3. Негізгі жалпы білім беретін мектепте ежелгі дүние
тарихын оқыту
әдістемесінің ерекшеліктері
Тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда "Ежелігі
дүние тарихы" пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы өте зор. Оның оқу барысында
адамзатты алғашқы даму жолы, мемлекеттердің қалыптсу заңдылықтарын
әлеументтік - шаруашылық саналарындағы өзгерістердің себептерімен салдары
рухани өмірде қол жеткен табыстар т.б туралы ғылыми көзқарас қалыптасады.
Бұл пәннің тәрбиелік мәнін де үлкен .
Осыларға орай аталмыш пән біздің елімізді мектептердің 6 - сыныптан бастап
оқытылатын болды.
Қазірге
дейін қолданып келген 6-сыныпта "Ежелгі дүние тарих"
оқуылықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің
тарих оқытылғанымен , тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарасы
басылым болады. Бұл көзқарастардың ұстатқан ғылымдардың оқулықтарының
ежелгі Грекия мен ежелгі Римінің тарихы көбірек оқытылуға бас көңілін
аударады. Осы жағдай басқа халықтарының көне тарихының оқып-үйренуге
нұқсан келтіреді. Орта және орталық Азияның ежелгі халықтары мен
мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады. Сондықтан да олар туралы
мектептерде нақты білім берілмей келеді. Осы кемшілікті жою мақсаттарында бұл
оқулықтарды Орта және Орталық Азияда қалыптасып, дамуға ежелгі
бактриялықтар, ежелгі Кушан, ежелгі парфия патшалықтары туралы жеке
тақырыптар енгізіліп отыр. Бұл тақырыпта осы елдердің көптеген тарих
құбылыстарын, оқиғалаын, тарихта із қалдырған деректерін ашады. Соның ішінде
бұл патшалықтардың құрылуы, дамып гүлденуі мәдени өркендеуін,
халықтарының тұрмысы мен өмірін олардың көрші елдерімен экономикалық
сауда саттық қарым қатнастарын мәдени, байланыстары және патшалықтардың
ыдырауын жаңа жан-жақты да терең паямдайды. Сонымен қатар, Орта Азия
халықтарының парсы және грек- макендондық басқыншылыққа қарасы өз ата
мекендерін қорғаудағы жан аямас күресі де әңгіме етіледі. Сондай ақ Хетт,
Финикия, Палестина, Рим және Грекия елдері тарихы жаңа көзқарас тұрғысында
сипатталады. Бұл ежелгі дүние туралы білімді байыта түседі. Жаңа оқулықтың
ерекшелі осында.
Алтыншы сыныптың "Ежелгі дүние тарих" оқулығында оқушылардың
өздігінен оқуына лайықталған. Материяларды берілген олардың оқуы тарих
жағдайлары мен оқиғаларды терең түсінігі көмектеседі. Ескі оқулықтарды
қолданбаған. Біраз жаңа терминдер мен ұғымдар төл оқулыққа енгізілді. Олар осы
оқулықты білімдік мазмұнын тереңдете түседі.
Сонымен 6-сыныпқа арналған "Ежелгі дүние тарихы" оқулығы адамзат
дамуының өркениетке жету жолдарын, олардың артқан заңдылықтары мен
ерекшеліктерінің тарих ғылымындағы соңғы жетістіктері негізде әңгімелейді.
Орта ғасырлар тарихының мектептегі курсы шамамен V ғасырдың аяғынан бастап
XVII ғасырдың ортасына дейінгі аралықты, яғни 12 жүз жылдықты, Европа
елдерінің көпшілігінде феодалдық құрылыс үстемдік еткен кезді қамтиды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Ежелігі дүние тарихы" пәнінің атқаратын рөлі қандай?
2. Ежелгі дүние тарихының хронологиялық шегі?
3. "Тарих деректерінде қандай түрлерде болады?
4. "Алғашқы адамдар қай аймақтарда қоныстаған?
Тақырып№10: Орта ғасырлар тарихы курсының міндеттері және негізгі
мазмұны
Дәріс мақсаты: Орта ғасырлар тарихы курсының міндеттері мен негізгі
мазмұнын түсіндіру
1. Орта ғасырлар тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу
материалдары
2. Орта ғасырлар тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың
негізгі білімі, іскерліктері және дағдылары
3. Негізгі жалпы білім беретін мектепте орта ғасырлар тарихын оқыту
әдістемесінің ерекшеліктері
Орта ғасырлар тарихының курсы феодалдық құрылыстың даму кездеріне
сәйкес келетін үш бөлімге бөлінеді.
Орта ғасырлар тарихы курсының құрылымы синхрондық принципке
негізделген. Жеке елдер мен халықтардың тарихы белгілі бір кезең шеберінде
оқытылады.
Курста негізінен феодалдық қоғамдық формацияның сипаты белгілері
неғұрлым айқын әрі толық көрінген елдердің, сондай-ақ орта ғасырларда
халықаралық аренада ірі рөл атқарған немесе дүние жүзілік мәдениеттің дамуына
үлкен ықпал жасаған елдер мен халықтардың тарихы көрсетіледі. Программада
елдердің тарихындағы аса маңызды тарихи құбылыстар неғұрлым айқын әрі бас -
аяғы түгел көрінетін кезеңдерін оқыту көзделген, араптардың тарихи тек курстың
бірінші бөлімінде, Чехия - екінші, ал Аңглия- екінші үшінші бөлімдерде өтіледі
Жеке тақырыптарда көптеген елдерге тән фактілер: қолөнер мен сауданың
дамуы, Батыс Еуропадағы орта ғасырлар мәдениеті және басқалар суреттеледі.
Орта ғасырлар тарихының бірінші кезеңі .
"Феодалдық құрылыстың орнауы" деген бірінші бөлімнің бірінші міндеті -
феодализмнің туу және қалыптасу просецін, сондай- ақ феодалдық қоғамдық
формацияның IX-X ғасырларда Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінде
қалыптасқан турінде көрсету.
Алғашқы орта ғасырға тән құбылыстар: ірі жер иеленушіліктің өсуі мен
ерікті шаруаларды крепостнойға айналдыру, феодалдық поместье , натуралды
шаруашылықтың толық үстемдік етуі, қауымдас шаруалардың
крепостнойлыққа және феодалдық қанаудың күшеюіне қарсы куресуі,
алғашқы феодалдық мемлекеттердің құрылуы және кейінректегі саяси
бытыраңқылығы ашылады. Бірінші бөлімнің құрылымы осы міндеттерге сай
белгіленеді.