнатуды және бөлшектеуді;
- гидротехникалық имараттардың су асты бөлігін, су асты траншеяларына салынған құбырлар мен кабельдерді зерттеуді және жөндеуді;
- арматураны ойық жерлерге, тұтастырғыштарға орналастыруды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жоғары өрмелегіш
Жер қазушы
713 ҚҰРАМДАС ТОП
Құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарының жұмысшы-
әрлеушілері және тектес кәсіптер жұмысшылары
Құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарының жұмысшы-әрлеушілері және тектес кәсіптер жұмысшылары құрылыс нысандарында әрлеу: жұмыстарын: қабырғалар мен төбені сылауды және бояуды, оқшаулау материалдарын салуды, терезелер мен басқа жақтауларды шыналауды, санитарлық-техникалық жабдықтарды, құбырлар мен электр сымдарын орнатуды, еден салуды орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғаларын сылауды, ғимараттарды әрлеудің сәнді гипс бөлшектерін салуды;
- қабырғалар мен төбені бояу үшін колердің түсін таңдауды, оларды сырлауды, тұсқағаздарды жабыстыруды;
- құрылыс нысандарында жылу- және акустикалық оқшаулау салуды; шыны кесуді және терезе және басқа жақтауларды шынылауды;
- санитарлық-техникалық жүйелердің, орталық жылу берудің, сумен қамтамасыз етудің және суағарлардың бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды;
- технологиялық құбырлардың тораптары мен бөлшектерін жасауды;
- электроконструкциялар үлгілері мен сызбалары бойынша бөлшектерін белгілеуді; паркет едендерді салуды және әрлеуді қамтиды.
7131 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шатыршылар*
___________________
* 7131 базалық топты 7124 базалық топта ескеру қажет.
7132 БАЗАЛЫҚ ТОП
Паркетшілер, еден төсеушілер және плиткашылар
Паркетшілер, еден төсеушілер және плиткашылар түрлі материалдардан еден төсеу және оларды әрлеу жөнінде жұмыстар жүргізеді.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттері:
- оргалиттен, сүрек-жаңқа, сүрек-талшық плиталардан және басқа материалдардан еден төсеу үшін негіз дайындауды;
- паркет қалқанын жасау үшін суреті мен бояуы бойынша дайындауды және іріктеуді;
- тақтайдан, паркеттен, пластиктен және басқа материалдардан еден төсеуді және едендерді әрлеуді (циклевка, салу, бояу және басқа);
- паркетті жапсыру және әрлеу үшін мастика дайындауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Паркетшы
Еден сүртуші
7133 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сылақшылар
Сылақшылар сылақ торын орнатады және жөндейді, қабырғаларды, төбелерді сылайды және сылақты жөндеуді жүзеге асырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- дайын қалқан бойынша тор тартуды;
- дайын құрғақ қоспалардан ерітінділер дайындауды;
- ғимараттар қабырғалары мен төбелеріне сылақ қабатын салуды;
- қабырғалар мен төбелерге сәндік жапсырма бөлшектер жасауды және орнатуды;
- сылақты жөндеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сылақшы
Сәулет бөлшектерін жапсырушы
7134 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жылу- және акустикалық оқшауларды төсеушілер
Жылу- және акустикалық оқшауларды төсеушілер оқшаулау материалдарын үйлерде, имараттарда және қондырғыларда орнатады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- оқшаулауға жататын бетті дайындауды;
- дайын құрғақ қоспалардан оқшаулау ерітінділерін дайындауды;
- ғимараттардың қабырғаларына, төбелеріне және едендеріне, жабдықтардың ашық беттеріне оқшаулау және дыбыс өткізбейтін материалдар орнатуды, тоңазытқыш қондырғылары мен ауа кондиционерлерін оқшаулауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Термооқшаулаудағы оқшаулаушы
Пленкамен оқшаулаушы
Гидрооқшаулау оқшаулаушысы
7135 БАЗАЛЫҚ ТОП
Әйнекшілер
Әйнекшілер шыныларды кеседі және терезеге, есіктерге, көркемдерге және басқа да ойықтарға салады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- шыныны размері мен конфигурациясы бойынша кесуді және оларды үйкеп тегістеуді;
- шыны жақпаларын дайындауды;
- шыныларды жақпамен немесе герметикпен сылауды;
- шыныларды ағаш, металл, темірбетон, пластмасс және басқа ойықтарға қоюды;
- шыныларды бекітуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Әйнекші
7136 БАЗАЛЫҚ ТОП
Санитарлық-техникалық жабдықтардың слесарлері және слесарь- құбыршылар
Санитарлық-техникалық жабдықтар слесарлері және слесарь-құбыршылар сантехниканы, құбырларды жинайды, құрастырып келтіреді, орнатады және жөндейді.
Олардың міндеттері:
- құбырларды, арматураны, канализация, жылыту, суөткізгіш бөлшектерін және санитарлық-техникалық арматураны кесуді, июді, бір-бірне келтіруді, жинауды, орнатуды, ағымдағы және күрделі жөндеуді;
- кемелерде, ұшақтарда, ғимараттарда, өнеркәсіп кәсіпорындарында құбырларды жинауды, құрастыруды, ағымдағы жөндеуді және басқаны;
- канализация және дренаж, суөткізгіш жүйелерін жасау үшін траншеяларға балшық, цемент және шойын құбырлар салуды және басқаны;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Су өткізгіш
Слесарь-сантехник
7137 БАЗАЛЫҚ ТОП
Слесарлер мен құрылыс электрослесарлері, электромонтажшылар және тектес кәсіптер
Слесарлер мен құрылыс электрослесарлері, электромонтажшылар және тектес кәсіптер құрылыс алаңдарында жабдықты жөндеу жөнінде түрлі слесарлық жұмыстар орындайды, электр конструкциялардың, кабелдік жүйелердің, жарықтандыру сымдары мен жүйелерде жөндеу жөнінде түрлі слесарлық жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- құрылғылар жасауды;
- тетіктерді, машиналар мен двигательдерді жөндеуді;
- жарықтандыру арматурасының астына кабельдерді, кронштейндерді, қорғау қаптамаларын орнату үшін конструкцияларды, тор қоршауларды және тағы басқаны орнатуды;
- жоғары вольтты жабдықтарды, аспаптарды және өлшеу аппараттарын орнатуды;
- кабельдерді траншеяларға, арналарға, тоннельдерге және ғимараттар іштеріне салуды;
- жерге қосылу жүйелерінің және ноль қылатын құрылғыларды құрастыруды;
- кабельдер мен сымдар үшін жарықтандыру кораптарын орнатуды;
- жарықтандыру сымдарын салуды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Құрылыс слесарі
Құрылыс электрослесарі
Кабельді жүйелер бойынша электромонтажшы
Жарықтандыру және жарық беру жүйелері жөніндегі электромонтажшы
714 ҚҰРАМДАС ТОП
Сырлаушылар, ғимараттардың және кешендердің үстіін тазаарту
жөніндегі жұмысшылар және тектес кәсіптер
Сырлаушылар, ғимараттар мен кешендердің үстін тазалау жөніндегі жұмысшылар және тектес кәсіптер ғимараттар мен кешендердің, автокөлік құралдарының сыртын және ішін әктейді, бояйды, лактайды және басқа матераилдармен өңдейді, ғимараттардың қабырғалары мен төбелеріне түсқағаздар, пленкалар және басқа материалдар жабыстырады, ғимараттар мен кешендердің сыртын тазалайды, түтіндіктер мен мұржаларды тазалайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- сырланатын беттерді тазалау және басытқылау; ақауларды бітей отыра, беттерді тығыздауышпен тегістеуді;
- колерді іріктеуді және сырларды, лактарды, астарларды берілген рецептура бойынша жасауды;
- тығындамалар мен астарлар қабатынан кейін беттерді сырлауды;
- автомобильдерді, автобустарды, жүк автомобильдерін сырлауды, лакпен және басқа қорғау материалдарымен жабуды;
- суреттері бойынша тұсқағаздар мен пленканы іріктеуді және оларды қабарғалар мен төбелерге жапсыруды;
- ғимараттар мен кешендердің сыртын құм бүркігіш аппарат көмегімен тазалауды;
- түтіндіктерді, мұржаларды тазалауды және күйені жоюды;
- ғимараттар мен кешендердің сыртын сырлау және тазалау жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын тетіктерді баптауды; мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
7141 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сырлаушылар, ғимараттардың және кешендердің үстін тазарту
жөніндегі жұмысшылар және тектес кәсіптер
Сырлаушылар, ғимараттар мен кешендердің үстін тазалау жөніндегі жұмысшылар және тектес кәсіптер ғимараттар мен кешендердің, автокөлік құралдарының сыртын және ішін әктейді, бояйды, лактайды және басқа материалдармен өңдейді, ғимараттардың қабырғалары мен төбелеріне тұсқағаздар, пленкалар және басқа материалдар жабыстырады, ғимараттар мен кешендердің сыртын тазалайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- сырланатын беттерді тазалауды және басытқылауды;
- ақауларды бітей отырып, беттерді тығыздауышпен тегістеуді;
- колерді іріктеуді және сырларды, лактарды, астарларды берілген рецептура бойынша жасауды;
- тығындамалар мен астар қабатынан кейін беттерді сырлауды;
- суреттері бойынша тұсқағаздар мен пленканы іріктеуді және оларды қабарғалар мен төбелерге жапсыруды;
- ғимараттар мен кешендердің сыртын құм бүркігіш аппарат көмегімен тазалауды;
- түтіндіктерді, мұржаларды тазалауды және күйені жоюды;
- ғимараттар мен кешендердің сыртын сырлау және тазалау жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын тетіктерді баптады;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сырлаушы
Құмбүркуші
7142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сырлаушылар-лактаушылар
Сырлаушылар-лактаушылар автокөлік құралдарын сырлайды немесе сырлаушы пульт көмегімен эмальмен немесе лакпен металл, ағаш және басқа да өнеркәсіп бұйымдарын сырлайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- сырланатын беттерді тазалауды және басытқылауды;
- автокөлік құралдарын сырлауды немесе бояғыш пульт көмегімен эмальмен немесе лакпен металл, ағаш және басқа да өнеркәсіп бұйымдарын сырлауды;
- ақауларды бітей отыра, беттерді тығыздауышпен тегістеуді;
- колерді іріктеуді және сырларды, лактарды, астарды берілген рецептура бойынша жасауды;
- тығындамалар мен астарлар қабатынан кейін беттерді сырлауды;
- ғимараттар мен кешендердің сыртын сырлау және тазалау жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын тетіктерді баптауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сырлаушы-лактаушы
7143 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мұржа тазалаушылар
Мұржа тазалаушылар түтіндіктерді, мұржаларды тазалайды.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- түтіндіктердегі, мұржалардағы және қосатын құбырлардағы күйені жоюды;
- тас, кірпіш, металл және басқа құбырлардың сыртын химиялық заттармен, үлкен қысыммен берілетін бу немесе құм ағыншасымен тазалауды;
- көрсетілген жұмыстарды орындаған және беттерді тазалаған кезде қолданылатын тетіктерді баптауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мұржа тазалаушы
715 ҚҰРАМДАС ТОП
Шахталар (рудниктер) және карьерлер (разрездер) метрополитендер, тоннельдер және арнайы белгіленген жер асты имараттарын салумен айналысатын жұмысшылар
Шахталар (рудниктер) және карьерлер (разрездер) метрополитендер, тоннельдер және арнайы белгіленген жерасты имараттарын салумен айналысатын жұмысшылар тоннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы имараттарды ашық әдіспен салған, оларды гидрооқшаулаған кезде үңгілеу жұмыстарын орындайды; металл конструкциялардың, кен жабдықтарының және шахта бетіндегі және ашық әдіспен салынатын тоннельдердегі электромеханикалық қондырғылардың монтажын, демонтажын, жер асты кен қазу жабдығының механикалық және электр бөлігінің монтажын, демонтажын, жөндеуді және баптауды жүзеге асырады.
Осы топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- топырақты уату балғаларымен өңдеуді;
- шурфтардың, котловандар мен траншеялардың бекітпелерін жөндеуді, монолиттік бетон және темірбетон (бекітпелердің) қаптауларын тұрғызуды, тіреу қабырғалары мен дренажды орналастыруды;
- жіктердің оқшауланған беттерін және қаптаулар тесіктерін тазалауды және кептіруді, гидрооқшаулау жұмыстары үшін материалдар әзірлеуді және тоннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы имараттарды гидроқашаулау жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- эстакадалардың, үңгілеу кешендерінің, шахта крандарының және басқа да кен жабдықталымының конструкциялары мен тораптарының монтажын және демонтажын, құрастырылған жабдықты жүргізіп көруді және баптауды;
- жоғары вольтты электр жабдықтарды, құрал-саймандарды өлшеу, басқару және қорғау аппараттарын орнатуды;
- жер асты кен қазу жабдығының механикалық және электр бөлігінің монтажы, демонтажы, жөндеу және баптау, шырақтарды, ажыратқыштарды, және штепсельді розеткаларды орнатуды қамтиды.
7150 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шахталар (рудниктер) мен карьерлер (разрездер) метрополитендер, тоннельдер және арнайы белгіленген жерасты имараттарын салумен айналысатын жұмысшылар
Шахталар (рудниктер) және карьерлер (разрездер) метрополитендер, тоннельдер және арнайы белгіленген жерасты имараттарын салумен айналысатын жұмысшылар тоннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы имараттарды ашық әдіспен салған, оларды гидрооқшаулаған кезде үңгілеу жұмыстарын орындайды; металл конструкциялардың, кен жабдықтарының және шахта бетіндегі және ашық әдіспен салынатын тоннельдердегі электр механикалық қондырғылардың монтажын, демонтажын, жер асты кен қазу жабдығының механикалық және электр бөлігінің монтажын, демонтажын, жөндеуді және баптауды жүзеге асырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- топырақты уату балғаларымен өңдеуді;
- шурфтардың, котловандар мен траншеялардың бекітпелерін жөндеуді;
- монолиттік бетон және темірбетон (бекітпелердің) қаптауларын тұрғызуды;
- тіреу қабырғалары мен дренажды орналастыруды;
- жіктердің оқшауланған беттерін және қаптаулар тесіктерін тазалауды және кептіруді;
- гидрооқшаулау жұмыстары үшін материалдар әзірлеуді және тоннельдерді, метрополитен станцияларын және арнайы имараттарды гидроқашаулау жөніндегі жұмыстарды орындауды;
- эстакадалардың, үңгілеу кешендерінің, шахта крандарының және басқа да кен жабдықталымының конструкциялары мен тораптарының монтажын және демонтажын, құрастырылған жабдықты жүргізіп көруді және баптауды;
- жерасты кен қазу жабдығының механикалық және электр бөлігінің монтажын, демонтажын, жөндеуді және баптауды;
- шырақтарды, ажыратқыштарды, және штепсельді розеткаларды орнатуды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Оқшаулаушы
Кен жабдығының монтажшысы
Жер асты кен қазу жабдығының электр слесарь-монтажшысы
72 ШАҒЫН ТОП
Металл өңдеу және машина жасау өнеркәсібінің, монета өндірісінің
жұмысшылары
Металл өңдеу және машина жасау өнеркәсібінің, монета өндірісінің жұмысшылары металл қүю үшін қалыптар мен қалыптық өзектер дайындайды; металды дәнекерлейді, кеседі және қалыпқа келтіреді; ауыр метал конструкцияларды тұрғызады; түрлі құрал-саймандарды, машиналар мен бұйымдарды өндіру үшін болат және басқа металдарды соғады, кесетін және өлшейтін құрал-саймандар мен құрылғылар, металдан және басқа материалдардан бөлшектер жасайды; технологиялық жабдықты жасайды, баптайды және жөндейді; жүріп-тұру құралдарына, двигательдерге, электрондық немесе электр техникалық жабдықтарға техникалық қызметтер көрсететді және жөндейді; радиоэлектр аппаратурасы мен аспаптарды жинайды және жөндейді; оптикалық бөлшектер мен түрлі нәрсеге арналған аспаптарды жасайды; абразивтік бұйымдарды жасайды; синтетикалық алмаздар өндіреді және олардан бұйымдар жасайды.
Жұмыс машиналар мен механизмдерде немесе қол күшін жұмсауды азайту және нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақытты азайту үшін пайдаланылатын машиналар мен механизмдерде емес қолмен жасалады. Бұл шағын топтың жұмысшылары өндірістік процесті ұйымдастыруды, қолданылатын машиналар мен механизмдердің қолданылу принципін, пайдаланылатын материалдар мен механизмдердің және соңғы өнімнің қандай мақсатқа арналғанын білуге тиіс.
Осы шағын топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- металл қүю үшін қалыптар мен қалыптық өзектер дайындауды;
- металды дәнекерлеуді, кесуді және қалыпқа келтіруді; прокат бұйымдарын жасауды және оларды жөндеуді;
- ауыр металл конструкцияларды тұрғызуды; түрлі металл құрал-саймандарын мен бөлшектер өндіру үшін болат және басқа металдарды соғуды, престеуді және қалыптауды; кесетін және өлшейтін құрал-саймандар мен құрылғыларды жасауды, жөндеуді және жетілдіруді;
- технологиялық жабдықты жасауды, жөндеуді және баптауды; металл және басқа материалдан жасалатын бөлшектерді түрлі станоктарда дайындауды және өңдеуді;
- металл беттерді, бақылау-өлшеу аспаптарымен өлшемдерін тексере отыра ыспалауды, қайрауды және жетілдіруді; жүріп-тұру құралдарын, авиациялық және кеме двигательдерін және басқа ұқсас жабдықтарды қиыстырып келтіруді, орнатуды және жөндеуді;
- электр және электрондық жабдықтарды, машиналарды, аспаптарды қиыстырып келтіруді, орнатуды және жөндеуді;
- радиоэлектр аппаратураны жинауды, құрастыруды және реттеуді; оптикалық бұйымдар мен түрлі мақсаттарға арналған аспаптарды жасауды және жинауды;
- абразивті материалдардан дисктер, жылтырату және ыспалау бұйымдарын жасауды;
- аса қатты материалдар мен алмаздардан бұйымдар жасауды, қиыстырып келтіруді және сынауды қамтиды.
721 ҚҰРАМДАС ТОП
Қалыптаушылар, дәнекерлеушілер, ұсталар, қақтаушылар,
конструкциялық металл дайындаушылар және тектес кәсіптер
жұмысшылары
Қалыптаушылар, дәнекерлеушілер, ұсталар, қақтаушылар, конструкциялық металл дайындаушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары метал құю үшін қалыптар және қалып өзектерін жасайды; металл бөлшектерді дәнекерлейді және кеседі; темірден, болаттан және басқа металдан балкалар, өзектер және құймақалыптар соғады және престейді; прокаттан бұйымдар жасайды және жөндейді; ауыр метал конструкцияларды, тальдарды, аспа жолдарды және ұқсас имараттарды тұрғызады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- метал қую үшін өзектерді қалыптастыруды;
- металл бұйымдарды дәнекерлеуді және кесуді;
- темірді, болатты және басқа металдарды түрлі құрал саймандар, жабдық және басқа бұйымдар өндіру үшін соғуды, престеуді және қалыптауды;
- прокаттан бұйымдар жасауды және жөндеуді;
- ауыр метал конструкцияларды, тальдарды, аспа жолдарды және ұқсас имараттарды тұрғызуды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
7211 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қалыптаушылар мен өзекшілер
Қалыптаушылар мен өзекшілер металл құю ішін қалыптар мен қалып өзектер жасайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- құюға арналған қалыптарды қалыптауды, әрлеуді және жинауды;
- керамикалық немесе сұйық өз бетімен қататын қоспалардан өзектер дайындауды;
- қалыптар мен өзектерді кептіруді және шынықтыруды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қолмен қалыптау қалыптаушысы
Машинамен қалыптау қалыптаушысы
Балқытылған үлгілер бойынша қалыптаушы
Машинамен қалыптау өзекшісі
Қолмен қалыптау өзекшісі
Өзектерді, қалыптарды және қалыптау материалдарын кептіруші
7212 БАЗАЛЫҚ ТОП
Дәнекерлеушілер және газбен кесушілер
Дәнекерлеушілер және газбен кесушілер металл бөлшектерді жалынмен, электр доғасымен және металдарды балқытудың, кесу және жабыстырудың басқа да жылу көздерімен дәнекерлейді және кеседі.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- бөлшектер мен түйіндерді дәнекерлеудің, доғалық, плазмалық, газбен, электрондық-сәулелік, термиттік, сондай-ақ диффузиялық-дәнекерлеуді және лазерлік қондырғылармен дәнекерлеуді қоса әртүрлі түрлерін;
- металдарды, қоспалар мен бөлшектерді оттегімен және ауа-плазмалық кесуді;
- газ генераторлық қондырғыларды зарядтауды және разрядтауды;
- қызметтер көрсететін тетіктер мен жабдықтарды баптауды;
- дәнекерлеудің және кесудің ақауларын анықтауды және болдырмауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Газбен дәнекерлеуші
Газбен кесуші
Дәнекерлеу кешенінің операторы
Диффузиялық-дәнекерлеуқондырғыларындағы дәнекерлеуші
Лазер қондырғыларындағы дәнекерлеуші
Контактылы дәнекерлеу машиналарындағы дәнекерлеуші
Электр газбен дәнекерлеуші
Қолмен электр дәнекерлеуші
7213 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қақтаушылар
Қақтаушылар түрлі металдардан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды жаншып үгітуді, түзетуді және тазалауды жүзеге асырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- суық және ыстық күйдегі шыбық және табақ металдан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды валецтер мен престерде жаншып үгітуді, түзеуді және июді;
- валецтерді баптау және жаншып үгіту үшін металды қыздыру режимін реттеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қақтаушы
Инелер қақтаушысы
Ине роликтері мен шариктерінің қақтаушысы
Суық металл қақтаушысы
Қазан жасаушы
7214 БАЗАЛЫҚ ТОП
Конструкциялық металл дайындаушылар және слесарь-монтажшылар
Конструкциялық металл дайындаушылар және слесарь-монтажшылар конструкциялар мен қалқандар жасау үшін металл қалыптарға және қалың табақ темірге белгі салады, жинайды және орнатады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- белгі салу үшін шаблондар дайындауды, белгі салатын үстелдер мен алаңдарға темір табақтарын беруді және оларға белгі салуды;
- базалық бөлшектер мен металл конструкцияларының түйіндерін орнату үшін орын белгілеуді;
- металл конструкцияларының түйіндерін сызбалар мен жинақтау схемалары бойынша дәнекерлеуге және тойтаруға жинауды;
- кемелердің қалқандары мен басқа да металл бөлшектерін жинауды және орнатуды;
- конструкциялардың металл элементтерін қолмен, арнайы машинамен немесе пневмобалғамен жабыстыруды;
- сынақтар кезінде анықталған тойтару ақауларын түзетуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Прокат белгі қоюшысы
Кеме слесарь-монтажшысы
Металл конструкцияларын жинау жөніндегі слесарь
Тойтарушы
7215 БАЗАЛЫҚ ТОП
Такелажшылар
Такелажшылар темірбетон, металл, ағаш және басқа да конструкцияларды, бұйымдарды және жүктерді фундаменттерге, платформаларға және алаңдарға строповкалау, тиеу, көтеру, түсіру, орынын ауыстыру және орнату жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- жүктің массасы мен кескін үйлесіміне сәйкес тростарды, канаттарды, шынжырлар мен арнайы құрылғыларды іріктеуді және сынауды;
- строптар мен зәкірлерді жасауды және орнатуды;
- блоктарды, тальдарды, бұратын жебелерді, кран балкаларды және басқа да құрылғылар мен тетіктерді орнатуды және түсіріп алуды;
- көтеру құрылғыларының көмегімен жүктерді көтеруді, орынын ауыстыруды және түсіруді;
- канаттар мен тростарды жөндеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Такелажшы
Кеме такелажшысы
Монтаждағы такелажшы
7216 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сүңгуірлер
Сүңгуірлер судың астында сүңгуір костюмін немесе скафандрлар киіп жұмыс істейді және жабдықтар мен конструкцияларды қарайды, жөндейді, орнатады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- су астында (көпірлерді, пирстарды, конструкцияларды) салу және жөндеуге арналған жұмысты;
- кемелер корпустары мен су асты имараттарында болуы мүмкін ақауларды табу мақсатында және шамалы жөндеу үшін қарауды;
- су асты кедергілерін жоюды;
- су асты жарылыс жұмыстары үшін шпурларды бұрғылауды;
- құтқару жұмыстарымен байланысты түрлі сүңгуір жұмыстарын орындауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сүңгуір
Су асты жұмысшысы
7217 БАЗАЛЫҚ ТОП
Балғалар мен престердегі ұсталар
Балғалар мен престердегі ұсталар балкаларды, өзектерді, құймақалыптарды және темір, болат табақтарды және басқа металл және қоспаларды түрлі құрал-саймандар, металл бұйымдар, жабдықтардың бөлшектері мен түйіндерін жасау үшін соғады және престейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- соғу үшін металды қыздыру режимін таңдауды;
- ұста пештерінде металды қыздыруды;
- бұйымдар мен бөлшектерді төстерге, балғаларға, престерге және машиналарға салып созуды, июді, кесуді, соғуды және штампылауды;
- штампыланған бұйымдар мен бөлшектерді түзетуді;
- ұста жұмысына қажет құрал-саймандарды жасауды;
- престерді, балғаларды, машиналарды және көтеру-көлік тетіктерін басқаруды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Қолмен соғу ұстасы
Балғалар мен престегі ұста
Штампылаушы-ұста
Ротациялық машиналардағы штампылаушы-ұста
722 ҚҰРАМДАС ТОП
Слесарь-аспапшылар, станокшылар, баптаушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары
Слесарь-аспапшылар, станокшылар, баптаушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары бөлшектер мен бұйымдарды механикалық өңдеу үшін белгілейді, олардың өңдеуін түрлі металөңдеуші станоктарда жүзеге асырады; металөңдеуші станоктарды баптайды және басқарады; түрлі металл кесетін құрал-саймандарды қайрайды және жөндейді; металл үлгілер жасайды.
Осы құрамдас топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- бөлшектер мен бұйымдарды механикалық өңдеу үшін белгілеуді, оларды токарлық, фрезерлік, бұранды үскі, ыспалау, жылтырату және басқа да металөңдеуші станоктарда, түрлі құрылғыларды қолдана және размерлерін түрлі тұрғыдан тексере отырып өңдеуді;
- сандық бағдарламалық басқару станоктарын қоса металөңдеуші станоктарды баптауды және басқаруды; күрделілігі әртүрлі құрал-саймандарды, құрылғыларды, шаблондарды, аспаптарды жасауды, қайрауды, реттеуді және жөндеуді және оларды қолдану жағдайында тексеруді;
- құйма металл үлгілерді жасауды және жөндеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
7221 БАЗАЛЫҚ ТОП
Слесарь-аспапшылар, аспап қайраушылар, металл үлгілер бойынша үлгілеушілер және металл бойынша белгілеушілер
Слесарь-аспапшылар, аспап қайраушылар, металл үлгілер бойынша үлгілеушілер және металл бойынша белгілеушілер құрал-саймандарды, мөртабандарды, үлгілерді және басқа да металл бұйымдарды, қол құрал-саймандары мен металөңдеуші станоктарды қолдана отырып жасайды, қайрайды және жөндейді.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- бөлшектерді, түйіндерді, құймаларды, поковкаларды және металл конструкцияларды ашық сызбалар мен қажетті математикалық есептерді жасай отырып белгілеуді;
- құрал-саймандарды, шаблондарды, құрылғыларды жасауды, реттеуді және жөндеуді және оларды пайдалану жағдайында тексеруді;
- кесетін құрал-сайманды қайрауды және жетілдіруді;
- түрлі металдардан және қоспалардан жасалған үлгілерді, үлгілер мен өзектік жәшіктерді сызып жасауды және жөндеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аспаптар жасаушы-слесарь
Белгі салушы
Қайраушы
Электр қайраушы
Металл үлгілер бойынша үлгілеуші
Нумераторларды баптаушы
7222 БАЗАЛЫҚ ТОП
Металл өңдейтін станоктардағы станокшылар, станоктар мен
жабдықтарды баптаушылар
Металл өңдейтін станоктардағы станокшылар, станоктар мен жабдықтарды баптаушылар токарлық, фрезерлік, бұранды үскі, тіс кесетін, ойма кесетін және басқа да металөңдеуші станоктарда, түрлі құрылғыларды қолдану көмегімен, размерлерін бірнеше тұрғыдан тексере отырып өңдейді; станоктарды, жартылай автоматтарды, автоматтарды және басқа жабдықты кесу және өлшеу құрал-саймандарын, көшірме қондырғылары мен құрылғыларды қолдана отырып баптайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- бөлшектер мен құрал-саймандарды токарлық өңдеуді, жетілдіруді және фрезерлеуді;
- бөлшектерде тесіктерді бұрғылап тесуді, тесікті кеңейтуді, үңгілеуді және қашауды;
- түрлі бейіндегі және қадамдағы ойықтарды кесуді;
- тістер, шестерняларды, секторларды, червяктарды, тісті дөңгелектерді және басқа бөлшектерді кесуді;
- әмбебап және арнайы құрылғыларды қолдана отырып, бөлшектер мен түйіндердің сыртқы және ішкі цилиндірлік, конус, сфера формасындағы беттерді жетілдіруді және ысқылауды;
- металөңдеуші станоктарды, автоматтар мен жартылай автоматтарды, автоматтық желілерді, станоктарды және бағдарламалық басқаруымен манипуляторларды арнайы кесу және өлшеу құрал-саймандарын қолдана отырып, қажетті математикалық есептерді жасай отыра баптауды;
- жұмыс процесінде металөңдеуші жабдықты баптауды және реттеуді әрі баптағаннан кейін сыналатын бөлшектерді өңдеуді қамтиды.
Осы базалық топқа жататын кәсіптер мысалы:
Токарь
Жартылай автоматшы-токарь
Револьверші-токарь
Фрезерші
Кесуші фрезерші
Бұрғылап тесуші
7223 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ажарлаушылар, өңдеушілер, өрнекшілер және басқа да тектес
кәсіптер
Ажарлаушылар, өңдеушілер, өрнекшілер және басқа тектес кәсіптер жұмысшылары бөлшектер мен құрал-саймандарды қолмен және түрлі үлгідегі жылтыратушы станоктарда жылтыратады, бөлшектердің беттерін химиялық заттармен өңдейді, абразивті материалдарды ыспалау шеңберлеріне, ременьдерге, дисктерге және барабандарға орау және жабыстыру, ыспалау және жылтырату станоктарын баптайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- бөлшектер мен құрал-саймандарды ажарлауды және жетілдіруді;
- бөлшектерді бірнеше тұрғыдан орнатуды және тексеруді;
- тістер мен шестернялардың түрлі бейіндегі және қадамдағы ойықтарын ажарлауды;
- бөлшектерді жылтыратуды, жылтыратудың дайын рецептері бойынша пасталар мен мастикалар жасауды;
- абразивті материалдарды ажарлау шеңберлеріне, ременьдерге және басқаларға орауды және жабыстыруды;
- абразивті материалдар таңдауды, ерітінділер, желім және пасталар дайындауды;
- бөлшектердің беттерін химиялық заттармен өңдеуді;
- ажарлау және өңдеу станоктарын баптау, технологиялық жүйелілігін және ажарлау мен жылтырату режимдерін белгілеу;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ажарлаушы
Тістерді ажарлаушы
Ойықтарды ажарлаушы
Өңдеуші
Өңдеу шеңберлеріне ораушы
Радиокерамика өрнекшісі
723 ҚҰРАМДАС ТОП
Жабдықтау жөніндегі механиктер, құрастырушы-слесарьлер және
жөндеуші-слесарьлер
Жабдықтау жөніндегі механиктер, құрастырушы-слесарьлер және жөндеуші-слесарьлер мотокөлік құралдарын, ұшақ аппараттарын, кемелерді және өнеркәсіп жабдықтарын, түрлі күрделі слесарлық жұмыстарды орындай отыра, жинауды, қызметтер көрсетуді және жөндеуді, жабдықтар мен бұйымдарды реттеуді және сынауды, олардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- мотокөлік құралдарын, ұшақ аппараттарын, кемелерді және өнеркәсіп жабдықтарын жинауды, оларға техникалық қызметтер көрсетуді;
- жиналатын және жөнделетін машиналар мен жабдықты реттеуді, баптауды және сынауды;
- сынақ стендтерінің монтажы мен демонтажын, ақаулар тізімдемесін жасау және қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеуді қамтиды.
7231 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мотокөлік құралдарының слесарь-құрастырушылары және слесарь-
жөндеушілері
Мотокөлік құралдарының слесарь-құрастырушылары және слесарь- жөндеушілері жеңіл және жүк автомобидьдерінің және басқа мотокөлік құралдарының түйіндері мен тетіктерін жинайды, орнатады және реттейді, олардың техникалық жай-күйін бақылауды жене тексеруді және жөндеуді жүзеге асырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- мотокөлік құралдарының түйіндері мен тетіктерін – рулін, канатын, кронштейнін, берілістер қорабын, кабинаны, кузовты, артқы мостты және соған ұқсас, түрлі нақтылық сыныбындағы (квалитеттерді) слесарлық жұмыстарды орындай отыра, жинауды, орнатуды және реттеуді;
- автомобильдердің, тіркемелердің, мотоциклдердің, мотороллерлердің, тракторлар және басқа мотокөлік құралдарының соңғы жинауынан кейінгі тетіктерінің түйіндері мен агрегаттарын бақылауды және жинауды;
- мотокөлік құралдарының техникалық жағдайын оларды пайдаланғаннан, техникалық қызметтер көрсеткеннен және жөндегеннен кейін тексеруді;
- мотокөлік құралдарын двигателдің бөлшектерін немесе тұтас двигательдің өзін, ақауы бап бөлшектерді, түйіндерді ауыстырумен және моторларды, тежеуін құрылғыларды, руль жүйесі мен басқа да мотокөлік құралдарының бөлшектерін орнатумен және қиыстырып келтірумен жөндеуді;
- жөндеуге немесе бұзылуларды жоюға техникалық құжаттама ресімдеуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь
Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы
7232 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ұшу аппараттары, теңіз және өзен кемелерінің слесарь-механиктері, слесарь-жинаушылары және слесарь-жөндеушілері
Ұшуатын аппараттары, теңіз және өзен кемелерінің слесарь-мехниктері, слесарь-жинаушылары және слесарь-жөндеушілері түрлі ұшу аппараттарын және кемелерді, сондай-ақ оларда орнатылған жабдықтарды, агрегаттарды, аспаптарды, жүйелерді, машиналарды және тетіктерді жинауды, реттеуді, сынауды, техникалық қызметтер көрсетуді, ақауларды анықтауды және жөндеуді жүзеге асырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- авиадвигательдердің, агрегаттардың түйіндері мен тетіктерін, ұшу аппараттарының аспаптарын жинауды және реттеуді;
- түрлі үлгідегі ұшу аппараттарын, сондай-ақ тәжірибелік және эксперименталдық бұйымдарды жинауды;
- жиналған бұйымдардың өзара әрекет ету жүйелерін кешенді жетілдіруді және тексеруді;
- авиадвигательдердің, аспаптардың, автоматтардың жинау ақауларын, түрлі слесарлық-жинау жұмыстарының ақауларын анықтауды және жоюды;
- авиадвигательдерге, аспаптарға, автоматтарға сынаулар және реттеулер жүргізуді және ұшу аппараттары мен олардың жүйелерін соңғы нивелирлеуді;
- ұшу аппараттарының, оның ішінде авиадвигательдердің түйіндері мен бөлшектерін, түрлі нақтылықтағы слесарлық жұмыстарды орындай отыра, жөндеуді;
- қондырғылардағы жөнделген түйіндерді сынауды;
- авиадвигательдерді, ұшу аппараттарының түйіндері мен бөлшектерін жөндеу және сынау үшін қолданылатын құрылғыларға, аспаптарға және стендтерге қызмет көрсетуді, баптауды және жөндеуді;
- ағаш кемелер (шлюпкалар, баркастар, ялдар) секцияларының бөлшектерін жинауды, орнатуды, қиыстырып келтіруді, белгілеуді және бекітуді;
- темірбетон және пластмасс кемелердің секциялары мен блоктарын монтаждауды;
- металл кемелердің, цехта және стапельде дәнекерлеу, тойтару және безеулеу жұмыстары жүргізілген және корпустық конструкциялардың гидравликалық сынауларын жүргізумен оларды жасап жатқан кезде секциялардан, блок-секциялардан және көлемді секциялардан корпустарын қалыптастыруды;
- кеме жабдықтарының бөлшектері мен түйіндерін, конструкцияларды, құрылғыларды, қондырғыларды, бактарды, ыдыстарды, цистерналарды, кеме жиһазын, кондиционерлеу және желдету жүйелерін жасауды, жинауды, түзетуді, белгілеуді, орнатуды және демонтаждауды;
- кеме ғимараттарын қалыптастыруды және жабдықтауды;
- кемелерді дайындауды және суға жіберуді;
- сынау камераларын және стендтерді реттеумен және баптаумен, олардың көмегімен кеме жабдықтарына (қондырғыларды, аппараттарды, асапаптар мен жүйелерді) сынау жүргізуді;
- кеме механизмдерін, аппараттарын, арматурасын, бу машиналарын, дизелдерін, қондырғыларын, компрессорларын және басқаны бөлшектеуді, дефектациялады, жөндеуді және монтаждауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ұшу аппараттарының слесарь-жинаушысы
Двигательдердің слесарь-жинаушысы
Авиациялық аспаптар слесарь-жинаушысы
Авиациялық аспаптар жөндеу жөніндегі слесарь-механик Авиадвигательдер жөндеу жөніндегі слесарь
Агрегаттар жөндеу жөніндегі слесарь
Ұшу аппараттарын жөндеу жөніндегі слесарь
Электржабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электр механик
7233 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өнеркәсіптік жабдықтардың слесарь-механиктері, слесарь-
жинаушылары және слесарь-жөндеушілері
Өнеркәсіп жабдығының слесарь-механиктері, слесарь-жинаушылары және слесарь-жөндеушілері жабдықтың түйіндері мен тетіктерін, агрегаттарды, машиналарды, станоктарды, электржабдығын, қондырғыларды, бақылау-өлшеу аспаптарын, пульттарды және басқа да өнеркәсіп жабдығын жинайды, құрастырады, реттейді және сынайды, олардың техникалық жағдайын бақылау және тексеруді әрі жөндеуді жүзеге асырады.
Осы базалық топ қызметкерлерінің орындайтын міндеттері:
- жабдықтың түйіндері мен тетіктерін, агрегаттарды, машиналарды, станоктарды, электрожабдығын, қондырғыларды, бақылау-өлшеу аспаптарын, пульттарды және басқа да өнеркәсіп жыбдығын жинауды, құрастыруды, реттеуді, сынауды және жөндеуді;
- жинау процесінде түрлі күрделі бөлшектер мен түйіндерді слесарлық өңдеу, қиыстырып келтіру, ысқылау, белгілеу, қыру, дәнекерлеу, жөндеу және жинау үшін түрлі күрделі құрылғылар жасауды;
- жабдықты пайдалану кезінде және оны жөндеу, тексеру кезінде ақауларды анықтауды және жоюды;
- жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеруді және жүкті тиеп сынауды;
- жабдықты жөндеуге ақаулар тізімдемесін жасауды;
- жүк көтергіш құралдар мен тетіктер көмегімен такелаждық жұмыстарды орындауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аккумуляторшы
Слесарь-электромонтажшы
Слесарь-жөндеуші
724 ҚҰРАМДАС ТОП
Электр, электромеханикалық және радиоэлектрондық аспаптарды слесарь-құрастырушы
Электр, электромеханикалық және радиоэлектрондық аспаптарды слесарь-құрастырушы түйіндерді, блоктарды, аспаптарды, электрмашиналарын, электр- және радиоэлектрондық аппаратураны, сымды байланыс аппаратурасын, ЭЕМ жинайды және құрастырады; жиналатын және құрастырылатын аппаратураны, радиоқондырғыларды, баптайды және сынайды, олардың механикалық және электрлік реттеуін жүзеге асырады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- түйіндерді, блоктарды, аспаптарды, электрмашиналарын, электр- және радиоэлектрондық аппаратураны, сымды байланыс аппаратурасын, ЭЕМ эскиздер мен нақтылық сұлбалар бойынша жинауды және құрастыруды;
- жинау және құрастыру сұлбаларын жасауды; жинау құрылғыларын жасауды;
- жинау және баптау кезінде қолданылатын жабдық пен құрылғыларды баптауды;
- жиналатын әзірлемелердің, бұйымдардың, материалдардың және компоненттердің ақауларын анықтауды;
- аспаптарды, аппаратураны, радиоқондырғыларды жинау және реттеу ақауларын жоюмен жиналатын және құралатын аспаптарды, аппаратураны, радиоқондырғыларды баптауды және сынауды қамтиды.
7241 БАЗАЛЫҚ ТОП
Электр және электр механикалық аспаптарды слесарь-құрастырушылар
Электр және электр механикалық аспаптарды слесарь-құрастырушылар электр және электр механикалық аспаптарды, машиналарды, аппаратураны жинайды, оларды сынауды, баптауды және реттеуді жүзеге асырады, жинау және сынау кезіндегі ақауларды жояды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- түрлі нақтылық және тазалық сыныптары шегінде, дәнекерлеумен, қалайылаумен бөлшектер мен түйіндерді жинау үшін дайындауды және жинақтауды;
- аспаптарды, машиналарды, аппараттарды оларды механикалық және электрлік реттеумен сұлбалар бойынша жинауды;
- электр өлшеуіш аспаптарын дәл бөліктеуді;
- түрлі күрделі сұлбаларды жинауды;
- жиналған аспаптарды, машиналарды, аппаратураны анықталған ақауларды жоюмен сынауды, оларды баптауды және реттеуді;
- бұйымдарды жинау кезінде қажет есептер мен эскиздерді орындауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Электр өлшеуіш аспаптарды жинаушы
Электр машиналары мен аппаратын жинаушы
Трансформатор орамасын жинаушы
Сынап түзеткішін жинаушы
7242 БАЗАЛЫҚ ТОП
Радиоэлектрондық аспаптарды жинаушы-слесарлер
Радиоэлектрондық аспаптарды жинаушы-слесарлер түйіндер мен блоктарды, радиоэлектрондық аспаптар мен аппаратураны, сымды байланыс пен қашықтан байланысу аппаратурасын, ЭЕМ, электр- және радиоқондырғыларды жинайды және құрастырады; оларды сынауды, баптауын және реттеуді жүзеге асырады, жинау және сынау кезінде анықталған ақауларды жояды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- жинауға келіп түсетін бөлшектер мен түйіндердің габариттік размерлері мен сапасын тексеруді;
- бөлшектерді, түйіндерді, аспаптарды, радиоэлектрондық аппаратураның және сымды байланыс аппаратурасының құрылғыларын, ЭЕМ сұлбалар бойынша, кіретін бөлшектерді түрлі нақтылық сыныптары шегінде қиыстырып келтіру және жетілдірумен, дәнекерлеудің кез келген түрлерін орындаумен, жинау сапасын бақылаумен жинауды;
- жинау жұмыстарымен байланысты қажетті есептер орындауды;
- жинау құрылғыларын дайындауды;
- түрлі күрделі сұлбаларды завальцовканы, запрессовканы, дәнекерлеуді қолдана отырып жинауды;
- монтаж электр- және радио құрылғыларды, радиоэлектрондық аппаратураны, тетіктерді, аспаптарды, жүйелерді, сымдық байланыс аппаратурасын эскиздер мен нақтылық сұлбалар бойынша құрастыруды;
- монтаж ақауларын табуды және жоюды;
- жинау және құрастыру кезінде қолданылатын жабдықты, айлабұйымдарды және аспаптарды баптау;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Радиоэлектрондық аппаратура және аспаптарды слесарь-жинаушы Радиоэлектрондық аппаратура слесарь-механигі
Радиоэлектрондық аппаратураның және аспаптардың монтажшысы Радиобөлшектер жинаушы
Түрлі түсті кинескоп өндірісінің монтажшы-құрастырушысы
Микросұлбалар жинаушы
725 ҚҰРАМДАС ТОП
Эмальдаумен, металды қаптаумен және сырлаумен айналысатын
жұмысшылар
Эмальдаумен, металды қаптаумен және сырлаумен айналысатын жұмысшылар бөлшектер мен бұйымдардың гальваникалық қаптамалауды, металдауды, сырлауды, эмальдауді, қаңылтыр мен құбырларды лактауды және ұқсас операцияларды орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- гальваникалық ванналарда бөлшектердің беттерін, гальванопроцестерді берілген режимдер және электролиттер мен ерітінділермен қаптамалауды;
- бөлшектер мен бұйымдарды ұнтақ тәрізді және баяу балқитын материалдармен, газотермикалық, электрдоғалық, плазмалық, вакуумдық және басқа әдістермен, металдау аппараттары мен қондырғылардың жұмыс режимін реттей отырып, металдауды;
- бөлшектер мен бұйымдардың беттерін сырлармен және лактармен, колерлер таңдаумен, түрлі сырлар мен лактардан қоспалар жасаумен, желім пісірумен, трафареттер әзірлеумен сырлауды;
- лактау қондырғыларында, оларды реттей отырып, қаңылтыр мен құбырларды лақтауды;
- бұйымдарды батырып алу, қүю әдістерімен пульверизаторлардың көмегімен және жабдықты баптай отырып, басқа да әдістермен эмальдауды қамтиды.
7250 БАЗАЛЫҚ ТОП
Эмальдаумен, металды қаптаумен және сырлаумен
айналысатын жұмысшылар
Эмальдаумен, металды қаптаумен және сырлаумен айналысатын жұмысшылар бөлшектер мен бұйымдарды гальваникалық қаптауды, металдауды, сырлауды, эмальдауды, қаңылтыр мен құбырларды лактауды және ұқсас операцияларды орындайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- гальваникалық ванналарда бөлшектердің беттерін, гальванопроцестерді берілген режимдер және электролиттер мен ерітінділермен қаптауды;
- бөлшектер мен бұйымдарды ұнтақ тәрізді және баяу балқитын материалдармен, газотермикалық, электрдоғалық, плазмалық, вакуумдық және басқа әдістермен, металдау аппараттары мен қондырғылардың жұмыс режимін реттей отырып, металдауды;
- бөлшектер мен бұйымдардың беттерін сырлармен және лактармен, колерлер таңдаумен, түрлі сырлар мен лактардан қоспалар жасаумен, желім пісірумен, трафареттер әзірлеумен сырлауды;
- лактау қондырғыларында, оларды реттей отырып, қаңылтыр мен құбырларды лақтауды;
- бұйымдарды батырып алу, қүю әдістерімен пульверизаторлардың көмегімен және жабдықты баптай отыра басқа әдістермен эмальдауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Гальваник
Металдаушы
Қаңылтырлар мен құбырларды лактаушы
Эмальдаушы
Қара түске сырлаушы
Воронильщик
726 ҚҰРАМДАС ТОП
Оптика-механикалық өндіріспен және арнайы өндіріспен
айналысатын жұмысшылар
Оптика-механикалық өндіріспен және арнайы өндіріспен айналысатын жұмысшылар оптикалық бұйымдардың бөдшектерін жасайды, оларды механикалық және слесарлық өңдеуді және желімдеуді жүзеге асырады, оптикалық түйіндер мен аспаптар жасайды әрі олардың бейнені ортаға келтіруін және осін туралауды (жетілдіруді) жүзеге асырады; оқ-дәрілер мен қару-жарақ түйіндерін жинайды және реттейді, бұйымдарға атып сынау (тексеру) жүргізеді, бөлшектер мен бұйымдарды бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады; оқ-дәрілер мен қару-жараққа сынақ жүргізеді, қару-жарақты жөндейді.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- оптикалық шыныдан, кристалдар мен керамикадан бөлшектер жасауды, оларды механикалық және слесарлық өңдеуді және желімдеуді;
- оптикалық түйіндер мен аспаптарды, оптикалық және металл бөлшектерді келтіре отырып, оларды вальцовкалаумен және бейнені ортаға келтірумен жинауды;
- линзалардың, оптикалық аспаптардың, телескоп жүйелерінің, фото және проекциялық аппаратураның бейнесін ортаға келтіруді;
- оптикалық аспаптар мен түйіндердің осін туралау (жетілдіру); қару-жарақтың, ракеталық және торпедалық агерагттардың түйіндерін жинауды және реттеуді, қару-жарақты атып сынауды (тексеру); бөлшектер мен бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден және соңғы жинаудан кейін бақылауды және қабылдауды;
- сынақ аппаратурасын, стендттерді, пульттарды, жабдықтарды дайындауды, ракеталарды, аспаптарды және жүргізу қондырғыларын белгілеген бағдарлама бойынша сынауды;
- жарылыс заттарды, оқ-дәріні, қару-жарақты сынауды;
- әр түрлі қару-жарақты бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды қамтиды.
7260 БАЗАЛЫҚ ТОП
Оптика-механикалық өндіріспен және арнайы өндіріспен
айналысатын жұмысшылар
Оптика-механикалық өндіріспен және арнайы өндіріспен айналысатын жұмысшылар оптикалық бұйымдардың бөлшектерін жасайды, оларды механикалық және слесарлық өңдеуді және желімдеуді жүзеге асырады, оптикалық түйіндер мен аспаптар жасайды әрі олардың бейнені ортаға келтіруін және осін тұралауды (жетілдіруді) жүзеге асырады; оқ-дәрілер мен қару-жарақ тұйіндерін жинайды және реттейді, бұйымдарға атып сынау (тексеру) жүргізеді, бөлшектер мен бұйымдарды бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады; оқ-дәрілер мен қару-жараққа сынақ жүргізеді, қару-жарақты жөндейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- оптикалық шыныдан, кристалдар мен керамикадан бөлшектер жасауды, оларды механикалық және слесарлық өңдеуді және желімдеуді;
- оптикалық түйіндер мен аспаптарды, оптикалық және металл бөлшектерді келтіре отырып, оларды вальцовкалаумен және бейнені ортаға келтірумен жинауды;
- линзалардың, оптикалық аспаптардың, телескоп жүйелерінің, фото және проекциялық аппаратураның бейнесін ортаға келтіруді;
- оптикалық аспаптар мен түйіндердің осін туралауды (жетілдіруді);
- қару-жарақтың, ракеталық және торпедалық агерагаттардың түйіндерін жинауды және реттеуді;
- қару-жарақты атып сынауды (тексеруді);
- бөлшектер мен бұйымдарды механикалық және слесарлық өңдеуден және соңғы жинаудан кейін бақылауды және қабылдауды;
- сынақ аппаратурасын, стендттерді, пульттарды, жабдықтарды дайындауды, ракеталарды, аспаптарды және жүргізу қондырғыларын белгілеген бағдарлама бойынша сынауды;
- жарылыс заттарын, оқ-дәріні, қару-жарақты сынауды;
- әр түрлі қару-жарақты бөлшектеуді, жөндеуді және жинауды
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Оптик
Оптик-механик
Оптикалық бөлшектерді желімдеуші
Оптикалық бөлшектердің бейнесін ортаға келтіруші
Оптикалық бөлшектердің осін туралаушы
Оптикалық бөлшектерді бұрғылаушы
Оптикалық бөлшектер фрезеровшісі
727 ҚҰРАМДАС ТОП
Абразивтер, синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар мен
олардан және табиғи алмаздардан бұйымдар жасау өндірісімен
айналысатын жұмысшылар
Абразивтер, синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар мен олардан және табиғи алмаздардан бұйымдар жасау өндірісімен айналысатын жұмысшылар абразивті материалдарды өндіру үшін абразивті масса әзірлейді; бұл бұйымдарды жасайды және жинайды; абразивті құрал-жабдықтарды бақылайды және қабылдайды; ең қатты материал мен табиғи алмаздардан құрылғылар мен құрал-жабдықтар жинайды; ажарлау шеңберлерінің теңгермелеуді жүзеге асырады және аспапты арнайы жабдықта сынайды; алмаздар мен ең қатты материалдар синтезінің құрылғыларын баптайды және жөндейді.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- түрлі тізбектердегі және эпоксидтік шайырлардағы абразивті массаларды әзірлеу, компоненттерді дозалауды, тасымалдауды және араластырғыш машиналарға тиеуді;
- жылтыр бұйымдарды, абразивті дискілерді, абразивті құрал-жабдықтар жасауды және жинауды;
- абразивті құрал-жабдықты механикалық өңдеуден кейін қабылдауды және оның қаттылығын анықтауды;
- бұйымдардың абразивті беріктілігін сынау стендтерінде механикалық сынауды;
- шихталар мен алмаздардың қоспасын әзірлеуді, оны өлшеуді және пресс-пішіндерге салуды;
- табиғи және синтетикалық ең қатты материалдардан жасалған бұйымдар мен арнайы құрал- жабдықтар жинауды, алмаз бұрғылар, фрездер, дискілі араларды алмаздарды бұрау әдісімен жинауды;
- ажарлау шеңберлерін баланстеу және оларды рихталауды; аса қатты материалдардан жасалған құрал-жабдықтардың әмбебап және арнайы станоктарда қаттылығын, бұдырлығын, бекемдеуді және басқа параметрлерін сынауды; құрал-жабдықтардың геометриялық параметрлерін және микроұнтақтарда негізгі фракцияның, қоспаның және ылғалдығының болуын бақылауды;
- алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған автоматты және жартылай автоматты қондырғыларды баптауды және жөндеуді, қондырғылардың жұмыс режимін іріктеуді және оларды сынамалық жүргізуді қамтиды.
7270 БАЗАЛЫҚ ТОП
Абразивтер, синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар мен
олардан және табиғи алмаздардан бұйымдар жасау өндірісімен
айналысатын жұмысшылар
Абразивтер, синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар мен олардан және табиғи алмаздардан бұйымдар жасау өндірісімен айналысатын жұмысшылар абразивті материалдарды өндіру үшін абразивті масса әзірлейді; бұл бұйымдарды жасайды және жинайды; абразивті құрал-саймандарды бақылайды және қабылдайды; ең қатты материал мен табиғи алмаздардан құрылғылар мен құрал-жабдықтар жинайды; ажарлау шеңберлерінің балансировкасын жүзеге асырады және аспапты арнайы жабдықта сынайды; алмаздар мен ең қатты материалдар синтезінің құрылғыларын баптайды және жөндейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- түрлі тізбектердегі және эпоксидтік шайырлардағы абразивті массаларды әзірлеуді, компоненттерді дозалауды, тасымалдауды және араластырғыш машиналарға тиеуді;
- жылтыр бұйымдарды, абразивті дискілерді, абразивті құрал- жабдықтардың жасауды және жинауды;
- абразивті құрал- жабдықты механикалық өңдеуден кейін қабылдауды және оның қаттылығын анықтауды;
- бұйымдардың абразивті беріктілігін сынау стендтерінде механикалық сынауды;
- шихталар мен алмаздардың қоспасын әзірлеуді, оны өлшеуді және пресс-пішіндерге салуды;
- табиғи және синтетикалық аса қатты материалдардан жасалған бұйымдар мен арнайы құрал-жабдықтардың жинауды, алмаз бұрғылар, фрездер, дискілі араларды алмаздарды бұрау әдісімен жинауды;
- ыспалау шеңберлерін теңгермелеуді және оларды рихталауды;
- аса қатты материалдардан жасалған құрал-саймандарды әмбебап және арнайы станоктарда қаттылығына, бұдырлығына, бекемдеуді және басқа параметрлерге сынауды;
- құрал-жабдықтардың геометриялық параметрлерін және микроұнтақтарда негізгі фракцияның, қоспаның және ылғалдығының болуын бақылауды;
- алмаздар мен аса қатты материалдар синтезіне арналған автоматты және жартылай автоматты қондырғыларды баптауды және жөндеуді, қондырғылардың жұмыс режимін іріктеуді және оларды сынамалық жүргізуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Абразивті (керамикалық) массаны әзірлеуші
Бакелит, вулканит және эпоксид массаларын әзірлеуші
Абразивті бұйымдар жасаушы
Ажарлау шкуркаларынан бұйымдар жасаушы
Абразивті бұйымдар бақылаушысы
Алмаз құрал-саймандары жинаушысы
Алмаздан және аса қатты материалдардан жасалған құрал- жабдықтарды теңгермелеуші
Алмаздан және аса қатты материалдардан жасалған құрал- жабдықтарды сынаушы
Алмаздар, аса қатты материалдар және олардан бұйым жасау өндірісінің бақылаушысы
Алмаз және аса қатты материалдарға арналған қондырғылар баптаушысы
728 ҚҰРАМДАС ТОП
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсәбінің басқа өндірістерінде
жұмыс істейтін жұмысшылар
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсәбінің басқа өндірістерінде жұмыс істейтін жұмысшылар ине-платиналық бұйымдар, қаңылтыр-банкалық бұйымдардың тубалары мен сырттарын, электродтарды, металл торларды, маттарды, орындықтар мен жұмсақ жиһаздың басқа да бөлшектерін, транспортер ленталарын, кабельді және автомобиль қалқандары үшін торларды, металл шынжырларды және тағы басқаларды жасайды; дайын бұйымдарды сынайды, бақылайды және қабылдайды, жабдықты баптайды және реттейді.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- ине-платиналық бұйымдарды суық штампылауды, қайрауды және жетілдіруді;
- қаңылтыр-банкалық бұйымдардың тубалары мен сырттарын және автоматтар мен жартылай автоматтарда әзірлемелер жасауды;
- электродтарды жалату үшін брикеттер жасауды, электродтарға жабылғы жасауды және пештерде шынықтыруды;
- металл торларды, маттарды, сиденьелерді және жұмсақ жиһаздың басқа да бөлшектерін өруді, транспортер ленталарырын, кабельді және автомобиль қалқандары үшін торларды жасауды, шынжырлардың жартылай үзбелерін престерде июді, металл канаттар мен шынжырларды сынау престерінде үзілуге сынауды; дайын бұйымдарды техникалық шарттарға сәйкестікке бақылауды және оларды қабылдауды;
- қолданылатын жабдықты баптауды және реттеуді қамтиды.
7280 БАЗАЛЫҚ ТОП
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсәбінің басқа өндірістерінде
жұмыс істейтін жұмысшылар
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсәбінің басқа өндірістерінде жұмыс істейтін жұмысшылар ине-платиналық бұйымдар, қаңылтыр-банкалық бұйымдардың тубалары мен сырттарын, электродтарды, металл торларды, маттарды, орындықтарды және жұмсақ жиһаздың басқа да бөлшектерін, транспортер ленталарырын, кабельді және автомобиль қалқандары үшін торларды, металл шынжырларды және тағы басқаларды жасайды; дайын бұйымдарды сынайды, бақылайды және қабылдайды, жабдықты баптайды және реттейді.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- ине-платиналық бұйымдарды суық штампылауды, қайрауды және жетілдіруді;
- қаңылтыр-банкалық бұйымдардың тубалары мен сырттарын және автоматтар мен жартылай автоматтарда әзірлемелер жасауды;
- электродтарды жалату үшін брикеттер жасауды, электродтарға жабылғы жасау және пештерде шынықтыруды;
- металл торларды, маттарды, орындықтарды және жұмсақ жиһаздың басқа да бөлшектерін өруді;
- транспортер ленталарын, кабельді және автомобиль қалқандары үшін торларды жасауды;
- шынжырлардың жартылай үзбелерін престерде июді;
- металл канаттар мен шынжырларды сынау престерінде үзілуге сынауды;
- дайын бұйымдарды техникалық шарттарға сәйкестігін бақылауды және оларды қабылдауды;
- қолданылатын жабдықты баптауды және реттеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ине-платиналық бұйымдар автоматшысы
Ине-платиналық бұйымдар бақылаушысы
Ине өндірісі жабдығының баптаушысы
Қаңылтыр-банка өндірісі жабдығының баптаушысы
Брикеттеуші
Электродшы
Электрод өндірісінің бақылаушысы
Ленталар мен металл торларды әзірлеуші
Шынжыр әзірлеуші
73 ШАҒЫН ТОП
Прецизиондық құрал-жабдықтар мен аспаптар жасаумен
айналысатын жұмысшылар, көркемдік өнеркәсібінің көркемдік
кәсіп және басқа да өндіріс түрлерінің жұмысшылары, баспа
өндірісінің жұмысшылары
Прецизиондық құрал-жабдықтар әзірлейтін жұмысшылар, көркемдік кәсіптердің, баспа өндірісінің жұмысшылары прецизиондық құрал- жабдықтарды, музакалық аспаптарды әзірлейді және жөндейді, зергерлік бұйымдарды және түрлі материалдардан: бағалы металдардан, бағалы тастардан, шыныдан, керамикадан, ағаштан, теріден, тоқымадан және басқадан жасалған халық кәсібінің көркем бұйымдарын әзірлейді және жаңғыртады, баспа өнімдерін шығарады.
Жұмыс машиналары мен механизмдермен емес және дене күшін пайдйлануды азайту, нақты жұмысты орындаға уақытты қысқарту және оның сапасын орындау үшін машиналармен және механизмдер пайдаланылмай қолмен жасалады. Бұл шағын топ жұмысшылары өндірістік процесті ұйымдастыруды, қолданылатын машиналар мен механизмдердің, қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтардың қолданылу принципін және соңғы өнімнің пайдалану мақсатын білуге тиіс.
Осы шағын топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- навигациялық, метереологиялық, хирургиялық және басқа да прецизиондық құрал-жабдықтар мен аспаптарды әзірлеуді және жөндеуді; музыкалық аспаптарды әзірлеуді, баптауды және жаңғыртуды; бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды әзірлеуді және жөндеуді;
- үй аспаптары заттарын әзірлеуді, қыш бұйымдарды, фарфор ыдыс-аяқ, керамика мен шыныдан бұйымдар әзірлеуді;
- бұйымдарға сурет салуды және көркем безендіруді;
- металдан, ағаштан, теріден, тоқымадан, сүйектен, мүйізден және басқа материалдардан көркем кәсіп өнімдерін жасауды;
- шрифт теруді, баспа матрицаларын жасауды, шығармалар мен олардың мұқабаларын жасауды қамтиды.
731 ҚҰРАМДАС ТОП
Металл және басқа материалдар бойынша прецизиондық жұмыстар
орындайтын жұмысшылар
Металл және басқа материалдар бойынша прецизиондық жұмыстар орындайтын жұмысшылар прецизиондық құрал- жабдықтарды, музакалық аспаптарды әзірлейді және жөндейді, бағалы металдардан, және тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, халық көркем кәсібі дәстүріндегі жоғары көркем бұйымдарды әзірлейді және жаңғыртады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- навигациялық, метереологиялық, хирургиялық, стоматологиялық, ортопедиялық және басқа да прецизиондық құрал-жабдықтарды, аспаптар мен жабдықты әзірлеуді; музыкалық аспаптарды әзірлеуді, баптауды және жаңғыртуды;
- бағалы тастарды бедерлеуді, құрастыруды және бағалы тастар мен металдардан, халық көркем кәсіп дәстүрлерінде жоғары көркемдік өнімдер жасауды қамтиды.
7311 БАЗАЛЫҚ ТОП
Прецизиондық құрал-жабдықтар мен аспаптар әзірлеумен
айналысатын жұмысшылар
Прецизиондық құрал-жабдықтар мен аспаптар әзірлеумен айналысатын жұмысшылар түрлі үлгідегі, түрдегі және құрылыстағы сағаттарды, хирургиялық аспаптарды, аппараттарды, оптикалық аспаптарды жинайды, протездік-ортопедиялық бұйымдар жасайды, соңғы жиналғаннан кейін оларды бақылайды, техникалық қызметтер көрсетеді, жөндейді, сынайды және аспаптар мен аппараттарды реттейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- түрлі құрылыстағы қол, қабырға, қалта және үстел сағаттарын жинауды;
- сағаттар бөлшектерін механикалық өңдеуді және оларға ойма салуды;
- техникалық тастарды жылтыратуды және бұрғылауды;
- хирургиялық аспаптар мен аппараттарды жинауды;
- бөлшектерді жетілдіру нақтылығын, хирургиялық құрал-саймандардың қайралуын және жетілдіруін бақылауды;
- бағыттайтын құрал- жабдық жасауды, оны тексеруді және бекітуді;
- протездік-ортопедиялық бұйымдар жасауды, өлшеуді, жетілдіруді және жөндеуді;
- күрделі оптикалық аспаптарды (микроскоптарды, масс спектромертлерді, гониометрлерді, дальнометрлерді, кванттық генераторларды және басқаларды) жинауды және оларды баптауды әрі осін тураландыруды;
- механикалық өңдеуден және жинаудан кейін бұйымдарды бақылауды;
- жинау автоматтарына, жартылай автоматтарға, стоматологиялық, зертханалық, зарарсыздандыратын, операциялық және басқа да медициналық жабдықтарға, оптикалық аспаптарға техникалық қызметтер көрсетуді, баптауды және жинауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сағаттар жинаушы
Сағаттар бөлшектерінің тістерін жылтыратушы
Сағаттар бөлшектерінің тістерін фрезерлеуші
Сағаттар бөлшектеріне ойма салушы
Техникалық тастарды жылтыратушы
Тастарды бұрғылаушы
Сағат және тас өндірісінің бақылаушысы
Хирургиялық құрал-саймандар мен аспаптарды жинаушы
Медициналық жабдықтар мен бұйымдар бақылаушысы
Протездік-ортопедиялық бұйымдар механигі
Медициналық жабдықтарды жөндеу және қызметтер көрсету жөніндегі электр механик
7312 БАЗАЛЫҚ ТОП
Музыкалық аспаптарды жасаушылар, құлақ күйін келтірушілер және жаңғыртушылар
Музыкалық аспаптарды жасаушылар, құлақ күйін келтірушілер және жаңғыртушылар клавиштік, ысқы, шертіп ойналатын, тілді, соқпалы және үрлемелі аспаптарды жинайды, құрастырады, баптайды және реттейді әрі оларды жөндеуді және жаңғыртуды жүзеге асырады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- музыкалық аспаптар бөлшектері мен түйіндерін жинауды және құрастыруды және оларды берілген параметрлер бойынша бөлшектерін таңдаумен, құлақ күйін келтірумен және аспапты белгілі әуенділігі мен дыбыс ырғағына жеткенге дейін акустикалық реттеумен, музыкалық аспаптың ойнау сапасын тексерумен және жинау барысында ұсақ ақауларды жоюмен толық жинауды;
- музыкалық аспаптардың құлақ күйін келтіруді және реттеуді және олардың құлақ күйінің келгенін жекелеген музыкалық шығармалар ойнау және тыңдау жолымен тексеруді;
- құлақ күйінің дәлдігіне әсер ететін ақауларды табуды және жоюды;
- жөндеуге және жаңғыртуға келіп түсетін музыкалық аспаптарды жөндеу, жаңғыртудың немесе жөндеудің түрі мен санатын анықтауды;
- музыкалық аспаптарды қайта құрастыруды, жаңғыртылатын түйіндерге эскиздер даярлауды және оларды жасауды;
- музыкалық аспаптарды жөндеуден кейін жинауды, олардың дыбысын тексеруді және тапсырыс берушіге тапсыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Клавишті аспаптарды жинаушы-құрастырушы
Ыспа аспаптарды жинаушы-құрастырушы
Шертпе аспаптарды жинаушы-құрастырушы
Тілді аспаптарды жинаушы-құрастырушы
Соқпалы аспаптарды жинаушы-құрастырушы
Үрлемелі аспаптарды жинаушы-құрастырушы
Пианино және рояльдерді баптаушы
Ыспа аспаптар баптаушысы
Шертпе аспаптар баптаушысы
Тілді аспаптар баптаушысы
Үрлемелі аспаптар жаңғыртушысы
Клавишті аспаптар жаңғыртушысы
Ыспа және шертіп ойнайтын аспаптар жаңғыртушысы
Соқпалы аспаптар жаңғыртушысы
Тілді аспаптар жаңғыртушысы
7313 БАЗАЛЫҚ ТОП
Бағалы металдар мен тастардан зергерлік әшекейлер жасаумен және
жаңғыртумен, сондай-ақ халықтық көркемдік кәсіптері дәстүрлеріндегі жоғары көркемдік бұйымдар (лажылы миниатюра, металл және қышқа көркемдік жазу) әзірлеумен айналысатын жұмысшылар
Бағалы металдар мен тастардан зергерлік әшекейлер жасаумен және жаңғыртумен, сондай-ақ халық көркем кәсіптері дәстүрлеріндегі жоғары көркемдік бұйымдар (лажылы миниатюра, металл және қышқа көркемдік жазу) әзірлеумен айналысатын жұмысшылар бағалы металдар мен тастардан зергерлік әшекейлер жасайды, нақыш және бұрама жұмыстарын, алмаздарды бриллианттарға қырлауды және зергерлік және көркемдік бұйымдарға қондырмалар қырлауды жасайды, бағалы тастарды бекітеді және орнатады; көркемдік және зергерлік бұйымдарды жаңғыртуды және жөндеуді жүзеге асырады; папье-маше және ағаштан жасалған бұйымдарды жинайды және өңдейді; папье-машеден жасалған бұйымдарға көркемдік өрнектер және металл, керамика және ағаштан жасалған бұйымдарға миниатюралық кескіндемелер салады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- бағалы металдар мен тастардан зергерлік әшекейлерді нақыш және бұрама жұмыстарын орындаумен, бағалы тастар мен түрлі қондырмаларды бекітуді және орнатумен жасауды;
- алмаздарды бриллианттарға қырлауды және қондырмаларды қырлауды;
- шілтерлі-бұрама бұйымдарды, эмальмен оюлауды, металл бұйымдарды суреттер мен композициялар бойынша шекіме жасауды, шынжырлар жаймасын құлып корпусын әзірлей отыра тоқуды;
- көркем және зергерлік бұйымдарды жаңғыртуды және жөндеуді;
- ағаштан және папье-машеден жасалған жоғары көркемді бұйымдарды жинауды, оларды жылтыратуды және түрлі түстерге өңдеуді;
- папье-машеден жасалған бұйымдарға көркемдік өрнектер және металл, керамика және ағаштан жасалған бұйымдарға миниатюралық кескіндемелер салуды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Зергер (зергер-үлгі көрсетуші)
Зергер-білезікші
Зергер-қырлаушы
Зергер-бекітуші
Зергер-құрастырушы
Зергер-бұрамашы
Зергер-шынжыршы
Зергерлік және көркем бұйымдар көрмелерін қырлаушы
Алмаздарды бриллианттарға қырлаушы
Папье-машеден бұйымдар жинаушы
Ағаш және папье-машеден жасалған көркем бұйымдарды өңдеуші Миниатюралық кескіндеме суретшісі
732 ҚҰРАМДАС ТОП
Қыш, фарфор, шыны және басқа да материалдардан жасалған
бұйымдардың көзешілері, пресшілері және қалыпшылары мен тектес
кәсіптер жұмысшылары
Қыш, фарфор, шыны және басқа да материалдардан жасалған бұйымдардың көзешілері, пресшілері және қалыпшылары мен тектес кәсіптер жұмысшылары көзе бұйымдарын, фарфор және фаянс ыдыс, шыны жасайды, шыны, пластмасс және басқа материалдардан жасалған бұйымдарға көзе жұмыстарын жасайды және оюлайды, шыныға, керамикаға, металл, ағаш бұйымдарына сурет салады, жарнамалық-безендіру жұмыстарын орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- көзе бұйымдарын, фарфор және фаянс ыдыс-аяқ, шыны бұйымдарын станоктарды, жартылай автоматтарды, престерді, құрылғыларды пайдалана отырып жасауды;
- қызметтер көрсететін жабдықтарды реттеуді және жөндеуді; шыны, пластмасс және басқа материалдардан жасалған бұйымдарға қолмен немесе станоктармен нақыш жұмыстарын жасауды, шыны бұйымдарды өрнектеуді және химиялық жылтыратуды;
- өрнектеу қоспаларын дайындауды;
- шыны бұйымдарға сурет, ою, композициялар салуды;
- фарфорлық-фаянстық, майолик бұйымдарын, металл және ағаш сыйлық бұйымдарына көркемдік өрнек салуды;
- безендіру, жарнамалық және шрифттік сипаттағы көркемдік жұмыстарын орындауды қамтиды.
