32
жұмыстары, денсаулық жағдайына байланысты жұмыстар жүргізіледі. Даму
мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім беру үшін көп еңбек пен ұстаздың
жылы сезімі мен кішіпейілдігі қажет. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу
де оңай шаруа емес.
Олардың әрқайсысының түсінігі әртүрлі. Ұстаз ізденісінің арқасында әр
баланың жан дүниесіне үңілуден басталады. Сәйкес келетін деңгейіне
психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту арттикулярлық апаратын,
фуниматикалық есту қабілеті, қолының ұсақ бұлшықеттерінің дамуы, көру
моторлық қозғалысы т.б. жұмыстар жүргізілуде.
Оқу мәліметтерін қабылдау үшін ой-өрісін дамыту, жан-жақты
бұйымдар және құбылыс туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мектеп жағдайына тез бейімделуі қажет әлеуметтік адамгершілік мінез-
құлықтарды қалыптастыру.
Оқу себептерін дамыту. жеке тұлғалық негіздерін дамыту (оқу
белсендігі, өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы негізгі
қиындықтарды жою.
Өзіндік бақылау мен өзіндік бағаны жүзеге асыру, кез келген іс-әрекет
түрін: мекемені межелеуді үйрену, алдағы жұмысты жобалау, қажетті
көрмесін үлгісімен орындау немесе мұғалімнің сөзін түсіндіруімен істеу.
Жалпы интеллектуалдық біліктілігін жас ерекшелігіне қарай құрастыру
(салыстыру,
қарым-қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.).
Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауытқушылықты
түзету.
Баланың соматикалық және жүйкелік денсаулығын нығайту және
сақтау: жеке және топтық түрлерінде оқу жетістіктерін қамту, психологиялық
жағымды жағдай туғызу, эмоциялдық тұрақсыздықты және жүйкелік
жүктеуді алдын алу.
Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын және біліктілік дағдыларын
нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете – дамыту жұмысында ойындар
мен жаттығулардың маңызы зор. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік
қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге,
төзімділікке баулиды. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы
өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі.
[
А.С.Макаренко ойынның ролін былай тұжырымдаған: «Кез-келген
баланың бойында ойынға деген қызығушылық, ынта-жігер болады, міне,
осыны қанағаттандырып отыру керек]. Бала өмірі – ойын арқылы дамиды»
деген. Міне, сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке тұлға ретінде
жан-жақты тәрбиелеуде және сөйлеу тілін қалыптастыруда әр түрлі ойын
түрлерін ұйымдастырудың маңызы өте зор. Ойын баланың мінез – құлқына,
физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.
Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырады. Бала ойын
үстінде өзіне ұнаған адамның іс-әрекетәне еліктеп қайталайды, сол адамға
ұқсағысы келеді.
Баланың инабатты, қайырымды, әдепті болып өсуі қоршаған ортасына
байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген, білгендерін ойын арқылы айқын