120
жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген
құштарлықты ояту.
Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра
сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де
балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз
пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген
элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,
қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана
қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.
Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір
көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа
көріністер арқылы біреуге үйретеді. Театрландырылған ойындар балалардың
ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-
аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу
қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог
түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы бес
бөлімнен тұрады.
Театрландырылған ойын.Кез келген өмірлік мән жайда өз
құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген
жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау
арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:
-
дамытушылық;
-
әсемділік;
-
театрлық.
Ырғақты иілгішті (ритмопластика)–бұған кешенді (комплекс)
ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене
қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы
қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды
эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу
логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу
құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге
сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін
дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі
құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді: тынысалу және артикуляциялық, дикциялық
және интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін
меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр
өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр,
көрермендер мәдениеттілігі.
121
Қойылыммен жұмыс–жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген.
Оған кіретін тақырыптар:
-
қойылыммен таныстыру;
-
қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру;
-
қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру;
-
Дайындық;
-
Қойылымды саханалау;
-
Театрландырылған ойынның жіктелуі.
Драматизация. Режиссерлық. Драматизациялық ойында бала – артист,
интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік
әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала
ойын–драматизациясында
қандай
бір
сюжетте
ойнайды.
Ойын
драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері:
жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
мәтін бойынша негізделген диалог, монолог, рөлдік ойындар;
шығармашылық көрсетілім;
бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.
Ал, драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді.
Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды.
Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп
көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға
қуыршақ бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі
қуыршақтардан жасауға болады.
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі
режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орнында
болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет
етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі:
ойыншықтар театры – бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне
тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды.
Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – марионеткалар
дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да
қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы
келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа
байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі
баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде, үлкен
алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға
болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір
бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың
саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ
Достарыңызбен бөлісу: |