БАЗОВАЯ ГРУППА 7321
Фарфор және абразивті бұйымдар көзешілері, қорамашылары және
пресшілері
Фарфор және абразивті бұйымдар көзешілері, қорамашылары және пресшілері керамикалық, абразивті, фарфор, фарфор-фаянстық, электр карамикалық бұйымдар мен құрылыс керамика бұйымдарын станоктарда, жартылай автоматтарда, престерде, айлабұйымдарда және қолмен қалыптастырады, әрлейді және престейді.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- керамикалық массаны дайындауды;
- пішіндерді бөлшектеуді және жинауды;
- қалыптастырылатын массаларды өлшеуді және пресс-пішіндерге салуды;
- көзе бұйымдарын қалыптастыруды және көзе пештеріне салуды;
- керамикалық, бакелиттік, вулканиттік және эпоксидтік байламдардағы абразивті бұйымдарды, абразивті, фарфор, фарфорлық-фаянстық бұйымдарды қалыптастыруды;
- пластмасс және ұнтақ массалардан құрылыс керамикасы және электр керамика бұйымдарын қалыптастыруды және престеуді;
- станоктарды, жартылай автоматтарды, престерді және құрылғыларды реттеуді және ұсақ жөндеуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Көзеші
Құрылыс керамика бұйымдарын престеуші
Құрылыс керамика бұйымдарын қалыптастырушы
Ұнтақ массалардан электрокерамикалық бұйымдар престеуші Электрокерамикалық бұйымдар қалыптастырушы
Фарфор және фаянс бұйымдар қалыптастырушы
7322 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шыны қорамашылар, пресшілер, ажарлаушылар және
жылтыратушылар, шыны үрлеушілер
Шыны қорамашылар, пресшілер, ажарлаушылар және жылтыратушылар, шыны үрлеушілер шыны массасынан және шыны ұнтағынан бұйымдарды автоматтарда, жартылай автоматтарда және престерде қалыптастырады және престейді; престеу барысында бұйымдар өлшемдерін бақылайды; шыны және шыны бұйымдардың беттерін станоктарда, ыспалау машиналарында, жартылай авттоматтарда және басқа жабдықтарда ыспалайды; шынының түрлі маркаларынан шыны үрлеу тәсілімен жанарғы жалынында түрлі конфигурациядағы бұйымдар жасайды; қызметтер көрсететін жабдықты реттейді және баптайды.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- шыны массасынан бұйымдар престеуді және қалыптастыруды;
- шыны ұнтағынан бұйымдар престеуді;
- шыны ұнтағын жасауды және оларды дозалағыштар мен қалыптапға салуды;
- оптикалық шыныдан және кристалдардан әзірлемелер престеуді;
- герметик әзірлеумен шыны пакеттерді престеуді және олардың жанын герметикпен құюды;
- престеуді және қалыптастыру режимін таңдауды және сақтауды;
- кварц блоктарынан қалың қабырғалы және жұқа қабырғалы құбырларды, сору режимін және қалыптастыратын бөлшектердің геометриялық өлшемдерін таңдай отыра соруды;
- шыны және шыны бұйымдардың беттерін станоктарда, машиналарда, жартылай авттоматтарда және басқа жабдықтарда ажарлатуды;
- ажарлау және жылтарыту үшін абразивті шеңберлерді қайрауды және абразивті ұнтақтарды таңдауды;
- шынының түрлі маркаларынан шыны үрлеу тәсілімен жанарғы жалынында бұйымдар жасауды;
- қызметтер көрсететін жабдықты реттеуді және баптауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ыстық шыныны престеуші
Шыны бұйымдарды қалыптастырушы
Шыны және шыны бұйымдарды жылтыратушы
Шыны пакеттер престеуші
Шыны ұнтағынан бұйымдар престеуші
Шыны үрлеуші
Кварц үрлеуші
7323 БАЗАЛЫҚ ТОП
Балқығыш қышқылмен шыныны нақыштаушылар және
өрнектеушілер
Балқығыш қышқылмен шыныны нақыштаушылар және өрнектеушілер белгілерді, жазуларды, суреттерді нақыштау бойынша жұмыстарды орындайды, арнайы құрал-жабдықтар мен үлгілер әзірлейді, шыны бұйымдарды балқығыш қышқылмен өрнектейді.
Осы базалық топ жұмысшаларының орындайтын міндеттері:
- белгілерді, жазуларды, суреттерді металл, шыны, пластмасс және басқа материалдарға қолмен немесе станоктарда нақыштауды;
- арнайы құрал-жабдық жасауды, оны өрнектеуді және жылумен өңдеуді;
- үлгілерді, таңбаларды, мөрлерді, белгілер мен сандарды қолмен және өрнектеумен жасауды;
- шыны бұйымдарды плавикалық қышқылмен өрнектеуді және химиялық жылтыратуды;
- өрнектеу ерітінділерін дайындауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Нақыштаушы
Шыны нақыштаушы
Шыныны балқығыш қышқылмен өрнектеуші.
7324 БАЗАЛЫҚ ТОП
Шыны, қыш әшекейлеушілер және тектес кәсіптер
Шыны, қыш әшекейлеушілер және тектес кәсіптер қызметкерлері шыныдан, металдан, тоқымадан, ағаштан, керамикадан және басқа металдардан жасалған бұйымдарды безендіреді; эскиздер жасайды, маңдайшалар үшін әріптер мен оюлар салады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- бұйымдарға қылқалам, бүркуіш немесе үлгілер, аударма суреттері, резеңке мөрлер және басқа құралдардың көмегімен суреттер салуды;
- шыны және басқа материалдардан жасалған бұйымдарға сырды, эмальды, лактарды декоративтік мақсаттарда бүрку немесе оларға бұйымдарды батыру арқылы суреттер салуды;
- айна шынысын амальгамамен жабуды;
- маңдайшалар жасау үшін әріптер мен оюлар салуды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шыны нақыштаушысы
Шыны моллировшысы
Сурет салушы
733 ҚҰРАМДАС ТОП
Металдан, ағаштан, тоқымадан, былғарыдан және басқа да
материалдардан бұйымдар жасайтын көркемдік өнеркәсібінің
көркемдік кәсіп және басқа да өндіріс түрлерінің жұмысшылары
Металдан, ағаштан, тоқымадан, былғарыдан және басқа да материалдардан бұйымдар жасайтын көркемдік өнеркәсібінің көркемдік кәсіп және басқа да өндіріс түрлерінің жұмысшылары ағаштан, капо-түбірінен, қайыңның қабығынан және ұқсас материалдардан бұйымдар жасайды; матадан, теріден жасалған көркем-декоративті бұйымдар жинайды және әрлейді; халық көркем кәсіптері дәстүрінде металдан, сүйектен, янтарьдан және ұқсас материалдардан көркем бұйымдар жасайды; мүсін шығармалары мен архитектуралық бөлшектер жасайды; көркем кәсіптер бұйымдары мен өнімдерін жаңғыртады.
Осы құрамдас топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- халық көркем кәсіптерінің бұйымдары үшін материалдар әзірлеуді және өңдеуді және бұл бұйымдарды ағаштан, капо-түбірінен, қайыңның қабығынан, ұлттық бас киімдерді, интерьерге арналған бұйымдарды, ою және тематикалық композицияларды, былғарыдан суреттер мен оюлар басумен және көркемдік тоқумен, металл, сүйек, янтарьдан бұйымдар жасауды;
- мүсін шығармалары мен архитектуралық бөлшектердің макеттерін жасауды;
- мүсін шығармалары мен архитектуралық бөлшектерді тотықтауды және оларды орындарына орнатуды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
7331 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ағаштан, капо-түбірінен, қайыңның қабығынан және ұқсас
материалдардан көркем бұйымдар әзірлеушілер
Ағаштың, қайыңның қабығының, кесінділердің, капо-түбірінің, жүзім сабағының бағалы тұқымдарын дайындайды, таңдайды және өңдейді, олардан көркем бұйымдар жасайды және оларды жаңғыртады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- ағаштың, қайыңның қабығының, кесінділердің, капо-түбірінің, жүзім сабағының бағалы тұқымдарын дайындауды;
- текстурасы бойынша сүрек дайындауды;
- кесінділерді, капо-түбірлерін кеспелтектерге бөлуді, қоспаларды шығару үшін және шикізатқа тиісті өң беру үшін капо-түбірін булап тазартуды, қайыңның қабығын тазалауды, түзетуді, кептіруді және пішуді, жүзім сабағын түсі, ұзындығы және қалыңдығы бойынша іріктеуді;
- ағаштан, оларға ойма салып көркем бұйымдар жасауды;
- ағаштан ансамбльдер мен интерьерлер жинастыруды;
- капо-түбірінен және қайың қабығынан оларға ойма салып көркем бұйымдар жасауды;
- керамика, ағаш және басқа материалдардан декоративті элементтері бар жүзім сабағының көркем бұйымдарын жасауды;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ағаштан көркем бұйымдар жасаушы
Қайыңның қабығынан көркем бұйымдар жасаушы
Жүзім сабағынан көркем бұйымдар жасаушы
Ағаштан, капо-түбірінен және қайың қабығынан көркем бұйымдар жасау үшін материалдар әзірлеуші
Капо-түбірін булап тазартушы
7332 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тоқымадан, былғарыдан, теріден және ұқсас материалдардан көркем
бұйым жасаушылар
Тоқымадан, былғарыдан, теріден және ұқсас материалдардан көркем бұйымдар жасаушылар матадан, былғарыдан және теріден көркемдік-декоративтік бұйымдар жасайды және жинайды, оларға көркем суреттер салады, кесте тоқиды, сурет салады.
Осы базалық топ жұмысшыларының орындайтын міндеттері:
- таңу батигы техникасындағы матадан көркем-декоративтік бұйымдар, ұлттық бас киімдер, интерьерлер бұйымдарын, оюлы және тематикалық композицияларды, көркем панноларды, матаға өрнектер салудың түрлі техникасы бойынша театр шымылдықтарын жасауды;
- былғарыдан, суреттер мен оюлар салумен, оюларды бояумен көркем бұйымдар жасауды;
- үлгілер жасауды және былғары мен теріні пішу, былғары мен теріден көркем бұйымдар жасауды және оларды машинада тігуді, тері мен былғарыдан жасалған бұйымдарды өруді, тері және былғары бұйымдарды жапсырып тігетін шашпен және шытыра-моншақпен көркемдеп тігуді, оларды фактуралық тігіспен, аппликациямен әрлеуді;
- мазмұны бойынша тектес басқа міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Көркем өрнекпен маталардан бұйымдар әзірлеуші
Былғарыдан көркем бұйымдар әзірлеуші
Былғары мен теріден бұйымдар жинаушы
Былғары мен теріге кесте тоқушы
Достарыңызбен бөлісу: |