Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы
(3-4 сыныптар)
Қолданған әдебиеттер:
1.Бастауыш мектеп 1995-1996жж
2.Қазақ тілі 3-4 сыныптар 1997ж
3.Балдырған журналы 1996-1997жж
4.Айгөлек журналы 1998ж
41
3-4 сыныптарға арналған диктанттар жинағы
КІРІСПЕ
Сауатты жазу, әдетте, бастауыш кластардан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ – сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.
Жинақ бағдарлама мен «Қазақ тілі» оқулықтары негізінде түзіліп, қазақ тілін білуге қойылатын тиісті талаптарды орыс мектебінің оқушылары қандай дәрежеде меңгергендерін айқындауды және білгендерін пысықтап, тиянақтауды мақсат етеді.
«Диктант» оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол – мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік алады.
Диктанттың түрі көп. Оның ең күрделісі – бақылау диктанты. Бұл арнаулы дәптерге жазылып, бағасы журналға қойылады. Оған арнайы сағат бөлінеді. Ал қалған түрлері жалпылама үйрету диктанттары делінеді. Үйрету диктанттары сабақ жоспарында белгіленіп, кейде бір сабақ үстінде олардың екі түрін де жүргізуге болады.
1.Оқушылардың білімін анықтауғ арналған тест.
1.Негізгі түбір сөзді табыңдар.
Балықшы мал құстар атасы
2.Туынды түбір сөзді табыңдар.
Сырға түнгі шырша өзені
3.Жалқы есімді табыңдар
Көл Қаракемер күзгі жазушы
4.Қосымшалы сөзді табыңдар
Сыртқы терек орманшы көңіл
5.Ұяң дауыссыз дыбысты табыңдар
А у з р в ф с
6.Қатаң дауыссыз дыбысты табыңдар.
Г о ф д ц м ч н щ
7.Біріккен сөзді табыңдар.
Халық Алатау теңіз балық
8.Қос сөзді табыңдар.
Жолда бесалты әкңем өсіп
9.Қысқарған сөздер.
Көлік мм Дәурен мыс
10.Зат есімді табыңдар.
Жайылды жасыл астық қозғалды.
11.Ілік септікте тұрған сөздерді табыңдар.
Тауда түйелер қасқырдың дүрбімен
12.Барыс септікте тұрған сөздерді табыңдар.
Кесе етігін құстарға досы.
13.Шығыс септіктегі тұрған сөздерді табыңдар.
Бақша ауылдан шанаға жүн
14.Тәуелдеулі сөзді табыңдар.
Ағасы аспазшы қырағы шынтақ
15.Тәуелдеулі зат есімдерді табыңдар.Септік
жалғауларының астын сызыңдар.
Інісінің түйме жағасы кезекші
40
Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар
Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екені (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.
Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.
Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тындап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді.
Мұғалім тексті ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.
Диктант жазылып болған соң мұғалім тексті тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын
мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған
сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырады.
Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.
3
Астана қаласының елтаңбасы
Үлке қалалардың өз елтаңбасы болады.Елтаңбаны суретшілер,сәулетшілер жасайды. Астана қаласы елтаңбасының авторы-сәулетші Салауат Дембай. Елтаңбаның өзіндік мазмұны болады. Мысалы, Астана елтаңбасында бейнеленген қалқан-бейбітшілік пен тәуелсіздікті білдіреді. Елтаңбаның түсі-көгілдір. Жаңа астана Есіл өзенінің жағасында орналасқандықтан, елтаңбада су толқындары бар.Оның жоғары жағында қала қорғаны бар. Қорғанның қақпасында шаңырақтың суреті бар. Ол береке, ынтымақты білдіреді. Елтаңбадағы екі барыс пен алтын киімді жауынгер-тарихи рәміздер. Ал 14 жұлдыз-Қазақстанның 14 облысын білдіреді. (73 сөз)
Жазылуы қиын сөздер:тәуелсіздікті,авторы.
«Елтаңба»деген сөзді жіктеп жазыңдар.
Әміре-әншіліктің ақыны.
Табиғатынан Әміре әнші еді.Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді.Оның балалық шағы Дегелең тауының етегіндегі Тоқырауын өзенінің жағасында өтті. Бұл ән мен күйге бай өңір еді.Әміренің үлкен атасы Жанай әнші болған. Ел қариялары Әміреге ән салдырады.Оны сүйсіне тыңдап, жас әншіге баталарын береді.
Әміренің үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. Халқымыздың әндері Әміредей асыл жүректі әншілер арқылы бізге жетіп отыр.(68сөз )
Жазылуы қиын сөздер.табиғатыныа,етегіндегі.
1.Мәтіннен құрмалас сөйлемді табыңдар.Оны жай сөйлемге айналдырып жазыңдар.
38
Мазмұндама
Күрішті ылғалы мол жерге егеді.Көгі жиырма сантиметр болған кезде,егістікке су көлдетеді.
Күріш суда қалай өседі,өйткені оның тамыры үшін ауа қажет. Қой деген сұрақ туады.Мұны байқап көрсек,күріш өсімдігінің тамырында ауа арнайы саңылаулар болады екен.
Кейде арнаулы жерлерге көшет өсіреді.Оны егістікке көшіріп отырғызады..Бір ғана алқаптан екі немесе үш өнім алуға болады.
Күріш дәні жабысқан қатты қауызбен қапталған.Оны осы қауыздан тазартып ақтау қажет.Сонда тамаша ақ күріш алынады.(75сөз)
Мазмұндама
Өлеңді нақышына келтіріп оқыңдар.Мазмұнын қара сөзбен жазыңдар.
Әжетайым.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен,кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Құрт пен майын жинаған.
Балаларға сыйлаған,
Бұл әжемнің өмірі-
Таусылмайтын жыр маған.
39
Үйрету диктанттарының маңызы
Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс-тәсілдер көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілген немесе екі-үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын – ала ойланып, әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанда ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни кластағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.
Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі – оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төселдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.
Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан
өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізеді.
2
Мазмұндама
Көктем
Мамыр айының бас кезі. Жердің беті әдемі кілемдей.Таң атты. Күн шығып келе жатыр.Таңертеңгі шық күмістей жылтырайды. Қалың тоғайдың арасынан ирелеңдеп өзен ағады. Жел жоқ. Табиғат күліп тұрған сияқты.Тоғай іші-қаптаған ұя.Бос қалған ағаш жоқ. Әрбір құс өзіне лайықты жерге ұя жасаған. Көкектің шақырған дауысы естіледі. Бозторғайлар шырылдайды. Осының бәрі адамға көктемнің келгенін білдіреді.
Кезекші
Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші.Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді.Алдымен парталарды реттеп қойды.Жанар терезелерді ашты.Айнұр партаның үстін,тақтаны дымқыл шүберекпен сүртті.Бірінші сабақ қазақ тілі.Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындайды.Сөздіктер сөреде тұрған.Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады.(43сөз)
Төртінші тоқсан.
Қорытынды сын жұмыстары.
Әсет Найманбайұлы-қазақ халқының талантты ақыны және әншісі.Ақынның өнердегі ең үлкен ұстазы қазақтың бай ауыз әдебиеті болды.Есейген шағында Әсет Абайдың ақындық мектебінен тәлім алды.Өнер мен білімді нағыз байлық деп түсінеді.Әсет ешкімге қара сөзден дес бермейді.Әйгілі ақын қыз Ырысжанмен айтысады.Әсет он сегіз жаста ғана еді.Қыздың айтқан қиын жұмбақтарын қиналмай шешіп береді.Сол айтыстан Әсеттің білімді және зерделі екендігіайқын аңғарылады.(66сөз)
Жазылуы қиын сөздер:Ырысжанмен,аңғарылады.
1.Үшінші сөйлемдегі тұрлаусыз мүшілердің астын иректеп сызыңдар.
37
Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді. Мысалы: Қыс. Таң атты. Мен төсектен тұрдым. Күндегі әдетімше төсегімді жинадым. Асықпай ертеңгі тамағымды ішуге отырдым.
Сөйлем диктантын жаздыруға мақсат – оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін оқушы сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.
Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей диктанттық әдістер пайдаланылады.
Көру диктанты
Бұл диктант оқушылардың көру, есту,есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диканты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын текстер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлендерді де алуға болады.
Диктант текстері үзіліс кезінде тақтаға немесе
алдын-ала аумақты қағазға үлкен етіп жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3рет асықпай оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе тексті естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.
4
Өздік диктанты
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.
Шығармашылық диктант
Диктанттың бұл түрі – үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктанттарына сенімді даярлықпен келеді.
Сөздік диктанты
Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылар жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, омоним, антоним сөздер және жазылуы қиын байырғы сөздер алынады. Текстің көлемі 5-10 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.
5
Шахта
Шахтаны мен көргім келді.Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында.Ақыры шыдамым жетпеді.Шахтаға қарай бет алдым.Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім.Іші толған кеншілер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға келдім. Залдың ортасында теміртор тұр.Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор кеншілерді төмен алып кетті.(65сөз)
Жазылуы қиын сөздер.фонарымды,шылдырлады.
1.Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. «Кенші» деген сөзді септеп жазыңдар.
Уақыттың пайдасы
Адам өз уақытын үнемдей білуі керек.Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет.Уақыттың босқа өтуі-үлкен шығын.Мұны дәлелдеудің қажеті жоқ.Пайда келетін іспен шұғылдануды ойластырған дұрыс. Бір қарағанда,ондай пайдалы іспен айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек.Әрбір минутыңды үнемдеп,пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп,өз қабілет-күшіңді толық жұмсай аласың.
Уақыт алтыннан қымбат екенін естен шығармау қажет.(73 сөз)
Жазылуы қиын сөздер:қасиетті.
«Уақыт»деген сөзді септеп жазыңдар.
36
Ақтөстің көмегі
Қыстың ашық күні.Айдос далаға ойнауға шықты.Ол төмпешікке қарай бет алды. Соңынан иті Ақтөс ілесті.Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке жетті. Ызғырық жел тұрды. Күн суыта бастады.Айдос үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Айдостың жүруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Айдос Ақтөстің қарғыбауын мықтап ұстап алды.Ақтөс оны үйіне алып келді.(63сөз)
Жазылуы қиын сөздер:төмпешікке,қарғыбауынан.
1.Мәтіннен күрделі етістіктерді табыңдар.
2. «Жетті» деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар.
Ауа райын болжайды
Қазақстанның солтүстігіндегі орманды құрлар мекендейді. Қыс бойы олар қайыңның бүршігін қорек етеді.
Бір күні қызық жағдай болды.Таңертең күн ашық еді. Құрлар қайыңның арасында жем теріп жүрген болатын. Кенет тобымен ұша жөнелді. Олар күннің бұзылатынын сезген екен.Түстен кейін боран соқты.
Қырғауыл мен кекілік те боран боларын алдын ала сезеді.
Сондықтан олар күні бойы жем тереді.Боран боларын алдын ала сезді. Сондықтан олар күні бойы жем тереді. Боран басталғанда ықтасынға тығылады.(60сөз)
Жазылуы қиын сөздер:солтүстігінде,ықтасынға.
1.Мәтіннен үстеулерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар.
2.Шылауларды табыңдар.
3.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
35
Терме диктанты
Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант тексін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар тексті түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған текстен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.
Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген текстер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап,толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Бақылау диктанты
Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Диктант үшін 3 сыныпта 1тоқсанда -45-50 сөз, 2 тоқсанда -50-55сөз, 3тоқсан- 55-60сөз, 4тоқсан – 60-65сөз; 4сыныпта 1тоқсанда -65-70 сөз, 2 тоқсанда -70-75сөз, 3тоқсан- 75-80сөз, 4тоқсан – 80-85сөзден құралған қысқа сюжетті текст
алынады да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:
6
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, текст ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;
ә) мұғалім диктант тексін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б)егер диктант тексті жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай текстердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тындап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды.Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.
в)Оқушылар диктанты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім тексті бастан аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін
еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді қайталап келуге әдеттенуін қадағалап отыру керек.
ҮШІНШІ СЫНЫП
БІРІНШІ ТОҚСАН
Кіріспе сын жұмыстары
Үсеннің күшігі
Үсен үшінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күшігі өте жақсы көреді. Оған кішкентай үйшік жасады. Үсен сабақтан келгенде ол есік алдында
7
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ-қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарған болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын.Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады.Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады.(60сөз)
Жазылуы қиын:құмалақтарымен,шұңқыр.
1.Мәтіннен сан есімдерді тауып,дара сан есімді бір сызықпен,күрделі сын есімдерді екі сызықпен сызыңдар.
Жол ашық жүре беріңіздер
Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді.Түрлі түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.
Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғаратынын түсіну қиын емес. Бұл –әрдайым қауыптілік белгісі. Өйткені ол-көзге бірден ілінетін қызыл түс.
Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады.Ол-дайындық белгісі.
Еш уақытта асықпа.Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болады.Соны ұмытпауымыз керек.(60сөз)
Жазылуы қиын сөздер:аңғартатынын
1.Мәтіннен есімдіктерді табыңдар.
2.Жіктеу есімдіктерін табыңдар.
34
4.Қос сөздерді табыңдар
Бұзаубас Болатбай өркеш-өркеш Сарыөзек
5.Қысқарған сөздерді табыңдар
ҚР ау ешкім ҚарГУ
6.Зат есімдерді табыңдар
Шатыр Айман пісті барды
7.Барыс септігінде тұрған сөзді тап.
Көл әкенің шатырды алыс дүбір
8.Шығыс септігінде тұрған сөзді тап
Жүнге көмекпен болаттан хатты бақшаға
9.Тәуелдеулі сөздерді тап
Шелек омыртқа жүрегіне малшы қармақты
10.Ілік септігінің сұрағын тап
Кім? Кімге?Кімнің?
Үшінші тоқсан
Тамыр жемістілер
Қант қызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры жуандайды.Тамыры жеміске айналады. Қантты осыдан алады.
Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол-екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы қызылшаның тамырыжемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді.Тамыржемісті келесі жылы қайта отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөлінеді. Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер дейді.(61сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер.
1.Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.
2.Ұзын, қызыл сөздерді қос сөзге айналдырып жазыңдар.
33
күтіп отырады. Күшігін үй күзетуге үйретіп жүр. Бөтен адамға Жолбарыс қатты үреді. (36сөз)
Жазылуы қиын сөздер: күзетуге, бөтен.
1.Бесінші сөйлемде неше сөз бар? Сөз санын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Ұрды – үрді сөздерін салыстыр. Дыбыстық талдау жаса.
Қарға
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраға салды. Су көтерілді. Қарға су ішті. (38 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұмсығы, құмыра.
1.Соңғы сөйлемдегі сөздер дыбыстық талдау жаса.
2.Жұп дауысты дыбыстарды жазыңдар.
Менің досым.
Біздің сыныпқа Раушан деген қыз келді. Екеуміз жұбымыз жазылмайтын дос болдық. Оның қолынан келмейтін іс жоқ. Би билейді. Ән айтады. Домбырада ойнайды. Өзі үздік оқиды. Бос уақытында пайдалы іспен айналысқанды ұнатады. Раушан – өте ілтипатты қыз. Ол достарынан көмегін де аямайды. (40 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жұбымыз, ілтипатты.
1.Бірінші сөйлемдегі жіңішке айтылатын сөздердің астын сызыңдар.
2.Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазыңдар.
8
Жұмсақ төсек
Кірпі ағаштың түбінен ін қазды. Ін оған жайлы болды. Бірақ оның төсегі болмады. Кірпі өзіне төсек іздеуге шықты. Ол үйіліп жатқан жапырақтарды көрді. Кірпі жапырақтардың үстіне аунады. Жапырақтар кірпінің инесіне қадалды. Кірпі жапырақтарды ініне алып келді. Енді кірпінің жұмсақ төсегі бар. (41сөз)
Жазылуы қиын сөздер: төсегі, үйіліп.
1.Бірінші сөйлемдегі жуан айтылатын сөздердің астын сызыңдар.
2.Үйіліп, ініне, инесіне сөздерін буынға бөліп, доғамен белгілеңдер.
3.Тасымалданбайтын екі буынды сөздер жазыңдар.
Бақтағы жұмыс
Күзде бақтағы жеміс жиналады. Жапырағы түскен ағаштар сидиып тұрады. Жапырақ ағаш түбіне үйіліп жатады. Мұндай қоқыс жәндіктерге қажет. Олар арасына кіреді. Ағаш сабағының жарығына тығылады. Жылы жамылып ұйқыға кетеді. Олар өте зиянды.
Бақтағы ағаштардың түбін тазартыңдар. Жапырақтарды өртеңдер. Ағаш сабағын әктеңдер. Сонда зиянды жәндіктер құриды. (45 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сидиып, зиянды, әктеледі.
1.Соңғы сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп; доғамен белгілеңдер.
2.Жеміс, жапырақ, ағаш сөздерін көп затты білдіретін сөздерге айналдырып жазыңдар.
3.Алфавит ретімен достарыңның атын жазыңдар.
9
Балықшы
Етістік
Бүркіт-қыран құс. Бүркітті балық аулауға да үйретеді екен. Оның құпиясы мынада. Мұхит түбінде адам баласының қолы жетпейтін асыл тастар бар. Мысалы: гауһар, інжу, маржан, жақұт, меруерт тастары. Сол тастарды адамдар бүркіттің көмегімен алады. Мұхитта жыланбалық деген балық бар. Ол балық су түбінен асыл тастарды теріп жейді. Содан соң су бетіне шығып, секіріп ойнайды. Сол кезде жаттықтырылған қыран құстар жыланбалықты қағып әкетеді. Жыланбалықтың жеген тамағы мыңдаған долларға бағаланады.(67 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: құпиясы.
Сәкен мұражайында
Сәкен Сейфуллин атындағы көше –астананың күретамыры іспетті ірі даңғылы.Әдемі ғимараттар, мәдени ошақтардың бірсыпырасы осы көшеде орналасқан. Астанаға келіп тұрып, Сәкен мұражайын қалай көрмей кетуге болады деп арнайы уақыт бөлдік. Мың айтқаннан, бір рет көзбен көргенге не жетсін! Мұражай қайраткер ақынның өзі аттас көшесінде, өзі аттас кітапхананың дәл іргесінде орналасыпты. Мұражай алдында Сәкеннің қоладан құйылған ескерткіші тұр. ( 57сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Сейфуллин
1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып,астын сызыңдар.
2. «Мұражай» деген сөзді септеп жазыңдар.
Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест
1.Дауысты дыбыстарды табыңдар.
Х,ң,т,э,д,е,р,а,н,к,о,ш,ұ
2.Дауыссыз дыбыстарды табыңдар
Е,р,л,а,е,н,ғ,к,и,ы,қ,у,ы,ц
3.Біріккен сөздерді табыңдар
Ауылдың белеске Жетісу Әсел
32
Қияр
Сан есім
Қияр-адамзатқа ежелден белгілі көкеністің бірі. Ол 6000 жыл бұрын белгілі болған. Бұл көкөністің ең алғаш шыққан жері-Үндістан. Жабайы қиярлар Үндістанның ормандарында ағашқа өрмелеп өседі. Ауыл қыстақтарда қияр көшеттерін дуалдардың іргесіне жиі-жиі отырғызатын болған. Одан өсіп шыққан өркендері шырмауықша дуалды бойлап өсіп,өзінше бір сән беріп тұрады. Бұл елде қияр өнімдерін жылына 3 рет жинап алады.Үйдің шатырында,жәшіктерде, бақшада өсіріледі. Қиярдың ең үлкенінің ұзындығы 1,5 метрге дейін барады.
Жазылуы қиын сөздер:көкөністің.
1.Сан есімдерді тауып,астын сызыңдар.
Кірпінің пайдасы
Сын есім
Кірпі – аштыққа шыдамады жануарлардың бірі. Ол 236 тәуліктей азықтанбай ұйықтай алады. Оның ұйқысы да қызықты:тікен терісін едірейтіп жіберіп, соған оранып жатады. Ол ұйықтағанда тіпті қорылдайды екен. Осы тікенекті жануардың адам үшін пайдасы көп, ол улы жыланды, тышқанды жейді.
Тікенді «тоны» болса да, кірпінің де жауы бар. Ол қарақұс. Кірпіні көрген қарақұс бірден соған қарай төмен ұшады да, оны іліп алып, аспаннан тастап жібереді.(72 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: едірейтіп.
1.Сын есімдердің астын сызыңдар.
31
БІРІНШІ ТОҚСАН
Қорытынды сын жұмыстары
Диктанттар
Күз басы
Қыркүйек. Күздің басы. Аспан жиі бұлттанады. Жел тұрады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жылу жетіспейді. Сондықтан жапырақтар сарғая бастайды. Терек пен қайың жасыл жапырақтарынан айырылады. Айнала сары ала түске боянады. Шық осы айда түседі. Жаз жайлаған құстар
көрінбейді. Су салқындайды. Аңдар қысқы тіршіліктің қамына кіріседі. (44сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бұлттанады, тіршіліктің.
1.Я әрпі бар сөзді табыңдар. Оған буындық талдау жасаңдар. Әр буынды доғамен белгілеңдер.
2.Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар. (к...ік, а...на, бү...рек, ш...е)
Алакүшік
Арсаландап артынан қалмайтын ала күшікті Алмас ұнатып қалды. Ол күшіктің түріне қарап Алакүшік деп атады. Бауырын жаңа көтерген Алакүшік құлдыраңдап жүгіреді. Шәуілдеп үретінді шығарды. Алмастың қасынан бір елі қалмайды. Әбден бауыр басып алды. Алмастың да төсектен тұра сала іздейтіні – Алакүшік. Өзі көзінен таса қылғысы келмейді. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: арсалаңдап, құлдыраңдап.
1.Мәтіннен у әрпі бар сөздерді теріп жаз. Оларды буынға бөліңдер.
2.Дауыссыз дыбыс орнына жұмсалып тұрған у әрпі бар төрт сөз жазыңдар.
10
Ала мойын лақ
Менің мүйізі жоқ тоқал ешкім бар. Бір күні ол ақ лақ туды. Лағын жақсы көреді. Қасынан шықпайды. Бір күні жаңбыр жауды. Енесі лағын іздеп маңырап жүр. Мен де көп іздедім. Лақ шөптің қуысында ұйықтап жатыр екен. Лағын енесіне тауып бердім. Ешкім алғыс айтқандай маңырап жіберді. (46сөз)
Жазылуы қиын сөздер: қуысында, маңырап.
1.Лақ, лағын сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасаңдар.
2.Өзің білетін қатаң дыбыстарды жазыңдар.
Жаралы үйрек
Есіл баяу ағып жатыр. Аспан шайдай ашық екен. Бір топ үйрек көтеріліп ұшып келеді. Кенет мылтық дауысы естілді. Бір үйрек су бетінде қалды. Ысқақ үйректің халі нашар екенін байқады. Ол жаралы үйректі үйіне әкелді. Біраз күннен кейін қанаты жазылды. Үйрек ұшатын халге жетті. Ол көп ұзамай ұшып кетті. (48сөз)
Жазылуы қиын сөздер: көтеріліп, ұзамай.
1.Тоғызыншы сөйлемдегі л, р, н дыбыстары бар сөздердің астын сызыңдар. Бұл дыбыстар дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
2.Білетін ұяң дыбыстарды жазыңдар.
3.Жәшік, табақ, доп сөздерін қатыстырып, үш сөйлем құрап жазыңдар.
11
Батыр қыз
Түтеген боран әлі тынған жоқ. Оған сан алуан зеңбіректердің зіркілі қосылды. Бұл жай минут сайын үдей берді. Қасыңдағы адамның тек ернінің қимылдағаны ғана көрінеді. Елең-алаңда іркес-тіркес қаптаған танкілер өтті. Қолын соза құлаған фашист офицерін көрді. Кенет солардың тұсынан гүрс-гүрс етіп граната жарылды. Әлияның жүрегі дір ете түсті. Бойына бір күш жүгіргендей болды. Ол жігерленіп кетті.(58сөз)
Жазылуы қиын сөздер:знңбіректердің,офицер.
1.Қос сөз бар сөйлемдерді тауып,оларды теріп жазыңдар.
Қараторғайлар
Жер тез кепті.Қайыңдардың жұпар иісті бүршіктері жарылды.Адамдар бақшаларын қазып жатыр.Жер астынан қаншама құрт,қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бір күнде қаншама зиянды жәндіктерді жейтінін білесіңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнін таң сәулесі ағаштарға түскенде тыңдау керек.(46 сөз)
1.Қайыңдардың,молшылық деген сөздердің түбір қосымшасын тап.
Екінші тоқсан
Зат есім
Аю және бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады. Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)
1.Зат есімдерді теріп жаз. 30
Тары
Тары-астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары-арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.(55сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа.
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.
Қорытынды сын жұмысы
Бірінші тоқсан
Жолаушылар
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті.(54сөз)
Жазылуы қиын сөздер:сыбдырлатады,елегізіп.
1.Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар.
29
Батыр күшіктер
Түн ортасы еді. Екі күшік аулаға шықты. Олар аспанға қарады. Жарқыраған жарты домалақты көрді. Күшіктер не екенін білмей таңдана қарады. Жарты домалақ бүтін дөңгелекке айналды. Күшіктер қорқып кетті. Олар дөңгелекке қарап үрді. Дөңгелек жоғары қарай
жылжи берді. Күшіктер оны қашып бара жатыр деп ойлады. Олар қуанып үре берді. (48сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жарқыраған, дөңгелек.
1.Үшінші сөйлемдегі ұяң дыбысы бар сөздердің астын сызыңдар. Бұл сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасаңдар.
2.Білетін үнді дыбыстарды жазыңдар.
3.Рұқсат, есеп, терек сөздерін қатыстырып, үш сөйлем құрап жазыңдар.
Көшіріп жазу
І- нұсқа
Сөздерді буынға бөліп көшіріп жазыңдар.
Ауа, дауыс, қаулы, уәкіл, сусын, ушықтырма, жариялау. Балқия, сыйлаушы, сиыр, құйын, майысқақ, сүйір.
ІІ- нұсқа
Әңгімені түсініп оқы. Сөйлемдердің жігін тауып көшіріп жаз.
Итбалық.
Теңізде итбалықтың он шақты түрі тіршілік етеді оның бір түрі Каспий теңізін мекендейтін – Каспий итбалығы.
Каспий итбалығы – нағыз су жануары олар судан көбею және түлеу кезінде шығады басқа кезде суда демалады және ұйықтайды.
12
Итбалық үш жүз елу метр тереңдікке дейін сүңгиді су астында он минутқа дейін бола алады
Итбалық еті, майы, терісі үшін көп ауланады қазір аулауға тыйым салынған. (69 сөз)
1.Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды жаз.
ЕКІНШІ ТОҚСАН
Тақырыптар бойынша сын жұмыстары
Сөз және оның құрамы
Көкек
Жаз айларында орманға барған адам әсем дауысты естиді. Бұл – кәдімгі өз атын өзі шақыратын көкектің үні. Көкектер балапан басып шығармайды. Жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына тастап кетеді. Одан шыққан балапан қасындағы ұяластарын итеріп құлатып жібереді. Көкек – тамақсау құс. Ол зиянкес жәндіктерді жояды. (42 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: ұяластарын, зиянкес, тамақсау.
1.Бірінші сөйлемде қанша сөз барын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Жаз, көкек, балапан деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
Дуадақ
Дуадақ – биіктігі метрге жететін түз құсы. Өзі ірі. Түсі сұргылт сары боп келеді. Қанаты мен жотасында жолақ қара дақтары болады. Қазақстанда дуадақтың тағы бір ұсақтау түрі бар. Ол ірі дуадақтаң салмағы жағынан екі еседей кішілеу. Қоразының түсі қара. Дуадақтар тамақ
талғамайды. Қазақстанның дуадақтары Қызыл кітапқа жазылған. (46 сөз)
1.Сегізінші сөйлемдегі сөздерді буынға бөліңдер. Оны жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
13
Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан
сыбдырлатпай ептеп жүрді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті.Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылықтады.Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.(52сөз)
Жазылуы қиын сөздер:сыбдырлатпай,ормандағылар.
1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
2.Қатаң дауыссыздарды табыңдар.
Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ.Ол көшпелі балық. Бекіренің бастапқы шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол.Бұл балықтар ерекше дәмді жұмсақ етімен атақты. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.(54сөз )
Жазылуы қиын сөздер:уылдырығы,килограмға.
1.Бірінші сөйлемдегі жуан буынды сөздерді бір,жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.
2.Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
28
4 сынып
Бірінші тоқсан
Сілеусін
Тауды,орманды мекендейтін ірі денелі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып тастағандай қысқа, өте епті,ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы сексен екі, жүз бес сантиметр,құйрығының ұзындығы жиырма –отыз бір сантиметр, салмағы сегіз,он бес килограмм. Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек өте бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.( 71сөз)
Санау
Адамдар санауды өте ертеде үйренген.Алғашында саусақтарын санайтын.Кейін он саусақ аз бола бастады.Есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды.Біршама уақыт өтті.
Адамдар тастарды жіптерге тізіп қоятын.Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды.Бұл қазіргі есеп шоттың бір түрі еді.Техника өсті.Есептер қиындай түсті.Оларды шешу үшін машина керек.үЭлектронды есептеу машиналары осылай шықты.
27
2.Мына сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңдар.
Үлгі: Жусан – шөптің бір түрі.
алма - ...
қияр - ...
терек - ...
ТҮБІР ЖӘНЕ ҚОСЫМША
Әже өнері
Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: демалыста, мүліктердің.
1. Өрнекті, өнерлерін деген сөздердің түбірін табыңдар. Түбірдің астын сызыңдар.
2. Текемет, сырмақ, алаша деген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
Балық аулауға барғанда
Ауылдың шығыс жағында көл бар. Ержан мен Нұржан көлге балық аулауға барды. Олар оңаша жерге келіп орналасты. Таңертеңнен түс ауғанша қармақ салды. Екеуі бір шелектей балық аулады. Үйден ала шыққан
тамақтарын жеді. Сусын ала келуді ұмытып кетіпті. Көлдің суы ішуге жарамайды. Олар үйлеріне қайтты. (44 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: аулауға, жарамайды.
1.Балықшы, жерге, көлге деген сөздердің қосымшасын табыңдар. Қосымшаның астын сызыңдар.
2. Домбырашы, тауықтар, кітапхана деген сөздердің түбірін жазыңдар.
14
Жұрнақ пен жалғау
Соңғы алма
Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтан тазартып жүрген. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті. (42сөз)
Жазылуы қиын сөздер: басындағы, алғысы.
1.Бұтаққа, ауланы, оқушы, сусын деген сөздердегі қосымшаларды табындар. Жұрнақтың астын екі рет сызыңдар.
2.Ән, ойып, етік деген сөздерге жұрнақ жалғап жазыңдар.
КӨШІРІП ЖАЗУ
Көп нүктенің орнына жұрнақ қойып жазыңдар.
Қызықты ойын
Жиналған соң достары,
Қазтай өзі басқарды,
Қызықты ойын басталды.
Бірі болды бақташы,
Екіншісі – егін ...,
Үшіншісі – бақша ...,
Төртіншісі – теңіз ...,
Бесіншісі – балта ...,
Алтыншысы – аспаз ...,
Жетіншісі – жылқы ...,
Сегізінші – сырнай ...,
Тоғызыншы – тігін ...,
Оныншысы – орман ...,
15
Аю және бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады.Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)
Дені саудың-жаны сау
Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін тамақтану керек,уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма.(63 сөз)
Қайың
Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады. Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)
26
Көп нүктенің орнына жалғау қойып көшіріп жазыңдар.
Ораз барды орман ...,
Он шақты оған бала ер ...,
Омарташы олар...
Ожау-ожау бал бер ... .
Туынды сөзді табыңдар. Түбірдің астын – бір, қосымшаның астын екі рет сызыңдар.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН
ТЕСТ
1.Бірыңғай жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді тап.
Белгі (Х) қой.
қала шілде ертек қырман бұлақ емен
2.Дауысты дыбыстан басталып тұрған сөздерді тап. Белгі
(Х) қойыңдар.
Лақ оймақ кілем үміт ине
3. Дауыссыз дыбыстан басталған сөздерді тап.
Белгі (Х) қой.
Диірмен айна алаң қарға омыртқа
4.Төрт буынды сөздерді тап. Белгі (Х) қойыңдар.
Құмырсқаларды өрмекші текеметті күрек
5.Дауыссыз у-ды тап. Белгі (Х) қой.
Ауыл улану әуес кеуде билеу
6.Дауысты у-ды тап. Белгі (Х) қой.
Уық ту жусан сусын оқушы
7.Дұрыс тасымалданған сөзді тап. Белгі (Х) қой.
Қу-ыршақ қуыр-шақ ау-ыз уә-де қау-ын та-уық
8.Дұрыс тасымалданған сөзді тап. Белгі (Х) қой.
О-қиды қа-йық жинал-ды ике-м
9.Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.
Р М П Т Ғ Д З С
25
ТӨРТІНШІ ТОҚСАН
Қорытынды сын жұмыстары
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар өте маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын.
Талғаттың ұшағы аспанға көтерілді. Ұшақтардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бекіністерін, қимылын
1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Ұшқыштар, аспанға деген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Қамқоршылар
Көктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты.
Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.(54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бұрын-соңды, қуанышында.
1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
2.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
16
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Шын дос
Мұқан есебін шығара алмай басы қатып отырған. Сол сәтте ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан оны көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермей қойды. Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді. Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан Сәкенге риза болып, үйіне қайтты. (55сөз)
Жазылуы қиын сөздер: ренжіп, тоқтатты.
1. Жетінші сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Тоғызыншы сөйлемдегі сөздердің байланысып анықтаңдар. Сызып көрсетіңдер.
Күй атасы
Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды.
Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күрес- пен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрмаңғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. (53сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жанұясында, әділетсіздікке
1. Үшінші сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
2.Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар. Сызып көрсетіңдер.
17
10. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.
Ш В Г Л Қ Ң Ж Б
11.Үнді дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.
Т М Д З Ң П Н В
12. Түбір сөзді тап. Белгі (Х) қой.
сөз қасық қалада оқушы тамақ таулы
13.Қосымшалы сөзді тап. Белгі (Х) қой.
Жерде дала торғайлар көмір бөрік білгіш
14.Туынды сөзді тап. Белгі (Х) қой.
Сусын кірпіні тазалық мысық дәптерге
ҮШІНШІ ТОҚСАН
Тақырыптар бойынша сын жұмыстары
Зат есім
АЮ МЕН БӨРЕНЕ
Орманды аралап келе жатқан аю бал арасына кез болады. Ағаш басындағы бал арасына тамсана қарады. Ол ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындады. Ілініп тұрған бөрене оған кедергі жасады. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жіберді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралды. Аюдың басына сарт ете қалды. (46 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: өрмелеп, ұмтылған, серпілген.
1.Соңғы сөйлемнен зат есімдерді табыңдар. Олардың түбірінің астын сызыңдар. Сұрақ қойыңдар.
2.Дәрігер, тәрбиеші, жұмысшы деген сөздердің түбірін және қосымшасын табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
24
Қызғаныш
Аузында тістеген сүйегі бар Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Ол судағы өз көлеңкесін көрді.
Мойнақ су бетіндегі өз көлеңкесі екенін білмеді. Сүйек тістеген басқа күшік екен деп қалды. Ол енді сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Бірақ оны ала алмады. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (46сөз)
Жазылуы қиын сөздер: көлеңңкесін, аузындағысын.
1.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар.Астын сызыңдар.
2.Бірінші сөйлемнен тәуелді жалғаулы сөзді тауып, астын сызыңдар.
Сын есім
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері жыл бойы жасыл қалпында болады. Олардың кейбіреулері қыста гүлдейді. Бөлме өсімдіктері қыс болмайтын елдерден әкелінген. Сондықтан оларды жыл бойы жылы үй-жайларда ұстайды. Олар тұрғын үйлер мен мекемелерді сәндендіреді. Бөлме өсімдіктерін жарық жақсы түсетін жерге орналастыру керек. Әдемі болу үшін оларды баптап күту керек.(46сөз)
Жазылуы қиын сөздер: кейбіреулері, үй-жайларда.
