9111 БАЗАЛЫҚ ТОП
Азық-түлік емес тауарларды көшеде сатушылар
Көшеде сатушылар көшеде және қоғамдық жерлерде алдын-ала әзірленген ыстық және салқын тамақ, көкөніс, жеміс-жидек, балмұздақ, түрлі сусындар сатады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
- сатуға азық-түлік өнімдерін және сусындар алу немесе сатып алуды;
- сатуға тамақ пен сусындар әзірлеуді;
- тауарларды сауда орнына жеткізу үшін тауарларды арбаларға, жүк машиналарына және өзге де көлік құралдарына тиеуді, түсіруді;
- баға тағайындау, сатылған тауар үшін төлем алуды;
- сауда орнын жинауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Азық-түлік өнімдерін көшеде сатушы
9112 БАЗАЛЫҚ ТОП
Азық-түлік емес тауарларды көшеде сатушылар
Азық-түлік емес тауарларды көшеде сатушылар көшеде және қоғамдық орындарда кітаптар, газеттер, металлдан, ағаштан, керамикадан және өзге де материалдардан жасалған көркем бұйымдар, тігін және тоқыма бұйымдарын, тері мен үлбірден жасалған киім сатады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
азық-түлік емес тауарларды сату үшін әзірлеу, алу және сатып алу;
тауарларды сауда орнына жеткізу үшін арбаларға, жүк машиналарына және өзге де көлік құралдарына тиеуді және түсіруді;
баға тағайындау, сатылған тауар үшін төлем алуды;
тауарларды сақтау орнына тасымалдауды;
сауда орнын жинауды;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Азық-түлік емес тауарларды көшеде сатушы
9113 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сатып алушыларға тауарларды немесе қызмет түрлерін тұратын жері немесе телефон бойынша сатып алуды ұсынатын қызметкерлер
Сатып алушыларға тауарларды немесе әртүрлі қызмет түрлерін сатып алуға ұсынатын қызметкерлер өз компаниясының тауарларын сатып алушыларға ұйымдарға, үйге барып немесе телефон бойынша ұсынады.
Осы базалық топ жұмысшыларының міндеттері:
ұйымдарға, үйлерге барып тауарлар сату жөніндегі ұсыныстармен
жүруді;
ұсынылатын тауарларды сипаттауды; сатудың шарттары туралы
уағдаластық жасауды; тауарлар үлгілерінің қызметін көрсету және демонстрациялау;
- тауарларды телефон бойынша ұсынуды, тапсырысты қабылдауды және тауарды үйге жеткізуді;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Сатып алушыға тауарларды және қызметтерді телефон бойынша сатып алуды ұсынатын саудагер
Сатып алушыға тауарларды немесе қызмет түрлерін үйге барып ұсынатын саудагер
912 ҚҰРАМДАС ТОП
Аяқ-киім тазалаушылар және әртүрлі қызмет түрлерін ұсынатын біліктілігі жоқ жұмысшылар
Аяқ-кимі тазалаушылар және әртүрлі қызмет түрлерін ұсынатын біліктілігі жоқ жұмысшылар клиенттерге аяқ-киім тазалау, машиналар жуу, кескіш аспапты қайрау және өзге де қызмет түрлерінің көшеде көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Осы құрамдас топтың жұмысшылары орындайтын міндеттер:
аяқ-киім тазалау және жылтыратуды;
аяқ-киімді ұсақ жөңдеуді; автомобиль терезелерін жууды және
жылтыратуды, түрлі тапсырыстар орындауды;
кескіш аспапты қайрауды, түзеуді және оның ұсақ ақауларын
жөңдеуді;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
9120 БАЗАЛЫҚ ТОП
Аяқ-кимі тазалаушылар және әртүрлі көше қызметі түрлерін көрсететін біліктілігі жоқ өзге де жұмысшылар
Аяқ-киім тазалаушылар және біліктілігі жоқ өзге де жұмысшылар көшеде әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді: клиенттерге қызмет көрсетеді, машиналар жуады, кескіш аспаптарды қайрайды және өзге де қызмет түрлерін көрсетеді:
Осы базалық топтың жұмысшылары орындайтын міндеттер:
аяқ-киімді тазалау және жылтыратуды;
аяқ-киімді ұсақ жөндеуді;
автомобильдерді жууды;
кескіш апспаты қайрауды, түзеу және ұсақ жөңдеуді;
түрлі тапсырмаларды орындауды;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
(қолмен) Машина жуушы
Аяқ-киім тазалаушы
Қайраушы
913 БАЗАЛЫҚ ТОП
Үй қызметшілері, пәтерлер жинаушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары
Үй қызметшілері, пәтерлер жинаушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары үйлерде, отельдерде, қонақ үйлерде, ауруханаларда және өзге де ұйымдарда жайлар мен пәтерлерді таза ұстау жөніндегі түрлі жұмыстарды орындайды, қолмен кір жуады және үтіктейді.
Осы топ жұмысшылары орындайтын негізгі функциялар:
- отельдерде, қонақ үйлерде және өзге де ұйымдарда пәтерлер мен жайларды жинауды;
- отельдерде, қонақ үйлерде және өзге де ұйымдарда кір жуу және үтіктеуді;
- едендерді жууды және жалтырлатуды;
- жеке үйлерде ас бөлмелерде түрлі көмек көрсетуді және т.б. қамтиды.
9131 БАЗАЛЫҚ ТОП
Үй қызметшілері және пәтер жинаушылар
Үй қызметшілері, пәтер жинаушылар қолмен немесе шаңсорғышпен үй жинайды, төсек-орынды жуады, азық-түлік пен шаруашылық тауарларын сатып алады, тамақ әзірлейді, оны береді.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
пәтерлерді қолмен немесе шаңсорғыштың көмегімен жинауды;
терезе жууды, ыдыс-аяқ жууды;
аз әзірлеуді және оны беруді;
азық-түлік пен шаруашылық тауарлар сатып алуды;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды орындуды;
отельдерде, қонақ үйлерде, санаторийлерде және басқаларда
төсек-орын жууды және оны үтіктеуді;
едендерді жууды және жалтыратуды, жеке үйлердегі ас бөлмелерде
түрлі көмек көрсетуді және тағы басқаны қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Отельдерде, қонақ үйлерде және өзге де ұйымдардағы үй қызметшісі
9132 БАЗАЛЫҚ ТОП
Отельдердің, қонақ үйлердің горничнаялары мен кастеляншалары және тектес кәсіптері
Отельдердің, қонақ үйлердің горничнаялары, кастеляншалары және тектес кәсіптер қызметшілері отельдердегі, қонақ үйлердегі, жатақханалардағы және өзге де ұйымдардағы тұрғын бөлмелерді, санитарлық және өзге де жайларды таза ұстайды, төсек-орынды ауыстырады, оны сұрыптайды және жууға тапсырады.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- отельдерде, қонақ үйлерде, жатақханаларда және өзге де ұйымдардағы тұрғын бөлмелерді жинауды және таза ұстауды;
- қолданылған төсек-орынды сұрыптауды, белгілеуді және жууға тапсыруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Горничная
Кастелянша
Шаруашылық бикесі
9133 БАЗАЛЫҚ ТОП
Үйде, отельдерде, қонақ үйлерде қызмет көрсететін кір жуушылар мен кір үтіктеушілер және тектес кәсіптер
Үйде, отельдерде, қонақ үйлерде қызмет көрсететін кір жуушылар мен кір үтіктеушілер және тектес кәсіптер кір жуады, үтіктейді, кірді және өзге де тоқыма бұйымдарын клиенттердің өтініші бойынша химиялық тазартады.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- клиенттердің өтініші бойынша қолмен кірді, киімді, тоқыма бұйымдарын жууды және үтіктеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Үтіктеуші (қолмен)
Кір жуушы (қолмен)
914 ҚҰРАМДАС ТОП
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және оларды жөңдеумен айналысатын жұмысшылар, терезе жуушылар, еден тазалаушылар
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсетумен және оларды жөңдеумен айналысатын жұмысшылар, терезе жуушылар, еден тазалашылар ғимараттарды және оларға жанасқан аумақтарды жинау және тиісті санитарлық күйде ұстау жөніндегі жұмыстарды атқарады, ғимараттарды косметикалық жөндейді, жылыту, сумен жабдықтау, канализация жүйелерін жөндейді, терезелер мен жақтауларды тазартады, едендерді тазартады.
Осы құрамдас топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- ғимараттарды және олардың айналасындағы аумақтарды жинауды, ғимараттарды косметикалық жөңдеуді, жылытуды, сумен жабдықтауды, канализация жүйелерінің техникалық күйін тексеруді және жөңдеуді; терезелер жууды; едендерді тазартуды қамтиды.
9141 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсетумен және оларды жөңдеумен айналысатын жұмысшылар
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсетумен және оларды жөңдеумен айналысатын жұмысшылар ғимараттарды және оларға жанасқан аумақтарды жинау және тиісті санитарлық күйде ұстау жөніндегі жұмыстарды атқарады, ғимараттарды косметикалық жөңдеуді, жылыту, сумен жабдықтау, канализация жүйелерін жөңдеуді жүзеге асырады.
Осы топтың жұмысшылары орындайтын міндеттер: ғимараттарды және олардың айналасындағы аумақтарды жинауды және таза ұстауды, жылытуды, сумен жабдықтауды, канализация жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеруді; терезелерді жууды; едендерді тазартуды, мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөңдеу жөніндегі жұмысшы
9142 БАЗАЛЫҚ ТОП
Терезе жуушылар және еден тазартушылар
Терезе жууышлар және еден тазартушылар терезелер, витриналар және ғимараттардың өзге де шыны беттерін жуады, едендерді электрлі полотерлер немесе аяқ щеткесімен тазартады.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- терезелер, витриналар және ғимараттардың өзге де шыны беттерін жууды;
- терезелер мен жақтауларды кірден тазарту, оларды жұмсақ сүлгімен сүртуді;
- еденді балауызбен, мастикамен, электр полотермен, щеткемен жалтыратуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шыны сүртуші
Полотер
915 БАЗАЛЫҚ ТОП
Курьерлер, шабармандар, жүк тасушы және тектес кәсіптер жұмысшылары
Курьерлер, шабармандар, жүк тасушылар және тектес кәсіптер жұмысшылары корреспонденция немесе тауарлар жеткізеді, багаж көтеріп әкеледі, қоғамдық тамақтану, сауда ұйымдарында және т.б. келушілердің кіруі мен шығуын бақылайды, ұрлықтың және өрттің алдын алу мақсатында машиналар тұрақтарын және өзге де жылжымайтын мүлікті күзетеді.
Осы топтың жұмысшылары орындайтын негізгі функциялар:
пакеттерді (заттарды) үйлерге және өзге де орындарға жеткізуді;
вокзалдарда, порттарда багажды көтеріп әкелуді; корреспонденция немесе тауарларды жеткізуді;
қоғамдық тамақтану, сауда және т.б. ұйымдарында келушілердің кіруін және шығуын бақылауды;
ұрлықтың және өрттің алдын-алу мақсатында машина тұрақтарын және өзге де жылжымайтын мүлікті күзетуді.
9151 БАЗАЛЫҚ ТОП
Курьерлер, шабармандар және багаж көтеріп әкелушілер
Шабармандар және багажды көтеріп әкелушілер корреспонденцияны, пакеттерді, тауарларды, іс қағаздарды және т.б. заттарды ұйымның ішінде, ұйымдар арасында, жеке үйлерге және өзге де орындарға жеткізеді, багаж көтеріп әкеледі.
Олардың міндеттері:
пакеттерді (заттарды) үйлерге және өзге де жерлерге жеткізуді;
вокзалдарда, аэропорттарда, өзен порттарында және өзге де жерлерде багажды көтеріп әкелуді;
коррепонденцияны немесе тауарларды, іс қағаздарды, хаттарды ұйымдар ішінде және арасында жеткізуді;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жүк тасушы
Курьер
9152 БАЗАЛЫҚ ТОП
Швейцарлар, автомашина тұрақтарын күзетушілер және тектес кәсіптер
Швейцарлар, автомашина тұрақтарын күзетушілер және тектес кәсіптер қоғамдық тамақтану, сауда ұйымдарында келушілердің кіруін және шығуын бақылайды, ұрлықтың және өрттің алдын-алу үшін машина тұрақтарын және өзге де жылжымайтын мүлікті күзетеді және төлем жинайды.
Олардың міндеттері:
машина тұрақтарын және өзге де машина қоятын алаңдарды күзету;
ұрлық пен өрттің алдын-алу мақсатында жылжымайтын мүлікті бақылау;
механизмдер мен құрылғыларды бақылау;
мұражайларды күзету;
мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа жататын кәсіптердің мысалдары:
Швейцар
Мұражай күзетшісі
9153 БАЗАЛЫҚ ТОП
Сауда автоматтарынан ақша жинаушылар және суқұбыры, газ шаруашылықтарының және энергоқадағалау бақылаушылары*
916 ҚҰРАМДАС ТОП
Қызмет көрсету ұйымдарында тапсырыстар қабылдаушылар
Қызмет көрсету саласы ұйымдарында тапсырыс қабылдаушылар халықтан түрлі тұрмыстық қызмет түрлерін орындауға тапсырыс қабылдайды, жалға беру пунктерінде азаматтарға уақытша пайдалануға шаруашылық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы заттар, спорттық инвентарь және өзге де құрал-жабдық береді.
Олардың міндеттері:
- қызмет көрсету саласы ұйымдарында халықтан түрлі тұрмыстық қызмет түрлерін орындауға тапсырыстар қабылдауды;
- азаматтарға жалға беру пунктерінде уақытша пайдалануға шаруашылық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы заттарды, спорттық инвентарьді және өзге де құрал-жабдықты беруді;
- квитанция рәсімдеуді және төлем алуды;
- жалға берілген заттарды қайтып алуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Тапсырыс қабылдаушылар
Жалға алу пункінің қабылдаушысы
92 ШАҒЫН ТОП
Ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық шаруашылық, балық өсіру және балық аулау шаруашылықтарының біліктілігі жоқ жұмысшылары
Ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық шаруашылық, балық өсіру және балық аулау шаруашылықтарының біліктілігі жоқ жұмысшылары ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық шаруашылықтарының, балық өсіру және балық аулау шаруашылықтарында, аңшылықта және аңдарды қармақпен аулауда қарапайым және механикалық жұмыстарды орындайды. Мұндай жұмыс кезінде қарапайым қол аспаптары қолданылады және физикалық күш жұмсалады.
Олардың міндеттері:
- аңдардың ізіне түсу және аңшылық пен аңдарды қармақпен аулауға байланысты қарапайым операцияларды орындауды;
- қи мен тынайтықыштарды себуді; арамшөпті шабуды, егілген дақылдарды суаруды және егін жинауды; малды азықтандыруды және күтуді;
- орманды тазартуды;
- теңіздің (тоғанның) түбін тазартуды, балық өсіруді және аулауды қамтиды.
921 ҚҰРАМДАС ТОП
Ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық шаруашылықтарының біліктілігі жоқ жұмысшылары
Ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық шаруашылықтарының біліктілігі жоқ жұмысшылары ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық шаруашылықтарының, балық өсіру және балық аулау шаруашылықтарының аңшылықтағы және аңдарды қармаққа аулауда қарапайым жұмыстарды орындайды. Мұндай жұмыс кезінде қарапайым қол аспаптары қолданылады және физикалық күш жұмсалады
Олардың міндеттері:
- аңдардың ізіне түсуді және аңшылық пен аңдарды қармақпен аулаумен байланысты қарапайым операцияларды орындауды;
- қи мен тынайтқыштарды себуді; арамшөпті шабуды, егілген дақылдарды суаруды және егін жинауды; малды азықтандыруды және күтуді;
- орманды тазартуды;
- қи мен тынайытқыш себуді;
- теңіздің (тоғанның) түбін тазартуды;
- балық өсіруді және аулауды;
- балық өсіруді және балық аулау жөніндегі қарапайым жұмыстарды атқаруды қамтиды.
9211 БАЗАЛЫҚ ТОП
Ауыл шаруашылығының біліктілігі жоқ жұмысшылары
Ауыл шаруашылығының біліктілігі жоқ жұмысшылары ауылшаруашылығы дақылдарын егумен, оларды күтумен, егін жинаумен, мал күтуге байланысты және өзге де қарапайым жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттері:
- ауылшаруашылығы дақылдарын егумен, топырақты дақылдар егуге дайындаумен, суарумен және отаумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындауды;
- көкөніс және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін жинауды;
- малды күтуді, оны суаруды, олар ұсталатын жерді тазартуды, тырмамен және айырмен шөп дайындауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Мал бағушы
Өнім жинайтын жұмысшы
9212 БАЗАЛЫҚ ТОП
Орман шаруашылығының біліктілігі жоқ жұмысшылары
Орман шаруашылығының біліктілігі жоқ жұмысшылары қолмен шыбықтар мен қазықтар әзірлейді, орманнан арбамен, шанамен сүрек, түбірлер және өзге де орман өнімдерін түпкілікті пунктерге тасымалдайды, ағаш пен қыраттарды қолмен жарады, бөренелерді қолмен кеседі.
Олардың міндеттері:
- орманды тазартуды, орманнан түпкілікті пунктерге арбамен, шанамен сүрек, түбірлер және өзге де орман өнімдерін тасымалдауды;
- қолмен ағаш және қыраттарды жаруды, бөренелерді қолмен білеулер және докалар етіп кесуді;
- ағаш пен қыраттарды қолмен сына мен кувалда қолданып жаруды;
- бөренелерді қолмен білеулерге және
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Орман тасушы
(Қолмен) кесуші
9213 БАЗАЛЫҚ ТОП
Балық аулау, балық өсіру және аңшылық шауарышылығының біліктілігі жоқ жұмысшылары
Балық аулау, балық өсіру және аңшылық шаруашылықтарының біліктілігі жоқ жұмысшылары балық өсірумен және балық аулаумен байланысты әртүрлі жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттері:
- торлы және канатты аулағыш құралдарды, қармақтар және өзге де ау құралдарын әзірлеуді;
- жабайы аңдарды ату кезінде аңшыларға көмектесу, аңның ізіне түсу;
- аңшылықпен және аңдарды қармақпен аулауға байланысты қарапайым операцияларды орындауды;
- балық және су флорасы мен фаунасының өзге де түрлерін сұрыптауды және іріктеуді, оларды ластан және механикалық қоспалардан тазартуды;
- қамбаларды тазартуды және балық пен су флорасы мен су фаунасының өзге түрлерін азықтандыруды;
- теңіз (тоған) түбін тазартуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Балық аулау, балық өсіру және аңшылық шаруашылығының біліктілігі жоқ жұмысшысы.
93 ШАҒЫН ТОП
Өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі, байланыстағы, геологиядағы және жер қойнауын барлаудағы біліктілігі жоқ жұмысшылар
Өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, байланыста, геологияда және жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар өндіру өнеркәсібінде, көлікте, байланыста, геологияда, жер қойнауын барлауда қарапайым қол аспаптарын қолданумен және елеулі физикалық күш жұмсаумен кен, күрделі-кен, құрылыс-монтаждық және жөңдеу-құрылыс жұмыстарында негізінен қарапайым, механикалық операцияларды орындайды.
Осы шағын топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- топырақ қазу және оны күрекпен шашырату, жер, құрылыс материалдарын және ерітінділерін тасымалдау жөніндегі құралдарға жүк тиеуді және жүк түсіруді;
- қиыршық тасты тегістеуді, жолдар, алаңдар және ғимараттар салған кезде кірпіштер тасуды;
- пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындауды;
- шахталардағы және карьерлердегі пайдаланылмайтын кен орындарын тазартуды;
- жүк пойыздарына қызмет көрсетуді;
- өңдеу өнеркәсібіндегі бұйымдарды сұрыптаумен, бөлшектерді жинақтаумен, қолмен буып-тиюмен байланысты қарапайым жұмыстарды орындауды; қолмен жүк тиеу және жүк түсіру жұмыстарын орындауды;
- тартқыш күшпен жұмыс істейтін жүру құралдарын басқару және өзге де жұмыстарды атқаруды қамтиды.
931 ҚҰРАМДАС ТОП
Кен, күрделі-кен, құрылыс-монтаждық және жөңдеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын біліктілігі жоқ жұмысшылар
Тау, күрделі-кен, құрылыс-монтаждық және жөңдеу-құрылыс жұмыстарында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар негізінен пайдалы қазбалар өндіру, жол салу, ғимараттар мен имараттар салу және оларды жөңдеумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
кен орындарындағы рудник газдарын өлшеуді;
шахталық шамдарды зарядтау және оларға отын құюды;
қиыршық тасты тегістеу, жолдар, алаңдар және ғимараттар салу
кезінде кірпіш тасуды;
топырақ, құрылыс материалдарын және ерітінділер тасуды;
топырақты күрекпен шашыратуды қамтиды.
9311 БАЗАЛЫҚ ТОП
Кен, күрделі-кен жұмыстарда істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Кен, күрделі-кен жұмыстарда жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар вагонеткаларды кенмен толтыру және оларды кері домалату; карьерлердегі жолдарды экскаваторлардың, үйінділеу көпірлердің және үйінді жасаушылардың жүруі үшін дайындау; кен орындарындағы рудник газдарын өлшеу; шахталық шырақтарды зарядтау және толтыру; қиыршық тасты тегістеу.
Олардың міндеттері:
- вагонеткаларды кенмен толтыруды және оларды кері домалатуды, тиелген және бос вагонеткаларды аспалы жолға домалатып әкеліп, тіркеуді және ағытуды;
- карьерлердегі экскаваторлардың, үйінділеу көпірлердің және карьерлерде үйінді жасаушылардың жүруі үшін дайындауды, экскаватордың астына алаң дайындау және төсем төсеуді;
- кен орындарындағы рудник газдарын өлшеу; шахталық шырақтарды зарядтау және толтыру; зарядтау үстелдеріне аккумуляторлы батареялар орнатуды және оларды зарядтауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шырақшы
Газ өлшеуші
Тиеуші
9312 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жөңдеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын біліктілігі жоқ жұмысшылар
Жөңдеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын біліктілігі жоқ жұмысшылар негізінен жолдар, плотиналар және сол тәріздес имараттарды салумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттері:
- эмульсиямен және мастикамен, қара тұтқырлағыш материалдармен және асфальтбетонды материалдармен жалатылуы тиіс беттердің негізін ластан және шаңнан тазартуды;
- шұнқырлар мен арықтар қазуды және оларды толтыруды, қиыршық тасты тегістеуді, топырақты, қиыршық тасты бір жерден басқа жерге лақтыруды, цемент-бетонды бүркеулерге құм себіп жабуды;
- кірпіш, ерітінді және өзге де құрылыс материалдарын тасуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
(Жол) жөңдеу-құрылыс жұмыстарындағы біліктілігі жоқ жұмысшы
9313 БАЗАЛЫҚ ТОП
Құрылыс-монтаждау жұмыстарында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Құрылыс-монтаждау жұмыстарында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар түрлі ғимараттар салумен және оларды әрлеумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттері:
- эмульсиямен және мастикамен жалатылуы тиіс беттерді лас пен шаңнан тазартуды;
- пайдаланылған кірпіштерді ескі ерітіндіден тазартуды;
- ерітінділер дайындауды, тас қалаушыға кірпіштер мен еретінді әперіп тұруды, еден лагалары астына кірпіш бағандарын қалауды;
- ғимараттардың беттерін қаптауға дайындауды және қаптама плиткаларды мөлшерлері, сұрыпы және түсі бойынша сұрыптауды;
- оқшаулауға жататын беттерді кір мен шаңнан сүртуді;
- шұнқырлар мен арықтар қазуды және оларды толтыруды, қиыршық тасты тегістеуді, құмды, қиыршық тасты бір жерден өзге жерге лақтыруды; цемент-бетон жабындарға құм себіп жабуды;
- кірпіш, ерітінді және өзге де құрылыс материалдарын әперіп тұруды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Біліктілігі жоқ құрылыс жұмысшысы
932 ҚҰРАМДАС ТОП
Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар негізінен материалдарды, шикізатты, бұйымдарды кептірумен және сұрыптаумен, сондай-ақ қарапайым қол аспаптарын қолданып және едәуір күш жұмсап оларды түсіріп алумен байланысты қарапайым жұмыстарды атқарады.
Осы құрамдас топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- бұйымдарды, шикізатты және шала өнімдерді, құймабұйымдарды, пайдалы қазбаларды, электроқшаулағыш материалдарды, электрбұрышты және өзге де бұйымдарды сұрыптауды;
- бөлшектерді қарапайым жинақтауды және қолмен буып-тиюді;
- материалдар мен бұйымдарды кептіруді;
- престеуден немесе жасытудан кейін ыстық бұйымдарды түсіріп алуды, этикеткаларды штемпельдеуді қамтиды.
9321 БАЗАЛЫҚ ТОП
Біліктілігі жоқ жұмысшылар-құрастырушылар
Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар қарапайым қол аспаптарын қолданып және едәуір күш жұмсап, негізінен бұйымдар мен шала өнімдерді қолмен құрастыру және сұрыптаумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
- бұйымдарды, шикізатты және шала өнімді, пайдалы қазбаларды, электроқшаулағыш материалдарды, электрбұрышты және өзге де бұйымдарды сұрыптауды;
- бөлшектерді құрастыру және қолмен буып-тию; материалдар мен бұйымдарды кептіру, этикеткаларды штемпельдеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Камераларды орнатушы
Бұранда құрастырушы
9322 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар негізінен материалдарды, шикізатты, бұйымдарды кептірумен және сұрыптаумен, сондай-ақ қарапайым қол аспаптарын қолданып және едәуір физикалық күш жұмсаумен оларды босатып және түсіріп алумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Олардың міндеттері:
-бұйымдарды, шикізатты және шала өнімді, пайдалы қазбаларды, электроқшаулағыш материалдарды, электрбұрышты және өзге де бұйымдарды сұрыптауды;
- материалдар мен бұйымдарды кептіруді; баспалаудан немесе жасытудан кейін ыстық бұйымдарды конвейерден, созбалау машиналарынан және өзге де құрал-жабдықтан түсіріп алып кейін транспортерге немесе арнайы ыдысқа тиеуді;
- этикеткаларды штемпелдеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа жатқызылған кәсіптердің мысалдары:
Азық-түлік өнімдерін калибрлеуші
Құймаларды соғып түсіруші
933 ҚҰРАМДАС ТОП
Көлік пен байланыста жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Көлік пен байланыста жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар негізінен көлік пен байланыста қарапайым қол аспаптарын қолданып және белгілі бір күш жұмсап қарапайым операцияларды орындайды.
Осы шағын топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
педальді басқаруы бар жылжу құралдарын басқаруды;
адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін арбаға жегілген аттарды
басқару, жануарларды жегу, қосар жегуді;
- жануарларға жол жүру кезінде күтім әзірлеу, оларды азықтандыру және суаруды;
- ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау және көлік құралын жұмыс күйінде ұстауды;
- мерзімді баспасөз құралдарын, жеделхаттарды адресаттарға жеткізуді қамтиды.
9331 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қолмен және педальмен басқарылатын көлік құралдарының жүргізушілері
Қолмен және педальмен басқарылатын көлік құралдарының жүргізушілері велосипедтердің және т.б. құралдардың көмегімен жүктер мен пошталық хабарландыруларды тасымалдайды.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- пошталық тауарлар мен жүктерді тиеуді және түсіруді;
- педальмен басқарылатын қатынас құралдарын қажетті бағытта жол жүру ережелеріне сәйкес басқаруды;
- көлік құралын ұсақ жөндеу және оны жұмыс күйде ұстауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Педальмен басқарылатын көлік құралының (велокөліктің) жүргізушісі
9332 БАЗАЛЫҚ ТОП
Тарту күшімен жүретін көлік құралдарын басқару жөніндегі жұмысшылар және көлікте жұмыс істейтін өзге де біліктілігі жоқ жұмысшылар
Тарту күшімен жүретін көлік құралдарын басқару жөніндегі жұмысшылар және көлікте жұмыс істейтін өзге де біліктілігі жоқ жұмысшылар адамдарды және жүктерді тасымалдау үшін арбаға жегілген аттарды жүргізеді, жолда жанурларға күтім көрсету жөніндегі жұмыстарды орындайды, оларды азықтандырады және суарады, көлік құралына ұсақ жөндеу әзірлейді және оны жұмыс күйде ұстайды.
Осы базалық топтың жұмысшылары орындайтын міндеттер:
жануарларды көлік құралына жегуді және қосарлап жегуді;
адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін арбаға жегілген аттарды
жүргізуді;
- жануарларға күтім әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, оларды азықтандыруды және суаруды;
- көлік құралына ұсақ жөндеу жұмыстарын орындауды және оны жұмыс күйде ұстауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Арбакеш
Жылқышы
9333 БАЗАЛЫҚ ТОП
Арнайы киімді жуу және жөндеу жөніндегі жұмысшылар
Арнайы киімді жуу жөніндегі біліктілігі жоқ жұмысшылар кір жуғыш машиналарда және қолмен арнайы киім, орамалдар, перделер жуу жөніндегі жұмысты орындайды.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- кептіргіш барабандарда (камераларда) немесе табиғи жағдайларда кептіруді;
- пресстерде, каландрларда немесе қолмен үтіктеуді;
- арнайы киімді қолмен немесе тігін машинасында ұсақ жөндеуді;
- белгілер қадауды;
- жуғыш және зарарсыздандырғыш ерітінділер дайындауды;
- арнайы киімді қабылдауды, сұрыптауды және беруді;
- белгіленетін құжаттаманы рәсімдеуді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Арнайы киім жуу жөніндегі жұмысшы
9334 БАЗАЛЫҚ ТОП
Байланыста жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылыр
Байланыста жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар жеделхаттар мен өзге де пошталық хабарламаларды жеткізумен байланысты қарапайым жұмыстарды орындайды.
Осы базалық топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- пошталық бөлімшелерде жеделхаттар мен өзге де пошталық хабарламаларды алуды;
- пошталық хабарламаларды, хат-хабарларды, жеделхаттарды адресаттарға жеткізуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жеделхаттар таратушы
Баспа экспедиторы
934 ҚҰРАМДАС ТОП
Геология мен жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Геология мен жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар геологиялық түсіру және кен іздеу жұмыстары кезінде сынамалар іріктеуге арналған ыдыс дайындаумен, құрал-жабдықты буып-түю және бір жерден басқа жерге тасымалдау мен өзге де қарапайым операцияларды атқарады.
Осы шағын топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- пакеттер әзірлеу, флягаларды жуу және сынамалар іріктеуге арналған қаптарды жууды;
- сынамалар дубликаттарын сұрыптауды және оларды сынамалауға дайындауды;
- далалық қондырғыларды , құралдарды, аспаптарды, құрал-жабдықты буып-түюді, тиеуді, жүктен босатуды, бір жерден басқа жерге тасымалдауды;
- лагерь тұрағына және палаталарды орнатуға арналған жер таңдауды қамтиды.
9340 ҚҰРАМДАС ТОП
Геология мен жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Геология мен жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар геологиялық түсіру және кен іздеу жұмыстары кезінде сынамалар іріктеуге арналған ыдыс дайындаумен, құрал-жабдықты буып-түю және бір жерден өзге жерге тасымалдау мен өзге де қарапайым операцияларды орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
пакеттер әзірлеу, флягаларды жуу және сынамалар іріктеуге арналған қаптарды жууды;
сынамалар дубликаттарын сұрыптауды және оларды сынамалауға дайындауды;
далалық қондырғыларды, аспаптарды, құралдарды, құрылғыларды буып-түюді, тиеуді, жүктен босатуды, бір жерден өзге жерге тасымалдауды;
лагерьдің тұрағы үшін және палаталарды орнату үшін жер таңдауды;
мазмұны бойынша тектес міндеттерді атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Геологиялық түсіру және іздеу кен іздеу жұмыстарындағы жұмысшы
935 ҚҰРАМДАС ТОП
Өзге топтарға енбеген өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Өзге топтарға енбеген өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар тоқыма және жеңіл мен азық-түлік өнеркәсібі бұйымдарын өндіру кезінде қарапайым жұмыстарды орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- шикізат жібекті жібітуге дайындау және оны ваннада және вакуум-аппаратта жібітуді;
- шикізатты, иірімжіпті, матаны, трикотаж жайманы және өзге де шала өнімді центрифугада немесе машиналарда сығуды;
- иірімжіпті, матаны, трикотаж жайманы қолмен немесе машинамен керіп жаю және қалауды;
- бобиналарды қондыруды және оларды нығыздауды; маталарды, жасанды былғарыны және өзге де материалдарды белгіленетін ұзындық бойынша бірнеше қабаттап жаюды;
- бас киім өндірісінде түбітті және жүнді желіжіптоқу немесе конусты-тарау машинасының қоректендіргіш торына төсеуді;
- терілерді, үлбірлі терілерді және олардан жасалған бұйымдарды тазартуды және және т.б. жұмыстарды;
- қимасына тоқымашы мен станоктың нөмірін, ауысымды және күнін қойып, тоқыма станоктарынан өндірілген матаны босатып алуды; жеміс-жидек шикізатынан морс дайындауды;
- қоректендіргіш ерітінділер; антисептиктер ерітінділерін; көбіксөндіргіш әзірлеуді; жапырақ темекіні ығалдату процесіне дайындауды, ылғалдылығын және сапасын тексеріп, кесілген темекіні қопсытуды;
- көк темекі жармасын себелеу; тартылатын темекіні және көк темекіні пәшкелерге буып-түюді қамтиды.
9350 БАЗАЛЫҚ ТОП
Өзге топтарға енбеген өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар
Өзге топтарға енбеген өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін біліктілігі жоқ жұмысшылар тоқыма және жеңіл мен азық-түлік өнеркәсібі бұйымдарын өндіру кезінде қарапайым жұмыстарды орындайды.
Осы құрамдас топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
- шикізат жібекті жібітуге дайындау және оны ваннада және вакуум-аппаратта жібітуді;
- шикізатты, иірімжіпті, матаны, трикотаж жайманы және өзге де шала өнімді центрифугада немесе машиналарда сығуды;
- иірімжіпті, матаны, трикотаж жайманы қолмен немесе машинамен керіп жаю және қалауды;
- бобиналарды сыққыш пресстің немесе манипулятордың сырықтарына қондыру және оларды нығыздауды;
- маталарды, жасанды былғарыны және өзге де материалдарды белгіленетін ұзындық бойынша бірнеше қабаттап жаюды;
- бас киім өндірісінде түбітті және жүнді желіжіптоқу немесе конусты-тарау машинасының қоректендіргіш торына төсеуді;
- терілерді, үлбірлі терілерді және олардан жасалған бұйымдарды тазарту және тағы басқалар; қимасына тоқымашы мен станоктың нөмірін, ауысымды және күнін қойып, тоқыма станоктарынан өндірілген матаны босатып алуды;
- жеміс-жидек шикізатынан морс әзірлеуді;
- қоректендіргіш ерітінділер; антисептиктер; көбіксөндіргіш ерітінділерін әзірлеуді;
- жапырақ темекіні ылғалдату процесіне дайындауды, ылғалдылығын және сапасын тексеріп, кесілген темекіні қопсытуды;
- көк темекі жармасын себелеуді;
- тартылатын темекіні және көк темекіні пәшкелерге буып-түюді қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Шикізат жібекті жібітуші
Сығушы
Жазып керуші
Төсеуші
Көкөніс қоймасының жұмысшысы
Шикізатты қалаушы
Темекіні өлшеп ораушы
94 ШАҒЫН ТОП
Экономиканың барлық саласына ортақ біліктілігі жоқ жұмысшылар
Экономиканың барлық салаларына ортақ біліктілігі жоқ жұмысшылар ұйымдардың өтпе бөлмелерінде кезекшілік етеді, оларға сеніп тапсырылған объектілерді күзетеді, лифттерді басқарады және олардың түзулігін бақылайды, тауарлар мен бұйымдарды қоймалауды, оларға белгі салуды және жинақтауды жүзеге асырады, жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын орындайды, қызметтік және өндірістік тұрғын жайларды және оларға жанасатын аумақтарды жинайды, түрлі құжаттарды тағайындалған жеріне жеткізеді.
Мұндай жұмыста қарапайым қол аспаптары мен едәуір күш жұмсалады.
Осы шағын топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
ұйымдардың өтпе бөлмелерінде кезекшілік етуді; оларға сеніп
тапсырылған объектілерді күзетуді; лифттерді басқаруды және
олардың түзулігін бақылауды және оларды ұсақ жөндеумен айналысуды;
- түрлі материалдық бағалы заттарды қоймаға қабылдауды, сақтауды және қоймадан беруді;
- тауарлар мен бұйымдарға таңба салуды және оларды жинақтауды;
- жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын орындауды, қызметтік және
өндірістік тұрғын жайларды және олардың айналасындағы аумақтарды жинауды, түрлі құжаттарды тағайындалған жеріне жеткізуді және оларды өзге ұйымдардан алуды және т.б. жұмыстарды қамтиды.
941 ҚҰРАМДАС ТОП
Экономиканың барлық салаларына ортақ біліктілігі жоқ жұмысшылар
Экономиканың барлық салаларына ортақ біліктілігі жоқ жұмысшылар ұйымдардың өтпе бөлмелерінде кезекшілік етеді, оларға сеніп тапсырылған объектілерді күзетеді, лифттерді басқарады және олардың түзулігін бақылайды, тауарлар мен бұйымдарды қоймалауды, жинақтауды және оларға таңба салуды жүзеге асырады, жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын орындайды, қызметтік және өндірістік тұрғын жайларды және оларға жанасатын аумақтарды жинайды, түрлі құжаттарды тағайындалған жеріне жеткізеді.
Мұндай жұмыста қарапайым қол аспаптары қолданылады және едәуір күш жұмсалады.
Осы шағын топ жұмысшылары орындайтын міндеттер:
ұйымдардың өтпе бөлмелерінде кезекшілік етуді;
оларға сеніп тапсырылған объектілерді күзетуді; лифттерді
басқаруды және олардың түзулігін бақылауды және ұсақ жөндеумен айналысуды;
қоймаға түрлі материалдық құнды заттарды қабылдауды, сақтауды
және беруді;
- тауарлар мен бұйымдарға ілеспе құжаттарда көрсетілген саны мен атауларына қатаң түрде сәйкес келтіріп белгі басуды және жинақтауды;
- жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын орындауды, қызметтік және өндірістік тұрғын жайларды және олардың айналасындағы аумақтарды жинауды, түрлі құжаттарды тағайындалған жеріне жеткізуді және оларды өзге ұйымдардан алуды және т.б. жұмыстарды қамтиды.
9411 БАЗАЛЫҚ ТОП
Күзетшілер (вахтерлер), гардеробшылар, лифтшілер
Күзетшілер (вахтерлер), гардеробшылар, лифтшілер ұйымдардың өтпе бөлмелерінде кезекшілік етеді, оларға сеніп тапсырылған объектілерді күзетеді, ұйымның қызметкерлерінен және ұйымға келушілерден сақтауға киім, бас киім және өзге де жеке заттарды қабылдайды, лифттерді басқарады.
Олардың міндеттері:
- ұйымдардың өтпе бөлмелерінде және ойын автоматтарының залдарында кезекшілік етуді;
- күзетілетін аумаққа қызметкерлер мен келушілерді, тиісті құжаттар табыс етілген соң автокөлікті жіберуді;
- сақталатын объектінің (құлыптардың, пломбалардың орнында бар болуын, сигнализацияның, телефонның дұрыстығын) бүтіндігін тексеруді;
- ұйымның қызметкерлері мен ұйымға келушілерден жеке заттарды (киімді, бас киімді және б.) сақтауға қабылдауды және олардың бүтінділігін қамтамасыз етуді;
- лифтттерді басқаруды және олардың күйінің түзулігін бақылауды және ұсақ ақаулықтарын түзеуді;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Гардеробшы
Күзетші (вахтер)
Лифтші
9412 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қоймалаушылар, таңба басушылар, тауарларды құрастырушылар, төсеушілер, ораушылар
Қоймалаушылар, белгі басушылар, тауарларды құрастырушылар, төсеушілер, ораушылар түрлі материалдық бағалы заттарды қоймаға қабылдайды, сақтайды және береді, тауарлардың партияларын ілеспе құжаттарда көрсетілген саны мен атауларына қатаң түрде сәйкес келтіріп іріктейді және жинақтайды, тауарлар мен бұйымдарға белгі басады, оларды буып-түйеді және ыдыстарға төсеп салады.
Олардың міндеттері:
- қоймаға түрлі материалдық бағалы заттарды қабылдауды, сақтауды және қоймадан беруді, оларды ілеспе құжаттарда көрсетілген саны мен атауларға қатаң түрде сәйкес келтіріп тексеруді, оларды сақтау орындарына қолмен немесе штабелерлердің және т.б. құралдардың көмегімен тасымалдауды;
- тауарлар партияларын ілеспе құжаттарда көрсетілген саны мен атауларына қатаң түрде сәйкес іріктеуді және жинақтауды, қаптама ярлыкты, алушының биркасы мен мекен-жайын толтыруды;
- тауарлар мен бұйымдарға таңба салуды, штемпельдеуді, пломбы салуды және өзге де әдістермен қолмен және арнайы таңбалау станоктарын қолданумен ілесепе құжаттарда көрсетілген саны мен атауларына сәйкес таңбалар басуды;
- шала өнімдерді және дайын өнімді бөлшектеп өлшемдеуді, оны ыдыстарға, қаптама материалға қолмен буып-түюді, этикеткалар жабыстыру және буып-түйілген өнімге оның түрін, сұрыпын, сапасын және т.б. көрсетіп фактуралар жазуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары
Таразышы
Қоймашы
Таңбалаушы
9413 БАЗАЛЫҚ ТОП
Жүкшілер, қосалқы жұмысшылар
Жүкшілер, қосалқы жұмысшылар қолмен немесе көлік құралдарының көмегімен жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын орындайды.
Олардың міндеттері:
- жүктерді қолмен немесе көлік құралдарының көмегімен (арбашалардың, қоларбаның және т.б.) тиеуді, түсіруды немесе қойма ішінде тасымалдауды;
- үй-іші тұрмысында қолданылатын заттарды көтеріп әкелуді, тиеуді және түсіруді, ұшақтарды, кемелерді, автомашиналарды тиеуді және түсіруді;
- өндірістік уческелердегі және құрылыс алаңдарындағы және өзге де объектілердегі түрлі жүктерді тиеуді және түсіруді, қолмен немесе арбашаларда (вагонеткаларда) тасымалдауды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Жүкші
Қосалқы жұмысшы
9414 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қызметтік және өндірістік жайлар мен аумақтарды жинаушылар
Қызметтік және өндірістік жайлар мен аймақтарды жинаушылар қызметтік және өндірістік жайларды және оларға жанасатын аумақтарды қолмен немесе құралдарды қолданумен жинайды, жолдар мен тротуарлардың өтпе жерлерін қоқыстан тазалайды және оларды қар мен мұздан тазартады.
Олардың міндеттері:
- қызметтік және өндірістік жайларды жинауды, жиһаз бен құрал-жабдықтың шаңын сүртуді, әжетханаларды, гардеробтарды және көпшіліктің пайдалануындағы өзге де қоғамдық орындарды қолмен сыпыруды және жууды, жинауды және зарарсыздандыруды; жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды дайындауды;
- жолдар мен тротуарлардың өтпе жерлеріндегі қоқысты жинауды және оларды қар мен мұздан тазартуды, арықтар қазуды және оларды тазартуды, су ағатын лотоктарды тазартуды;
- мазмұны бойынша тектес жұмыстарды атқаруды қамтиды.
Осы базалық топқа енетін кәсіптердің мысалдары:
Аула сыпырушы
Аумақ жинаушы
01 ІРІЛЕНДІРІЛГЕН ТОП
Қарулы күштер
Қарулы Күштердің мүшелері – бұл қазіргі уақытта Қарулы күштерде, оның ішінде қосалқы қызмет көрсетуде еріктілік және міндеттілік негізіне қарамастан, нақты қызмет өткеріп жүрген және азаматтық қызметпен айналысуға мүмкіндіктері жоқ адамдар.
Қарулы Күштердің құрамына әскерде, флотта, авиацияда және өзге де әскер түрлерінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген адамдар, және әскери оқуға және өзге де қызметке мемлекеттік қажетттілікке орай нақты бір мезгілге шақырылған адамдар енгізіледі.
Қарулы Күштер құрамынан:
- мемлекеттік ұйымдарда азаматтық қызметтегі және қорғаныс мәселелерімен байланысты адамдар;
- салық полициясында қызметтегі адамдар;
- кеден қызметтерінің қызметкерлері;
- азаматтық әскерилендірілген қызметтердің қызметкерлері;
- мемлекеттік қажеттілікке сәйкес әскери оқуға немесе қайта оқуға уақытша қысқа мерзімге шақырылған азаматтық тұлғалар, және қазіргі кезде мерзімді қызметте жоқ, запастағы әскери қызметшілер шығарылады.
Осы шағын топтың біліктілік деңгейі әртүрлі болып келеді.
01 ШАҒЫН ТОП
Қарулы Күштер
Қарулы Күштердің мүшелері – бұл қазіргі уақытта Қарулы күштерде, оның ішінде қосалқы қызмет көрсетуде ерікті және міндеттілік негізіне қарамастан, нақты қызмет өткеріп жүрген және азаматтық қызметпен айналысуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Қарулы Күштердің құрамына әскерде, флотта, авиацияда және өзге де әскер түрлерінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген адамдар, және әскери оқуға және өзге де қызметке мемлекеттік қажеттілікке орай нақты бір мезгілге шақырылған адамдар енгізіледі.
Қарулы Күштер құрамынан:
- мемлекеттік ұйымдарда азаматтық қызметтегі және қорғаныс мәселелерімен байланысты адамдар;
- салық полициясында қызметтегі адамдар;
- кеден қызметтерінің қызметкерлері;
- азаматтық әскерилендірілген қызметтердің қызметкерлері;
- мемлекеттік қажеттілікке сәйкес әскери оқуға немесе қайта оқуға уақытша қысқа мерзімге шақырылған азаматтық тұлғалар, және қазіргі кезде мерзімді қызметте жоқ, запастағы әскери қызметшілер шығарылады.
Осы шағын топтың біліктілік деңгейі әртүрлі болып келеді.
011 ҚҰРАМДАС ТОБЫ
Қарулы Күштер
Қарулы Күштердің мүшелері – бұл қазіргі уақытта Қарулы күштерде, оның ішінде қосалқы қызмет көрсетуде ерікті және міндеттілік негізіне қарамастан, нақты қызмет өткеріп жүрген және азаматтық қызметпен айналысуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Қарулы Күштердің құрамына әскерде, флотта, авиацияда және өзге де әскер түрлерінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген адамдар, және әскери оқуға және өзге де қызметке мемлекеттік қажеттілікке орай нақты бір мезгілге шақырылған адамдар енгізіледі.
Қарулы Күштер құрамынан:
- мемлекеттік ұйымдарда азаматтық қызметтегі және қорғаныс мәселелерімен байланысты адамдар;
- салық полициясында қызметтегі адамдар;
- кеден қызметтерінің қызметкерлері;
- азаматтық әскерилендірілген қызметтердің қызметкерлері;
- мемлекеттік қажеттілікке сәйкес әскери оқуға немесе қайта оқуға уақытша қысқа мерзімге шақырылған азаматтық тұлғалар, және қазіргі кезде мерзімді қызметте жоқ, запастағы әскери қызметшілер шығарылады.
Осы шағын топтың біліктілік деңгейі әртүрлі болып келеді.
0111 БАЗАЛЫҚ ТОП
Қарулы Күштер
Қарулы Күштердің мүшелері – бұл қазіргі уақытта Қарулы күштерде, оның ішінде қосалқы қызмет көрсетуде ерікті және міндеттілік негізіне қарамастан, нақты қызмет өткеріп жүрген және азаматтық қызметпен айналысуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Қарулы Күштердің құрамына әскерде, флотта, авиацияда және өзге де әскер түрлерінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген адамдар, және әскери оқуға және өзге де қызметке мемлекеттік қажеттілікке орай нақты бір мезгілге шақырылған адамдар енгізіледі.
Қарулы Күштер құрамынан:
- мемлекеттік ұйымдарда азаматтық қызметтегі және қорғаныс мәселелерімен байланысты адамдар;
- салық полициясында қызметтегі адамдар;
- кеден қызметтерінің қызметкерлері;
- азаматтық әскерилендірілген қызметтердің қызметкерлері;
- мемлекеттік қажеттілікке сәйкес әскери оқуға немесе қайта оқуға уақытша қысқа мерзімге шақырылған азаматтық тұлғалар, және қазіргі кезде мерзімді қызметте жоқ, запастағы әскери қызметшілер шығарылады.
Осы шағын топтың біліктілік деңгейі әртүрлі болып келеді.
ӘЗІРЛЕУШІЛЕР. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы №135-б бұйрығына сәйкес құрылған, мынадай құрамдағы жұмыс тобы:
Г.Н. Әбдіхалықова -
Жұмыс тобының мүшелері:
Г.Қ. Қайсенова -
О.В. Бака -
А.Б. Дәуітова -
Р. Ж. Жүнісова -
Г.К. Исаханова -
М.С. Көзжанова -
М.С. Пазылбекова -
Н.А. Медведева -
А.А. Садықов -
А.А. Сыздықова -
Б.Т. Тілеубекова –
Л.Н. Шемякина -
Э.К. Кенебаева -
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі, жұмыс тобының жетекшісі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекке ақы төлеу департаменті директорының орынбасары, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Қаржы, бухгалтерлік есеп және кадрлар департаментінің бас маманы;
«Жұмыспен қамту проблемалары бойынша ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттен тыс қызмет пен жергілікті бюджеттік бағдарламалар мониторингі бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы;
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті нормалау бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп, ақпараттық-талдау ілеспе бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық кадрларына мониторинг жүргізу және аттестаттау бөлімінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы;
Статистикалық ақпаратты талдау және жариялау департаменті мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу басқармасы еңбекті нормалау бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы
|
Достарыңызбен бөлісу: |