Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) (010000 Астана қ., Сейфуллин көшесі 37, тел. 8(7172) 909119, 909030, 909228 e-mail: anticcoruption.gov.kz) бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Ұлттық бюроның Әкімшілік-құқықтық департаменті Қаржы шаруашылық басқармасының бас консультанті, В-4 санаты бойынша (1 бірлік)
В-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға келесі талаптар белгіленеді
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;
9) сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес;
10) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Пилоттық органның атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты лауазымдық жалақысы
|
min
|
max
|
В-4
|
227 238
|
296 396
|
Әкімшілік-құқықтық департаменттің Қаржы шаруашылық басқармасының бас консультанті (В-4 санаты, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттемелері: Ұлттық бюроның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру; ведомствоның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, олардың қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетілуін, өндіріс және айналым шығындарын есепке алуды, шығыстар сметаларын орындауды, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операцияларды жүргізуді ұйымдастыру; құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, жалақы бойынша есептеулерді қамтамасыз; салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге де сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеу және аудару; бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, жалақы қорын жұмсауды, ұйымның және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне жалақыны дұрыс есептеуді, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарына түгендеу жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды тексеруді, сондай-ақ аумақтық органдарда Құжаттамалық ревизияларды жүргізуді бақылау; жетіспеушіліктердің, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың заңсыз жұмсалуының, қаржы және шаруашылық заңнаманың бұзылуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасын, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды бухгалтерлік есеп шоттарынан есептен шығару заңдылығын қатаң сақтауды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа ресімдеуді және тапсыруды қамтамасыз ету; қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы балансты және жедел жиынтық есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасауды қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну және есептік ақпараттың объективтілігін қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің және Ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелерімен, ведомствоның аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасау; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: бухгалтерлік есеп және аудит; экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары бойынша. Бюджеттік және салық заңнамасын, "бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін, Азаматтық кодексті білу. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепте жұмыс тәжірибесінің болуы. Ұлттық бюроның (1С Бухгалтерия, "Қазынашылық-Клиент", Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі, "е-Қаржымині" ИААЖ "қаржылық және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру" кіші жүйесі) есептік деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды білу";
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) персоналды басқару қызметі лауазымдар санаттарын көрсете отырып куәландырған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырудан бас тартуына негіз болып табылады.
Құжаттар конкурс өтетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.
_____________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссиясы құру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны _____________________________________________________________________________
__________ _______________________________
(қойылған қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде))
20__ жылғы «____»_______________
Достарыңызбен бөлісу: |