Өзін - өзі тексереін сұрақтар:1. Басқару дегеніміз не?
2.Мемлекеттік реттеу қалай анықталады.
Қолданылатын əдебиеттер:
1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы
2002.
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме:
учебник М: Риа,1998. М.
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.
4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 2004.
5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999.
6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001
Тақырып : Қазіргі басқару əдістері
2.Қарастырылатын сұрақтар:
1. Басқарудың ұйымдық-əкімшілік əдісі.
2. Басқарудың əлеуметтік-психологиялық əдісі
3.Дəрістің мақсаты: Дəріс бойынша берілген тақырыпты толықтай
қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мəлімет беру.
4.Дəріс мазмұны:
I.Ұйымдық-əкімшілік əдістер. Басқарудың ұйымдық-əкімшілік əдістері ұжымдарға жəне
солар арқылы өндіріс процестері мен кəсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал етуге
үлкен роль атқарады. Басқарудың ұйымдық-əкімшілік əдістері дегеніміз - өндіріс процесінде
қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал
жасау тəсілдерімен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады.
Ұйымдық -əкімшілік ықпал үш бағыт бойынша жасалады.
1. Басқарылатын жүйе элементтерінің арасындағы, яғни техника,
технология ж”əне өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, еңбек заттары,
еңбек құралдары мен жұмыс күші арасындағы, сондай –ақ біртұтас
өндіріс жəне еңбек процесінде əртүрлі функциялар атқаратын
қызметкерлердің еңбектегі іс-қимылдары арасындағы байланыстар мен
арақатынастарды реттеу.
2. Басқарушы жүйе ішіндегі байланыстар (қатынастар), атап айтқанда:
бөлу ұйымдық əкімшілік ықпалға ұшырайды.
3. Ұйымдық-əкімшілік ықпал жасаудың объектісі-басқаратын жəне
басқарылатын кіші жүйелер арасындағы өзрар іс-қимыл формалары
болып табылады.
Басқарудың ұйымдық-əкімшілік əдістерінің ерекшеліктері:
- ықпал етудің тура сипаты əдетте тікелей жасалады;
- бөлу ықпалы əдетте актімен рəсімделеді;
- ұйымдық-əкімшілік
əдістер
бүкіл
басқару
əдістері
жүйесін
пайдаланудың негізі болып табылады.
Ұйымдық-əкімшілік əдістердің көмегімен шешілетін міндеттердің
ерекшеліктері басқару объектісіне жасалатынықпалдың сипатын
анықтайды.Ықпал ету сипатына қарай олар 2 топқа бөлінеді:
- ұйымдық ықпал етудің тəсілдері мен əдістері;
- əкімдік ықпал етудің құралдары;
Кез-келген экономикалық жүйеде оған жүйе ретінде тəн болатын
заңдар мен заңдылықтарды қолдау үшін ұйымдық əдістер жолымен:
- кəсіпорынның кіші жүйелерін (сапа мен сан жағынан) олардың өзара
сəйкес келуі мақсатымен;
- олардың бірігуімен өзара іс-қимылының ұтымды формалары мен
əдістерін енгізуді;
- жүйе элементтері арасында ұтымды функционалдық байланыстар
ұйымдастыруды;
- жүйе бөліктері арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл мен олардың
сəйкестігін сақтауды;
- жалпы басқару жүйесін ара-тұра жетілдіріп отыруды анықтау қажет.
Басқаратын жəне басқарылатын кіші жүйелерге ұйымдық ықпал
ұжымдар
мен
жекелеген
қызметкерлердің
жұмысын
тəптіштеу
формасында жасалады. Бұл тəптіштеу ұзақ уақыт əрекет ететін əкімшілік
актілердің-Жарғылардың, Ережелердің, Қағидалардың, Нұсқаулардың
көмегімен жүзеге асырылады.
Ұйымдық жағынан тəптіштеу дегеніміз- кəсіпорынның құрамын,
оның органдары мен қызметкерлерінің функцияларын айқын белгілеуге
мүмкіндік беретін əдіс.
Ұйымдық тəптіштеу нəтижесінде сол кəсіпорында:
- ұйымдық құрылым;
- басқарудың линиялық жəне функционалдық буындар туралы жалпы
Ережелері;
- лауазымды адамдар жəне қызметтер туралы жеке ережелер жасалуы
тиіс.
II.
Əлеуметтік-экономикалық
жүйеде
басқарудың
əлеуметтік-
психологиялық əдістерінің атқаратын рөліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде
негізгі элемент-адам. (басшы, субъект). Басшының өндірістегі аса
маңызды функциясы –шешім қабылдау, ол шешімдерге жеке стильдер
ықпал жасайды.
Басшының маман екені көбінесе оның еңбек ұжымын басқаруда
əлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады.
Басшы
əлеуметтік-психологиялық
əдістердің
көмегімен
еңбек
ұжымдарына жəне жекелеген қызметкерлерге ықпал жасайды, сондықтан
да
ол
əлеуметтік-психологиялық
факторлардың
экономикалық
қатынастарға игі ықпал жасайтынын көре білуге міндетті.
Басқарудың əлеуметтік-психологиялық əдістері еңбек ұжымдарында
алда тұрған міндеттерді мейлінше тиімді шешуге жəрдемдесетін қолайлы
жəне тұрақты моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған.
Оларға жататын басқарудың əлеуметтік əдістері мыналар:
- моральдық жағынан ынталандыру əдістері;
- əлеуметтік жоспарлау əдісі;
- тəрбиелік əдістер;
- əлеуметтік бастама мен жаңашылдықты жандандыру əдістері;
- қызметкерлер арасындағы ресми жəне бейресми қатынастар
Басқарудың психологиялық əдістері:
- шағын топтарды, коллективтерді комплектілеу əдістері;
- еңбекке адамгершілік сипат беру əдістері;
- іштей құлшындыру əдістері;
- кəсіптік іріктеу жəне үйрету əдістері.
Өз қызметкерлерінің əлеуметтік белсенділігін арттыру үшін
басшы өндірістік коллективтің əлеуметтік даму жосмпарын жасай
білуге міндетті, ол кіріспе бөліктен жəне мынадай 4 бөлімнен тұрады:
- бірінші бөлім (əлеуметтік құрылымдағы өзгерістер, қызметкерлердің
біліктілігі мен білімін арттыру);
- екінші бөлім (қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен
денсаулығын сақтау);
- үшінші бөлім (қызметкерлердің əл-ауқатын арттыру жəне мəдени,
тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын жақсарту);
- төртінші бөлім қызметкерлерді тəрбиелеу, олардың еңбектегі жəне
қоғамдық белсенділігін дамыту жəне басқалары.
Қызметшілерді басқарудың мазмұнды қағидалары төмендегідей:
- əр қызметкердің өз жұмысына өз жауапкершілігін жүктеу;
- əр қызметкер тікелей кімге бағынуы керек жəне кімнен нұсқау алуы
керектігін жете білу;
Нарықтық
қатынастарының
қалыптасу
кезінде
мынадай
əлеуметтік-психологиялық аспектілерінің маңызы өте зор:
- жұмыстағы басты ынталандыру-ол қызмет жағдайынан тұрақтылығы;
- жұмыстан əкімшіліктің бастауымен босату өте сирек кездесуі керек,
себеп: ол көптеген ережелерге байланысты;
- жұмыскерлерді өз кəсіпорының жақсы қасиеттерін ұстануға тəрбиелеу.
Əлеуметтік-психологиялық
басқаруда
қызметшілерді
басқару
тиімділігін арттыруда мына факторларды ескерген жөн.
- жұмыс орнының жақсы ұйымдастырылуы;
- өндірісті кендікті тиімді жоспарлау мен пайдалану;
- жұмыскерлердің мамандықтығын жүйелі түрде арттыру;
- жұмысбастылықты тұрақты етуді қамтамасыз ету;
- əртүрлі əлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жөндеу жəне іске
асыру.
Өзін - өзі тексереін сұрақтар:
1. Ұйымдық экономикалық əдістің əсері.
2. Əлеуметтік психологиялық басқарудың қызметкерлерге əсері қандай?
Қолданылатын əдебиеттер:
1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы
2002.
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме:
учебник М: Риа,1998. М.
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |