Тақырыптың өзектілігі


МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ



жүктеу 43,13 Kb.
бет2/6
Дата09.01.2022
өлшемі43,13 Kb.
#32009
1   2   3   4   5   6
Катиева Т Тарих СРС

МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ

Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы себептері: «Мұсылмандардың ым-жымын білдірмей, мүмкіндігінше көзін құрта беру керек» , - деген құйтырқы саясатты ұстаған патша үкіметі ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басына қарай озбыр отаршылдық саясатын одан әрі үдете түсті. Ресей империясының қол астындағы мұсылман халықтары әлеуметтік, экономикалық жағынан қанауға ұшырағанымен қоса, рухани жағынан да қанауға ұшырады. Отарлаушылар олардың мемлекеттік рухын қалайда жою ниетінде, оянып келе жатқан ұлттық санасын тұмшалап, тілінен, дінінен, дәстүр-салтынан айыру бағытындағы ұйымдастырылған шараларды іске асыруға ұмтылды. Алдымен мұсылман халықтарын түгелдей шоқындырып, орыстармен кіріктіріп жіберу мәселесіне шешуші мән берілді.

Патша өкіметінің өлкеде шоқындыру, орыстандыру саясатының іске асу барысы жайын белгілі қазақ зерттеушісі Қ.Кемеңгерұлы «Қазақ тарихынан» атты еңбегінде былайша аңғартады: «Қазақты шоқындыру саясаты туды. Мұны орындау үшін ел арасына миссионерлер шыға бастады. Бұлардың ісі ұлттыққа зияндығы сезіле бастаған соң, қазақтар қарсы құрал қылып, исламға өте бейімделді»,-деп атап өтті.

Бұратана халықтарды орыстандыру жолындағы патша үкіметінің айла-әрекеттерінің бірі – мұсылман халықтарын ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб графикасы негізіндегі жазуын қолданудан шығару болатын. Араб жазуын мұсылман халықтарының қолдануын қалайда ығыстырып, оның орнына кириллицаны енгізуді жүзеге асырып қалуда Н.И.Ильминский, Н.П.Остроумов секілді миссионер ғалымдар белсенділік танытып жатты. Н.И.Ильминский пікірінше, алфавит қай уақытта да дінмен бірге қабылданған. Араб жазуы – оларды ислам дінімен байланыстырушы үлкен құрал. Сондықтан олар түркі халықтарының жазуын орыс алфавитін енгізу арқылы біріншіден, оларды мұсылман дінінен айыруға болады, екіншіден, біртіндеп православие дініне көшіруге болады.

Миссионер-ғалымдардың тікелей араласуымен Халық ағарту министрлігі 1870 жылы 26 наурыздағы ережеге сәйкес оқу-ағарту ісін мұсылман халықтарын рухани құлдыққа түсіру арнасына бұрған еді. Бұл ереженің әзірленуі барысында жергілікті әкімшілік орындарының ұсыныстары ескеріліп, Н.И.Ильминскийдің жүйесі басшылыққа алынды. «Міне сол мерзімнен бастап «мұсылман тұқымына және оның өркениетіне» қарсы оқу-ағарту ісін бүркемеленген күрес басталды. Бұл күрес екі бағытта жүргізілді: біріншісі – мұсылмандық оқу жүйесіне соққы беріп, оның дамуын тежеу бағыты, келесі екінші бағыт – мұсылмандарды орыстандырып, орыстармен сіңістіріп жіберу міндетін атқаратын орыс-түземдік аралас мектептерін ашу». Бұл ережеге мойынсұнғысы келмеген ел арасында жазалаушы отрядтар жіберілді. Сол кезеңдегі үкімет орындарының осындай іс-әрекеті жөнінде «Вакыт» газеті 1906 жылы 18 мамырдағы санында, былай деп жазды: «Мұсылмандар үкіметтің бұл ұйғарымын орынсыз, әрі зорлық ретінде санап, оны орындаудан бас тартты. Сол мезетте-ақ дөрекі жарлық берілді. Қазан губернаторы Скарятин әскери күшпен губерниядағы мұсылман елді мекендерін аралап, жүздеген мұсылмандар тұтқындалды. Оның біразы жер аударылды, каторгалық жұмысқа жіберілді. Ақмолада болса, генерал-губернатор жергілікті архиреймен бірге Көкшетау қаласындағы шіркеу алаңына өңірдегі қазақтар мен татарлардың бір тобын жинады. Ол жиналған топқа православияны қабылдауды ұсынып: «Осы күннен бастап шариғатпен емес, орыс заңымен өмір сүресіңдер» - деп айтқан.»

Осылайша Ресейдің қол астындағы мұсылман халықтары орталық саясат нәтижесінде жер мен елдігінен айырылып, діні мен тілі, мәдениеті мүшкіл халге жетіп ХХ ғасыр табалдырығын аттады. Осындай ауыр жағдай бүкіл Ресей мұсылмандарының назарлығын тудырып, олардың отарлауға қарсылығын күшейтті. «Тіліне, дініне қауіп-қатер төнгенін түсінген 30 млн.-дық мұсылмандармен бірге қазақ халқы да тебіреніске ұшырады».



Отарлық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі. ХІХ ғасырдың соңына қарай азаматтық дамуда тоқырауға ұрынған Ресейдегі түркі мұсылман халықтарының саяси оянуына ықпал еткен орасан зор күштің бірі жәдидшіл қозғалыс болды. Жәдидшіл қозғалыстың көш басында мұсылман халықтарын өркениетке тартып, оларға европалық білім мен озық идеяларды тартуды көздеген И.Гаспринский тұрды. Оның 1881 жылы Ресей мұсылмандары арасында ұлт бостандығы туралы идеяның таралуына түрткі болған «Русское мусульманство» атты саяси памфлеті жарық көрді. Бұл памфлетте патша үкіметінің орыстандыру саясаты, білім беру жүйесі батыл сынға алынып, мұсылмандардың рухани өсуіне мүмкіндік беру талап етілді. Ол 1883 жылдан бастап өзі түзген әліпби негізінде «Тілде, пікірде және істе бірлік» деген ұранмен «Тәржіман» газетін шығарып, Ресейдің түркі тілдес халықтары арасында ортақ әдеби тілдің қажеттілігі мәселесін алғаш рет көтерді және «Тәржіман» газеті осы әдеби ортақ түркі тілінде шығарылды.

И.Гаспринскийдің бұл бастамалары Еділ бойындағы алдыңғы қатарлы татар зиялылары арасында үлкен қолдауға ие болды. «Тәржіман» газеті Түркістан өлкесіне де жетіп, ондағы жастарды оятып, жәдидтер тобын тәрбиелей бастады.

Ресей мұсылмандары арасында отаршылыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу одан әрі өрістей түсті. Бұл істе Орынбор діни басқармасында қызмет атқарған саяси күрескер, татар азаматы А.Ибрагимов ерекше көзге түсті. Ол 1893 жылы діни қызметін тастап, Түркияға кетті. А.Ибрагимов Түркияда жүріп шетелдік басылымдар арқылы патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі еңбек сіңірді. 1895 жылы Түркияда өзінің әйгілі «Шолпан жұлдызы» атты кітабын жариялады. Оның бұл аітабы мұсылман халықтарының ұлттық-саяси мәселелерін көтерген тұңғыш эмигранттық шығарма болды. ХХ ғасыр басында А.Ибрагимовтың «Шолпан жұлдызы» Ресейге жетіп, мұсылмандар арасында зор беделге ие болды. Патша тыңшыларынан жасырын түрде қолдан қолға өтіп, мұсылман халықтарының саяси оянуына өз септігін тигізді. Ал А.Ибрагимов 1904 ж. Стамбул қаласында орыс үкіметінің шешіміне орай қолға түсіріліп, абақтыға жабылған кезде, бұл хабар бүкіл Ресейге тарап, халықтың талап етуімен көп ұзамай босатылды. Ол 1904 жылы қыркүйек айынан 1905 жылға дейінгі мерзімде мұсылман елді мекендерінде, атап айтқанда Қазанда, Перьмде, Уфада, Тройцкіде, Петропавлда (Қызылжарда) болып мұсылмандардың жалпы жағдайымен танысып, өз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1904 жылы Петропавл (Қызылжар) қаласында болған кезінде сол өңірдегі казак, татар өкілдерін жинап, мәжіліс өткізіп, өлке мұсылмандарының талап-тілектерін тұжырымдап, Министрлер Комитетінің төрағасы граф Витте атына өтініш жіберуін ұйымдастырды.

Отаршылдық тауқыметін, ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан мұсылман халықтарының пісіп жетілген наразылықтың сыртқы шығуына түрткі болған оқиға 1905 жылы басталған орыс революциясы болды. В.И.Ленин «Азияның оянуы» атты еңбегінде шығыс елдеріндегі революциялық өрлеуге сипаттама бере келіп: «Дүниежүзілік капитализм мен 1905 жылғы орыс қозғалысы Азияны біржола оятты. Езілген,ортағасырлық тоқырауда тағыланған жүздеген миллион халық оянып, жаңа өмірге, адамның ең қарапайым правалары жолындағы, демократия жолындағы күреске ұмтылып отыр», - деп көрсеткен болатын. Бұл пікірдің сол кезеңдегі Ресейдегі мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына да тән екендігі күмән тудырмаса керек.



Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылуы. 1905 жылғы саяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен Ә.Бөкейханов атап көрсеткендей «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: «Патша үкімдері жариялануынан бері қарай жұрт мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барлардың көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда», - делінген.

Қазақ қоғамында ХХ ғасырдың бас кезінде діни істерді ретке келтіру мәселесін көтеру жиілей түсті. Діни істері Орынбор муфтилігінен шығарылып тасталған қазақтар өлкеде діни жиын ашу әрекетіне кірісті. 1903 жылы бұл іске Ш.Қосшығұлов, С.Шорманов және т.б. қатысты. Ш.Қосшығұлов қазақтардың діни жиынын ашу қажеттігін насихаттап, елдің түпкір-түпкіріне хаттар жөнелткен. Соның бірінде Семей уезіндегі қадірменді адам ретінде Абай Құнанбаевтан қазақтар үшін мұсылмандық діни жиын құру жөнінде өкімет орындары алдында ұсыныс жасау сұралды. Сол үшін Абай үйінде әкімшілік орындарының нұсқауымен тінту де жүргізілген болатын.

Осы кезде Торғай және Орал облыстарынан келген, құрамында Б.Қаратаев бар қазақ делегациясының өкілдері А.Ибрагимовпен жолыққан. Оған қазақтардың бастан кешіп жатқан ауыр халін баяндап, діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату басты талаптарының бірі екендігін білдірген. Сонымен бірге А.Ибрагимовке бұл делегация өкілдері өздерінің барлық әрекетте мұсылмандармен болғысы келетіндіктерін айтқан.

Қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 жылы көктем айларында-ақ қолға алынған еді. Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып тапсыру ісіне сан жағынан аз болғанымен, саяси күреске ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері де атсалысты. Ол жөнінде М.Дулатов: «1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды», - деп жазды.

Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқан-лоққы жасалуына наразылық білдірді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасындағы оқу-ағарту ісін ретке келтіру сұралды.

Осы кезеңде Ресей мұсылман халықтарының талап-тілектерін тұжырымдап, олардың саяси әрекеттерін бір ізге түсіру ниетінде жалпы ресейлік мұсылман съезін өткізу мәселесі көтеріле бастады.




жүктеу 43,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау