Тарау. Құрылыс материалдарының топтамасы және қасиеттері Құрылыс материалдарының топтамасы


Құрылыс материалдарының механикалық қасиеттері



жүктеу 0,59 Mb.
бет15/22
Дата04.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#31487
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
1 -ші тарау

1.3 Құрылыс материалдарының механикалық қасиеттері

Механикалық қасиеттері материалдардың сыртқы күштерге – материалда деформациялар мен ішкі кернеулер тудыратын жүктемелерге қарсыласуын сипаттайды.

Жүктемелер статикалық (тұрақты әсер етуші жүктер қондырғылардан, конструкциялардан, жиһаздан, адамдардан т.б. пайда болады. Бұл жүктерге азаматтық және өндірістік ғимараттар есептеледі) және динамикалық (шұғыл әсер етуші және инерция күштерін тудырушы жүктер табиғи апаттардан, жарылыстар мен соққылардан т.б. туындайды) болып бөлінеді.

Құрылыс материалдарының деформациялық қасиеттері массасы тұрақты материалдың пішіні мен өлшемдерінің өзгеру қабілетін сипаттайды.

Деформация сыртқы күштер мен ішкі факторлар әсерінен материалдың пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі. Деформация материалды құрайтын бөлшектердің (атомдар, молекулалар) жақындасуы немесе шығарылуынан болады.

Жүктеменгі алғаннан кейін деформацияның сақталуына немесе жойылуына байланысты деформация екі топқа бөлінеді:

-қайтарымды деформациялар жүктемені алғаннан кейін жойылады, өлшемдер мен пішін толық қалпына келеді. Серпімді деформациялар жүктемені алған сәтте жойылады. Эластикалық деформациялар белгілі уақыт аралығында жойылады.

-қайтарымсыз немесе созымды деформациялар, жүкті алғаннан кейін толық немесе бір бөлігі сақталады.

«Кернеу-салыстырмалы деформация» тәуелділігін график түрінде көрсетуге болады ( 1.- сурет)



1.4-сурет. Материалдардың созылу диаграммасы: 1-болат (созымды материал), 2- бетон (морт материал)

Серпімді деформациялар аймағы (сызықтық тәуелділік) серпімділік модулімен, Е (Юнг модулі) сипатталады. Серпімділік модулі материалдың қатаңдығының өлшемі болып табылады, атом аралық байланыс энергиясы неғұрлым көп болса, серпімділіук модулі соғұрлым үлкен.
1.1-кесте. Материалдардың серпімділік сипаттамалары


Материал

Серпімділік модулі, 103 МПа

Бадқу температурасы, °С

Темір

211

1539

Қорғасын

15

327

Полистирол

2

100

Каучук

0,02

300

Қирау сәтіндегі деформацияларының шамасына қарай материалдар деформациясы байқалмайтын морт (бетон, керамика, тас материалдар) және деформациясы едәуір созымды (болат, ағаш, пластмассалар) болып бөлінеді.

Деформациялардың сипаты мен шамасы жүктеу жылдамдығына, материалдың ылғалдылығы мен температурасына тәуелді болады. Көп жағдайда жүктеу жылдамдығының артуы және материал температурасының төмендеуі кезінде деформация сипаты бойынша серпімді созымды күйге жуықтайды. Мысалы битумның температурасы төмендегенде созымдылығы кемиді, теріс температураларда ол морт материал сияқты қирайды. Бұл құбылыс болатқа да тән.

Серпімділік, созымдылық, эластикалық, морттық, аққыштық, жылжу материалдың деформативтік қасиеттерін анықтайды.




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау