Тақырыптың өзектілігі



жүктеу 43,13 Kb.
бет4/6
Дата09.01.2022
өлшемі43,13 Kb.
#32009
1   2   3   4   5   6
Катиева Т Тарих СРС

«Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі» және Қазақстанның саяси жағдайы. Бүкілресейлік мұсылмандық съезіне қазақ даласынан барған дін иелерінің ішінде Атбасардан Ә.Дауылбаев, Сырдария облысынан Ғ.Төлебаев, Гурьев уезінен Х.Нұрмұхамедов, Ішкі Ордадан Ғ.Қарашев, Шалқардан Х.Ахмеджанов, Өскеменнен А.Ранғұлов және т.б. болды.

Съездің алғашқы күні құрамында А.Топчибашев, Ф.Каримов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Ходжаев, А.Салихов, Г.Исхаки бар төралқа сайланды. Съезге жиналған делегаттар маңызды мәселелердің мынандай үлкен тобын талқылады: Ресейдің мемлекеттік құрылысы: жер, дін, әйел, жұмысшы және әскери мәселелер; соғысқа көзқарас, оқу-ағарту, жергілікті басқару, мұсылмандардың орталық органы туралы, мұсылмандарға үндеу, Құрылтай сайлауы кезіндегі мұсылмандар тактикасы, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесін құру.

Сегіз секция бойынша жұмыс істеген съезде барлық дискуссиялы мәселелер қарастырылды. Делегаттар мемлекеттік құрылыс мәселесін жан-жақты талқылап, Ресейдің 30 миллион мұсылмандары федеративтік негіздегі демократиялық республиканы жақтайтындықтарын білдірді. Бірақ делегаттардың айтарлықтай бөлігі Ресей мұсылмандарының Уақытша орталық бюросының төрағасы А.Салиховтың пікірін бөлісті. А.Салихов съез ашылғанға дейінгі мемлекеттік құрылыс туралы көзқарасын алға тартты. Ол өз ойларын ортаға сала отырып, Ресей федеративтік негіздегі мемлекеттік құрылым болса, онда жер мәселесін шеше алмайды, себебі жер мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейде ғана шешіле алады, ұлттық аймақтардағы жерлер тек орыс шаруаларына ғана емес, мұсылман шаруаларына қажет, деп көрсетті. Сондықтан А.Салихов «Ресей мұсылмандарының мәдени-ұлттық автономиясы конституция арқылы құқылы институт танылуы керек», - деген ұсыныс жасады.

Ақыры, мемлекеттік құрылыс мәселесін дауысқа салғанда А.Салиховтың ұсынысы өтпей қалды. (оны 271 делегат қолдады, 490 адам қарсы дауыс берді). Сөйтіп съезд тек белгілі территориясы жоқтарға ұлттық-мәдени автономия берілсін, ал негізінен барлық мұсылмандарда ұлттық-территориялық автономия болсын деген шешім қабылданды.

Жер мәселесін түпкілікті шешуді съезд Құрылтай жиналысына қалдырды. Эсерлер партиясының мүшесі Ш.Мұхамедияровтың жобасы бойынша съез делегаттары жерге жеке меншік жойылуын жақтады. Бұл шешім съездегі қазақ делегаттарын қанағаттандырмады. Олар облыстық қазақ съездері қабылдаған жергілікті халықтың өз жеріне өздері ие болулары жөніндегі қарарларын қолдайтындықтарын баса көрсетті.

Съезге Уақытша үкімет ретінде шет діндер Департаментінің комиссары С.А.Котляровский қатысып, баяндама жасады. Ол өз баяндамасында мұсылман халықтарына ескі өкімет тарапынан жасалған түрлі қысымшылықтарға тоқталып, ендігі жерде мұндай қысымшылықтарға жол берілмейтіндігін мәлімдеді. Ол өзінің мұсылмандарға қатысты жобасын әзірлеп жатқандығын және оны әзірлеу барысында съездің шешімдерін басшылыққа алатындығын айтты.

Съезде мұсылман әйелдері ерлермен тең құқықта болсын. Түркістан, Кавказ және Қазақстанда 16 жасқа толмаған қыздарды күйеуге беру тоқтатылсын, қазақ қыздарыжас кезінде атастырып, қалың малға беруге тиым салынсын деген қарар қабылданды.

Оқу-ағарту ісі бойынша съез 23 тармақтан тұратын қарар қабылдады. Онда оқу-ағарту ісі әр ұлттың өз қолында болсын, бастауыш мектептерде оқу ана тілінде жүрсін, барлық мұсылман мектептерінде «ортақ түркі тілі» оқытылсын, жалпыға бірдей оқу міндетті және тегін болсын деген сияқты талап-тілектер айтылды.

Жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күні белгіленсін, мұсылман жұмысшылары көп өндіріс орындарында мұсылман мектептері, мешіттерісалынсын, діни мейрамдарды өткізуге құқық берілсін деген қарар қабылданды.

Әскери ұйымдар туралы қаулыны әскери секция атынан полковник Алиев ұсынды. Онда соғыс сөзсіз жойылуы тиіс, егерде қандай да бір күрес жүргізу қажет болса, ұлттық негіздегі әскер құрылсын, егер тұрақты әскер қажет бола қалған жағдайда мұсылман әскери бөлімдері құрылып, оның офицерлері мұсылмандардан болсын және жауынгерлер өздері шақырылған жер қызмет етсін делінді.

1917 жылы 12 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі атқару комитеті жалпы ресейлік мұсылман съезінің соғыс туралы қабылдаған қарарын сыртқы істер министріне тапсырды. Бұл құжатқа А.Салихов бастаған 8 адам қол қойған болатын. Оның құрамында Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, У.Танашев та бар еді.

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі атқару комитеті құрамында қызметте жүрген қазақ өкілдері мемлекеттік мекемелердің де қызметіне қатысты. Мәселен, Ж.Досмұхамедов Құрылтай жиналысын дайындайтын кеңесте, Бас жер комитетінде және земстволық мекемелері жоқ губерниялардағы жергілікті басқаруды реформалау жөніндегі комиссия құрамында сарапшы болып қызмет етті. Ж.Ақбаев та Құрылтай жиналысына әзірлік жұмыстарын жүргізетін комиссия құрамында болды.

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне байланысты съез мынадай қаулы қабылдады:

«1. Бүкіл Ресей мұсылмандарының Шуросында қазақ өкілдері болуы тиіс;

2. «Шуро-и-ислам» ағзалары түрлі мұсылмандардың әр қайсысынан санына қарай болсын;

3. Қазақ халқының уақытша «Шуро-и-исламға» жіберетін өкілдерінің жалпы саны мұсылман съезі лайықтанғанша болсын. Қазақ өкілдерінің санын көбейту мәселесін «Шуро-и-ислам» тез арада шешсін.

4. «Шуро-и-исламға» қазақтан съез сайланған кісілер 1) Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, 2) Семейден Әбікей Сәтбаев, 3) Торғайдан Әлжан Байбөрин, 4) Оралдан Жаһанша Досмұхамедов, 5) Бөкейліктен Уалиджан Танашев, 6) Жетісудан Базарбай Мәмбетов, 7) Сырдариядан Мұстафа Шоқаев, 8) Ферғанадан Ғабдолрахмон Оразаев;

5. Бұл аталғандардың Шуроға бара алмайтындар болса, олардың орынбасарларын областық комитет сайлайды.

6. Шуроға сайланған кісілердің шығындарын қазақ ұйымдары, комитеттері көтереді;

7. Әр облыстың өкілдері Петроградқа қазірден баруы керек һәм «Шуро-и-ислам» қызметіне кірісу керек;

8. Қазақ өкілдерінің жиылысы Шуроның іс басқаратын комитетіне қазақ ағзаларын өздері сайлайды;

9. Уақытша басқа облыстардың өкілдері жиналғанша Шуроның басқаратын комитетіне съез Жаһанша Досмұхамедовты һәм Уәлидхан Танашевты лайықтады».

Съезд Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған өкілдерге қазақ партиясының бағдарламасын әзірлуді де жүктеген еді.

Жалпықазақ сьезі осылайша қазақ қоғамының Бүкілресейлік мұсылман кеңесімен байланысын нығайта беруге ынталы екендігін көрсетіп берді.

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитеті шешіміне орай 1917 жылы 21 шілдеде Қазан қаласында өз жұмысын бастаған екінші жалпы ресейлік мұсылман съезімен бірге тура осы мезгілде, сондай-ақ дәл осы қалада мұсылман дін иелері мен мұсылман әскери съезі өтті. Бұл съездерге Түркістан мен Қазақтаннан, сондай-ақ Кавказ өңірінен делегаттар қатысқан жоқ. Оған негізінен Ресейдің ішкі аудандарының мұсылмандары қатынасты.



жүктеу 43,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау