Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс орталық езгіге қарсы Ресейдегі түркі және өзге де мұсылман халықтарын тұтас бір майданға біріктіру жолында өзіндік діни, ұлттық, мәдени және саяси талаптарды көтерген демократиялық сипаттағы күрес болып табылады. Бұл қозғалыстың негізін құрайтын түрікшілдік пен исламшылдық қорғанушылар идеологиясы болатын.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мәселелер әлі күнге дейін ақиқаты айтылмай келеді. Себебі, тоталитарлық идеологияның үстемдігі тұсында тарихымыздың бүтіндей бір кезеңдері, құбылыстары, соның ішінде Ресей империясын шарпыған ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс мәселесі де әдейі бұрмаланып, «реакциялық», «кертартпа», мәнсіз оқиғалар тізбегі ретінде көрсетіліп, объективті тұрғыдан зерттеуден тыс қалды.
Еліміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік тізгінін өз қолына алуы өткен дәуірдегі тарихты сол кезеңнің шындығына сай, сыңаржақ қалыптардан ажыратып, ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге жол ашты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өмірді, мұсылмандық қозғалыс және ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси рөлін көрсетуге арналған еңбектерде көрініс тауып, оңды бағаларға ие болуда. Мұндай зерттеулер қатарына М.Қозыбаев, К.Нұрпейсов, М.Қойгелдиев, Ө.Әбдіманапов еңбектерін атауға болады.
Тақырыпқа қатысты шетелдік зерттеушілердің ой-пікірлері жайлы мәліметтерді К.Л.Есмағамбетов, Н.Э.Масанов және Б.М.Сужиков еңбектерінен табуға болады.
Семестрлік жұмысындағы деректер архив құжаттары, баспасөз мәліметтері, бүкілресейлік мұсылман съездерінің қаулы-қарарлары, Мемлекеттік Дума материалдары және жарияланған құжаттар жинақтарынан алынды.
Жұмыстың мақсаты: ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде орын алған өзгерістер, мұсылмандық қозғалыстың саяси күш, саяси қозғалыс ретінде тарихта қалдырған ең ірі жетістіктері – бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізілуі, қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында мұсылмандық қозғалысқа атсалысқан қазақ зиялыларын құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау.
Жұмыстың міндеттері:
Жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыс және қазақ қоғамының осы қозғалысқа тартылу себебін анықтау;
Бүкілресейлік мұсылман съездерінің өткізілуі, онда қозғалған мәселелер және қазақ зиялыларының осы съездердегі белсенділігін көрсету;
Мемлекеттік думалардағы фракциясының қызметіне шолу жасау арқылы оның қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелерін көтерудегі рөлін көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: |