1.Бірінші сөйлемнен сын есімді тауып, астын сызыңдар.
2.Соңғы сөйлемнен туынды сын есімді тауып, астын сызыңдар.
Тығылды
Жайнаған жаз өтті. Суық түсті. Осыған шыдай алмаған көлбақа суға сүңгіді. Оның түбіндегі балшықтың
астына тығылды. Жылан мен шегіртке де жанын қояр жер таппады. Олар қоқыс пен ши түбінде тығылды. Балық су түбіне кетті. Шыбын-шіркейлер жарық бойымен
23
Орман достары
Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер. (52сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сарышымшықтар, келтіретінін.
1. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.
2.Екі сұраулы сөйлем ойлап жазыңдар.
ТӨРТІНШІ ТОҚСАН
Тақырыптар бойынша сын жұмыстары
СӨЙЛЕМ
СИЫР
Сиыр – күйіс қайыратын ірі қара мал. Сиырдың тұяғы айыр және мүйізі үлкен болады. Мүйізсіз сиырды тоқал сиыр дейді. Адам баласына сиырдың пайдасы аса зор. Олар ет беретін және сүт беретін сиырлар болып екі топқа бөлінеді. Етті сиырдың терісі қалың және денелі келеді. Сүтті сиырдың терісі жұқа және бөкселі болады. (53сөз)
Жазылуы қиын сөздер: мүйізсіз, бөкселі.
1. Соңғы сөйлемде неше сөз бар?
2.Төртінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызықпен қосып көрсетіңдер.
18
КАМШАТ
Камшаттың тұрқы жетпіс сантиметрге дейін жетеді. Дене бітімі жінішке және тал шыбықтай иілгіш аң. Оның тіршілігі суменен тығыз байланысты. Су ішінде епті және жылдам қозғалады. Тамаша жүзеді және сүңгиді. Өзі балықпен қоректенеді. Балықшылар камшат балықты құртады деп есептеді. Оны көп аулайтын болды. Аңшылар оны әдемі терісі үшін қырып жіберді... (49сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сантиметрге, иілгіш, қоректенеді.
1. Балықшылар, аңшылар деген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
2.Мәтіннен сан есімді табыңдар.
Қар
Ертеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады. (54сөз)
Жазылуы қиын сөздер: ертеңгілік, қолғабына, ыңғайлы.
1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Үшінші сөйлемнен сын есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
19
жорғалады. Көрінген қуыс пен жарыққа жасырынды. Құмырсқалар илеудегі үйшіктерінің есігін жапты. (48сөз)
Жазылуы қиын сөздер: шыбын-шіркейлер, үйшіктерінің.
1. Бірінші сөйлемнен зат есім мен сын есімді табыңдар.Астын сызыңдар.
2.Туынды сын есімдердің астын сызыңдар.
Ақылды өнер тамақ бойшаң қызыл білгіш
САН ЕСІМ
Шәкірт
Динаның әкесі Кеңже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды.
Бірде осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды. Дина өз жанынан күйлер де шығарады. Оның алғашқы шығарған күйлері «Бұлбұл», «Көргентүн», «Байжұма» (51сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыйлайды, палуан.
1. Екінші сөйлемнен сан есімді тауып, астын сызыңдар.
2.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Жалғанған жұрнақтардың астын сызыңдар.
Екі бес сегіз жиырма он
Менің атам – ардагер
Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды. Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін. (51сөз)
22
Жазылуы қиын сөздер: емханаға, мейірбанды.
1. Мәтіннен сан есімдерді тауып, астын сызыңдар.
2.Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырыңдар.Жалғанған қосымшалардың астын сызыңдар.
Етістік
Қысқы ағаш
Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: дайындалады, өркендеп.
1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Атбегі
Жүйрік атты баптап бәйгеге қосатын адамдар болады. Ондай адамды атбегі деп атайды. Қазақ халқында ат сырын жақсы білетін атбегілер бар. Атты бір көргеннен жүйріктігін ажыратып беретін атбегін сыншы деп атайды. Бітімі келген –мен күтімі болмаған жылқы ұзаққа шаба алмайды. Атбегі оны түрлі қимыл жасауға және алуан жүріске машықтандырады. (47 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жүйріктігін, машықтандырады
1. Бірінші, екінші сөйлемдердегі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Үш болымсыз етістік жазыңдар.
21
Ана тілі
Ана тілі- әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден анамыздың ақ сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Ол- біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын қарым-қатынас құралымыз.
Тіл- бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған.
Ана тілін жақсы білмей тұрып сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. (59сөз)
ҮШІНШІ ТОҚСАН
Қорытынды сын жұмыстары
Диктанттар
Қыс
Қыста күн қысқарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ көрпеге оранады. Өзен мен көл мұз жамылады. Терең інде жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады. Қар суық өткізбейді. Қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.
Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау көңілді. (51 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: азаяды, ұйтқып.
1. Соңғы сөйлемнен түбір күйінде жазылған сөзді табыңдар.
2.Бірінші сөйлемдеггі қосымшалы сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар.
20
Достарыңызбен бөлісу: |