Тарих, экономика жəне құқық факультеті «Экономика жəне менеджмент»



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет30/42
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25653
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42

Мəлімет алмасу процесінің моделі 
Жөнелтуші       тұжырымдайды немесе жөнелтеді      кодтайды каналды 
таңдайды    хабарлау       канал арқылы береді         алушы               декодтау        
идеяның түсініктілігі 
      Мəлімет  алмасу  процесінің  кезеңдерін  қарастырайық,  мəлімет 
алмасу идеяны тұжырымдаудан немесе мəліметті таңдаудан басталады. 
Бұл  кезеңде  жөнелтуші  ақпарат  алмасу  үшін  қандай  концепцияны 
басшылыққа  алу  қажет  екендігін  шешеді  де,  мұнда  ол  көптеген 
факторларды  ескереді.  Басшы  жұмыс  нəтижесін  бағалау  туралы 
мəлімет  алмасқысы  келсе,  ол  мынадай  жайтты  есте  сақтауы  тиіс: 
идеяның  мəнісі  сол,  өзінің  қарамағындағыларға  олардың  күшті  жəне 
əлсіз  жақтары  туралы  нақты  мəліметті  хабарлау,  əрі  олардың  жұмыс 
нəтижесін қалайша жақсартуға болатындығы жөнінде кеңес беру. 
       Мəліметті жөнелтуші кодтауға пайдаланатын, символ типіне 
үйлесетін каналды таңдай білуі тиіс. Каналдарға берілген сөздер мен 
жазылған материалдар, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары, 
компьютер желілері, электроникалар, пошталар, бейнетаспалар мен 
бейнеконференциялар жатады. Хабарды беру тек бір каналмен 
шектелмеуі тиіс. Көп жағдайда екі жəне одан да көп коммуникациялық 
құралдар пайдаланылады. 
       Үшінші кезеңде жөнелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін 
мəліметті береді. Жөнелтуші хабарды жібергеннен кейін алушы оны 
декодтайды. Декодтау-бұл жөнелтушінің жіберген символын 
алушының түсінігінде аудару. 
       Басшы мынаны ескеруі қажет: олардың басқа орындардан алған 
мəліметі дəл болмауы жəне алмасу барысында əр түрлі ауытқулар 
болуы мүмкін. Осыған орай кері байланысты жолға қою қажет. 
III.Басшы  көп  уақытының  көпшілік  бөлігін  əңгіме,  кеңес  өткізуге, 
тікелей  байланыс  орнатуға,  мəлімет  алмасуға  жұмсайды.  Осыған  орай 
жеке  адамдар  арасындағы  коммуникацияда  қандай  кедергілер 
болатындығын білудің айрықша маңызы бар. 
    Бірінші  қабылдауға  –  түсініп,  ұғынуға  қатысты  кедергілер. 
Адамдардың  қабылдап,  ұғынуына  алуан  түрлі  факторлар  ықпал  етеді, 
сондықтан  коммуникация  тиімділігін  кемітпес  үшін  бұларды  ескеру 
қажет.  Коммуникациялық  ахуал  басшылар  мен  бағыныштылар 
арасындағы  өзара  қарым-қатынасқа  байланысты.  Кедергілердің  өзі 
осылардың 
арасындағы 
келіспеушіліктен 
немесе 
пікір 
қайшылықтарынан туындайды. 
    Семантика  –  сөзді  жəне  айтылған  сөз  мəнін  пайдалану  əдісін 
зерттейді. 
     Екіншіден, 
байланысқа  қатыса 
отырып 
жəне 
символдарды 
пайдаланып,  мəліметтер  алмасады,  əрі  оны  түсінуге  тырысады  да, 
мұндайда сөз символын, дене қимылы мен мəліметтерді қолданады. 


     Үшіншіден,  вербалсыз  (латынша  вербалис-  ауызша,  сөздей  деген 
мағынаны білдіреді) кедергілер. Вербалсыз қатынаста сөзден басқа кез-
келген  символдар  қолданылады.  Вербалсыз  хабар  көп  жағдайда 
вербалды  хабармен  қоса  өтеді  де,  сөз  мəнін  күшейтуі  де  немесе 
өзгертуі  де  мүмкін.  Вербалсыз  қатынас  мысалына  пікір  алмасуды, 
адамның  бет-əлпетіндегі  өзгерісті,  мəселен,  күлкісін,  қабылдамау 
белгісін,  ойнақы  немесе  түнерген  қалпын,  қабылдаған  немесе 
қабылдамаған көзқарасын алуға болады. 
Төртіншіден,  нашар  кері  байланыс.  Кері  байланыс  өте  маңызды, 
өйткені 
оның 
өзі 
сіздің 
алған 
хабарыңыздың 
нақтылығын 
анықтауыңызға  мүмкіндік  береді.  Басшылар  тарапынан  жіберілген 
хабарға  қатысты  кері  байланыстың  болмауы  жеке  адамдар  арасында 
мəлімет алу тиімділігін шектейді. 
Бесіншіден,  тыңдай  білмеу.  Қарым-қатынас  тиімділігін  арттырудың 
маңызды  жағдайларының  бірі-адам  хабарды  жібергенде  де  жəне 
қабылдағанда да бірдей дəл болуы тиіс. 
       Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін 
мынадай жайттар ұсынылады:  
-  мұқият тыңдай білуге дағдылану; 
-  өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу; 
-  потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу; 
-  өзіңнің дене тұрысыңа, қимылыңа дауыс ырғағына зер салу; 
-  эмпатияға  жəне  ашық  жарқын  əңгімеге  көңіл  бөлу.  Эмпатия  бұл  адам 
басқа  адамның  сезіміне  көңіл  аудару,  əрі  өзара  пікірлескенде,  хабар 
алмасқанда қолдау, көңілді əңгімелесу; 
-  кері байланыс орнатуға тырысу, 
IV.  Ұйымдық  қарым-қатынас  кəсіпорын  қызметінің  тиімділігіне  едəуір 
ықпал  етеді,  сондықтан  да,  қандай  кедергілер  болатындығын  білудің  зор 
маңызы бар. 
    Кедергілердің бірі-хабардың бұрмалануы. Кəсіпорын ішінде мəліметтің 
бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан 
немесе  басқарушының  біреуі  хабармен  келіспегенде  болуы  мүмкін. 
Екінші  бір  себебі-  мəліметтің  екшелік  сүзілуінен,  былайша  айтқанда 
мəліметтің дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады. 
    Келесі  кедергі  мəліметтің  тым  көп  келуінен  болады.  Мұндайда  басшы 
қажетті, қажетсіз мəліметтерді өңдеуге əуестенеді.  
    Кəсіпорынның  тиімсіз  құрылымы  басшының  қойылған  міндетті 
жоспарлау жəне жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді. 
     Кəсіпорында  мəлімет  алмасуды  жақсартуға  болады,  ол  үшін  кері 
байланыс  жүйесі  құрылуы,  мəлімет  тасқыны  реттеліп  отыруы,  басқару 
əрекетінің  белсенділігі  арттырылуы,  ұсыныс  жинау  жүйесі  өрістетілуі, 
алынған  мəліметтерді  бастырып,  ұйым  ісінде  пайдалануы,  сондай-ақ 
мəлімет алу үшін қазіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс 
Өзін - өзі тексереін сұрақтар: 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау