«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет20/27
Дата23.11.2018
өлшемі0,7 Mb.
#24141
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

экспедицияларға  қатысады,  аты  ұмыт  болған  ардагерлерді  тауып,  есімі  мен 

еңбегін қалпына келтіреді, оларға ескерткіш орнатуға қатысып, оны одан әрі 

қамқорлыққа алады, мектеп музейі мен залдарын да ұйымдастырады, соғыс, 

еңбек  ардагерлерін,  мүгедектерін  қамқорлыққа  алады.  Осы  жұмыстардың 

бәрі  оқушыларды  өмірді  шын  мәнісінде  түсінуге,  қоғамдағы  өзгерістер  мен 

жаңалықтарды бағалай білуге, осы қоғамда лайықты өмір сүріп, еңбек етуге 

тәрбиелейді. 

Жоғарыда  аталып  көрсетілген  алуан  түрлі  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

орындау  оқушыларды  белсене  әрекет  жасауға,  әр  істе  бастамашы  болуға 

тәрбиелейді. 

Сыныптан тыс жұмыстардың бірқатарының мазмұны оқытылып жатқан 

тарих  сабақтарының  мазмұнымен  тікелей  байланысты.  Мәселен,  қазақ 

халқының  сырттан  болған  шапқыншылыққа  қарсы  ерлік  күресі,  мәдениет 

тарихы,  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  тарихы,  отарлық  бұғауға 

қарсы  жүргізген  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихы  және  басқа  да  маңызды 

тақырыптардың  мазмұны  сыныптан  тыс  жұмыстардың  түрлі  формаларында 

жүргізілетін жұмыстарда қамтылып жатады. 

Мектепте оқытылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, 

ал  ол  ғылымның  аса  маңызды  салаларына  жатады.  Кез  келген  өркениетті, 

дамыған  елдер  өз  мемлекетінің  барлық  азаматтарын  тарихи  біліммен 

қаруландыруға  ұмтылады  және  де  оны  алдымен  өз  халқының,  өз  елінің 

тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір 

сүрген  қоғамдағы  орынын,  атқаратын  қызметін,  басқа  да  іс-әрекеттерін  дәл 

анықтай  алады.  Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

жанындағы  Мемлекеттік  саясат  жөніндегі  Ұлттық  Кеңес  бекіткен  1995 

жылғы 


Қазақстан 

Республикасында 

тарихи 

сана 


қалыптастыру 

тұжырымдамасын  қабылдаған  болатын.  Бұл  тұжырымдамада  оқу 

орындарында  тарихты,  әсіресе  Қазақстан  тарихын  оқытуды  алдын-ала 

межелеу  жөнінде  аса  жауапты  міндеттер  қойылған.  Ол  міндеттер  алдымен 

жалпы  білім  беретін  мектептерде  жүзеге  асады.  Өйткені  елдің  барлық 

азаматтарына  жүйелі  тарихи  білім  беретін  оқу  орны  -  мектеп.  Ол  пәңді 

оқытатын  -  тарихшы  мұғалімдер.  Сондықтан  да  университеттер  мен 

пединституттардың  тарих  факультеттерінде  болашақ  тарихшылар  4-5  жыл 

оқып,  орта  мектептің  тарихшы  мұғалімі  деген  мамандық  алады.  Осы 

факультетте  оқылатын  пәндердің  арасында  "Тарихты  оқыту  теориясы  мен 

әдістемесі" (ТОТӘ) пәнінің орны ерекше. 

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.  Тарихтан сабақтан тыс жұмыстарға  жалпы сипаттама берініз  

2.  Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың қандай түрлері бар? 

 

Тақырып№8: Тарихты оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеу 

Дәріс мақсаты: Тарихты оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің 

маңыздылығын көрсету 



 


1.  Қазақстан Республикасында мектептегі тарих курсының негізгі 

тәрбиелік міндеттері  

2.  Мектептегі тарих курсының тәрбиелік әлеуеті   

 

Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам 

баласының  ғасырлар  бойы  жинаған  тәжірибесін  баяндайды.  Ал  мектептегі 

тарих  курсына  сол  тәжірибенің  алдымен  ең  маңыздылары,  құндылары, 

ізгілері  алынады.  Әрине  мектептік  тарих  курстарында  құнсыз  тарихи 

оқиғалар  да  оқытылады.  Мәселен,  фашизм,  крест  жорықтары,  басқа  елге 

шапқыншылық  жасап,  бейбіт  халықты  қырғынға  ұшыратқан  соғыстар  т.б. 

Бірақ  мұндай  құнсыз  оқиғалар  білім,  тәрбие  ретінде  құнды,  өйткені  оларды 

оқыта  отырып  оқушыларды  келешекте  осындай  келеңсіз  оқиғаларды 

болдырмау  үшін  күресуге  дайындаймыз.  Тарих  пәні  небір  тамаша  тарихи 

фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық 

үшін  жасаған  қызметін  баяндайды,  осылардың  бәрі  олардың  жүрегіне, 

сезіміне  күшті  әсер  етеді,  адамгершілігі  жоғары,  саналы  азамат  болып 

қалыптасуына үлес қосады. 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  даму  жолына  енді  ғана  түсті,  оның 

келешегі  алда,  ол  да  жақсы  дамыған,  гүлденген  өркениетті  елдер  қатарына 

қосылады.  Мұны  жүзеге  асыратын  Қазақстанның  қазіргі  жас  азаматтары, 

мектеп  оқушылары.  Қазақстанға  жан-жақты  білімді,  осы  республикадағы 

барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның 

халықтарының  бақытты  келешегі  үшін  бар  білімі  мен  күш  жігерін  аянбай 

жұмсайтын  нағыз  отаншыл  азаматтар  керек.  Осы  міндетті  орындауға 

мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. 

Кеңес  елі  тұсында  тарих  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды 

тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, 

дүние  жүзінде  капитализмнің  құрып,  коммунистік  қоғамның  салтанат 

құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін 

жек  көру,  дінді  жек  көру  рухында  тәрбиелеу  болды.  Тәрбиенің  мұндай 

бағыттарының мүлде теріс екеңдігін өмір тәжірибесі көрсетті. Сондықтан да 

біз  қазір  (Қазақстан  мектептеріндегі)  тәрбиенің  міндеттерін  анықтағанда 

мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың 

дүниеге 

ғылыми 


көзқарсы 

қалыптастырылады, 

адамгершілікке, 

имандылыққа, 

ізгілікке 

тәрбиеленеді, 

отаншылдыққа, 

халықтарды 

құрметтеуге, сыйлауға, яғнн халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт 

ұрпақтың  еңбек  және  жауынгерлік  дәстүріне  тәрбиеленеді;  діннің  қызметін 

дұрыс  түсінуге,  оны  дұрыс  бағалауға,  бейбітшілікті  сақтауға  үлес  қосуға, 

адамзат 


жасаған 

құндылықтарды 

құрметтей 

білуге 


тәрбиеленеді; 

эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады. 

Оқушылардың  дүниеге  ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру  дегеніміз  — 

табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататып өзгерістердің де) белгілі 

бір зандалықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататын өзгерістер, 

жаңалықтар  т.б.  құдайдың  бұйрығымен,  немесе  басқа  бір  күштің  әсерінен 

емес, даму заңдылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу. Бұған 



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау