Орындалған жұмыстарға есеп беру
Көкпекті ауданы бойынша 37 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 21 орта мектеп,12 негізгі мектеп, 5 бастауыш мектеп. 2016 – 2017 оқу жылында барлық білім беру мекемелерінде 4065 бала білім алуда.
Аудан бюджетінің 70%-ға жуығы, дәлірек айтсақ, 2 829 965,181 мың теңге білім беру саласына бөлінді.
Жалпыға бірдей міндетті жалпы орта білім беруді және әлеуметтік қамтылмаған отбасы балаларына білім алуға жағдай жасау үшін тұрғын саны аз, мектебі жоқ 23 елді мекеннен оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. 491 оқушы ауданның 17 мектебі мен 1 интернатына тасымалданады. Балаларды тасымалдау 14 автобуспен және 2 шағын автобуспен жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі білім беру саласы өз дамуында Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2015 – 2017 жылдарда мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және қолданысқа беру жоспарын басшылыққа алады. Аудан бойынша мектепке дейін білім беру саласында 44 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Балабақша саны – 9 , оның ішінде жеке меншік балабақша саны – 3. Шағын орталықта 1068 бала, балабақшаларда 728 бала тәрбиеленеді. 433 бала мектепалды даярлық топтарында тәрбиеленуде. Топтардың орташа толықтырылуы 25 баланы құрайды. Балалар мектепке дейінгі білім берумен 100 % қамтылған.
2016 – 2017 оқу жылында жалпы білім беру мекемелерінде 895 педагог қызмет етеді, олардың ішінде жоғары білімді - 706 мұғалім, арнаулы орта білімді - 189 мұғалім. Аудан бойынша математика, ағылшын тілі, орыс тілі пәні мұғалімдеріне деген қажеттілік әлі де сақталуда. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 26 жас маман келді. Олардың барлығы өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтылды.
Биыл ҰБТ қорытындысы аудан бойынша орташа балл - 86,5, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 баллға жоғары. Ауданның 7 мектебінен «Алтын белгі» белгісінен үміткер 11 түлектің төртеуі растап, «Алтын белгіні» иеленді.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен аудан мектептеріндегі 433 оқушыны қамтитын 54 бірінші сыныптарда жаңартылған бағдарлама енгізілді. Осыған орай 1-сыныптың 54 мұғалімі мен пән мұғалімдері, мектеп директорлары мен мектеп директорының орынбасарлары білім мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Аудан мектептерінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен Казнаковка орта мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2016 жылғы 1 қыркүйекте Болғанбаев атындағы орта мектебіне тұңғыш рет мектеп-лицей мәртебесі берілді, лицей сыныптарын ашуға жергілікті бюджеттен 4574,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қыркүйегінен Әуезов атындағы орта мектебінде спорт сыныбы ашылды, оның ашылуына жергілікті бюджеттен 821,0 мың теңге қаржы бөлінді. Көкпекті орта мектебінде облыстық «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатына бекітілген «Шығыс ұландары» кадет сыныбы ашылды, оның ашылуына жергілікті бюджеттен 1257,0 мың теңге қаржы бөлінді. Облыс мектептерінде «Мен – инженермін» жобасы бастау алды, осыған орай 1 қыркүйектен Көкпекті орта мектебінде «Зияткер» инженерлік сыныбы ашылып, оған жергілікті бюджеттен 675,0 мың теңге бөлінді. «Дәншік» балабақшасында «Ой ойна» кабинеті ашылып, оған жергілікті бюджеттен 200,0 мың теңге бөлінді.
Үштілділікті дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында аудан мектептерінде үштілділікті енгізу басталды. Үштілділік бойынша оқулықтарды сатып алуға облыс бюджетінен 13 915,0 мың теңге бөлінді. Үш тілде білім беруді сәтті жүзеге асыру мақсатында қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінің барлық 219 мұғалімі тіл меңгертудің бірыңғай әдістемесі бойынша біліктіліктерін арттырды. Үш тілде білім беруге көшу аясында мектептердің жұмыстық оқу жоспарларында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін оқытуға вариативті бөліктен бөлінетін сағат саны көбейді.
Білім беру деңгейін көтерудің негізгі бағытының бірі – дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс. 2016 жылы олимпиада, ғылыми жоба сайыстарын өткізуге жергілікті бюджеттен 3 000,0 мың теңге бөлінді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикалық сайыстар мен олимпиадаларда 10 оқушы, облыстық сайыстарда – 37 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде бастауыш және 9-11 сыныптардан 35 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық олимпиадаға 2 оқушы қатысып, 1 оқушы қазақ тілінен 3 орынды иеленді. Ғылыми жобалардың Республикалық «Зерде» сайысында 2-7 сынып оқушылары арасында Болғанбаев атындағы орта мектебінің 2 оқушысы 2 орынды иеленді. Ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінде 8-11 сынып оқушылары арасында Болғанбаев атындағы орта мектебінің 1 оқушысы физика пәнінен 2-орынға ие болды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикалық сайыстар мен олимпиадаларда 10 оқушы, облыстық сайыстарда 37 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда облыстық «Дарын» орталығы тарапынан өткізілетін зияткерлік ойындарға қатысушылар арасында жеңімпаздардың саны көбейді: қатысқан 3086 оқушының 1005-і жүлделі орындарға ие болды.
Кәсіптік бағдар кабинеттерінің жұмысын жандандыру бағытында жұмыс жалғастырылды. Аудандық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп жалпы білім беретін мектептерде 4 кәсіптік бағдар кабинеті ашылды.
Көкпекті орта мектебінде 4 шағын комплектілі мектептің 75 оқушысы үшін ресурстық орталық жұмыс істейді.
Ауданда үш қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Көкпекті және Самар ауылдарындағы екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2016-2017 оқу жылында 912 оқушы жаттықса, «Өнер мектептерінде» 547 оқушы білім алады.
2016 жылдың жаз маусымында оқушылардың 100 %-ы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылды. Қала сыртындағы лагерьлерде ауданның 570 оқушысы демалды.
Ауданның 5 мектебінде электронды білім беру жүйесі енгізілді. Көкпекті ауданының барлық мектептерінде Интернет желісінің ақпараттық ресурстары кеңінен қолданылады (17 мектепте Megaline арқылы қосылса, 17 мектепте спутниктік интернет арқылы, 5 мектеп Dial-up арқылы қосылған). Қыркүйек айынан ауданның 25 мектебі «Күнделік kz» жобасы бойынша білім беруге көшті, ол жоба бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын, бағаларын, сабақ кестесін онлайн жүйесінде көруге болады.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 1032 оқушы жергілікті бюджет қаржысы және жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды. Ас мәзіріне аптасына 600 грамм есебінен сүт және сүт өнімдері енгізілді.
Мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржы сомасы – 10 млн 250,0 мың теңге. Барлық мектеп оқушылары 100 % оқулықпен қамтылды.
Ауданның 6 білім беру ұйымында инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Қамқорлық және қорғаншылық ұйымында 48 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала есепке алынған, 9 бала патронаттық тәрбиеге берілді, оның ішінде 1 баланың өз баспанасы бар, қалған 55 бала баспана алуға кезекке қойылды.
Аудан бойынша жаңа модификациялық кабинет саны – 80, оның ішінде: физика кабинеті -22, химия кабинеті – 16, биология кабинеті – 19, лингафиондық-мультимедиялық кабинеттер – 23. 13 мектеп үшін 12896,0 мың теңгеге мультимедиялық құралдар сатып алынды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 6 мектепке жөндеу жұмысын жүргізуге, барлығы 7 жобаға қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы сомасы – 94886,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 85392,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 9494,0 мың теңге.
«Октябрь мектеп-балабақша кешені» КММ 2 – ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жүргізуге – 22525,0 мың теңге;
«Октябрь мектеп-балабақша кешені» КММ балабақша ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жүргізуге – 6500,0 мың теңге;
Аухадиев атындағы орта мектебінің шатырына ағымды жөндеу жүргізуге – 19807,0 мың теңге;
Романовка негізгі мектебінің ғимаратына ағымды жөндеу жүргізуге – 24816,0 мың теңге;
Шәріптоғай негізгі мектебінің спорт залына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 27714,0 мың теңге;
Көкпекті орта мектебінің спорт залына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 3500,0 мың теңге;
Куйбышев негізгі мектебінің шатырына ағымды жөндеу жүргізуге – 14967,0 мың теңге бөлінді.
«Шуақты Шұғыла» балабақшасының қазандығына жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен 4205,0 мың теңге бөлінді. Ауданның 3 балабақшасы мен 28 мектебінде барлығы 4050,0 мың теңгеге бейнебақылау жүйесі орнатылды. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджет қаржысынан 8484,0 мың теңгеге Миролюбовка орта мектебіне ПАЗ – 32053 автобусы сатып алынды.
Көкпекті ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы басты басымдықтың бірі – дене шынықтыру мен спорттың даму мәселесі мен салауатты өмір салтын насихаттап, жүзеге асыру. Ауданда 190 спорттық құрылғылар бар, оның ішінде 39 спорт залы, 1 ипподром, 6 жүгіру трассасы, ұлттық спорт ойындарына арналған 125 ойын алаңы, 19 хоккей қорапшасы (оның 9-ы жарықтандырылған). ОСНП бағдарламасы бойынша Көкжайық, Преображенка ауылдарында жасанды жамылғысы бар 2 шағын футбол алаңы салынды, Самар ауылында жаттығу алаңы бар 1 спорт модулі бар. Миролюбовка, Тассай, Биғаш, Белое, Мамай ауылдарында Жол картасы бойынша 5 шағын футбол алаңы салынды. «Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешеніне» 3000,0 мың теңгеге спорт құралдары сатып алынды. «Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің тесті» айлығы аясында тест қабылданды. Тестілеу 18 жастан жоғары жастағы тұрғындар арасында жүргізілді. Бұл шараға мемлекеттік ұйым қазметкерлері де тартылды: әкімдік қызметкерлері, педагогтар. Президенттік тест тапсыруға барлығы 9489 адам қатысты. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ауданда жыл сайын ат спортынан жарыстар өткізіледі. Ағымдағы жылдың наурыз айында Өскемен қаласындағы Борис Александров атындағы спорт сарайында шайбалы хоккейден «Жұлдызша – 2016» атты Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Ол чемпионатта ауданның кіші тобы облыстың қалалары мен аудандары арасында 5-орынды иеленді.
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы мақсат-міндеттері:
Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша елбасының берген тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қолдану;
Оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмысты жандандыру, 4,9,11 – сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау мен оқу жетістігін сырттай бақылауды өткізу барысында білім жетістіктерін жоғарылату бойынша жұмысты жалғастыру, түлектердің «Алтын белгі» аттестаттарын растауын қамтамасыз ету;
Үштілділікті дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру;
Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды көбейту, оның ішінде жекеменшік балабақша ашу және мемлекеттік-жекеменшік ұйымдарды ашу арқылы;
Кең жолақты интернет желісіне қосылған мектептер санын көбейту. Кең жолақты интернет желісіне қосылу сапасын жоғарылату;
Жас мамандар жәрмеңкесіне қатысып, аудан мектептеріне математика, ағылшын тілі, орыс тілі мамандарын тартып, маман қажеттілігін жою;
Халықаралық PIRLS, PISA, TIMSS зерттеулеріне дайындықтың жүйелі әрі сапалы жүргізілуін ұйымдастыру;
Балалардың құқығы мен заңды мүддесінің мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспана алуға кезекке қою жұмысын жалғастыру;
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қорын нығайту ақсатында өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;
Жалпыұлттық, патриоттық «Мәңгілік ел» идеясын оқытып, түсіндіру негізінде тәрбие жұмысын жүргізу;
Салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды, спортты насихаттау, әр жастағы тұрғындарды спортпен айналысуға тарту;
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмысқа баса назар аудару, пән олимпиадаларына сапалы дайындауға көңіл бөлу;
Жасөспірімдер арасында діни экстремизмнің, құқық бұзушылықтың, өзіне қол жұмсаудың, зорлық жасаудың алдын алу. психологиялық қызметтің өзіне қол жұмсаудың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуін қадағалау, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру;
Кәмелетке толмағандардың жыныстық дербестігі бойынша вариативті оқу курсын енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;
Инклюзивті білім беру, білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға қолжетімді жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастыру.
Білім, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мустафинова
Достарыңызбен бөлісу: |