Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет9/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73

22 
 
интеллектуалды  даму  деңгейi,  яғни,  зейiнi,  есте  сақтауы,  ойлауы,  кеңiстiктi 
бағдарлауы  төмен  болып  келедi.  Осы  себептерге  байланысты  психикасы 
дамуы  тежелген  (ПДТ)  балалардың   оқу  үлгерiмi  төмен  болады.  Бұл 
балалардың  оқуға  үлгермеушiлiгi  жетi-сегiз  жастан  анық  байқалады.  Ата-
аналары  көмекші  не  арнайы  мектептер  мен  мектеп-интернаттарға, 
психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттері  мен  коррекциялық-түзету 
сыныптарына  кемтар  балаларын  бергісі  келмеген  жағдайда   жалпы  білім 
алатын  мектептерде  ПМПК-ның  ұсынысы  бойынша  жеңілдетілген 
бағдарламамен  оқытуына  толық  құқылары  бар.  Жалпы  білім  беретін 
мектептер  мен  бала  бақшалар  ПМПК-ның  қорытындысы  бойынша 
көрсетілген,  яғни,  баланың  деңгейіне  қарай  жеңілдетілген  бағдарламамен 
кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары 
жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы  психологы, әлеуметтік 
мұғалімі,  олигофрено  мұғалімі,  логопед  мамандары  жұмыс  жасайды.  Егер 
бала  көмекші  бағдарламаны  толық  игерген  болса,  оған  арнайы  куәлік 
беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы 
мектеп-интернатқа жібергісі  келмесе, жергілікті  жалпы  мектепте  мүмкіндігі 
шектеулі  баланың  мүмкіндігіне  қарай,  жеңілдетілген  бағдарлама  бойынша, 
инклюзивті оқытуға міндетті. 
Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы 
білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады. 
Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын 
жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету, 
сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай 
қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Тәжірибе  көрсеткеніндей,  қатаң  білім 
беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені  қалыптасқан 
жүйе  мұндай  балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды. 
Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп, 
жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.  Инклюзивті  оқыту  – 
барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп 
өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді,  оқушылардың  тең  құқығын 
анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік  береді,  адамдармен 
қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді. 
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде 
білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Біздің елімізде 
инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  туралы  ресми  дерек  «Қазақстан 
Республикасының  Білім   беруді  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік   бағдарламасында»  көрсетілді.  Мемлекеттік  бағдарлама 
негізінде  2020  жылға  қарай  мектептерде  мүгедек  балалар  үшін  көтергіш 
жабдықтар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелерде  арнайы  құралдар  орнату, 
тұтқалармен,  арнайы  парталармен,  үстелдермен  және  басқа  да  арнайы 
компенсаторлық  құралдармен  жабдықтау  арқылы  «кедергісіз  аймақтар» 
құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды 
әлеуметтік  қорғау,  олардың  қоғамға  етене  араласуына,  оларды  оңалту, 
жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. 


23 
 
Пайдаланған әдебеттер: 
1. 
Мағжан Жұмабаев Педагогика 1992ж 
2  
Қ.Жұмасова Психология Астана-2006ж 
3. 
Қ. Жарықбаев Жалпы психология, 2000 
4. 
Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзету 
арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы 
5. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010. 
6. 
Республикалық  педагогикалық–әдістемелік  журнал.  Әлеуметтік   педагог 
№4 2010ж 
 
 
ПСИХОМОТОРИКАНЫ ЖӘНЕ СЕНСОРЛЫ ҮДЕРІСТЕРІН ДАМЫТУ 
ПӘНІН ЗЕРДЕ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЗАМАНАУИ       
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРМЕН ОҚЫТУ 
Тәжбентай Әсия Сайлаубайқызы 
Атырау облыстық көмекші мектеп – интернатының мұғалім – дефектологы 
 
Зерде  дамуы   бұзылған  мектеп  жасындағы балалардың  психомоторлық  
даму мәселесі ғалымдар назарын аудартпай қоймады,  ХХ ғасырдың 70 - 80 
жылдарында оларды тәрбиелеу тәжірибесінің молайып, арнайы мекемелердің 
көбеюіне  байланысты  болды.  Соңғы  жылдары  да,  психикалық  дамуы 
кешеуілдеген,  зерде  бұзылысы  бар  балалардың  танымдық  қабілеттерін 
дамыту - түзету (коррекциялық) жұмыстарының қарқынды жүргізілуі  өзекті 
мәселелердің бірі болып отыр. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ішінде  зерде  дамуы  бұзылысы  бар 
балалардың  негізгі  айырмашылығы  мынада:  бұл  балалардың  сабаққа  деген 
үлгермеушілігі,  сондай-ақ  дағдылары  мен  танымдық  процестеріндегі  өзара 
ауытқушылықтарымен  сипатталады.  Мидың  сәйкес  құрылымдарының  пісіп 
жетілуі  балада  қажетті  дағдылардың  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Қимыл 
қозғалыстардың қалыптасуы баланың айналадағы әлеммен белсенді қарым - 
қатынас жасауына жағдай жасайды. Бала өз қозғалыстарын сезіп, оны көзбен 
бақылап,  көру  моторлық  координациясы  қалыптасады.  Кейіннен  заттарды 
ұстап,  олармен  манупуляция  жасау  арқылы  психомоторлық  қабілеттері 
шыңдала түседі. 
«Психомоториканың» 
қозғалыс, 
таным 
және 
эмоционалдық 
компоненттердің  органикалық  біртұтас  құрылымы  екендігі  туралы  пікір 
оның бала тұлғасының дамуына зор ықпал ететіндігін көрсетеді. Зерде дамуы 
бұзылған  балаларды  психомоторлы  дамытудың  көрсетілген  концепциясы 
шартты  түрде  оның  келесі  бағыттарын  бөліп  шығаруға  мүмкіндік  береді: 
қозғалыс тарапын дамыту, таным аясын дамыту, эмоциялық - жігер саласын 
дамыту. 
Мектеп  жасындағы  балалардың  қозғалыс  тарапын  дамыту  қажеттілігі 
мен  маңызына  әдістемелік  тұрғыда  Ф.Фребель  мән  берген,  ол  қозғалмалы 
ойындарды  дене  дамуын  шыңдау  құралы  ретінде  пайдалану  қажеттігін 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау