Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 289,82 Kb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата24.12.2017
өлшемі289,82 Kb.
#5814
1   2   3   4   5   6

6

08.12.2017 жыл



Маман мінбері

Биылғы оқу жылында барлық білім 

беру ұйымдарында мектеп бітірушілер-

ге қорытынды аттестаттау  мен жоғары 

оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның 

жаңартылған форматы қолданысқа ен-

гізілді.

Қ

орытынды аттестаттау –бұл мемлекет-



тік бітіру емтиханы, ҰБТ – бұл жоғары 

оқу орындарына түсу емтиханы. Білім 

алушыларды  қорытынды  аттестаттау  –  тиісті 

білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға мін-

детті  стандартында  көзделген  оқу  пәндерінің 

көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау 

мақсатында жүргізіледі. 

11-сынып  оқушысы  мектепте  бес  пәннен, 

оның ішінде 4 пәннен міндетті (ана тілінен –эссе, 

екінші тіл - тестілеу, алгебра және анализ баста-

маларынан жазбаша жұмысы, Қазақстан тарихы 

пәнінен ауызша емтихан билетпен) және оқыту 

бейіні (қоғамдық-гуманитарлық бағыт және жа-

ратылыстану-математикалық  бағыт)  ескеріле 

отырып, бір таңдау пәні бойынша тест тапсыр-

маларын орындайды. Барлық емтихандар, оның 

ішінде  тестілеу  де  білім  алушының  өзі  оқитын 

мектебінде өтеді.

Ал, екінші кезең – ҰБТ. Онда білім алушыларға 

мемлекеттік білім грантын ұтып алуға мүмкіндік 

беріледі.  Түлектер    оны  жоғары  оқу  орында-

рына  барып  тапсырып,  бес  пән  бойынша    ке-

шенді  тестілеу  түрінде  емтиханнан  өтеді  (оқу 

сауаттылығы,  математикалық  сауаттылығы, 

Қазақстан  тарихы  және  екі  бейінді  пән 

мамандықтарына сәйкес). 

Мысалы, мектеп бітіруші медицина саласына 

баратын  болса,  бірінші  пәні  биология,  екінші 

пәні химия болады.

ҰБТ-ның осындай жүйесі мектеп бітірушілер-

ге  өз  жолдарын  таңдау  үшін  үлкен  мүмкіндік 

береді.


Қазіргі  таңда  мектептерде  қорытынды 

аттестаттауға  дайындық  жұмыстары  өтіп  жа-

тыр. 

А.ГАБДУЛЛИНА,

Амангелді орта мектебінің  

оқу ісі меңгерушісі

Ықпалдастырылған 

ақпараттық жүйе

 

 



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Нұрлы Жол 

- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 

арнаған Жолдауында экономиканы нығайту мен 

халықтың әл – ауқатын арттырудың міндеттерін 

белгілеп, 30 елдің қатарына кірудің жаһандық қадамы 

болып табылатын жаңа экономикалық саясатты 

анықтады.

М

емлекеттік қызмет жүйесін кәсіби жағынан жетіл-



діру  меритократия,  тиімділік,  нәтижелілік  пен 

қоғамға есеп беру қағидаларына негізделген бол-

са,  ол  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін 

және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге себеп 

болады.

Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделінің  бірі  мемлекеттік 



қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру және ол мемле-

кеттік органдарда кадрлық қызмет іс-әрекетінде «электрондық – 

үкімет» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды көздейді.

Персоналды  басқаруда  тиімді  жұмыс  жүргізу  үшін  барлық 

бағыт бойынша жүйелі тәсіл қажет. Бұл – қызметкерлерді ірік-

теу,  бейімдеу,  оқыту,  бағалау,  дамыту  және  ынталандыру  бо-

лып  табылады.  Осы  жағдайдың  барлығында  кадр  қызметтің 

нақты  есепке  алу  деректері  қажет.  Персоналды  басқару 

жұмысын  автоматтандыру  ғана  мемлекеттік  қызметшілер  мен 

лауазымдарға  үміткерлер  туралы  үлкен  көлемдегі  ақпаратты 

сақтауға және өңдеуге, кадр қызметіне жүктелген міндеттерді 

сапалы орындауға мүмкіндік береді. 

Елімізде 2011 жылы «Е-қызмет» тұжырымдамасы қабылданды. 

Жүйені  әзірлеу  2013  жылы  OR3  технологиясын  қолдана  оты-

рып басталды және бұл оған 100 пайыз қазақстандық қамтуды 

қамтамасыз  етті.  Ал  өңіріміздегі  мемлекеттік  органдарда 

«Е-қызмет»  жүйесі  2015  жылы  енгізілді.  Қазіргі  уақытта  «Е-

қызмет» барлық жергілікті атқарушы және орталық мемлекет-

тік  органдардың  аумақтық  бөлімшелерінде  штаттық  режимде 

жұмыс істейді.

Облыс бойынша «Е-қызметі» жүйесінде 394 мемлекеттік ор-

ган тіркелген, оның 355-і жергілікті атқарушы органдар болса,  

39-ы орталық атқарушы органдар. 

Қазіргі  уақытта  «Е-қызмет»  жүйесі  Президент  Әкімшілігінің, 

Жоғарғы  сот  аппаратының,  Республикалық  бюджеттің 

атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитетінің,  әділет  және 

қаржы  министрліктерінің,  Бас  прокуратураның  Құқықтық 

статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі  комитетінің 

жүйелерімен, сондай-ақ «электрондық үкімет» компоненттері-

мен ықпалдастырылған.

Аталмыш  жүйені  пайдалану  мемлекеттік  органдарда  кадр 

қызметтерінің жұмыс өнімділігін арттыруға және ақпаратты алу 

мен жаңарту кезіндегі уақыт және еңбек шығындарын азайтуға 

мүмкіндік  береді.  Жүйе  мемлекеттік  қызметшілерге  қатысты 

толық  кадрлық  ақпаратты  қамтиды.  Оның  ішіне    мемлекет-

тік  қызметкерлердің  дербес  деректері,  ұйымдастырушылық 

(кадрлық есеп), сондай-ақ кәсіби және жеке құзіреттілігі тура-

лы мәліметтер, білімі, біліктілігі, еңбек өтілі, кәсіби тәжірибесі, 

бағалау және аттестациялау нәтижелері, ротацияның жедел мо-

ниторингі, оқыту жөнінде есепке алу, курстардың мерзімі мен 

тақырыптары,  ынталандыру  туралы  және  әкімшілік,  тәртіптік 

жазалар  туралы  мәліметтер,  мемлекеттік  қызметшілердің  сы-

байлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау 

органдарының деректері кіреді.

Жобаның  маңыздылығы  мемлекеттік  қызметте  персоналды 

басқару  жүйесінің  тұтастығын  қалыптастыруда  және  мемле-

кеттік органдардағы кадр жұмысының іс-әрекетінің тиімділігін 

арттыруда  көрінеді.  Алдағы  уақытта  «Е-қызмет»  мемлекеттік 

органдардың кадрлық саясатында меритократия қағидасын та-

бысты енгізудің маңызды факторы болады деп үміттенеміз.



Н.ИЛьЯСов,

Қазақстан республикасы Мемлекеттік қызмет істері 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 

мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Жаңа тәсілдің берері мол

Шараға  прокурор  М.Ізімов, 

«Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы  төрағасының  бірін-

ші 

орынбасары 



Д.Ғазез 

прокурордың 

көмекшісі 

Қ.Ғайсин  мен  аудандық  ішкі 

істер  бөлімінің  тергеушілері 

мен  анықтаушы  Қ.Темірбай, 

М.Нұғманов,  Ғ.Дюсеғалиевтер 

қатысты.


Сот              төрағасы  

А.Дүйсенғалиев 

семинарға 

қатысушыларға    қазіргі  таңда  

республика 

соттарымен 

қылмыстық  процесті  модерни-

зациялау  және  құқық  қорғау 

қызметінің  басқа  да  аспек-

тілерін    жақсарту  мәселелері 

бойынша  Заң  жобасын    іске 

асыру  бағытында  түсіндіру 

жұмыстары жүргізіліп жатқанын 

тілге тиек етті. Сонымен қатар, 

бұйрықпен  іс  жүргізу  арқылы 

қылмыстық істерді қарау ерек-

шеліктері туралы  түсіндірді.

Өз 


кезегінде 

судья 


Ә.Теберікова  «Тергеу  судьясы, 

оның мәртебесі, өкілеттігі және 

сот  тәжірибесінде  жүзеге асы-

ру тәртібі» тақырыбына баянда-

ма жасап,  тергеу судьяларының  

өкілеттігін  кеңейту  туралы 

мәселе  қозғалды.

Аудан прокуроры М.Ізімов өз 

баяндамасында  жаңашылдық 

туралы  -  Жоғарғы  Соттың, 

Бас  прокуратураның,  Қаржы 

министрлігінің, 

Мемлекет-

тік  қызмет  істері  және  сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимыл  агенттігі  мен  Ішкі  іс-

тер  министрлігінің  Бірлескен 

бұйрығына  сәйкес  жобаның 

енгізілуі 2017 жылдың 15 тамы-

зына белгілендігін айтты. Басты 

мақсат  –  қылмыстық  сот  ісін 

жүргізуге  сандық  технология-

ларды енгізу, оның айқындығын 

арттыру, қылмыстық процестің 

мерзімін 

қысқарту, 

сон-

дай-ақ 


қағаз 

жұмыстарын 

оңтайландыру  керектігін  атап 

өтті.


Шараға  қатысушылар семи-

нарда  айтылған  жаңа  норма-

ларды  қолдану туралы өз пікір-

лерін  ортаға салды.



М.ТЕМІРҒАЛИЕвА,

Тасқала аудандық 

сотының бас маманы

Құқық қорғау 

қызметіндегі  жаңғырту 

«Нұр отан» партиясы аудандық филиалының 

ғимаратында Тасқала аудандық соты мен аудандық 

прокуратура бірігіп «Тергеу судьясы, оның мәртебесі, 

өкілеттігі және сот тәжірибесінде жүзеге асыру тәртібі» 

және «Бұйрықпен іс жүргізу арқылы қылмыстық істерді 

қарау ерекшеліктері тақырыптарында семинар өткізді.


жүктеу 289,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау