9 Біліктілігі жоқ жұмысшылар
9111 Көшеде азық-түлік тауарларын сатушы
9112 Азық-түлік емес тауарларды сатушы
9113 Тауарды немесе қызмет түрлерін алушыға телефонмен ұсынатын
9113 Сатып алушыға тауарларды тұратны жері бойынша ұсынатын саудагер
9120 Машиналарды (қолмен) жуушы
9120 Көшеде қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (күш, салмақ өлшеу және т.б.)
9120 Шабарман
9120 Қайраушы
9120 Аяқ киім тазалаушы
9120 Үй қызметкері (жинаушы)
9131 Жинаушы-жуушы
9132 Күтушы әйел
9132 Кастелянша
9132 Кубтаушы
9132 Ас бөлме жұмысшысы
9132 Ыдыс жуушы
9132 Шаруашылық бикесі
9132 (Қолмен) үтіктеуші
9133 (Қолмен) кір жуушы
9141 Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы
9142 Шыны сүртуші
9142 Еден сүртуші
9151 Метрополитендегі өткізу пунктерінің бақылаушысы
9151 Курьер
9151 Тасушы
9151 Хат-хабар тасушы
9151 Конверт кесуші
9152 Мұражайды күзетуші
9152 Автомобиль тұрағының күзетшісі (күзетші)
9152 Швейцар
9160 Тапсырыстар қабылдаушы
9160 Жалға беру пункінің қабылдаушысы
9211 Бақташы
9211 Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын қабылдаушы
9211 Өнім жинау жөніндегі жұмысшы
9212 Орман тасушы
9212 Ағаш жарушы
9212 Дайындаушы
9212 Қорықшы
9212 (Қолмен) арамен кесуші
9213 Балық аулау (балық өсіру және аңшылық) шаруашылығының
біліктілігі жоқ жұмысшысы
9311 Аспалы жол вагонетшісі
9311 Газ өлшеуші
9311 Экскаваторлар, үйінділеу көпірлерінің және үйінді кен жұмысшысы
9311 Слюда дайындаушы
9311 Жүк тиеуші
9311 Арықшы
9311 Карьерші
9311 Түбірлерді тамырмен жұлушы
9311 Суспензия бақылаушысы
9311 Көмір қабылдау бақылаушысы
9311 Шырақшы
9311 Таспалық жинаушы
9311 Реактивтік суды дайындаушы
9311 Кен мен асбестті қабылдаушы
9311 Шағын литражды драганың пробуторшысы
9311 Брикеттерді босатып алушы
9311 Түпшаймалаушы
9311 Шлюзшы
9312 Жөндеу-құрылыс (жол) жұмыстарының біліктілігі жоқ жұмысшысы
9312 Гидроимараттарды қараушы
9312 Күлді сумен ығыстыру және күл үйінділері трассасын қараушы
9313 Біліктілігі жоқ құрылыс жұмсышысы
9321 Камераларды орнатушы
9321 Шыбықтар мен сымды тоқушы
9321 Дубльдеуші
9321 Бинт дайындаушы
9321 Қағаз пакеттерін дайындаушы
9321 Спорттық велошиналар қаңқасын дайындаушы
9321 Карталар мен бума материалдарын дайындаушы
9321 Клапандар дайындаушы
9321 Таңу материалдарының жартылай өнімдерін дайындаушы
9321 Шиналарға арналған шприцтелген бөлшектерді дайындаушы
9321 Медициналық өнімді бұрап жабушы
9321 Ингаляторларды зарядтаушы
9321 Өрт сөндіргіштерді зарядтаушы
9321 Газға қарсы қорапшаларды зарядтаушы
9321 Қарындаштарды, өзектерді және таяқшаларды ұштаушы
9321 Гипсті бинттар дайындаушы
9321 Тіс ысқыштар дайындаушы
9321 Қамыстан маттар дайындаушы
9321 Бейіндеу дайындамаларын әзірлеуші
9321 Білтелер дайындаушы
9321 Целлулоидты сақиналар әзірлеуші
9321 Сақиналарды оқшаулаушы
9321 Резеңкеленген кордтың жиектерін оқшаулаушы
9321 Камероншы
9321 Капилляршы
9321 Желімдеуші
9321 Қағаз, картонды және олардан жасалатын бұйымдарды жапсырушы
9321 Ширақтар ширатушы
9321 Лаглиншы
9321 Дайындамаларды ілуші
9321 Қысып-басушы
9321 Целлулоидты жағушы
9321 Агломераттарды орап байлаушы
9321 Шыныблоктарды өңдеуші
9321 Триплекс пен шыныпакеттерді өңдеуші
9321 Облойды көмкеруші
9321 Фибраны егеп кесуші
9321 Бұйымдарды қорытушы
9321 Қағазды, дайындамаларды және бөлшектерді парафиндеуші
9321 Бұйымдарды парафиндеуші
9321 Керамикалық және фарфор бұйымдарын парафиндеуші
9321 Мата мен астарды аударып тігуші
9321 Ораушы
9321 Электроқшаулауыш материалдарды ораушы
9321 Повертальщик
9321 Пресс-материалдар іріктеуші
9321 Шыны іріктеуші
9321 Камералар мен жеңдер дайындаушы
9321 Бұйымдарды үрлеуші
9321 Сым мен өрмені түзетуші
9321 Желімдеуші құрам әзірлеуші
9321 Электрвакуумды аспаптарды сүртуші
9321 Баспа-таңбаларды айырушы
9321 Слюданы регенераторлаушы
9321 Декалькоманийлерді кесуші
9321 Ылғалсіңіргіштерді құрастырушы
9321 Пакеттер құрастырушы
9321 Таңу материалдарын құрастырушы
9321 Термостар құрастырушы
9321 Тығырықтар құрастырушы
9321 Штемпельдер құрастырушы
9321 Желімдеуші
9321 Жолақтарды түйістіруші
9321 Термостатшы
9321 Шыны колбаларды центрлеуші
9322 Вагонетші
9322 Құйма майламаларын қайнатушы
9322 Пек қайнатушы
9322 Шайыр қайнатушы
9322 Порттың су ыдыстушысы
9322 Жұмсақ ыдысты соғып босатушы
9322 Құймаларды соғып босатушы
9322 Мипора блоктарын соғып босатушы
9322 Гипс қалыптарынан бұйымдарды соғып босатушы
9322 Тозаңды төгуші
9322 Галттеуші
9322 Инелі-платиналық бұйымдарды галттеуші
9322 Щеткелі бұйымдарды грунттаушы
9322 Тасымал құжаттарын жеткізуші
9322 Дренажшы
9322 Элекроқшаулауыш материалдарды тегістеуші
9322 Битум дайындаушы
9322 Жұмсақ ыдыс дайындаушы
9322 Үлбір дайындаушы
9322 Қайнатпа қазандықтарын толтырушы
9322 Кассеталарды толтырушы
9322 Колчеданды, күкіртті пештер мен турмаларды толтырушы
9322 Қағаз бұйымдарын бұрап жабушы
9322 Коксты құюшы
9322 Сабындаушы
9322 Жұмсақ тараны тігуші
9322 Құйылған қағаз бұйымдарын әзірлеуші
9322 Парафинді сақиналарды әзірлеуші
9322 Тығындар әзірлеуші
9322 Саго майдасын әзірлеуші
9322 Синелька әзірлеуші
9322 Сыйымдылықтарды өлшеуші
9322 Индикаторшы
9322 Қағаз қаптарды сынаушы
9322 Пеш жағушы
9322 Кокондарды калибрлеуші
9322 Азық-түлік өнімдерін калибрлеуші
9322 Арықшы
9322 Суару машинасына шыны қалаушы
9322 Қағаздан бөлшектер мен бұйымдары жинақтаушы
9322 КИП бақылаушысы
9322 Шлам түзеуші
9322 Шыны бұйымдарын жасанды түрде ескірту зертханасының
зертханашысы
9322 Фибралық бұйымдарды жалтырлатушы
9322 Қалыптарды жалтырлатушы
9322 Қараусыз жануарларды аулаушы
9322 Барабандық салқындатқыш машинисі
9322 Жүгері сотасын тазарту жөніндегі машинист
9322 Шелмай мен шашты жуушы
9322 Ылғалды қалдықтарды жуушы
9322 Доңғалаққаптарды жуушы
9322 Ыдыс пен ампулаларды жуушы
9322 Фибраны жуушы
9322 Кенепті жуушы
9322 Қыл мен шаш жуушы
9322 Одоноктарды тығындау
9322 Шыныны ілуші
9322 Созбалау машинасының орамалаушысы
9322 Тосқауылды сылаушылар
9322 Шөміштерді сылаушы
9322 Қалдықтарды байытушы
9322 Матрица жапырақтарын өңдеуші
9322 Сормайт шыбықтарын өңдеуші
9322 Пневмогидрожеткізу операторы
9322 Мазутты жылыту операторы
9322 Қалыптар мен металлды күкіртті ұнтақпен тозандатушы
9322 Бұйымдарды опечкаларға қалаушы
9322 Шыныны машинадан босатып алушы
9322 Карусель машинасындағы отопщик
9322 Шыны таспасын кесіп алушы
9322 Слюданы себелеуші
9322 Созбалау машинасының пресстеушісі
9322 Айырғыш пастаны әзірлеуші
9322 Техникалық майлар әзірлеуші
9322 Баллондар қабылдаушы
9322 Ұнтақтарды елеуші
9322 Елеуші
9322 Бисерді елеуші
9322 Бұйымдарды сүртуші
9322 Опашы
9322 Химикаттарды жеткізудегі жұмысшы
9322 Шикізатты бөлуші
9322 Мұнай өнімдерін таратушы
9322 Тарқатушы
9322 Целлулоидті пластиналарды буландырушы
9322 Брикет пен дайындамаларды кесуші
9322 Сынап құрастырушы
9322 Сұрыптаушы
9322 Әк сұрыптаушы
9322 Құйма сұрыптаушы
9322 Сынықтар мен металл қалдықтарын сұрыптаушы-құрастырушы
9322 Электроқшаулауыш материалдарды сұрыптаушы
9322 Электрбұрышты бұйымдарды сұрыптаушы
9322 Шыны бұйымдарды автоклавтарға орнатушы
9322 Сылақтар мен флюстар компоненттерін кептіруші
9322 Себу материалдарын кептіруші
9322 Шыны бұйымдарды кептіруші
9322 Шикізат мен материалдарды кептіруші
9322 Электродтарды кептіруші
9322 Байка түсіруші
9322 Ыстық бұйымдарды түсіруші
9322 Кабель бұйымдарынан сырт қабығын алушы
9322 Жеңдердін қорғасын қабығын алушы
9322 Дайындамалар, массалар және дайын бұйымдарды алушы-қалаушы
9322 Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйымдар алушы
9322 Ыстық металлды жинаушы
9322 Шлак пен айналым материалдарды жинаушы
9322 Прокат төсеуші
9322 Буып-түюші
9322 Қалып ұстаушы
9322 Бүркуші
9322 Ферроқорытпаларды тазартушы
9322 Этикеткаларды штемпельдеуші
9322 Эмульсиялаушы
9321 Педальды басқарылатын көлік құралын жүргізуші (велокөлік)
9332 Арбакеш
9332 Локомотив және пойыз бригадаларын шақырушы
9332 Суарғыш-жуғыш машиналарға жанар-жағар май құюшы
9332 Жылқышы
9332 Деподағы паровоз кочегары
9332 Көшір
9332 Жүк пен багажды қабылдаушы-беруші
9332 Пойыздардағы жүк пен багажды қабылдаушы
9332 Түтіктерді тесуші-тесіп үрлеуші
9333 Арнайы киімді жуу және жөндеу жөніндегі жұмысшы
9334 Жеделхатттарды таратушы
9334 Пошталық жөнелтілімдерді және баспа өнімерін сұрыптаушы
9334 Баспа экспедиторы
9340 Геология және жер қойнауын барлаудағы біліктілігі жоқ жұмысшы
9350 Шикізат жібекті суға езуші
9350 Бобиналарды қондырушы
9350 Біліктерді қондырушы
9350 Төсеуші
9350 Абразивті бұйымдарды үрлеуші
9350 Анықтамалық және ақпараттық материалды өңдеуші
9350 Талшықты үзуші
9350 Шикізатты арулаушы
9350 Жайма мен бұйымдарды отпен шарпушы
9350 Фотолитерларды өңдеуші
9350 Сығушы
9350 Жайма матаны сығушы
9350 Матаны салқындатушы
9350 Шикізатты дайындаушы
9350 Іздестіру руслолық партияның дала (жол) жұмысшысы
9350 Лао-ча порционшысы
9350 Қоректі ерітінділер (морс) дайындаушы
9350 Машиналар мен агрегаттардағы қабылдаушы
9350 Қабылдаушы-жөнелтуші
9350 Тауарларды қабылдаушы
9350 Негіздерді түруші
9350 Көкөніс қоймасының жұмысшысы
9350 Қалдықтарды бөлуші
9350 Жапырақ темекіні қалаушы
9350 Жайып керуші
9350 Себуші
9350 Мақтаны бөлшектеп ораушы
9350 Темекіні бөлшектеп ораушы
9350 Ылғалды қалдықтарды құрастырушы
9350 Пробкалық тозаңды құрастырушы
9350 Жарық көшірмелеуші
9350 Талшық бумаларын буушы
9350 Маялаушы
9350 Бүктеп тиеуші
9350 Қалдықтарды балқытушы
9350 Қара шикізатты кептіруші
9350 Өлшем мен бұйымдардың есептеуші
9350 Кендір жіпті, талшықты және бұйымды түсіруші
9350 Тұз комбайнындағы түтікші
9350 Шикізатты ылғалдатушы
9350 Ылғалды тауар мен иірімжіпті қолмен тиеуші-іріктеуші
9350 Көкөністерді фарштаушы
9350 Желдету қондырғыларын тазалаушы
9350 Бұйымдарды, шала өнімдерді және материалдарды тазалаушы
9350 Жібек құрт сыдырмасын тазалаушы
9350 Шпульдарды тазалаушы
9350 Консервілі банкаларды эксгаустерлеуші
9351 Жүкші
9411 Гардеробшы
9411 Ойын авоматтары залының, аттаркцион және тир кезекшісі
9411 Лифтші
9411 Мұражай қараушысы
9411 Айырбастау автоматтарының операторы
9411 Қараушы
9411 Ғимараттың қараушысы
9411 Зират (колумбарий) қараушысы
9411 Күзетші (вахтер)
9411 Таразышы
9412 Таразышы-есепші
9412 Шайды веялкамен тазалаушы
9412 Керамикалық түтіктерді көмкеруші
9412 Жиектеуші-төсеуші
9412 Қоймашы
9412 Тауарларды жинақтаушы
9412 Таңбалаушы
9412 Бөлшектер мен бұйымдарды жинаушы
9412 Медициналық мақсататғы өнімді жинаушы
9412 Төсеуші-буып-түюшы
9412 Нан-тоқаш бұйымдарын жинаушы
9412 Электродтарды қалап жинаушы
9412 Түзетуші жарық фильтрлерді штампылаушы
9413 Қосалқы жұмысшы
9413 Ағаш дайындаудағы қосалқы жұмысшы
9413 Сал ағызудағы қосалқы жұмысшы
9413 Ағаш сөлін ағызудағы қосалқы жұмысшы
9414 Аулашы
9414 Елді мекендерді көркейту жөніндегі жұмысшы
9414 Құю цехындағы жинаушы
9414 Қалдық құбырын жинаушы
9414 Метталургиялық өндіріс қалдықтарының жинаушысы
9414 Өндірістік және қызметтік орындарын жинаушы
9414 Аумақты жинаушы
0 Қарулы Күштер
0110 Қарулы Күштер
3 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОПТАР БОЙЫНША СИПАТТАМА
1 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП
Ұйымдардың басшыларын қоса, барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері)
Ұйымдардың басшыларын қоса, барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері) басқармалық шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, лауазымдық өкілеттіктері шегінде олардың орындалуын реттейді, іске асырады, үйлестіреді және бақылайды.
Бұл ірілендірілген топ республикалық, өңірлік (жергілікті) билік және салалық басқару органдарының саясатын қалыптастыратын, оларды іске асыру жолдарын айқындайтын; заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін, талдайтын, бекітетін, күшін жоятын; атқарушы билікті жүзеге асырушы мемлекетті (Үкіметті) білдіретін; қызмет салалары бойынша консультациялық жұмыс жүргізетін қызметкерлерді біріктіреді.
Е с к е р т у - Ұйымдардағы басшылардан белгілі бір кәсіптік білім мен тиісті біліктілік деңгейі талап етілетін жекелеген жағдайларда, нақты лауазымдарды (кәсіптерді, жұмыстарды) осы немесе басқа ірілендірілген топқа жатқызу кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мәселе лауазымдық міндеттерді талдау негізінде шешіледі. Егер біліктілікке және кәсіптік білімге қойылатын талаптар тиімді басшылық пен әкімшілік және басқару міндеттерін қамтамасыз ету үшін критерий болып табылатын болса, онда лауазымның (кәсіптің, жұмыстың) осы атауы 1-ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс. Егер негізгі лауазымдық міндеттерін орындау, ең алдымен, белгілі бір кәсіптік біліктілік пен білімді талап ететін болса, онда бұл лауазым басқа ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс. Мәселен, лауазымы бойынша негізгі міндеттері диагностикаға, ауруларға консультациялар беру мен емдеуге байланысты болса, онда бұл лауазым «Біліктілік деңгейі ең жоғары мамандар» 2-ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс, ал егер негізгі міндеттері басқару функцияларымен байланысты болса, бұл лауазым 1-ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс. Әдетте, басқа қызметкерлерге басшылық ету ұйымдардың немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағыттайды, реттейді, үйлестіреді және жүзеге асырады.
11 ШАҒЫН ТОП
Билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері)
Билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері) мемлекеттік саясатты айқындайды, қалыптастырады және жүргізуді қамтамасыз етеді; заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, толықтырады, қабылдайды және күшін жояды; олардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды; мемлекеттің (үкіметтің) атынан өкілдік етеді және оларды білдіреді; республикалық, өңірлік (жергілікті) және салалық басқару органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Көрсетілген шағын топ қызметкерлері орындайтын міндеттер:
- заңнамалық, орындаушылық және сот билігін жүзеге асыруды;
- республикалық, өңірлік (жергілікті) және салалық билік органдарының және салалық басқару органдарының саясатын айқындауды; және оның іске асырылуын бағыттап отыруды;
- нормативтік құқықтық актілерді, директивалық құжаттар әзірлеуді және қабылдауды, шешімдердің күшін жоюды;
- саясатты іске асыру міндеті жүктелген мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің қызметіне болжам жасауды, үйлестіруді, талдауды, реттеуді және бақылауды;
- мемлекеттік саясатты жүргізумен және іске асырумен, заңнаманы жетілдірумен байланысты мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- шет елде мемлекеттің (үкіметтің) мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- әдетте, басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Е с к е р т у – Заң шығару және басқарма басшыларынан белгілі бір кәсіптік білім мен тиісті біліктілік деңгейі талап етілетін жекелеген жағдайларда, нақты лауазымдарды (кәсіптерді, жұмыстарды) осы немесе басқа ірілендірілген топқа жатқызу кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мәселе лауазымдық міндеттер туралы ақпаратты талдау негізінде шешіледі. Егер негізгі лауазымдық міндеттерін орындау, ең алдымен, белгілі бір кәсіптік біліктілік пен білімді талап ететін болса, онда бұл лауазым басқа ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс. Егер біліктілікке және кәсіптік білімге қойылатын талаптар заң шығару және басқару міндеттерін тиімді орындау үшін негіз болып табылатын болса, онда лауазымның (кәсіптің, жұмыстың) осы атауы көрсетілген ірілендірілген топқа және шағын топқа жатқызылуға тиіс. Мәселен, лауазымы бойынша негізгі міндеттері диагностикаға, ауруларға консультациялар беру мен емдеуге байланысты болса, онда бұл лауазым «Біліктілік деңгейі ең жоғары мамандар» 2-ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс, ал егер белгілі бір лауазымның негізгі міндеттері медициналық білім негізінде мемлекеттік, жергілікті бюджеттің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған қаржысын бөлу және таратып бөлу туралы шешім қабылдаумен байланысты болса, онда бұл лауазым қаралып отырған шағын топқа жатқызылуға тиіс.
111 ҚҰРАМДАС ТОП
Заң шығару және орталық атқарушы билік органдарының басшылары (өкілдері)
Заң шығару және орталық атқарушы билік органдарының басшылары (өкілдері) республикалық және Қазақстан Республикасының басқа да басқару деңгейлеріндегі мемлекеттік саясатты айқындайды, қалыптастырады және бағыттайды; құқықтық реттеуді жүзеге асырады, заңдарды, қаулылар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, қабылдайды, қажетті түзетулер енгізеді немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.
Жүргізуді, өкілеттік етуді және оларды ажыратып бөлуді Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және басқа да регламенттеуші нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындайды.
Олар атқаратын міндеттер, әдетте:
- парламент отырыстарының, комитеттер мен комиссиялардың жұмысына басшылық етуді немесе қатысуды;
- заң шығару бастамашылығын жүзеге асыруды; заңдарды, қаулыларды әзірлеуді, талқылауды, қажетті түзетулер енгізуді, қабылдауды немесе күшін жоюды, жарлықтар мен өкімдер шығаруды, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етуді;
- мемлекеттік құрылымның барлық деңгейлерінде бірыңғай ішкі және сыртқы мемлекеттік саясат жүргізілуін айқындауды, қалыптастыруды және қамтамасыз етуді;
- әдетте, басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды; лауазымдық өкілеттігі шегіндегі басқа да міндеттерді қамтиды.
1110 БАЗАЛЫҚ ТОП
Заң шығару және орталық атқарушы билік органдарының басшылары (өкілдері)
Заң шығару және орталық атқарушы билік органдарының басшылары (өкілдері) республикалық және Қазақстан Республикасының басқа да басқару деңгейлеріндегі мемлекеттік саясатты айқындайды, қалыптастырады және бағыттайды; құқықтық реттеуді жүзеге асырады, заңдарды, қаулылар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, қабылдайды, қажетті түзетулер енгізеді немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.
Жүргізу, өкілеттік ету және оларды ажыратып бөлу Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және басқа да регламенттеуші нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындалады.
Осы базалық топ басшыларының (өкілдерінің) міндеттері:
- парламент отырыстарының, комитеттер мен комиссиялардың, республикалық және Қазақстан Республикасының басқа да басқару деңгейлеріндегі әкімшілік кеңестердің жұмысына басшылық етуді немесе қатысуды;
- заң шығару бастамашылығын жүзеге асыруды, заңдарды, қаулыларды әзірлеуді, талқылауды, қажетті түзетулер енгізуді, қабылдауды немесе күшін жоюды, жарлықтар мен өкімдер шығаруды, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуді;
- мемлекеттік құрылымның барлық деңгейлерінде бірыңғай ішкі және сыртқы мемлекеттік саясат жүргізілуін айқындауды, қалыптастыруды және қамтамасыз етуді;
- республикалық бюджетті әзірлеуді және қабылдауды, оның орындалуын қамтамасыз етуді;
- мемлекеттік меншікті басқаруды;
- заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
112 ҚҰРАМДАС ТОП
Мемлекеттік басқару органдары мен өкілдіктердің басшылары мен аға лауазымды адамдары
Мемлекеттік басқару органдары мен өкілдіктердің басшылары мен аға лауазымды адамдары мемлекеттік саясаттың бағыттарын, сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, республикалық және Қазақстан Республикасының басқа да басқару деңгейлерінде олардың іске асырылуын бақылайды; мемлекеттік проблемалардың шешілуін және саясат мәселелері бойынша консультациялар беруді қамтамасыз етеді; республикалық және басқа да басқару органдары мен олардың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады; шет елде мемлекеттің (үкіметтің) мүддесін білдіреді, сондай-ақ үкіметаралық ұйымдарда осындай қызметті атқарады.
Олар атқаратын міндеттер:
- мемлекеттік саясаттың бағыттарын, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуды және олардың іске асырылуын бақылауды;
- ішкі және сыртқы саясатпен байланысты проблемалардың шешілуін қамтамасыз етуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- республикалық және басқа да басқару органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты;
- шет елде мемлекеттің (үкіметтің) мүддесін білдіруді;
- үкіметаралық ұйымдарда осындай қызметті атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Е с к е р т у - Мемлекеттік басқару органдары мен өкілдіктердің мемлекеттік немесе мемлекет бақылайтын өнеркәсіп, көлік және басқа да ұйымдарды басқаратын немесе «Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары» 122, «Функционалдық және басқа да бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары» 123 құрамдас топтарда көрсетілгендерге ұқсас міндеттерді атқаратын басшылары мен аға лауазымды адамдарын «Ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары» 12 шағын топтың немесе «Шағын және орта ұйымдардың басшылары» 13 шағын топтың тиісті құрамдас тобына жатқызады.
1120 БАЗАЛЫҚ ТОП
Мемлекеттік басқару органдары мен өкілдіктердің басшылары мен аға лауазымды адамдары
Мемлекеттік басқару органдары мен өкілдіктердің басшылары мен аға лауазымды адамдары мемлекеттік саясаттың бағыттарын, сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және республикалық және республиканың басқа да басқару деңгейлерінде олардың іске асырылуын бақылайды; мемлекеттік проблемалардың шешілуін және саясат мәселелері бойынша консультациялар беруді қамтамасыз етеді; республикалық және басқа да басқару органдары мен олардың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады; шет елде мемлекеттің (үкіметтің) мүддесін білдіреді және оның атынан әрекет етеді, сондай-ақ үкіметаралық ұйымдарда осындай қызметті атқарады.
Олардың негізгі міндеттері:
- мемлекеттік саясаттың бағыттарын, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және олардың іске асырылуын бақылауды;
- ішкі және сыртқы саясатпен байланысты проблемалардың шешілуін қамтамасыз етуді және осы мәселелер бойынша консультациялар беруді;
- республикалық және басқа да басқару органдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты;
- мемлекетке (үкіметке) шетелде өкілеттік ету және оның атынан әрі оның мүддесі үшін өзіне жүктелген уәкілеттіктер шегінде әрекет етуді;
- үкіметаралық ұйымдарда осындай қызметті атқаруды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша туыстас міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін атқарушы биліктің мемлекеттік органдары аппараттарындағы департамент директоры;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Бөлім меңгерушісі
113 ҚҰРАМДАС ТОП
Жергілікті өкілетті органдар мен атқарушы органдардың басшылары
Жергілікті өкілетті органдар мен атқарушы органдардың басшылары қалалық, селолық жерлердегі немесе басқа да аумақтардағы коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және иелік етуді қоса алғанда, жергілікті маңызы бар мәселелерді тарихи немесе өзге де жергілікті дәстүрлерді ескере отырып шешуге бағытталған әкімшілік-өкімдік қызметті жүзеге асырады.
Олар атқаратын міндеттер, әдетте:
коммуналдық меншікті басқаруды;
- жергілікті бюджетті қалыптастыруды, бекітуді және оның орындалуын қамтамасыз етуді;
- жергілікті сұхбаттар мен алымдарды белгілеуді;
- қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыруды, сондай-ақ жергілікті маңызы бар өзге де мәселелерді шешуді, басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
1130 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жергілікті өкілетті органдар мен атқарушы органдардың басшылары
Жергілікті өкілетті органдар мен атқарушы органдардың басшылары қалалық, селолық жерлердегі немесе басқа да аумақтардағы коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және иелік етуді қоса алғанда, жергілікті маңызы бар мәселелерді тарихи немесе өзге де жергілікті дәстүрлерді ескере отырып шешуге бағытталған әкімшілік-өкімдік қызметті жүзеге асырады; атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтың мүдделерімен және даму қажеттіліктерімен үйлесімді жүргізуді қамтамасыз етеді.
Олардың негізгі міндеттері:
коммуналдық меншікті басқаруды;
- тиісті аумақтың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бекітуді;
- жергілікті бюджетті қалыптастыруды, бекітуді және оның орындалуын қамтамасыз етуді, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды бекітуді;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілеттіктерін жүзеге асыруды;
- жергілікті салықтар мен алымдарды белгілеуді;
- қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыруды;
- мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүдделерін білдіруді;
- мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарында өзінің елді мекенінің (аумағының) атынан өкілдік етуді;
- жергілікті маңызы бар өзге де мәселелерді шешуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Әкім (ауылдың, кенттің, селоның)
Облыстық, қалалық мәслихат төрағасы
114 ҚҰРАМДАС ТОП
Қоғамдық бірлестіктердің басшылары
Қоғамдық бірлестіктердің басшылары саяси партиялар мен ұйымдардың, кәсіпкерлер ұйымдарының, кәсіптік одақтардың (бірлестіктердің), өнеркәсіп одағының, физкультура-спорт және әлеуметтік бірлестіктердің (әйелдер, жастар, балалар, ардагерлер бірлестіктерінің, мүдектердің, Қызыл Жартыай және Қызыл Крест қоғамдарының, суда құтқару және т.б.) мен басқа да арнаулы ұйымдардың саясатын әзірлейді, қалыптастырады және қызметіне бағыт-бағдар береді.
Атқаратын міндеттері: ұйымның саясатын, жарғысы мен өкімдерін айқындауға және әзірлеуге қатысуды; ұйымның атынан отырыстар, келіссөздер жүргізуді; мүдделерді ұлғайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыруды; бөлімшелердің (бөлімдердің) ұйымның саясатын, жарғысы мен өкімдерін іске асырумен байланысты қызметін ұйымдастыруды және бағыттауды; лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша туыстас міндеттерді атқаруды қамтиды.
Міндеттер қатарына басқа қызметкерлерге басшылық жасау енгізілуі мүмкін.
Е с к е рт у – Осы бірлестіктерге тиесілі немесе олар бақылау жасайтын ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын қоғамдық ұйымдардың басшыларын, нақты жағдайлар мен функцияларының мазмұнына қарай «Ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары» 12 шағын топтың немесе «Шағын және орта ұйымдардың басшылары» 13 шағын топтың тиісті құрамдас тобына жатқызады.
1141 БАЗАЛЫҚ ТОП
Саяси партиялар мен ұйымдардың басшылары
Саяси партиялар мен ұйымдардың басшылары саяси партиялар мен ұйымдардың саясатын, жарғысы мен қызмет ережесін айқындайды және әзірлейді, оның іске асырылуына бағыт береді, реттейді және үйлестіреді; осы партиялардың (ұйымдардың) мүдделерін білдіреді және олардың атынан әрекет етеді.
Саяси партиялар мен ұйымдар басшыларының міндеттері, әдетте:
- саясатты, оның бағыттарын, жарғыны және саяси партияның (ұйымның) қызметін регламенттейтін ережелерді айқындауды;
- саяси партияның (ұйымның) және оның мүшелерінің атынан келіссөздер жүргізуді;
- сайлау алдындағы науқандарды ұйымдастыруды және өткізуді, мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өкілдікті немесе атқарушы органдар сайлауларында саяси партияның (ұйымның) және оның мүшелерінің атынан стратегия мен тактиканы айқындауды;
- жаңа мүшелер тартуды және даярлау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды;
- саяси партияның (ұйымның) саясатын, оның ережелері мен жарғысын іске асырумен байланысты бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін ұйымдастыруды және оған басшылық етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Саяси партияның (қоғамдық ұйымның) басшысы (төрағасы, президенті және т.б.)
1142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кәсіпкерлер ұйымдарының, кәсіптік одақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың басшылары
Кәсіпкерлер ұйымдарының, кәсіптік одақтардың және өздерінің қызмет түрі бойынша ортақ мүдделермен байланысты қызметкерлерді біріктіретін басқа да қоғамдық ұйымдардың басшылары нақты ұйымның саясатын, ережесі мен қызмет жарғысын айқындайды және қалыптастырады, оның іске асырылуына бағыт береді, реттейді және үйлестіреді; осы партиялардың (ұйымдардың) мүдделерін білдіреді және олардың атынан әрекет етеді.
Олардың міндеттері:
- саясатты, оның бағыттарын, жарғыны және саяси партияның (ұйымның) қызметін регламенттейтін ережелерді айқындауды;
- саяси партияның (ұйымның) және оның мүшелерінің атынан келіссөздер жүргізуді;
- әртүрлі мемлекеттік органдарда, сондай-ақ қоғамдық қатынастарда ұйымның және оның мүшелерінің мүдделерін қорғауды;
- жаңа мүшелер тартуды және даярлау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды;
- саяси партияның (ұйымның) саясатын, оның ережелері мен жарғысын іске асырумен байланысты бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін ұйымдастыруды және басшылық етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Қазақстан халықтары шағын ассамблеясы Атқарушы хатшылығының Атқарушы хатшысы
Қауымдастықтың (конфедерацияның, федерацияның, қоғамның, одақтың) төрағасы (президенті)
1143 БАЗАЛЫҚ ТОП
Гуманитарлық және басқа да арнаулы ұйымдардың басшылары
Гуманитарлық және басқа да арнаулы ұйымдардың басшылары әртүрлі гуманитарлық, физкультура-спорт және әлеуметтік бірлестіктердің (әйелдер, жастар, балалар, ардагерлер бірлестіктерінің, мүдектердің, Қызыл Жартыай және Қызыл Крест қоғамдарының, суда құтқару және т.б.) мен басқа да арнаулы ұйымдардың саясатын әзірлейді, қалыптастырады және қызметіне бағыт-бағдар береді, осы ұйымдарға өкілдік жасайды және олардың атынан әрекет етеді.
Гуманитарлық және басқа да арнаулы ұйымдардың басшыларының міндеттері:
- ұйымның мақсатын, міндеттерін, олардың жарғысын және қызметін регламенттейтін ережелерді айқындауды;
- саяси партияның (ұйымның) және оның мүшелерінің атынан келіссөздер жүргізуді, өкілдік функцияларын жүзеге асыруды;
- әртүрлі мемлекеттік органдарда, сондай-ақ қоғамдық қатынастарда ұйымның және оның мүшелерінің мүдделерін қорғауды;
- жаңа мүшелер тартуды және даярлау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды;
- саяси партияның (ұйымның) саясатын, оның ережелері мен жарғысын іске асырумен байланысты бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін ұйымдастыруды және басшылық етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Президиум төрағасы
Басқарма хатшысы
12 ШАҒЫН ТОП
Ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары*
Ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) қызметінің барлық түрлеріне басшылықты жүзеге асырады; олардың жұмысын және ресурстардың пайдаланылуын реттейді, іске асырады, үйлестіреді және бақылайды. Бұл шағын топ тікелей бағынысында кемінде екі орынбасары немесе ұйымның және оның құрылымдық бірліктерінің құрамына енетін бөлімшелердің басқа да басшылары бар ұйымдардың басшыларын қамтиды.
Ұйымдардың және олардың құрылымдық бірліктері басшыларының негізгі міндеттері:
Бұл шағын топқа тікелей бағынысында орынбасары немесе ұйымның және оның құрылымдық бірліктерінің құрамына енетін бөлімшелердің (қызметтердің) басқа да басшылары бар ұйымдардың басшылары жатады: тактика мен стратегияны айқындауды, қызметтің барлық түрлерін және тұтастай ұйым ресурстарының пайдаланылуын ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды; негізгі (өндірістік-пайдалану), функционалдық бөлімшелер мен қызметтердің жұмысына немесе ұйым шеңберіндегі қызметтің оқшауландырылған бағыттарына басшылық жасауды; басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Е с к е р т у – Ұйымдарда басшылардан белгілі бір кәсіптік білім мен тиісті біліктілік деңгейі талап етілетін жекелеген жағдайларда, нақты лауазымдарды (кәсіптерді, жұмыстарды) осы шағын топқа жатқызу кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мәселе лауазымдық міндеттер, қызметкер атқаратын негізгі функциялар туралы ақпаратты талдау негізінде шешіледі. Егер (нақты жағдайда) негізгі лауазымдық міндеттерін орындау, ең алдымен, белгілі бір кәсіптік біліктілік пен білімді талап ететін болса, онда бұл лауазым басқару функцияларының тиімді атқарылуын қамтамасыз ету үшін басқа ірілендірілген топқа жатқызылған болуға тиіс, онда лауазымның (кәсіптің, жұмыстың) бұл атауы тиісті ірілендірілген топқа және шағын топқа жатқызылуға тиіс. Мәселен, лауазымы бойынша негізгі міндеттері диагностикаға, ауруларға консультациялар беру мен емдеуге байланысты болса, онда бұл лауазым «Біліктілік деңгейі ең жоғары мамандар» 2-ірілендірілген топқа жатқызылуға тиіс, ал егер белгілі бір лауазымның негізгі міндеттері медициналық білім негізінде мемлекеттік, жергілікті бюджеттің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған қаржысын бөлу және таратып бөлу туралы шешім қабылдаумен байланысты болса, онда бұл лауазым тиісті ірілендірілген топқа және шағын топқа жатқызылуға тиіс. Жалпы немесе арнаулы басқару мәселелері бойынша немесе ұйымдық мәселелер бойынша консультанттар ретінде ұйымдарға қызметтер көрсететін мамандар біліктілік деңгейіне және нақты жағдайларға қарай «Біліктілік деңгейі жоғары мамандар» 2-тобына немесе «Біліктілік деңгейі орта мамандар» 3-тобына жатады.
121 ҚҰРАМДАС ТОП
Ұйымдардың басшылары
Ұйымдардың басшылары ұйымды басқарады, және орынбасарының немесе басқа да бөлімшелер басшыларының көмегімен саясатты айқындайды, ұйымның қызметін реттейді, іске асырады және үйлестіреді.
Олар атқаратын міндеттер: тактика мен стратегияны айқындауды, қызметтің барлық түрлерін және тұтастай ұйым ресурстарының пайдаланылуын ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды; мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарда ұйымның мүдделерін білдіруді және оның атынан әрекет етуді; басшы құрамды іріктеуді және орналастыруды; шарттар жасасуды; өкімдер, бұйрықтар шығаруды; басқа қызметкерлерге тікелей басшылық жасауды қамтиды.
1210 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ұйымдардың басшылары
Ұйымдардың басшылары ұйымды басқарады, және орынбасарының немесе басқа да бөлімшелер басшыларының көмегімен саясатты айқындайды, ұйымның қызметін реттейді, іске асырады және үйлестіреді.
Олардың негізгі міндеттері:
- ұйым қызметінің саясатын айқындауды, оны іске асырудың жолдары мен жабдықтарын таңдауды;
- ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметтерінің) қызметін реттеуді;
- тапсырмалардың, тапсырыстардың, шарттардың орындалуын және қаржы, еңбек, материалдық және техникалық ресурстардың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуді;
- тараптық ұйымдармен немесе басқа да заңды тұлғалармен шарттар, мәмілелер, операциялар жасасуды;
- өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдауды, бағалауды және бақылауды, әкімшілік органға есеп беруді;
- іскерлік кездесулерде ұйым атынан өкілдік етуді;
- басшылық құрамды іріктеуді және оның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бас директор (директор)
Өндірістік бірлестіктің бас директоры
Денсаулық сақтау ұйымының бас дәрігері (директоры, меіңгерушісі, бастығы)
Бас редактор
Зауыт директоры
Басқарушы (концерн, трест және т.б.)
122 ҚҰРАМДАС ТОП
Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары ұйымның негізгі өндірістік немесе пайдалану қызметімен байланысты тиісті бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олар атқаратын міндеттер: қызметтің мақсаттарын, міндеттерін, бағыттарын айқындауды және оларды іске асырудың оңтайлы жолдары мен жабдықтарды таңдауды; бөлімшедегі (қызметтегі) жұмысты реттеуді; әкімшілік-өкімдік қызметті жүзеге асыруды; жұмыстардың, тауар өндіру мен қызметтер көрсетудің уақытында және сапалы орындалуын, есеп пен бақылаудың уақытылылығын қамтамасыз етуді; бөлімшенің (қызметтің) қызметкерлеріне басшылық жасауды қамтиды.
1221 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығындағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығындағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары өнім өндірумен және оның пайдаланылуын қамтамасыз етумен байланысты тиісті бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және қызметті үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- өнім өндірумен және оның пайдаланылуын қамтамасыз етумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- жедел өндірістік қызметті ұйымдастыруды, өндірістік тапсырмалардың, уақытында орындалуын қамтамасыз етуді;
- материалдық және техникалық ресурстардың дұрыс және тиімді пайдаланылуын, үлестік шығыстарды қысқартуды бақылауды;
- өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдауды және бағалауды, өндірілетін өнім сапасын бақылауды;
- өндірістік қызмет туралы есептеменін дұрыс және уақытында ұсынылуын, өндірілетін өнімнің есебін қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) жұмысын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді, ішкі шаруашылық резервтерін анықтауды және пайдалануды;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды, кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- бөлімшенің (қызметтің) өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бөлімше (ферма, ауылшаруашылық ұйымының учаскесі) басқарушы
Орман учаскесінің бастығы
Орман питомнигінің бастығы
Орман пунктінің бастығы
Бөлім бастығы (ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығында)
1222 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өнеркәсіптегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Өнеркәсіптегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары тауарды өнеркәсіптік өндірумен, шахталар мен карьерлерде пайдалы қазбалар өндірумен, электр энергиясын, газ және су өндірумен және берумен байланысты бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- өнеркәсіп өнімдерін өндірумен және оның пайдаланылуын қамтамасыз етумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) өндірістік (материалдық, еңбек, қаржылық және т.б.) нәтижелер алуға бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- жедел өндірістік қызметті ұйымдастыруды, өндірістік тапсырмалардың, уақытында орындалуын қамтамасыз етуді;
- барлық өндірістік және табиғи ресурстардың дұрыс және тиімді пайдаланылуын, өндіріс шығындарын қысқартуды бақылауды;
- өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдауды және бағалауды, өндірілетін өнеркәсіп өнімінің сапасын бақылауды;
- бөлімшенің (қызметтің) өндірістік қызметі туралы есептеменін дұрыс және уақытында ұсынылуын, өндірілетін өнімнің есебін қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) өндірістік жұмысын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді, ішкі шаруашылық резервтерін анықтауды және пайдалануды;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды, кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыруды, олардың тиімді пайдаланылуын және кәсіби өсуін бақылауды;
- бөлімшенің (қызметтің) өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Өндіріс (өнеркәсіптегі) бастығы
Цех бастығы
Зертхана (өнеркәсіптегі) бастығы
Бөлім бастығы (өнеркәсіптегі)
Ауысым бастығы (өнеркәсіптегі)
1223 БАЗАЛЫҚ ТОП
Құрылыстағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Құрылыстағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары өндірістік, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық нысандар құрылысымен, қайта жабдықтаумен және пайдалануға берумен байланысты бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- құрылыс-монтаж және құрылыс-пайдалану өндірісімен байланысты міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) құрылыс жұмыстары өндірісіне арналған мерзімдер мен шығындарды (материалдық, еңбек, қаржылық және т.б.) қысқартуға және сапаны арттыруға бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- құрылыс-монтаж және құрылыс-пайдалану жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды, өндірістік тапсырмалардың, уақытында орындалуын қамтамасыз етуді;
- материалдық, қаржылық, техникалық және еңбек ресурстарының дұрыс және тиімді пайдаланылуын, өндіріс шығындарын қысқартуды бақылауды;
- құрылыс жұмыстарының нәтижелерін талдауды және бағалауды, құрылыс-монтаж және құрылыс-пайдалану жұмыстарының сапасын бақылауды;
- құрылыс жұмыстары өндірісінің барлық буындарының өзара іс-әрекетін қамтамасыз етуді;
- есепті, өндірістік-құрылыс қызметі туралы есептеменің дұрыс және уақытында жасалуын және ұсынылуын ұйымдастыруды;
- құрылыс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді, шығындарды азайтуды және құрылыс жұмыстарының сапасын арттыруды;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды, кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыруды, олардың тиімді пайдаланылуын және кәсіби шеберлігін арттыруды бақылауды;
- бөлімшенің (қызметтің) құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бөлім бастығы (құрылыстағы)
Ауысым бастығы (құрылыстағы)
Цех бастығы (құрылыстағы)
Құрылыс алаңының бастығы
1224 БАЗАЛЫҚ ТОП
Саудадағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Саудадағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары сауда жүргізумен байланысты бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- сауда жүргізумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- тікелей сауда жүргізуді ұйымдастыруды, сауда көлемінің уақытында орындалуын қамтамасыз етуді;
- сауда қызметі процесінде материалдық, қаржылық, техникалық және еңбек ресурстарының дұрыс және тиімді пайдаланылуын бақылауды;
- сауда қызметінің нәтижелерін талдауды және бағалауды, сауда қызметінің сапасын бақылауды;
- есепті, өндірістік-құрылыс қызметі туралы есептеменің дұрыс және уақытында жасалуын және ұсынылуын ұйымдастыруды;
- сауданы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді, сауда шығындарын азайтуды және сауда қызметінің сапасын арттыруды;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды, кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыруды, олардың тиімді пайдаланылуын және кәсіби шеберлігін арттыруды бақылауды;
- бөлімше (қызмет) сауда қызметін жүргізу кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бөлім меңгерушісі (саудадағы)
Секция меңгерушісі (саудадағы)
Қойма меңгерушісі (саудадағы)
1225 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қоғамдық тамақтандыру және қонақүй ұйымдарының мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Қоғамдық тамақтандыру және қонақүй ұйымдарының мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары қонақүй қызметтерін ұсынумен, қоғамдық тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- тұрғын жаймен, тамақтандыруды, және басқа да қонақүй қызметтерімен қамтамасыз етумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) ең төмен шығынмен (материалдық, еңбек және т.б.) жоғары сапалы қызметтердің оңтайлы жиынтығын көрсетуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- ағымдық өндірістік қызметті ұйымдастыруды, қызметтердің толық жиынтығын уақытында және сапалы көрсетуді қамтамасыз етуді;
- материалдық, қаржылық, техникалық және еңбек ресурстарының дұрыс және тиімді пайдаланылуын, өндіріс және қызметтер көрсетудегі шығындарды қысқартуды бақылауды;
- қызмет нәтижелерін талдауды және бағалауды, өндірілетін өнімнің және қызметтердің сапасы бақылауды;
- өндірістік-құрылыс қызметі туралы есептеменің дұрыс және уақытында жасалуын және ұсынылуын, өндірілетін өнімнің және қызметтердің есебін қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайту және сапасын арттыру резервтерін анықтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларын әзірлеуді және енгізуді;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды, кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыруды, олардың тиімді пайдаланылуын және кәсіби шеберлігін арттыруды бақылауды;
- өндірістік қызметті жүзеге асыру және қызметтер көрсету кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Өндіріс меңгерушісі (аға аспаз)
Қонақүйінің корпус (қабат) меңгерушісі
Қойма меңгерушісі (саудадағы)
Өндіріс меңгерушісі (мейрамханада, дәмханада, асханада)
1226 БАЗАЛЫҚ ТОП
Көлік, байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізу ұйымдарындағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Көлік, байланыс, материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізу ұйымдарындағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары осы қызметтерді көрсетуші бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- тиісті қызметтерді көрсетумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) ең төмен шығынмен (материалдық, еңбек және т.б.) жоғары сапалы қызметтер көрсетуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- ағымдық өндірістік қызметті ұйымдастыруды, тиісті қызметтердің уақытында және сапалы көрсетуді қамтамасыз етуді;
- материалдық, қаржылық, техникалық және еңбек ресурстарының дұрыс және тиімді пайдаланылуын қысқартуды бақылауды;
- қызмет нәтижелерін талдауды және бағалауды, көрсетілетін қызмет сапасын және уақтылылығын бақылауды;
- есепті ұйымдастыруды және өндірістік–құрылыс қызмет пен көрсетілетін қызметтер туралы есептеменің ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайту және сапасын арттыру резервтерін анықтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларын әзірлеуді және енгізуді;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды, кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыруды, олардың тиімді пайдаланылуын және біліктілігін тұрақты арттыруды бақылауды;
- қызметтер көрсету бойынша өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Сақтау камерасының меңгерушісі (қол жүгінің)
Платформа меңгерушісі (жолаушылар, сұрыптау)
Сақтау қоймасының меңгерушісі
Қойма меңгерушісі
Вагон меңгерушісі (пошта, жол тексеру және т.б.)
Дистанция бастығы
Бөлім бастығы (көліктегі, байланыстағы, материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізу, материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізу ұйымдарындағы)
1227 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жалпы коммерциялық қызметті жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікпен операциялар және тағы басқа да коммерциялық қызметтер көрсететін ұйымдардағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Жалпы коммерциялық қызметті жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікпен операциялар және тағы басқа да коммерциялық қызметтер көрсететін ұйымдардағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары банктік және сақтандыру қызметтерін көрсететін, жылжымайтын мүлікпен, жалмен, нарық коньюнктурасын зерттеумен, бухгалтерлік есеппен, жарнамамен және т.б. айналысатын бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- коммерциялық қызметті жүргізумен және әртүрлі коммерциялық қызметтер көрсетумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) ең төмен шығынмен (материалдық, еңбек және т.б.) коммерциялық қызметтердің белгілі бір жиынтығын көрсетуге және коммерциялық қызметті неғұрлым жоғары тиімділікпен жүргізуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- коммерциялық қызметті ұйымдастыруды, коммерциялық қызметтердің уақытында және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуді;
- материалдық, қаржылық, техникалық және еңбек ресурстарының дұрыс және тиімді шығындалуын бақылауды;
- қызмет нәтижелерін талдауды және бағалауды, көрсетілетін коммерциялық қызметтердің сапасын және уақтылылығын бақылауды;
- тиісті есепті және өндірістік-құрылыс қызмет пен көрсетілетін қызметтер мен оның нәтижелері туралы есептеменің дұрыс және уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) қызметін жақсарту және көрсетілетін комерциялық қызметтердің көлемі мен түрлерін ұлғайту, олардың сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларын әзірлеуді және енгізуді;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды;
- коммерциялық жұмысты жүргізу және қызметтер көрсету кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Сақтау камерасының меңгерушісі (қол жүгінің)
Бөлім меңгерушісі (жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің және т.б.)
Бөлім (меңгерушісі) бастығы (коммерциялық қызметтер көрсетуші ұйымдарда)
1228 БАЗАЛЫҚ ТОП
Халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсететін ұйымдардағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсететін ұйымдардағы мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары халыққа әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсететін бөлімшелерге (қызметтерге) басшылықты және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- халыққа әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетумен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды;
- бөлімшенің (қызметтің) халыққа әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің белгілі бір жиынтығын көрсетуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- бөлімшенің (қызметтің) қызметін ұйымдастыруды, халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің уақытында және сапалы көрсетуді қамтамасыз етуді;
- материалдық, қаржылық, техникалық және еңбек ресурстарының дұрыс және тиімді шығындалуын бақылауды;
- бөлімшенің (қызметтің) қызмет нәтижелерін талдауды және бағалауды, көрсетілетін қызметтердің сапасын және уақтылылығын бақылауды;
- есепті, қызмет нәтижелері туралы есептеменің дұрыс және уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) қызметін жақсарту және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлерін ұлғайту, олардың сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларын әзірлеуді және енгізуді;
- кадрлармен жұмысты ұйымдастыруды;
- халыққа әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету кезінде еңбек нормалары және еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Сақтау камерасының меңгерушісі (қол жүгінің)
Бөлім меңгерушісі (пункт)
Пункт меңгерушісі (қабылдау, жалға беру және т.б.)
1229 БАЗАЛЫҚ ТОП
Геологиядағығы, сондай-ақ басқа топтарға кірмеген мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары
Бұл база «Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары» 122 құрамдас тобының басқа базалық топтарына енбеген мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшыларын қамтиды.
Олардың міндеттері:
- мемлекеттік немесе жеке білім берумен, денсаулық сақтаумен және халықты әлеуметтік қорғаумен байланысты ұйымдардың құрамындағы бөлімшенің (қызметтің) қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- бөлімшенің (қызметтің) демалысты, мәдениетті және спортты ұйымдастыру саласындағы, құрамындағы (ұйымдардың, жұмыс істеп тұрған) қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- бөлімшенің (қызметтің) қаржы қызметтерін, сондай-ақ салық салу, әлеуметтік жоспарлау, статистикалық зерттеулер саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың құрамындағы қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- бөлімшенің (қызметтің) халықаралық байланысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың құрамындағы қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- геологиялық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді;
ұңғымаларды геофизикалық зерттеулер, майысқан жерлерін өлшеуге, гидрогеологиялық сорғылау, толтыру және бақылау өлшеулерін жүргізуге дайындауды ұйымдастыруды;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтуы мүмкін.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Факультет деканы
Тараптық продюсер
Бөлімше басқарушысы
Аспирантура меңгерушісі (интернатура, ординатрура)
Доктурантура меңгерушісі
Тау-кен мастері
Бұрғылау мастері
Далалық партия бастығы
123 ҚҰРАМДАС ТОП
Функционалдық және басқа да бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары
Функционалдық және басқа да бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары функционалдық және басқа да бөлімшелердің (қызметтердің) жұмысына басшылықты жүзеге асырады; бөлім қызметкерлерінің жұмысына бағыт береді, реттейді және үйлестіреді; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері: функционалдық қызметтің мақсаттарын, міндеттерін, бағыттарын айқындауды және алға қоюды, оңтайлы жолдарды және оларды іске асыру тетіктерін таңдауды; бөлімшелердің (қызметтердің) жұмысын реттеуді; әкімшілік-өкімдік қызметті жүзеге асыруды; жұмыстардың уақытында және сапалы орындалуын немесе қызметтер көрсетуді, есеп және бақылауды уақытында қамтамасыз етуді; бөлімшелердің (қызметтердің) қызметкерлеріне басшылық жасауды қамтиды.
1231 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімшенің жұмысына бағыт беру және үйлестіру, қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу, әкімшілік мәселелерді шешу жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- қаржы-экономикалық және әкімшілік қызметпен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және алға қоюды, оларды іске асырудың оңтайлы жолдары мен тетіктерін таңдауды;
- ұйымның неғұрлы қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың төмен шығынымен неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- қызметтік-коммуникациялық, өкімдік, бақылау-бағалау және басқа да әкімшілік функцияларды орындауды:
- жалпы іс-қағаздарының жүргізілуін ұйымдастыруды;
- кешенді есепті, қызмет нәтижелерін, қаржы жағдайын талдауды және бағалауды қамтамасыз етуді;
- ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс және тиімді пайдаланылуын және тапсырмалардың, тапсырыстардың орындалу мерзімдерін, қаржы тәртібінің сақталуын, уақытында есеп айырысуды бақылауды;
- есептеменің уақытында және дұрыс жасалуын қамтамасыз етуді;
- қаржы-экономикалық және әкімшілік көрсеткіштер мен әкімшілік қызметтің тиімділігін арттыру, ішкі резервтерді анықтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларын әзірлеуді және енгізуді ;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бас бухгалтер
Бас экономист
Атқарушы продюсер
Бөлім бастығы (қаржы-экономикалық және әкімшілік)
1232 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) ұйымдардың жұмысшы және қызметші кадрлармен қамтамасыз ету және оларды тиімді пайдалану жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- кадрларды және еңбек қатынастарын басқару және олардың ұйым қызметінің басқа да бағыттарымен үйлестіру саласындағы мақсаттарды, міндеттерді айқындауды;
- қажетті біліктілігі және бейіні бар кадрлармен қамтамасыз етуді, оларды іріктеуді, орналастыруды және тиімді пайдалануды ұйымдастыруды;
- кадрлардың біліктілігін арттыруды, олардың кәсіптік өсуін қамтамасыз етуді;
- қызметкерлерді материалдық ынталандыруды ұйымдастыруды;
- қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге басшылық жасауды және олардың орындалуын бақылауды;
- еңбек келісімдерін әзірлеуге қатысуды және олардың орындалуын бақылауды;
- еңбек заңнамасының және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруды, еңбек дауларын шешуге қатысуды, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуді;
- кадрлар есебін ұйымдастыруды, құжаттардың дұрыс әзірленуін, кадрлар жөніндегі есептеменің жасалуын және оның тиісті органдарға уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшесіндегі (қызметіндегі менеджер (басқарушы))
Бөлім бастығы (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару)
1233 БАЗАЛЫҚ ТОП
Маркетинг және өнім өткізу жөніндегі бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары
Маркетинг және өнім өткізу жөніндегі бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары тауарлар мен қызметтерді өткізу кезінде неғұрлым көбірек пайда алу мақсатында өткізу рыногын зерттеу және өнім өткізу процестерін ұйымдастыру жөніндегі қызметке басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- маркетингпен, оны ұйым қызметінің басқа да бағыттарымен үйлестіру саласындағы мақсаттарды, міндеттерді айқындауды, қоюды;
- неғұрлым пайдалы өткізу рыноктарын және тауарлар мен қызметтерді, тұтынушыларды анықтау мақсатымен маркетингтік зерттеулер өткізуді ұйымдастыруды;
- өнімді өткізу (оның ішінде экспортқа), оның жылжуын және тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыруды;
- тауарлардың және қызметтердің бағаларын, жеңілдіктер жүйесін, төлем шарттарын айқындауды;
- осы немесе өзге өнім түрін өндіру, оның сапасын және бәсекелестік қабілетін арттыру жөнінде ұсыныстар даярлауды;
- сату болжамдарын әзірлеуді;
- өнім өткізу процесінде ресурстардың таратып бөлінуін және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруды;
- белгіленген есептеменің дұрыс жасалуын және оның тиісті органға уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- маркетинг саласындағы қызметті, оның тиімділігін арттыру жөніндегі іс шараларды әзірлеуді және өткізуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Маркетинг (өнім өткізу) жөніндегі бөлімшенің (қызметтің) менеджері (басқарушы )
1234 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жарнама-ақпараттық бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары
Жарнама-ақпараттық бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары жарнамалық іс-шаралар мен ақпараттық бағдарламаларды ұйымдастыру жөніндегі қызметке басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- ұйымның жарнама және ақпарат саласындағы міндеттерін айқындауды;
- жарнамалық іс-шараларды өткізуді әзірлеуді және ұйымдастыруды, мақсаттарды белгілеуді, тақырыптарды, жарнама өткізудің жабдықтары мен уақытын таңдауды, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жарнама агенттерімен және т.б. келіссөздерді және келісімшарттар жасауды;
- ұйымның қызметі мен жетістіктері, олар өндіретін тауарлар немесе қызметтер туралы қалың жұртшылықты (тұтынушыларды, билік өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды) хабардар етуді, сондай-ақ, пайдалы шарттар мен ақпарат алмасу мақсатымен ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асыруды;
- жарнамалық және ақпараттық іс-шараларды өткізуге арналған ресурстарды таратып бөлуді және олардың тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруды;
- жарнама және ақпарат саласындағы қызметке баға беруді, олардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді;
- белгіленген есептеменің дұрыс жасалуын және оның тиісті органға уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бөлім басшысы (жарнама-ақпараттық) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары
Жарнама-ақпараттық) бөлімшенің (қызметтің) менеджері (басқарушы)
1235 БАЗАЛЫҚ ТОП
Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары ұйымды оның қызметіне қажетті барлық материалдық ресурстармен (шикізатпен, материалдармен, жартылай шикізаттармен, отынмен және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі қызметке басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- ұйымның ағымдағы қажеттіліктер мен перспективалық дамуына сәйкес оның қызметіне қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді;
- ұйымды, оның қызметін шикізатпен, материалдармен, жартылай шикізаттармен, отынмен және т.б. қамтамасыз ету үшін жеткізіп берушілермен келіссөздер жүргізуді, шарттарды, бағаларды келісуді және шарттар жасасуды;
- жеткізіп берушілер шартты міндеттемелерін бұзған кезде оларға талаптар қоюды дайындаумен байланысты жұмыстар жүргізуді, жасалған шарттарға енгізілетін өзгерістерді келісуді, сатып алудан бас тарту туралы хабарлауды;
- материалдық және құрастырушы бұйымдар қорының жағдайын, оларды жедел реттеуді және ұтымды шығындалуын бақылауды қамтамасыз етуді;
- материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, оларды тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындарды азайту, қайталама ресурстарды және өндіріс қалдықтарын пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және өткізуді;
- қойма шаруашылығы жұмысын ұйымдастыруды, оның техникалық жарақтандырылуын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуді;
- жабдықтау опреацияларын, материалдық ресурстар санағын ұйымдастыруды, белгіленген есептеменің дұрыс жасалуын және оның тиісті органға уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Бөлім басшысы (материалдық-техникалық жабдықтау)
Материалдық-техникалық жабдықтау менеджері (басқарушы )
1236 БАЗАЛЫҚ ТОП
ІТ- бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
ІТ-бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары ұйымның құрылымдық бөлімшелерін компьютермен және компьютерлік жүйемен жарақтандыру, олардың қызмет етуін қамтамасыз ету, әртүрлі техникалық, экономикалық және басқа да міндеттерді шешуге пайдалану жөніндегі қызметке басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- ұйымды ағымдағы қажеттіліктер мен перспективалық дамуға сәйкес компьютермен және компьютерлік жүйемен қамтамасыз етуді;
- ұйымның ішкі компьютерлік жүйесінің (шағын жүйелердің) жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді, олардың сыртқы ақпараттық-есептеу жүйелерімен байланысын қамтамасыз етуді;
- ІТ-бөлімшелерінің (қызметтерінің) техникалық базасын дамытуды қамтамасыз етуді;
- есептеу техникасын сатып алуға, оны орнатуға және жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға басшылық етуді;
- дайын алгоритмдер мен бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігін талдауды, тараптық ұйымдар үшін есептеу жұмыстарын орындауға келісімдер жасауды немесе компьютерлік қызметтер сатып алуды;
- компьютерлік қамтамасыз етуге арналған жабдықтардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруды, есептеу техникасын пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және өткізуді;
- белгіленген есептеменің дұрыс жасалуын және оның тиісті органға уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Компьютерлік орталықтың бастығы
Бөлім бастығы (сектордың, қызметтің, бөлімнің)
1237 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ғылыми-техникалық даму бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары
Ғылыми-техникалық даму бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары ұйымдағы ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне басшылықты жүзеге асырады; ұйым басшысының (оның орынбасарларының) жалпы басшылығымен және басқа да құрылымдық бөлімшелер (қызметтер) басшыларымен өзара қарым-қатынас тұрғысында өзінің лауазымдық міндеттерін атқарады.
Олардың міндеттері:
- ұйымның ғылыми-техникалық даму мақсаттары мен міндеттерін айқындауды және қоюды;
- тауарлар мен қызметтердің қолданыстағы түрлерін дамыту және жаңа түрлерін (бұйымдардың жаңа конструкцияларын, технологиялық процестерді, материалдарды және т.тб.) жасау мақсатымен ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жүргізуді ұйымдастыруды;
- бірлескен әзірлемелер туралы басқа ұйымдармен шарттар жасауды, жалпы ғылыми қызметті үйлестіруді;
- ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жүргізуге арналған ресурстарды таратып бөлуді және олардың тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруды;
- ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді (механикаландыру жабдықтарын, констукторлық жұмыстарды енгізу, есептеу техникасының пайдаланылуын ұлғайту және т.б.);
- есептемені қамтамасыз ету және оны тиісті органға уақытында ұсынуды қамтамасыз етуді;
- лауазымдық өкілеттігі шегінде мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Зертхана меңгерушісі (ғылыми-зерттеу)
Бөлім басшысы (ғылыми-иехникалық даму)
1239 БАЗАЛЫҚ ТОП
Басқа топтарға енбеген бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары
Бұл база «Функционалдық және басқа да бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары» 123 құрамдас тобының басқа базалық топтарына енбеген бөлімшелердің (қызметтердің) басшыларын қамтиды.
Олардың міндеттері:
- функционалдық қызметтердің мақсаттарын, міндеттерін, бағыттарын айқындауды және оларды іске асырудың оңтайлы жолдары мен тетіктерін таңдауды;
- бөлімшенің (қызметтің) жұмысын реттеуді;
- әкімшілік-өкімдік қызметті жүзеге асыруды;
- жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің, уақытында есепке алу мен бақылаудың уақтылылығы мен сапасын қамтамасыз етуді;
- бөлімшенің (қызметтің) басқа қызметкерлеріне басшылықты қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Кабинет меңгерушісі (қауіпсіздік техникасы, техникалық, оқу-әдістемелік, оқу және т.б.)
Тәжірибе меңгерушісі (өндірістік-оқу)
13 ШАҒЫН ТОП
Орта және шағын ұйымдардың басшылары
Орта және шағын ұйымдардың басшылары ұйым қызметінің барлық түрлеріне басшылықты өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен жүзеге асырады.
Орта және шағын ұйымдардың басшылары атқаратын міндеттер:
ұйым қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауды;
қызметті ұйымдастыруды, реттеуді және бақылауды;
- қызметке басшылық етуді және нәтижелерді бағалауды;
- жеткізіп берушілермен, тапсырыс берушілермен, клиенттермен, сондай-ақ басқа ұйымдардың басшыларымен келіссөздер жүргізуді;
- кадрларды іріктеуді, орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды;
- қызмет туралы есептемені тиісті органдарға белгіленген тәртіппени ұсынуды;
- басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтиды.
131 ҚҰРАМДАС ТОП
Орта және шағын ұйымдардың басшылары
Орта және шағын ұйымдардың басшылары әртүрлі: өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олар атқаратын міндеттер:
- қызметтің стратегиясы мен тактикасын және ресурстардың пайдаланылуын, ұйым қызметкерлерін жалға алуды және олардың пайдаланылуын айқындауды;
- қызметті ұйымдастыруды және реттеуді, оның нәтижелерін бақылауды және бағалауды;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- жеткізіп берушілермен, тапсырыс берушілермен, клиенттермен, сондай-ақ басқа ұйымдардың басшыларымен келіссөздер жүргізуді;
- кадрларды іріктеуді, орналастыруды, әкімшілік-өкімдік қызметті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды;
- ұйымның иелеріне қызмет туралы есептемені қажетіне қарай ұсынуды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылық жасауды қамтиды.
1311 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығындағы орта және шағын ұйымдардың басшылары
Ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығындағы орта және шағын ұйымдардың басшылары тиісті салалардағы орта және шағын разрядқа жататын ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығындағы орта және шағын ұйымдардың өнім өндіру, шикізат өңдеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі және т.б. қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- өндірістік қызметті басқаруды;
- материалдық және техникалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын және өнім сапасын бақылауды;
- өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалауды;
- жеткізіп берумен, тапсырыстармен және өнім өткізумен байланысты келіссөздер жүргізуді;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- өндірілетін өнімнің есебін ұйымдастыруды, өндірістік қызмет туралы есептемені ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (ауыл, аңшылық, орман және балық шаруашылығындағы)
1312 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орта және шағын өнеркәсіп ұйымдарының басшылары
Орта және шағын өнеркәсіп ұйымдарының басшылары өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы ұйымдарды басқарады және өзінің жеке атынан немесе оның иесінің атынан ешкімнің көмегінсіз не бір басшының (өзінің орынбасарының) көмегімен істі жүргізеді.
Олардың міндеттері:
- пайдалы қазбалар өндірумен, материалдарды өңдеумен, әртүрлі өнім, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық техника шығарумен айналысатын, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы орта және шағын ұйымдардың қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді;
- өндірістік қызметті басқаруды;
- материалдық және техникалық ресурстардың тиімді пайдаланылуын және өнім сапасын бақылауды;
- өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалауды;
- жеткізіп берумен, тапсырыстармен және өнім өткізумен байланысты келіссөздер жүргізуді;
- ұйымның мүддесін білдіруді және оның атынан әрекет етуді;
- өндірілетін өнімнің есебін ұйымдастыруды, өндірістік қызмет туралы есептемені ұсынуды;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды;
- міндеттерінің мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды;
- басқа қызметкерлерге басшылықты жүзеге асыруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін жұмыстардың (лауазымдардың) мысалдары:
Орта және шағын ұйымның басшысы (директор және т.б.) (өнеркәсіптегі)
Достарыңызбен бөлісу: |