Экономикалық өсу және нарық экономикасының циклділігі Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі



жүктеу 49,6 Kb.
Дата14.05.2020
өлшемі49,6 Kb.
#30424
13.05 Микроэкономика және макроэкономика

Экономикалық өсу және нарық экономикасының циклділігі

Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі

Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесін шешу қоғамның барлық әр түрлі мүшелері арасында әр алуан тауарлар мен олардың теңдестіріліп таралуын құру үшін шектеулі өндірістік қорларды қолдану әдісін ғылыми негізделген таңдау арқылы қарастырады.

Теңдестік бұл жерде мынадай пропорционалды жиынтықтарды көрсетеді:

  • а) өндіріс пен тұтыну;
  • б) қорлар мен олардын қолданылуы;
  • в) сұраныс пен ұсыныс;
  • г) өндірістің факторлары мен олардың нәтижелері;
  • д) материалдық-заттай және қаржылық қорлар.
  • Тепе-теңдік нарығы жартылай, жалпы және нақты болып бөлінеді.

    Жартылай тепе-теңдік — бұл жеке тауарлы нарықтағы тепе теңдікті білдіреді.

    Жалпы тепе теңдік — бұл еркін бәсеке заңы негізінде тұрғызылған барлық нарықтық үрдістер арқылы қалыптасқан біртұтас өзара байланысқан жүйе ретіндегі тепе-теңдік.

    Нақты макроэкономикалық тепе-теңдік — бұл нарықтағы жетілмеген бәсекелестік жағдайында және нарыққа сыртқы фактордың ықпалы болғанда қалыптастырылатын тепе-теңдік.

Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен жинақтаудың кейнсшілдік талдауы.

Кейнс теориясындағы барлық кіріс тұтыну мен жинаққа таратылады. Бұл жағдайда тұтыну халық өздеріне қажетті заттарды бөлу үшін және де қолайлы жағдайлар жасауға шығындаған ақша болып саналады.Тұтынушылықтағы басымдылық әр мемлекетте әр түрлі. Бір отбасы үшін шығындалған қаражаттарды ортақ топтарға бөліп тастауымыз мүмкін. Олар: тамақтану, киім-кешек, мекен-жай, көлік, медицина, білім алу.

Әр елдің тұтынудағы басымдылығы бірнеше факторларға байланысты:

1. Жанұяның табыс деңгейіне байланысты.

2. Тұтынылған заттардың тегін немесе ақылы болуы.

3. Нарықтың тауарлармен мол қамтамасыз етілуі.

4. «Мәртебелі тауарларды» халықтың түсіну мүмкіншілігі және т.б.

Тұтыну мен пайданың байланыстылығы тұтыну функциясы арқылы тұтынушы шығындарының әр қайсысына бар пайданың жеке-жеке жоспарланған және ынталанған деңгейін есептеп білу.

Тұтыну мен жинаққа мыналар әсер етеді:

1. Экономикалық жай-күйдің тұрақты болмауы және инфляцияның болуы. Бұлар тұтынуды арттырып, жинақтың азаюына әкеледі.

2. Салық өсуінің негізінде тұтыну мен жинақтың қысқаруы мүмкін.

3. Баганың өсуі тұтыну мен жинақтың кысқаруына әкеледі.

4. Әлеуметтік сақтандырудағы бөлектеудің өсуі жинақтың қысқаруына ықпал етеді.

5. Тұтынудың өсуіне талан-тараждық сұраныстың туындауы үлкен әсер етеді.

6. Нарықта ұсыныстардың көбеюі жинақтың қысқаруына әкеледі.

7. Кірістің өсуі тұтыну мен жинақтаудың өсуіне әкеледі.

Инвестиция және жинақтау: тепе-теңдік мәселелері.

Жинақ дегеніміз ағымдағы өндірістік және тұтынушылық мұқтаждықтарға жұмсалмаған қолданымдағы табыстың бір бөлігінің жинағы. Экономистер жинақтарды инвестициялаумен байланысты экономикалық үдеріс ретінде қарастырады.

Жинақтарды фирмалар да, үй шаруашылығы да жасайды. Фирмалар инвестициялауды өндірісті кеңейту және табысты ұлғайту үшін жинақтайды.

Инвестициялар дегеніміз жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдары мен заттарды енгізуге байланысты өндірісті кеңейту және жаңарту мақсатында жасалады.

Инвестиция көздері:

1. Кәсіпорын қаражаты (өзіндік және қарызга алынған).

2. Мемлекеттік капиталдық инвестициялар.

Инвестициялар мөлшері мен динамикасы үш факторға жіктеледі: кәсіпорындық табыстар мен шығындарға және күтулерге байланысты.

Көптеген жылдар бойы өтелетін қаражаттар инвестициясы туралы мәселені шешкенде келесі шарттарды есепке алу керек:

1. Жаңа инвестициялар есебінен алынған жаңа өнімдерге сұраныстың өзгеруі.

2. Инвестициялар шығындарына әсер ететін пайыздық бағамдар мен салықтар мөлшерлері.

3. Сұраныс ауытқуларын анықтайтын саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер.

4. Қоғамдағы инфляциялық үрдістер.

Инвестиция - фирманың негізгі капиталын (зауыттар мен машиналар), сондай-ақ тауар қорын ұлғайтуға жұмсайтын шығындары. Инвестиция мөлшері күтілетін пайда нормасы мен пайыз қойылымына тәуелді болады. Сондай-ақ, инвестициялық сұранысқа құрал-жабдықтарды және негізгі капиталды сатып алуға жұмсалатын шығындар, бизнес салығы, ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі әсер етеді.

Негізгі қорларға салынатын инвестициялар пайыз бағамын төмендеткен кезде көтеріледі, ал төменгі пайыздың бағамы капитал бірлігіне қатысты шығындарды азайтады, сондықтан капиталды иемденуді көбірек ұтымды етеді. Жалпы және таза инвестициялар түрі болады. Жалпы инвестиция - арнайы кәсіпорынға ақшалай қаражатгы салу. Жалпы инвестициядан өтелімді (амортизацияны) алып тастаса - таза инвестиция қалады.


жүктеу 49,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау