СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
ТарМПИ-да әр жыл сайын институтішілік «Жас талап» аталатын студенттердің ғылыми жұмыстарының апталығы байқауы өтеді. Байқауды ұйымдастыру және жетекшілік ету ТарМПИ-ның ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің жетекшілігімен жүргізіледі. Байқауға ғылыми жаңашылдығы бар жұмыстар және инновациялық жобалар ұсыныла алады. Байқауға қатысушы сол жылы ТарМПИ-дың студенті болуы шарт. Байқауға барлық курс студенттері қатыса алады. Байқау комиссияларының шешімі негізінде және ректордың бұйрығымен байқау жеңімпаздарына (1-5 орындар) дипломдар және «Білімгер-зерттеуші» атағы беріледі.
Байқау барысында 1-5 орын алған студенттерге бір күнтізбелік жыл ағымында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өтетін конференциялар материалдарына ғылыми жұмыстарын тегін бастыру құқығы беріледі. 1-3 орын алған студенттердің жұмыстары СҒЗЖ Республикалық байқауына жіберіледі.
ЕГЕР СІЗ ҚОСЫМША БІЛІМ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, ОНДА ТарМПИ-ның ҚОСЫМША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ СІЗДІҢ ҚҰЗЫРЫҢЫЗДА
Қосымша педагогикалық білім факультеті институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен 2005 жылдың 29 тамызында құрылған.
Қосымша педагогикалық білім факультеті - ЖОО-ның мәдени-көпшілік және тәрбие жұмысының орталығы. Факультет мектептерде жұмыс істеуге мәдени-көпшілік, спорттық, қоғамдық-саяси және тәрбиеші кадрларды дайындайды.
Қосымша педагогикалық білім факультеті бөлімдері жеке, топ және практикалық сабақ түрінде жұмыстар ұйымдастырады.
ҚОСЫМША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
|
Максименко Владимир Семенович
Факультет деканы
|
тел.: 34-35-30
|
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН БІТІРУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАР
Оқытудың барлық кезеңінде оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және қорытындысында 3,5-тен төмен емес үлгерімінің орта баллын алған (ҮОБ), сондай-ақ бітіру жұмысын жұмысы мен мемлекеттік емтиханды «А» немесе «А-» бағаларына қорғаған және тапсырған жоғары оқу орнының бітірушісіне үздік диплом беріледі (әскери дайындықтың бағасын есептемегенде).
Диплом қосымшасына (транскрипт) оқу жоспарындағы пәндер, теориялық курста алған бағалар, практикалық пәндер, курстық жұмыстар, оқу және өндірістік тәжірибелер бойынша тапсырылған сынақтар, бітіру (диплом) жұмысының тақырыбы, мемлекеттік емтихандардың және диплом жұмысын қорғаудың бағалары қойылады.
ТАРМПИ-ДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
Педагогикалық жоғары оқу орнында тәрбие жұмысы ең маңызды орын алады, себебі мұнда болашақ мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер дайындалады.
ЖОО-дағы тәрбие жұмысының басты мақсаты - жалпыадамдық құндылықтарды құрайтын қоғамдық-мәдени акты ретіндегі сабақтан тыс уақытты алғанда оқу пәндеріне, оқу уақытына деген қатынасы ғана емес, тұлғаның өзі таңдап алған кәсібіне деген қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Егер Сіз белсенді болсаңыз, әлемді танығыңыз келсе, адамдарды көріп, өзіңізді көрсеткіңіз келсе, онда Сіздің орныңыз ТарМПИ-да, себебі осы жерде көркемөнерпаздар шығармашылығына жаппай қатысуға барлық жағдай мен мүмкіндік жасалған. Сіз өз мүмкіндігіңізді тек қана ТарМПИ-да іске асыра аласыз. Сол себептен сіз үшін студенттік өміріңіз ең бақытты кезең болады: әр түрлі ән мен би конкурстарына қатыса аласыз, қалалық және республикалық (КВН) фестивальдарға бара аласыз. КТК командасының мүшесі бола отырып, Сіз республиканың көптеген қалаларындағы ойындарға барасыз. Мүмкін, Сіз спортты ұнататын шығарсыз? Өте тамаша. Бізде керемет спорт кешендері, тамаша жаттықтырушылар бар, олар Сізге өзіңізді спорт әлемінде көрсетуіңізге көмектеседі.
Тамаша билеуге, кәсіби ән айтуға, сахнада өзіңізді еркін ұстауға, керек десеңіз, бүкіл республикаға әйгілі болуға Сізге қосымша педагогикалық мамандық факультеті көмектеседі.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Құрметті студенттер! Республикамыздың болашағы - сіздердің қолдарыңызда. Болашақ мектептің қандай болатындығы Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жұмыс істеу құштарлығыңызға байланысты. Сондықтан Сіз өз міндетіңізді толық білуіңіз керек.
ТарМПИ студенттерінің құқығы:
ҚР «Жалпы әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес күндізгі бөлімде оқитын студенттерді әскер қатарына шақыруды кейінге қалдыруға.
факультет кеңесі мүшелігіне студенттерді ұсынуға;
өз тобының өміріндегі мәселелер бойынша әкімшілік және қоғамдық ұйымдарға ұсыныс жасауға;
арнайы шәкіртақы тағайындауға кандидаттар ұсынуға.
ТарМПИ студенті міндетті:
өзі таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімді, практикалық дағдыны және зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін игеруге;
өзі таңдаған мамандығы бойынша белгіленген уақытта оқу жоспарын орындауға;
оқу сабақтарына қатысуға және белгіленген уақытта оқу жоспары мен бағдарламада қарастырылған тапсырмалардың барлығын орындауға;
өзінің практикалық дайындығын жақсарту үшін еңбек етуге, өз мамандығының бейімі бойынша жұмысшы мамандығын игеруге, кәсіби практикалардың тапсырмалары мен бағдарламаларын орындауға;
болашақ маман ретінде студенттің дайындық сапасын көтеруге ықпал ететін кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына, студенттердің ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысына, олимпиадаларға, ғылыми-техникалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуға;
өз мәдени дәрежесін көтерумен айналысуға, Қазақстан Республикасы мен өз қаласының тарихын, әлем және отандық мәдениетті, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін, этика мен эстетиканы оқуға.
«СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ» ТҰРАТЫН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Білімгерлер үйінде тұратын білім алушыларға сабаққа дайындалуға, демалуға, мәдени-тәрбие және көпшілік спорт жұмыстарына қажетті барлық жағдай жасалған.
Студенттер үйінде тұратындардың құқығы:
Студенттер үйінің оқу және мәдени-тұрмыс бөлмелерін, құрал-жабдықтарды, мүліктерді пайдалануға;
өз уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізуі немесе құрал-жабдықтарды, мүлікті, төсек-орынды ауыстыруды, тұрмыстық қамтамасыз етудегі ақауларды жоюды талап етуге;
«Студенттер үйінің» студенттер кеңесін сайлауға және оның құрамына өзін сайлауға;
«Студенттер үйінде» тұратындардың тұрғын үй-тұрмыс жағдайын тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыруды, жатын бөлмелерді безендендіруді жетілдіру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін білімгерлер Кеңесіне қатысуға;
Студенттер үйінде тұратындардың міндеттері:
Студенттер үйінің ішкі тәртібін, электр приборларын қолдануда техника қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтауға, электр энергиясы мен суды үнемді пайдалануға;
ЖОО-ң меншігіне ұқыпты қарауға, жатын және қоғамдық тұтыну бөлмелерінде тазалық сақтауға, жатын бөлмелерді күн сайын тазалауға;
Студенттер үйінде төсек-орынды пайдаланғаны және ақылы түрдегі басқа қызмет көрсету түрлері үшін төленетін ақыны өз уақытында төлеуге.
Студенттер үйінен шығару келесі жағдайда жүргізіледі:
академиялық үлгермеуіне немесе ЖОО бітіргеніне байланысты институттан шығарылған жағдайда;
Білімгерлер үйінде тұру ішкі тәртібінің ережелерін бұзған жағдайда.
Келісу парағы
Қызметі
|
Аты-жөні, тегі
|
Қолы
|
Мерзімі
|
Келісілді:
|
Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
|
Алимбаева С.Қ.
|
|
|
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры
|
Мажибаев А.К.
|
|
|
Әзірленді:
|
Тіркеуші офисінің директоры
|
Бейсов Н.Қ.
|
|
|
Тіркеу секторының меңгерушісі
|
Бахманбетова А.Д..
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |