«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет21/27
Дата23.11.2018
өлшемі0,7 Mb.
#24141
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Қазақстан  тарихынан  нақты  мысалдарды  көптеп  келтіруте  болады.  Әңгіме, 

қоғамда 


болып 

жатқан 


өзгерістерді, 

жаңалықтарды 

оқушыларға 

түсіндіргеиде  мәселені  нақты  мысалдар  келтіре  отырып,  сенімді  түрде 

дәлелдеуде. 

Ежелгі  Қазақстан  тарихы  оқулығында  алғашқы  адамдардың  пайда 

болуы,  олардың  тіршілігі  мсн  тұрмысы  қарапайым  тілмен,  бірақ  жүйелі 

баяндалады. Олар топ болып жүрді, одан руға бірікті, рудан тайпаға, одан әрі 

тайпа  одақтарына  бірікті.  Сол  өзгерістердің  бәрі  қажеттіліктен,  демек  даму 

заңдылығынан  туды.  Топ  болып  жүрмесе  жыртқыш  аңдардың  шабуылына 

ұшырайтын болды, күнделікті тамақ табу үшін де топ болып жүру қажет еді. 

Туыстық  жақындығы  бар  адамдар  ғана  бірігіп  үй  салатын  болды,  мал 

жайлымдарын  біріктіріп,  оларға  иелік  етті,  оларды  бірігіп  қорғау  қажеттігі 

туды т.б. 

Қазіргі  заманғы  сурет  өнерінің  тамаша  туындыларының  түп-тамыры 

ежелгі  тас  дәуіріндегі  адамдардың  тасқа  қашап  салған  түрлі  белгілері  мен 

бейнелерінен басталады. Сол сияқты осы заманғы биіктігі 150 қабатқа дейін 

жететін  зәулім  үйлер  де  өзінің  бастауын  ежелгі  адамдар  жасаған  күркелер 

мен  жеркепелерден  алған.  Адам  баласының  қол  жеткізген  жетістіктсрінің 

бәрі тәжірибенің, сол арқылы ақыл-ойдың дамуының нәтижесі. 

Оқушылардың  дүниеге  ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру  күрделі 

жұмыс.  Осы  мәсслеге  тікелей  қатысты  тақырыптарды  алдын  ала  іріктеп, 

ондағы  ғылыми  көзқарасты  қалыптастыруға  қатысты  білім  мен  ұғымдарды 

анықтап, пайдаланылатын құралдар мен әдіс тәсілдерді белгілеп алса жұмыс 

нәтижелі болады. 

Адамгершілік  (мораль)  қоғамдық  сананың  бір  формасы.  Адамның 

қоғамдық  өмірдегі  өз  орнын  анықтауы,  еңбекке,  оқуға,  ғылымға  қатынасы, 

отбасындағы,  қызметтегі  т.б.  тәртібі,  іс-әрекеті  осының  бәрі  оның 

адамгершілік  қасиеттерінің-сапаларының  қаншалықты  дұрыс  қалыптасуына 

байланысты. Адамгершілік адамшылық дегеннен шыққан. Яғни адам барлық 

іс-әрекетінде нағыз адамшылық қасиеттерді көрсетуі тиіс. Сондықтан да қай 

заманда да, қай ел  болмасын, қай ұлт, отбасы болмасын  болашақ ұрпағына, 

жастарға,  балаларына  адамгершілік  тәрбиесін  беруге,  оның  бойына 

адамшылық  қасиеттерді  сіңіруге  ерекше  мән  берген.  Адамгершілік 

тәрбиесінің негізіне бүкіл адамзат жинақтаған, тарих тәжірибесінде сыналған 

адамшылық қасиеттер алынады. Олар: адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, 

қарапайымдылык,  сыпайгершілдік,  еңбексүйгіштік,  жолдастық,  достық, 

үлкенді, қарт адамдарды, әйелдер мен жас балаларды сыйлаушылық сияқты 

қасиеттер. 

Демек 


адамгершілік 

тәрбиесі, 

тәрбиенің 

басқа 


салаларымен, 

бағыттарымен  тығыз  байланысты.  Алдымен  дүниеге  ғылыми  көзқарасты 

қалыптастырумеи  тығыз  байланысты,  егер  дүниеге  көзқарас  дұрыс 

қалыптаспаса 

адамгершілік 

қасиеттер 

де 

дұрыс, 


немесе 

толық 


қалыптаспайды. Сондықтан да мектепте оқушыларға адамгершілік тәрбиесін 

беруге баса назар аударылады. Тәрбиенің бұл түрі оқушыда мектептегі бүкіл 

оқу-тәрбие  жұмысы  арқылы  қадыптасады.  Бұл  күрделі  жұмысқа  барлық 



пәндер үлес қосады. Өйткені жеке адамның қоғамның нағыз белсенді мүшесі 

болуы,  ондағы  оның атқаратын қызметі,  әсіресе  өзіне тапсырылған міндетті 

орындауға  асқан  жауапкершілікпен  қарауы  т.б.  бәрі  адамда  адамгершілік 

сапалардың қалыптасуына тікелей байланысты. 

Мектеп  үлкен  де  маңызды  қоғамдық  орын,  мемлекеттік  мекеме.  Оған 

өте  жауапты  жұмыс  тапсырылған.  Бұл  мекемеде  оқушыны  1  сыныптан 

бастап-ақ  адамгершілікке  тәрбиелеуге  қойылатын  талаптар  да,  оларды 

орындайтын жағдайлар да, мүмкіндіктер де бар. 

Мектепте  адамгершілікке  тәрбиелеу  жұмысы  балада  туғаннан  бастап 

отбасында  қалыптасқан  адамгершілік  қасиеттсрін  одан  әрі  жетілдіруден 

басталады.  Адамгершілік  қасиеттерді  тәрбиелей  отырып,  мектеп,  әрбір 

тәрбиеші ұстаз оқушыны теріс, жағымсыз әдетке үйір болмауға тәрбиелейді. 

Тарих  бүкіл  адамзат  жинаған  бай  тәжірибемен,  әсіресе  өркениеттілік, 

мәдениеттанушылық  дәстүрмен  таныстырады.  Тарихи  оқиғалардың,   

фактілердің,  тарихи сабақ — мектепте Қазақстан тарихын оқытудың негізгі 

формасы. 

Қазір тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі 

қолданылатып түрі. Оның да бірнеше түрі (типі) бар. Олар: оқытудың барлық 

негізгі элементтері бар нсмесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа 

тарихи  материалды  оқытып  үйретуге  арналған  сабақ;  түсіндірмелі  оқу 

сабағы; біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ; қайталау және қорытынды 

қайталау сабақтары. 

Бұған  дейінгі  айтқанымыздай,  белгілі  тарихшы  әдіскерлер  сабақтардың 

типтерін  онға  дейін  жеткізгеніне  қарамастан  біз  Қазақстан  тарихын 

оқытқанда  сабақтың  осы  негізгі  бес-алты  типін  ғана  ұсынып  отырмыз.  Бес-

алты  деп  отырған  себебіміз,  қайталау  сабақтарының  өзін  бірнеше  типке 

бөлуге  болады,  біз  олардың  екеуіне  тоқталамыз.  Сабақтардың  типтерін, 

олардың санын анықтағанда біз қазақ мектептерінің де ерекшелігін ескердік. 



 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1. 


Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырудың маңызды ролі? 

2. 


 Мектепте 

адамгершілікке  тәрбиелеу  жұмысы  қалай  жүзеге 

асырылады? 

3. 


Қазір  тарих  сабағы  оқытуды  ұйымдастыру  формаларының  маңызды 

жақтары? 



 

Тақырып№9:  Ежелгі  дүние  тарихы  курсының  міндеттері  және  негізгі 

мазмұны 

Дәріс  мақсаты:  Ежелгі  дүние  тарихы  курсының  міндеттері  мен  негізгі 

мазмұнын түсіндіру 



 

1.  Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу 

материалдары   

2.  Ежелгі дүние тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың 

негізгі білімі, іскерліктері және дағдылары   



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау