Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды Т дыбысы мен әрпімен таныстыру;
2.Оқушылардың тіл байлығын дамыту;
3.Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, текшелер
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру
Қазір, қандай сабақ?
Сауат ашу сабағы.
ІІ Өткен сабақ
«Жапырақ жинау» ойыны:
Күз мезгілі. Күз мезгілінде ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түсе бастайды.
Дыбыс, әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады?
«Тәуелсіздік» деген сөз шықты.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті алғанымызға міне, биыл 20жыл толады. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан теңіз, әлі де берері тіпті мол.
Тәуелсіздік тірегі білімді – ұрпақ.
ІІІ Жаңа сабақ
ТЕЛЕФОН сөйлем құрау, сызбасын сызу.
Осы сөздерде ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Т дыбысы
Балалар біз бүгін жаңа дыбыс және әріп Т дыбысымен танысамыз. Т дыбысын бірігіп айту. (Т әрпін тақтаға ілу)
Т дыбысы созылып айтылмайды, кедергіге ұшырап айтылады.
Олай болса, Т дыбысы дауыссыз дыбыс.
Тт дыбысының баспа түрі газет – журналдарында жазылады. Жазба түрін 1 сыныптан бастап үйренеміз. Кісі аттары, жер, су атттары бас әріппен, кіші әрпі сөздің ортасында , соңында жазылады.
Оқулықпен жұмыс
Суреттің атын атау
ТАҚИЯ, ДӘПТЕР, ХАТ (буынғак бөлу, сөйлем құрау)
Т дыбысы сөздің қай жерінде кездесип тұр? (басында, ортасында, соңында)
Т-А байланысып ТА буынын құрайды (хормен айтқызу)
А-ТА, АТА (бірігіп оқу, мағынасын ашу, сөйлем құрау)
А-ТА сөзінде неше буын, неше дауысты дыбыс бар? (Дыбыстық талдау жасату, тақтаға орындату)
Өзіндік жұмыс
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарындаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Қайта отырып жазайық.
Дәптермен жұмыс
Тт әрпінің баспа түрін жазып үйренеміз.
Мен бірінші тақтаға қарай бір сызық сызайық, оның үстіне солдан оңға қарай сызамыз.
Т әрпін қолдарымыздағы таяқшамен құрастырайық
Тақтаға 1-2 оқушыға жазғызу
Енді Т әрпін дәптерімізге жазып үйренейік, әдемі, таза етіп салайық.
Қорыту
«Санамақ айту»
«ҚАЗАҚСТАН»
Қандай дыбыспен , әріппен таныстық?
Т дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшеменбелгілейміз?
(Балаларға көгершін тарату)
Қолдарыңдағы қандай құс? Көгершін
Бейбітшілік құсы. «Көгершін» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |