I. Ояту
Ұйымдастыру кезеңі // Жағымды ахуал тудыру // ________________________________________________________
Сыныпты топтарға бөлу. (__________________________) // Топта жұмыс істеу ережесі
II. Мағынаны тану
1. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау
2. Сабақтың басталуы. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және міндеттерді қою
3. Білімнің өзектілігі
4. Жаңа материалды таныстыру
Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып табылады. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.
Мұсылман құқығы дін ретінде феодалдық қатынастардың дамуына және нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп болды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.
Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.
Біз осы құқық жүйесінің феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. Шариғаттың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.
Мұсылман құқығы ғылымының екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
1). Құран-ислам дінінің бас кітабы.
2). Сунна-құдайға байланысты дәстүрлер.
3). Иджма-мұсылман қоғамының біртұтас келісімі.
4). Қияс-аналогиялық пікірлер.
Құран - Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.
Сунна - Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде діни нанымдағылардың қалай басқару керектігі туралы әңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледі.
5. Бекіту
Әрине, құқық жүйесінде Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.
Құранда соңғы жағынан қысқартылған 90 меккелік, 24 мединалық сүре бар. Олар шабытты жазылған. Айқын ырғақпен ұйқастырылған сөйлемдер тыңдаушыға әсер етіп, ислам құдіретін сездіреді.
"Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед - оның Пайғамбары" - деген исламның негізгі қағидасы. Мұсылмандықтың негізгі өзегін фатализм құрайды. "Сіздерге берілген уәдені сіз әлсірете алмайсыз". Құран бастаған істі аяқтауды уағыздайды: пітір төлеу, бес мезгіл намаз оқу, ораза ұстау сияқты мұсылманның бес парызын қатаң сақтау керек.
Әдебиеттерде Құранға әртүрлі баға беріледі. Құран заңның бастапқы көрінісі. Құранда қоғамдық-бұқаралық жеке бас құқықтық нормалары ещқандай бағынушылықсыз қолданылған: догмалармен суарылған мұсылман құқығының жасанды болуы мүмкін емес. Мұсылман түсінігіндегі ойлы бағыт ешқашанқатаң тәртіп алдында бас июге әкелмеді. Мұсылмандар әлемдегі жаңа көзқарастарға сақтықпен қарайды: "Біз іздейтін жұртпыз, бірақ ойдан шығармаймыз!" дейді олар өздері жөнінде.
|