Тарау. Құрылыс материалдарының топтамасы және қасиеттері Құрылыс материалдарының топтамасы



жүктеу 0,59 Mb.
бет13/22
Дата04.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#31487
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
1 -ші тарау

Жылу әсеріне тұрақтылық материалдың қайталамалы шұғыл жылулық өзгерістерді қирамай қабылдау қабілеті.

Жылу әсеріне тұрақтылық материалды әуелі қыздырып қайтадан шұғыл салқындатқанда шытынамайтын температура шамасымен бағаланады.

Материалдың жылу әсеріне тұрақтылығы оның біркелкілігі мен әрбір компонентінің жылулық ұлғаюына (температуралық ұлғаю коэффициенттерінің айырмасына) тәуелді болады. Неғұрлым төмен және біркелкілік жоғары болса жылу әсеріне тұрақтылық жоғары, яғни материал үлкен температуралық айырма мен көбірек цикл санын қабылдай алады. Мысалы, көрсеткішінің айырмашылығына байланысты кварцтың кварцтық шыныға қарағанда жылу әсеріне тұрақтылығы төмен.

Материалдың өрт сөндіру кезінде қирау себебі жылу әсеріне тұрақтылығының жеткіліксіз дәрежеде болуына байланысты (шыны, бетон). Граниттің жылу әсеріне тұрақтылығы төмен, себебі оның құрамында кварц минералы бар. Қыздырған кезде (575°С және одан жоғары) кварц көлемдік өзгеріспен полиморфтық түрленуге ұшырайды.



Отқа төзімділік материалдың өрт кезінде белгілі уақыт аралығында оттың әсеріне беріктігін аса төмендетпей және үлкен шамада деформацияланбай қарсы тұру қабілеті.

Барлық материалдар өрт қауіптілік дәрежесі бойынша жанбайтын, қиын жанатын және жанатын болып бөлінеді.

Жанбайтын материалдарға бейорганикалық материалдар жатады: табиғи тас материалдар, минералды байланыстырғыш заттар негізіндегі бетондар мен басқа материалдар, керамикалық материалдар, болат, минералды мақта т.б.

Қиын жанатын материалдар от немесе жоғары температура әсерінен қиын жанады, бықсиды және көмірленеді, бірақ от әсері тоқтаған соң жану және бықсу тоқтайды. Қиын жанатын материалдарға мыналар жатады: органоминералды материалдар (асфальтбетон, цементті-жаңқалы тақталар, фибролит); арнайы полимерлер негізіндегі пластмассалар (поливинилхлорид, перхлорвинил, кремний органикалыық полимерлер, политет-рафторэтилен (тефлон)), антипиренмен өңделген ағаш.

Жанатын материалдар от немесе жоғары температура әсерінен жанатын немесе тұтанатын органикалық материалдар. Олар от көзін алып тасталғаннан кейін де жана береді (ағаш, битум, көптеген полимерлер).

Жанатын материалдарды жанудан қорғау керек. Қорғау үшін өрт кезінде от әсерінің тікелей материалға тиюін болдырмайтын конструктивтік шаралар, материалды отқа төзімді заттармен (антипирен) қанықтыру кеңінен қолданылады.

Барлық жанбайтын материалдарды отқа төзімді деп санауға болмайды. Кейбір отқа жанбайтын материалдар өрт кезінде шытынайды (гранит) немесе күшті деформацияланады (металл, шыны). Мұндай конструкцияларды отқа төзімділігі жоғары материалдармен қорғау керек.

Отқа төзімділік барлық құрылыс материалдарының маңызды қасиеті.

Материалдың отқа төзімділік шегі жүк көтеру қабілетін немесе беріктігін жоғалтпай от әсеріне қарсыласу уақытының ұзақтығы. Металл конструкциялар үшін 0,5 сағат, темірбетон 1...2 сағат, бетон 2...5 сағат.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау