Аудандық білім бөлімінде 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат
Ауданда 2017 жылы 16646 оқушымен 42 жалпы білім беретін, 123 мектепке дейінгі ұйым, 4 мектептен тыс мекеме, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп, 1 жазғы тынығу лагері жұмыс жасауда. Аудан экономикасының тұрақты дамуының нәтижесінде білім саласына қаржыландыру көлемі жылдан жылға ұлғаюда. Мысалы 2016 жылы білім саласына бөлінген қаржы 6490044,0 теңгені құраса, 2017 жылы 6702220,0 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға артып отыр.
Қаржыландырудың ұлғаюына байланысты соңғы жылдары орта және мектепке дейінгі білімді дамыту аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдарының құрылысын қайта салу, ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу, олардың материалдық техникалық базасын нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.
Бүгінгі таңда 42 мектептің 38-і типтік ғимараттарда орналасқан. Яғни жалпы мектептердің 91 пайызының ғимараттары типтік сипатта.
4 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.
Биылғы оқу жылында апаттық жағдайдағы Төменарық ауылдық округіндегі №223 орта мектеп пен М.Нәлібаев ауылдық округіндегі №196 орта мектепке 300 орындық жаңа мектеп ғимараттары пайдалануға берілді.
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпанындағы №490 қаулысына сәйкес құрылысын салуға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енген №256, №162, №221, №56 орта мектептердің құрылысы басталып, алдағы 2018 жылы толықтай аяқталады деп жоспарлануда. МАИ бекетіндегі 300 орындық және Жаңарық елді 300 орындық жаңа мектептердің жоба сметалық құжаттары аудандық құрылыс бөлімі арқылы дайындалып, облыстық білім басқармасы арқылы республикалық бюджеттен тиісті қаржысы сұралуда.
Алдағы уақытта қаржы мәселесі шешілген жағдайда кезең кезеңімен жаңа мектеп құрылысы басталып, аудан оқушыларының барлығы типтік жаңа мектеп ғимараттарында білім алатын болады.
Барлық білім беру ұйымдары жай жөндеуден өтіп жаңа оқу жылына дайын, сондай-ақ аудан орталығындағы №163 орта мектептің ауласына (14млн теңгеге) толықтай абаттандыру мен жарық шамдар орнату жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2016 жылы Жаңақорған кентіндегі №3, 125, 163, 110, 51, 169 орта мектептерге (14 млн теңгеге) бейне бақылау камералары орнатылса, 2017 жылы 24 мектепке (35 млн теңгеге) орнатылды.
Бүгінгі таңдағы білім саласындағы басты бағыттардың бірі – ақпараттық технологияларды игеру және оларды дамыту болып табылады. Қазіргі таңда аудан мектептері бойынша 141 интерактивті тақта, 32 лингофонды-мультимедиялық, 6 физика, 18 химия, 14 биология және 60 әмбебап-интерактивті кабинеттері бар.
Аудан бойынша мектептердегі компьютерлер саны-1983-ке жетті. Жаңа оқу жылына инновациялық мектептер №110 мектеп-лицейіне, №195 мектеп-гимназиясына және №3 мектеп–интернатына 3 физика кабинеті (12 млн 291мың теңге) алынып, пайдалануға берілгелі отыр.
Сонмен қатар, инновациялық білім беру ұйымдарына оқушылар роботтарды компьютермен басқару жолдарын оқып үйренуге арналған 3 робототехника кабинеті (10 млн 62 мың теңгеге) пайдалануға беріледі.
Биылғы оқу жылында 11 млн 963 мың теңгеге 942 парта жаңартылды.Аудан мектептеріне 17 млн 410 мың теңгеге 113 жаңа компьютерлер пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдары 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне толығымен қосылған. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына облыс бойынша 125 мектеп, ал аудан бойынша 12 мектеп тіркеліп жұмыс жасауда, алдағы уақытта барлық мектептер электронды журнал, күнделік жүйесіне көшетін болады.
Қысқы маусымға дайындық барысы
Қысқы жылу беру маусымында білім беру ұйымдарының 41-ы автономды бу қазандықтарымен, 1 мектеп (№221) жекелеген тұрмыстық пештермен жылытылады. 42 білім беру ұйымының 26-сы қатты отын (64 млн 741 мың теңге), 11 мектеп (№3, 52, 55, 110, 161, 164, 192, 196, 223, 209, 247) сұйық отынмен (152 млн 472 мың теңге), аудан орталығындағы 5 мектеп (51, 56, 125, 163, 169) газбен жылытылады (4 млн 214 теңге). Кент орталығындағы мектептердің жылыту қазандығы газға ауыстырылғандықтан қатты отынмен жылытылатын жылыту қазандықтары №86, №166, №213, №255 мектептерге орнатылды. Сонымен қатар Ақүйік ауылдық округіндегі №55 орта мектептің жылу қазандығы толығымен қайта салынды.
Жаңақорған кентіндегі мектептерді газдандыруға байланысты
№51, №56, №125, №163, №169 орта мектептердің жылыту қазандықтарын газбен жылытуға ауыстыру жұмыстары толық аяқталды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру көрсеткіштері
Мектепке дейінгі ұйыммен толық қамтылуын 100 пайызға жеткізу мақсатында Елбасының тапсырмасымен бағдарламаның орындалуы нәтижесінде ауданымыздың барлық ауылдарында жаңа балабақшалар ашылды. Жаңақорған ауданы бойынша қазіргі таңда 123 мектепке дейінгі ұйымдар бар, оның 26-сы мемлекеттік балабақша, 76-сы – жеке меншік балабақша, 21-і шағын орталықтар, оның ішінде жекеменшік балабақшалардың үлесі басым болып отыр.
Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық кадрлардың сапалық құрамына талдау:
2016-2017 оқу жылы
|
Педагог кадрлар саны
|
жоғары білімді
|
Арнаулы
орта
|
Аяқталмаған жоғары
|
Жоғары санат
|
І санат
|
ІІ санат
|
санатсыз
|
саны
|
951
|
626
|
257
|
65
|
12
|
66
|
218
|
655
|
пайызы
|
|
65,8%
|
27%
|
6,8
|
1,2%
|
6,9%
|
22,9%
|
68,8%
|
Педагог кадрлардың сандық сапалық құрамы және оларды аттестациялау.
2016-2017 оқу жылында аудан бойынша білім беру ұйымдарында барлығы 2489 мұғалім жұмыс жасады. Барлық 2489 мұғалімнің 2352-і жоғары білімді болса, 137-і арнаулы орта білімділер.
Еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мұғалімдер саны – 192; (7,7%)
3 жылдан- 10 жылға дейінгі мұғалімдер саны - 714; (28,6%)
11 жылдан – 15 жылға дейінгі мұғалімдер саны – 401; (16,1%)
16 жылдан-20 жылға дейінгі мұғалімдер саны - 275; (11,1%)
20 жылдан жоғары мұғалімдер саны - 907-і құрап отыр. (36,4%)
Соңғы 3 жылға мұғалімдердің саны бойынша талдау жүргізсек:
2015-2016 оқу жылыда 2506 мұғалім, оның 2347-і жоғары білімді, 159-ы арнаулы орта білімді.
2014-2015 оқу жылыда 2540 мұғалім, оның 2344-і жоғары білімді, 196-ы арнаулы орта білімді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартына» сәйкес жыл сайын аттестациядан өткізіліп, педагог мамандардың сапалық құрамы артуда.
Өткен оқу жылында білім беру ұйымдарында жоғары санатты мұғалімдер саны 225 (9, %) болса, алдағы 2017-2018 жаңа оқу жылында жоғары санатты мұғалімдер саны-297 жетіп, жалпы ұстаздардың санына шаққанда 11,9 %-ды құрап, 3 пайызға өсіп отыр.
Сондай-ақ І санатты мұғалімдер саны – 1186 (47,6%) құраса , жаңа оқу жылында 1324 (53,1%)-ды құрап, 6 пайызға өсіп отыр.
Былтырғы жылы жоғары және бірінші санаты мұғалімдер саны
1411 құрап (56,6 пайыз), алдағы жаңа оқу жылында осы санаттағы мұғалімдер 1621 құрап (65,1 пайыз) 9 пайызға өсіп отыр.
ІІ санатты мұғалімдер өткен оқу жылында 702 (28,2 %) құраса, жаңа оқу жылында - 561 құрайды (22,5%), яғни 6 пайызға азайып отыр, ал санатсыз мұғалімдер саны – 376 (15,1%) болса, алдағы жаңа оқу жылында 263(10,5 %)-і құрап, 5 пайызға төмендеді.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мониторингі
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін менгеру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»жанынан ашылған ДББҰ(Дербес білім беру ұйымының) ПШО(педагогикалық шеберлік орталығы)-ның Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген бағдарлама бойынша әлемдік тәжірибе негізінде жаңа формациядағы ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт денгейіне жеткізу мақсатында білімді де білікті мамандар дайындауда. 2016-2017оқу жылы 2,5,7 сыныптармен жұмыс жасайтын 477 мұғалім курстан өтті.
№
|
Пән атауы
|
Мұғалім саны
|
1
|
Бастауыш сынып
|
87
|
2
|
Информатика
|
20
|
3
|
Орыс тілі
|
55
|
4
|
Ағылшын тілі
|
64
|
5
|
Қазақ тілі
|
60
|
6
|
Дене шынықтыру
|
63
|
7
|
Оқу ісі жөн орынбасарлары
|
20
|
8
|
Мектеп директорлары
|
20
|
9
|
Критериалды баға
Лауды енгізу бойынша аймақ координаторлары
|
44
|
10
|
Мектеп тренерлері
|
44
|
Барлығы
|
477
|
2016-2017 оқу жылы көлемінде 392 мұғалім қысқа мерзімді курстардан өткізілсе, 220-ы өз қаражаты есебінен ақылы курстардан өтті.
2017-2018 оқу жылында барлығы 800 мұғалім түрлі бағыттағы (денгейлік, жаңартылған бағдарлама бойынша,қысқа мерзімді, ақылы) біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп жоспарлануда.
Оқулықпен қамтамасыз ету
Өткен 2016-2017 оқу жылына оқулықтар сатып алуға барлығы 70300726 теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаржыға 9 баспадан («Атамұра», «Мектеп», «Арман ПВ», «Алматы кітап», «Едустрим», «Бөбек», «Білім», «Келешек», «Көкжиек» баспалары) 1, 8 сыныптар толықтай оқулықпен қамтамасыз етілді, 4 сыныпқа ағылшын пәнінен ал 9 сыныпқа «Зайырлы этика және дінтану» пәні бойынша барлығы 84638 дана оқулық сатып алынды. Ал, биылғы жаңа оқу жылына оқулықтар сатып алуға 171,089,938 теңге қаржы қарастырылып, 2,5,7 сыныптар толықтай оқулықпен қамтамасыз етілді.
2017 жылғы ҰБТ нәтижелері
Өздеріңізге белгілі 2017 жылғы ҰБТ-дің өткізілуі жаңа форматқа көшіп, яғни ҰБТ- жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалды. Жаңа формат бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылды. Міндетті пәндер: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихынан 20 сұраққа 20 балдан берілсе, бейінді пәндерден 30 сұрақтан, алғашқы
20 тапсырмасына 1 дұрыс жауаптан, кейінгі 10 тапсырмасына бірнеше дұрыс жауаптан берілді. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутты құрап, шекті балл 50 өзгеріссіз қалды. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі берілген.
2016-2017 оқу жылы барысында ҰБТ-ге жүргізілген дайындық жөнінде атап өтер болсақ:
852 бітірушінің барлығына ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізуге 39 120,0 мың тенге қаржы бөлініп, аудандық «Тау самалы» тынығу лагері базасында оқу жылы басынан 13 ауысымда барлығы 936 бітіруші дайындықтан өтті. (2016 жылдың 31-і қазанынан 2017 жылдың сәуір 30 сәуір аралығы) Яғни бітіруші түлектердің алды 2-3 мәртеден қатысып отырды. Негізгі пәндерден математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, таңдау пәндері бойынша биология, физика, химия, ағылшын тілі, әдебиет, география, дүние жүзі тарихы пәндерінен дайындық жұмыстары жүргізіліп отырды. Биылғы дайындық жұмыстарын жүргізуге жоғары оқу орнының ұстаздарымен қатар ауданның жоғары санатты мұғалімдері дәріс берді. Сынама тесттер алынып, барлық бітіруші тегін кітапшамен қамтылды. Жаңа формат бойынша мұғалімдерге облыстық және республикалық деңгейдегі курстар, семинарлар, үлгілі сабақтар өткізілді. Бітірушілер жаңа формат бойынша облыстық оқу орталықтарына қосымша сабақтарға қатысып, онлайн режимінде сынамалар тапсырып отырды. Биылғы ҰБТ нәтижелеріне тоқталып өтетін болсақ, ҰБТ нәтижесі бойынша ауданның орташа балы 79,3 құрады.
«Алтын белгіге» ұсынылған 51 оқушы болса, мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша мектепте өткізілген мемлекеттік емтиханның нәтижесінде 51-ы өз білімдерін қорғап ҰБТ ге дейін «Алтын белгіні» алды. Ал «Үздік аттестат» алған оқушы саны - 21
Жыл бойында ауданымыздың мектеп оқушылары ғылыми жобаларға, сайыстарға, байқауларға қатысып облыстық, республикалық дәрежеде 115 оқушы марапаттауларға ие болды.
Аудандық деңгейде
|
Облыстық деңгейде
|
Республикалық деңгейде
|
232
|
94
|
21
|
Ауданда жасөспірімдерге қосымша білім беруді ұйымдастыру мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды мектепте және мектептен тыс уақытта үйірмелерге тарту жұмыстары туралы
Ауданда балаларға қосымша білім беретін аудандық білім бөліміне қарасты 3 балаларға арналған өнер мектептері және балалармен мәдени –тәрбие жұмыстар орталығы бар. Сонымен бірге Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты №7, №8 спорт мектептері мен спорт клубы жұмыс жасайды.
Балаларға арналған өнер мектептері мен оқушылар орталығында 1497 жасөспірім қосымша білім алады, бұл 9,3 %-ды құрайды (былтыр- оқу жылында 1282 бала- 8,2% құраған).Спорт мектептері мен спорт клубы секцияларына 3500-нан аса жасөспірім қатысады.
Балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы
Ауданда жазғы демалыс кезінде барлық білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері 2 ауысымда 1-7 сынып оқушыларымен жұмыс жасады, қамтылған бала саны – 9030. Мұнда түске дейінгі әртүрлі сауықтыру шаралары: өнер, қолөнер, спорт, еңбек шаралары, жарыстар ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы тазалық –жөндеу және көркейту-көгалдандыру бригадалары жұмыс жасап, оған 8-10 сынып оқушылары (1700 оқушы) қамтылды. Бригадаға тартылған балалар мектеп аулаларын тазарту, сырлау, мектеп мүліктерін қалпына келтіру, ағаш түптерін ақтау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты.
Сонымен бірге, биылғы жазғы маусымда ауданда балалармен мәдени-тәрбие беру орталығында сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Тынығу және сауықтыру шаралары барысында балалар өнер , қолөнер және спорт бағыттары бойынша үйірмелерге қатысты. Іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушыларға иллюзия, қуыршақтармен жұмыс жасау және құммен сурет салу өнері көрсетіліп, көрме жұмыстары ұйымдастырылды (300 бала қамтылды). Спорт нұсқаушыларымен жүргізілген шараларға, аудан орталығындағы спорттық-комплекс және Бесарық, Әлшекей, Түгіскен өнер мектептеріндегі үйірме жұмыстарына 1500 жасөспірім қамтылды.
Ауданда білім беру ұйымдары бойынша 2-8 сыныптарда оқитын 9-14 жас аралығындағы лагерь жасындағы балалар саны- 12000. Осы жастағы балалар міндетті оқу қоры есебінен, ірі кәсіпорындардың, жеке шаруа қожалықтарының, кәсіпкерлердің, жергілікті әкімшілік органдардың қолдауымен, кәсіподақ жеңілдігімен және өз ата-аналарының есебінен сыртқы лагерлерде 2400 бала, яғни 20% демалды, оның ішінде міндетті оқу қоры және білім бөлімінің үнемделген қаржысы есебінен демалғаны-1110. Астана қаласына («ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін көру бағдарламасымен) саяхатқа- 500 бала барды. Биылғы жазғы демалыс шараларының маңыздысы балалар үшін Астана қаласына саяхат жасау болды деп ойлаймыз. Саяхатқа балалар барлық білім мекемелерінен аз қамтылған, көпбалалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан алынды. Сондай-ақ арасында жақсы оқитын, қоғамдық шара белсенділері мен олимпиада жүлдегерлері де бар. Астанада балаларды «Саят» туристік фирмасы қарсы алып, Қазақстан темір жолы колледі жатаққанасына орналастырды, онда 4 мезгіл тамақ қарастырылған. Аудандық білім бөлімі тарапынан алдын ала бағдарлама зерттелінді. Алғашқы күнгі бағдарлама «Астана- жүрегімде» деп аталады. Ол күні балалар «Астана-Байтерек», «Думан» (океанарум) комплекстерін аралап, Республиканың Ұлттық мұражайына барып, Хан-Шатырда арнайы кешкі тамақ әзірленген. Екінші күні балаларымыз күні бойы «ЭКСПО-2017» болашақтың энергиясы» комплексті сферасында болып, ғылым мен техниканың жаңа мүмкіндіктерімен танысып қайтты.
Жалпы жиынтықта аудан бойынша 2017 жылға балалардың жазғы демалыс шараларымен қамтылған бала саны-14510, бұл 95,5 пайызды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |