1. Коммуникация дегеніміө не?
2. Коммуникациялық процесс қалай анықталад?
Қолданылатын əдебиеттер:
1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы
2002.
2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме:
учебник М: Риа,1998. М.
3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.
4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 2004.
5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999.
6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001
Тақырып : Қазіргі басқару əдістері
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Басқарудың экономикалық əдісі.
2. Шаруашылық механизмі.
3.Дəрістің мақсаты: Дəріс бойынша берілген тақырыпты толықтай
қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мəлімет беру.
4.Дəріс мазмұны:
I. Басқару дегеніміз – алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар
бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс. Өндірісті басқаруды
жүзеге асыру ісінде басқару əдістері жүйесінің маңызы зор. Басқару
субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау əдістері деп түсініледі.
Басқару əдістері дегеніміз – басқару процесінің маңызды элементі.
Басқарудың прогресшіл əдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер
пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғы шарты болып табылады.
Басқару əдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың
ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару əдістерін
өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа
да техникалық жəне технологиялық əдістерден ерекше етеді. Басқару əдістері
басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану
жəне еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар
жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен,
əдістер – басқару қызметінің мəні жəне негізгі мазмұны болып табылады.
Жалпы түрде алғанда, басқару əдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге
болады;
1. бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы əдістер).
2. басқару жүйесінің жекелеген бөліктеріне жататындар (шағын
ауқымдағы əдістер).
Басқарудағы əдістер:
• кəсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару
қызметінің неғұрлым нақты тəсілдеріне;
• министірліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет əдістеріне;
• түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын əдістеріне;
• белгілі бір басқару функцияларын іске асыру əдістеріне бөлінеді.
Нақты əдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл əдістерінің бəрі
шағын сипатта болады, өйткені олар қайсібір жекелеген басқару органына,
қызметкерге қатысты. Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың
практикасы үшін ең алдымен басқару əдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық
өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
Іс жүзіне басқару əдістерінің:
- өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатнастарын білдіреді);
- мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы
екендігімен);
- қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын
білдіреді);
- қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін
сан алуан түрлері қолданылады.
Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық
жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді,
соның ішінде:
- экономикалық;
- ұйымдық-əкімшілік;
- əлеуметтік-психологиялық, міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал
жасауды мақсат ететін əдістер маңызды орын алады.
Басқару əдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару
əдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге əдістердің əрбір
тобының өзіне тəн ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен
қолданылу шеңбері болады. Басқару əдістеріне талдау жасау кешенді
көзқарасты, əдістің мазмұнын, оның бағытын жəне ұйымдық формасын бөліп
көрсетуді талап етеді. Басқару əдістері өндіріске тəн объективті заңға сəйкес
келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен
басқару əдісі дегеніміз – объективті заңдардың талаптарын іске
асырудың əдісі. Басқару əдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына
байланысты. Сонымен бірге мақсатқа жету үшін əдістің жай ғана объективті
заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс
қызметкерлеріне ықпал ету əдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет,
өйткені
экономикалық
процестер
өзінен
өзі,
өндіріс
процесіне
қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару əдісі
оған түрткі болатын əсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де
сипатталады. Басқару əдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады жəне
белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды. Басқару əдісінің елеулі əдісі
оны құқықтық жағынан рəсімдеу болып табылады. Басқарудың праволық
жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік
сипатта болуынан туындайды. Басқару əдістері өндіріс пен қызметкерге
түрліше ықпал етеді. Нарық қатнастарына көшу кезеңінде өндірістегі
мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мəдениеті
мен саналылығына негізделеді.
Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару əдістерін 3 топқа:
а) материалдық себеп əдістеріне;
ə) əлеуметтік себеп əдістеріне;
б) билік ету себептері əдістеріне бөлуге болады.
Осы топтардың əрқайсысы:
- оңды себепті (ынталандыру);
- теріс себепті (жазалу, мəжбүр ету) қамтиды.
Бұл əдістер жекелеген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету əдістері
болып табылады. Тəжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды.
Мəселен, материалдық қажеттерді қанағаттандыру əлеуметтік себептер үшін
база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады.
Материалдық себептер мынадай үш түрде:
- қоғамдық;
- ұжымдық;
- жеке түрде көрінеді.
Материалдық себептерге;
- материалдық жағынан ынталандыру;
- күштеу шаралары: айып салу, өсім алу жəне басқа да материалдық
жазалар қолдану жатады.
Əлеуметік себеп құралдарының арсеналы өте зор – кең көлемді насихат
жəне үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің əр алуан формаларына дейін
жетеді. Əлеуметтік себептер оңды (материалдық көтермелеу) жəне теріс
(жазалау) болуы мүмкін. Билік ету себебі қызметкердің кез-келген жағдайда
қимыл жасауға мəжбүр ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік
мемлекеттің, қоғамның беделімен қамтамасыз етіледі жəне тиісті күштеу
тұтқалары арқылы қамтамасыз етіледі.
Ықпал ету үлгісі бойынша басқару əдістері мыналарға:
- тура немесе тікелей ықпал етуге;
- міндеттер қоюға;
- ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді.
Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-
тегжей нұсқау түрінде өкім беруі тəн. Міндет қою - сан қырлы əдіс, өйткені
міндеттердің тəптіштелу дəрежесі əртүрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі
басқарудың негізгі типі. Ынталандыратын жағждай жасау басшылықтың
мақсаттарына сай келетін жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын
жағдайда жеткізуге тиіс. Адамға жұмыста бұл əдістің мүмкіндіктері
шектеулі, ол ұзақ мерзімді перспиктиваға арналған жалпы ықпал ету əдісі
болып табылады. Халық шаруашылығының дамуының қазіргі кезеңінде
басқарудың экономикалық əдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың
экономикалық əдістерінің мазмұны еңбек жəне материал шығындарын
мейлінше аз жұмсамай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нəтижелерге
жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы
ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген
қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда,
баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал
Достарыңызбен бөлісу: |