116
заттарды, көріністерді, ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін,
жеңілден ауырға көшуді естен шығармауы керек, көріністердің, олардың
араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып
үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже–заң шығартқызып үйрету
сықылды істермен болады», - деп жазды. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру
және оны жетілдіру мәселесі төңірігенде жүргізілген зерттеулерді талдай
отырып, бұл мәселені практикада шешудің түрлі жолдарын былайша бөліп
көрсетеді:
-
танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру
мен
оқу
міндеттерін
іріктеп
шешу
арқылы
(Әбілқасымова
А.Е.,Есипов
Б.П.,Скаткин
М.Н.,Құдайқұлов
Ә.М.,
Голланд Е.Я., Хмель Н.Д. т.б.);
-
танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру (Богоявленский Д.Г.,
Кабанова-Меллер Е.Н., Қазмағамбетов А.Ғ., Эльконин Д.В., Омарова Р.С.
т.б.);
-
іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді
енгізу арқылы (Гальперин П.Я., Смаилов С.С., Мустояпова А.С. т.б.);
-
оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Рувинский Л.И.,
Половникова Н.А., Шамова Т.И. т.б.).
Сонымен, оқушының танымдық іс-әрекеттегі біліктерінің сапалық
деңгейі оның дербестігін анықтайды, бұл ақыл - парасат дамуының жоғары
деңгейіне және оқушының ой-танымдық дербестік арналарының даму
ерекшеліктеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасауға болады.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ
ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ КӨМЕГІН КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
Есетова Л.Д.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері
шектелген балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы
орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі
қоғам дамуында мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау
жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек
балалар және бала жасынан мүгедектер медициналық-әлеуметтік көмек
алуға, оңалтуға дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді-ортопедиялық
бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз
етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар.
Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі
ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына қарай тәрбие
талаптары, екіншісі–кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы
117
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол бала
бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін
кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін
жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.
Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама
мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің
көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп,
олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі
әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары
болады.Осы 7 модульді апарып сабақтарыма салған кезде сыныптағы көрініс,
оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған
өзгерістерге тоқталғым келеді. Осы жасаған сабақ жоспарым практикада
белгілі бір өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер мектептегі
оқушыларға және әріптестеріме ықпал етті. Менің сабақтарыма енгізген
өзгерістерге әріптестерім аса қызығушылық танытты. Мен оқу барысында
көптеген мәліметтер алдым, жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін
үйрендім. Соның ішінде бірінші модульға тоқталар болсам, білім беру мен
білім алудағы жаңа тәсілдерді мен әрдайым жандандырып, жаңартып
отыруым қажет екенін, қалай оқыту керек екенін түсінуім қажет. Өмір бойы
өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім
берудің негізі.Күнделікті өмірде білім алып, білім алуды үйретуім керек
екенін білдім,практика кезінде өз сыныбыма топтық және жұптық
тапсырмалар беру арқылы және осы топтарға диалогтік оқыту тәсілінен
сұрақтар түрін пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлана
алуына мүмкіндік аштым. Енді мен практика кезінде өткізілген
жұмыстардағы оқушы өзгерісімен өзімдегі өзгерісті айтып өтсем деймін. Бұл
оқу кезінде мен ынтымақтастықты, сұрақ қою мен жауап беру үдерісін
бағалауды, мәдениеттілікке барар жолды, серіктестермен әңгімелесе отырып,
жағымды кеңес алуды, дарынды және талантты оқушыларды аша білуді
үйрендім. Мен практикада жүрген уақытымда орта мерзімдік және қысқа
мерзімдік сабақ жоспарларын жоспарладым. Жоспарлау кезі осы курсты
оқып келгеннен соң сабақ жоспарын дайындауда көп қиындықтар алып
келгені рас. Ойлана отырып, оқушыларды сабақ үстінде сыни тұрғыдан
ойланып жұмыс жасай алуына бағытталған тапсырмаларды көбірек дайындау
керек екенін ойладым.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бағытында Л.Выготский
диалогтік оқыту тәсілінің оқушы ойын жетілдіре, ойлануына, өз жауабын
саралай қарап, нақты шешімге келуге ыңғайлы және білім беруде ең керекті
әдіс екендігін айтып өткен. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқи отырып,
Л.Выготскийдің диалогтік оқыту тәсіліне мән бере отырып, сабақ
құрылымында пайдаланып, оқушының білімінің тереңдеуіне ықпал ету
мақсатында сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердім. Сабақта
түрлендіре берген сауалдар кезінде байқап қарасам, оқушы сыни көзбен
қарай отырып, жауап бергендері, сол жауапты дәлелдей білуі, ойын ашық
Достарыңызбен бөлісу: |