Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 289,82 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата24.12.2017
өлшемі289,82 Kb.
#5814
1   2   3   4   5   6

3

08.12.2017 жыл



Тұлға

Қызмет қызығымен...

Алматы  ауылшаруашылық  инсти-

тутын  агроном  мамандығы  бойынша 

бітіріп  шыққан  жігітке  алғашқы  еңбек 

жолын  1981  жылы  Орал  облыстық 

мемлкеттік сақтандыру басқармасында  

инспекторлықтан    бастау  бұйырады. 

Қызметіне  қызу  кіріскен  жас  маман  аз 

ғана  уақытта    көзге  түсіп,  жетістікке 

де  жетеді.  Кейін    Камен  ауданы  «Степ-

ной»  совхозының  №4  фермасының 

агрономы  қызметіне  ауысады.  1983 

жылы 

аудандағы 



«Сельхозхимия» 

өндірістік  бірлестігінің  төраға  орын-

басары,  соңынан  аталмыш  мекеменің 

төрағасы болып қызмет атқарады. Осы 

жылдар  аралығында  ұжымдағы  әрбір 

қызметкерді  кез  келген  қиындыққа 

төтеп 

беруге 


үйретіп, 

жұмысты 


ұршықша  иіреді.Берілген  тапсырманы 

уақтылы  орындап,  сенімнен  шығуды 

әдетке айналдырады. 

1992-1996 

жылдар 

аралығында 



кейіпкеріміз  «Алтын  дән»  шаруа 

қожалығының  басшысы,  содан  соң 

«Шипов 

элеваторы» 



акционерлік 

қоғамының 

директоры 

қызметін 

атқарады.  Кейіннен  аталмыш  эле-

ватор  «Тасқала  –  Дән»  ЖШС  болып 

қайта    құрылады.  Содан  бері  өткен  20 

жыл  Әлібек  Нәубетұлының  абыройлы 

еңбегін дәлелдеп келеді. 

«Бір түйір дәнде, 

бір тамшы тер бар»

Әлібек  Сәрсенбаев  басқарып  ке-

летін  «Тасқала  –  Дән»  ЖШС  бүгінде 

46  адамды  жұмыспен  қамтып  отыр. 

Халықаралық 

Қайта 


құру 

және 


Даму  банкі  ұйымдастырған  конкур-

ста  аталмыш  серіктестік  «Тасқала 

– дән» ЖШС элеваторының өндірістік-

технологиялық  зертханасын  жаңарту» 

жобасы бойынша грантқа ие болды. 

Жұмыстың  қарқынды  жүруі  үшін  де 

дәнді  қабылдау  және  сақтау  бойынша 

кәсіпорында  механизмдер  мен  түрлі 

жабдықтардан  тұратын  кешендер 

орнатылған.  Атап  айтқанда,  өндірістік 

қуаттылығы  сағатына  100  тонна  дәнді 

тазалайтын  «А-1  БИС-100»  агрегаты 

және  сағатына  50  тонна  дәнді  кеп-

тіретін  «РД-2*25»  агрегаты  жұмыс  жа-

сап  тұр.Заман  талабына  сай  жаңа  тех-

нологиялар мен жаңа әдістер назардан 

тыс қалмаған. Дән сақтайтын қоймадан 

бөлек  оның  сапасын  анықтайтын 

өндірістік-техникалық 

зертхана, 

автокөтергіш  және  қабылдауға  жата-

тын дәннің салмағын өлшейтін таразы 

да  бар.  Әлібек  Сәрсенбаев  өз  сөзінде 

серіктістіктің  негізгі  мақсатын  атап 

өтті. 

-Дәнді қабылдау, сақтау және түсіру 



бойынша  сапаны  үнемі  арттыруды 

маңызды  стратегиялық  бағыт  деп 

анықтағанбыз.  Атқарар  жұмысымыз 

осы  мақсатқа  негізделеді.  Ойға  алған 

істі  орындау  үшін  2008  жылы  сапа 

менеджменті  жүйесі  сертификатын 

алдық,- дейді 

Ауданымыздың 

экономикалық 

дамуына  өзіндік  үлесін  қосып  келе 

жатқан  кәсіпорын  әлемдік  тәжірибеге 

де 


сүйенеді. 

Себебі 


Солтүстік 

Американың 

ауылшаруашылығы 

құралдары  көрмесі  және  «Биг  Ай-

рон  Фарм»  көрмесі  шеңберінде 

ұйымдастырылған  мамандандырылған 

«Шетелдік  қатысушыларға  арналған 

бағдарламаға» 

Әлібек 

Нәубетұлы 



қатысып 

қайтқан. 

Осы 

іссапар 


кейіпкеріміздің 

кәсіби 


біліктілігін 

арттыруға  көмегін  тигізіп,  қызметіне 

деген ынтасын арттырған. 

Бұдан өзге аталмыш кәсіпорын «Па-

рыз»  республикалық  конкурсының 

әлеуметтік  жауапкершілік  жеңімпазы 

атанған. 

Бұл 


жөнінде 

Әлібек 


Нәубетұлы:  -  Аталмыш  конкурста 

«ең  жақсы  ұжымдық  шарт»  аталымы 

бойынша марапатталдық. Бұл негізінен 

қызметкерлердің  уақытпен  санаспай 

атқарған адал еңбектерінің арқасында 

келген жеңіс,-дейді. 



Ер туған жерге

Қазақ  «мал  баққанға  бітеді»  деген. 

Ерінбей еңбек еткен Әлібек мырзаның 

өмір  бойы  жиған  тәжірибесі  оны 

бүгінде  өз  ісінің  хас  шеберіне  ай-

налдырды.    Шаруашылық  саласын 

шемішкедей 

шаққан 


кейіпкеріміз 

жұмысының  жауапкершілігін  сезініп, 

агроөнеркәсіптік  кешенді  өркендету 

мен 


әртараптандыру 

мақсатында 

аянған  емес.  Жылдар  бойы  жұмсалған 

күш-жігерінің  нәтижесінде    Әлібек 

Нәубетұлы  Ұлттық  бизнес-рейтингті 

ұйымдастыру  комитетінің  «Қазақстан 

даңқы»  мен  «Ұлт  даңқы»  ордендері-

не  ие  болған.  Бұдан  өзге  ҚР  «Астанаға 

10  жыл»,  «Қазақстан  Тәуелсіздігіне  20 

жыл» және «Қазақстан мәслихаттарына 

20  жыл»  мерекелік  медальдарымен 

марапатталған. 

Қызметтің  қызығы  мен  шыжығын 

қатар  көтерген  кейіпкеріміз  бірнеше 

жылдан  бері    ауыл  тұрғындарының 

ұсынуымен  аудандық  мәслихаттың 

4,5,6-шы 

шақырылым 

депута-

ты, 


аудандық 

бюджеттік 

даму, 

қаржы 


мәселелері 

жөніндегі 

тұрақты  комиссияның  төрағасы.  Өз 

қарамағындағы  жандардан  бөлек 

ауыл  тұрғындарына  қолынан  кел-

генше  көмек  көрсетіп,  халқының 

алғысына  бөленуде.  Бірақ  ешқашан 

жасаған жақсылықтары мен көрсеткен 

көмектерін міндетсінбейді.

-  Ауыр  істен  емес,  ауыр  сөзден 

қорқу  керек  деп  ойлаймын.  Себебі 

көпшіліктің  саған  айтқан  тілегі  мен 

алғысына  жетер  дүние  жоқ.  Осы  күні 

жеткен  жетістігім  де  жұртымның 

берген  батасы  шығар,-дейді  ол  өз 

сөзінде.


Ол  -  тек  іскер  азамат  қана  емес, 

ұл  мен  қыздан  3  жиен,  3  немере  

сүйіп,  алпыстың  асқарына  шыққан 

әулеттің  ақылшысы.  Бар  ғұмырын 

ауылшаруашылығына  арнаған  еңбек 

адамының осындай өнегелі өмір жолы 

кейінгілерге үлгі болып қала бермек.

Ия,  жоқтан  бар  жасап,  азды  көпке 

айналдыра  білген  кейіпкеріміздің  әлі 

де  болса  алға  қойған  мақсаты  мен 

ойға  алған  істері  баршылық.  Олай 

болса соған жетуге Алла нәсіп еткей!



Әсемгүл БЕКЕШЕвА

Еңбегі еленген жан



Еңбек – жанның ләззаты. Еккен егінің жемісін беріп, тапқан 

дәулетің берекеге айналса одан асқан қуаныш болушы ма еді? 

Жақында асқарлы 60-тың төріне шыққан жерлесіміз Әлібек 

Сәрсенбаев – сол қуанышты басынан өткеріп, жан-тәнімен 

сезіне білген азамат.

Мерейтой


жүктеу 289,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау