Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет4/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73


 
жазғанда  байқалмайтын  кейбір  қателерін  және  сөйлемді  құрастыруының 
бұзылуын,  сөздік  қорының  жеткіліксіздігін  анықтауға  мүмкіндік  беретін 
өздігінен жазуын тексеру керек. 
Өздігінен  жазуын  тексеру  үшін  әр  түрлі  бейнедегі  суреттерді  ұсынуға 
болады.  
                  
 
 
Балалардың оқуының жағдайын тексеру үшін арнайы іріктеліп алынған 
сөйлемдерді  пайдаланады,  егер  бала  нашар  оқитын  болса,  онда  әріптерді 
оқып  талдаудан  бастайды.  Бұдан  кейін  буындарды  оқуды  тексереді. 
Құрамында  қатар  тұрған  дауыссыз  және  дұрыс  айтылатын  да,  дұрыс 
айтылмайтын да дыбыстары бар буындарды алдымен тура, сосын керісінше 
буындарды оқытады. Бұдан кейін сөздерді оқуға көшеді. Оқуды тексеру үшін 
алдымен  жәй  сөйлемдерді,  сосын  дыбыстық  және  морфологиялық  құрамы 
бойынша күрделілеу сөздерді іріктеп алады. Бала оқыған сөздерін түсінетін, 
түсінбейтіндігін  міндетті  түрде  тексеру  керек.  Бұны  анықтау  үшін  оқыған 
сөзіне бір мағыналы сөздерді іріктеп алып, оны сөйлемнің құрамына енгізуді, 
сосын соған лайықты суретті іздеуді ұсыну арқылы жасайды. Оқуын тексеру 
барысында  байқалғанның  бәрі  жазып  алынады.  Олар  оқуының 
кемістіктерінің  шығуына,  сөйлеу  тілінің  фонетикалық  бұзылуы  мен  жалпы 
сөйлеу  тілінің  толық  дамымауының  қайсысының  себепші  болатынын  және 
оны жоюда ең тиімді тәсілді табуды, оқуындағы қиыншылықтан құтылудың 
әдісін анықтауға жәрдем береді. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып 
және  де  сол  арқылы  қолданылады.  Тілдің  сөйлегенде  бұзылып,  дыбыстың 
дұрыс  қолданылмауы  адамның  әлеуметтік  белсенділігіне,  жеке  басының 
қызметіне,  сонымен  бірге  психикалық  дамуына  әсерін  тигізуі  мүмкін. 
Сондықтан баланың тілін таза, дұрыс сөйлеуінің оның дамуы үшін де үлкен 
маңызы бар. 
Мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға  білім  берудегі  негізгі  міндет  –  әрбір 
баланы  өмірде  айналасындағылардың  көмегіне  тәуелді  болмай  өз  бетінше 
өмір сүруге дайындау.  
Сыныптағы  оқушылардың  оқу  кемістіктерін  түзету  үшін  олардың 
себептерін  анықтау  қажет.  Мұндай  кемістіктер  әр  түрлі  болады,  мысалы: 
зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық буындап оқу 
дағдысының  қалыспағандығынан  оқушының  тіл  кемістігі  т.б.  Сынып 
оқушыларының  оқу  сабақтарында  жіберетін  қателіктерін  топтап  көрсетсем, 
төмендегідей: 
а) Әріп,буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу. 
ә) Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар. 


10 
 
б)  Тілі  келмегендіктен  және  тіл  кемшілігіне  байланысты  бір  әріпті  екінші 
әріппен алмастырып (оңда–онға, күзет – күжет т.с.с) оқиды. 
Мұндай  кемшіліктерді  алдын-  ала  есепке  алып,  түзету  жұмыстарын 
жүргізіп отырамын.  
Оқу  мен  жазу  дағдыларын  қалпына  келтіруге  фонематикалық  есту 
қабілеті  мен  сөйлеу  тілінің  дамуымен  қатар,  көру  түйсігі  және  кеңістікті 
бағдарлауы,  қимылы,  жазуға  үйрету  кезінде,  ең  алдымен,  қолдың  ұсақ 
бұлшық еттерінің қимылдары дамуының маңызы зор. 
Оқу  мен  жазу  дыбыстық  талдау,  жинақтау  әдісі  арқылы  жүргізілетіні 
белгілі.  Сондықтан,  ең  бірінші  талап  –  балалардың  дыбыс  есту  қабілетін 
дамытып,  тіліміздегі  түрлі  дыбыстарды  ажырата  білуге,  дыбыстық  талдау 
жасауға  үйрету.  Ол  үшін  әр  түрлі  ойын  түрлері  пайдаланылады.  Мысалы: 
«Еденге  не  түсті?»,  «Қай  аспапта  ойнадым?»,  «Кім  атыңды  атады?»,  «Қай 
жануар үн шығарды?». 
Келесі тапсырма – суреттермен жұмыс. 
Дыбыстық жинақтау дағдыларын қалыптастыру. 
Жеке кеспе әріптерден сөз шығару:  апап,  кәе, нара. 
Жазу  процесін  түзету  үшін  саусақтың  бұлшық  ет  қимылдарын  дамыту 
қажет.  Ол  үшін  сурет,  еңбек,  жазу  сабақтарында  міндетті  түрде  арнайы 
жаттығулар  өткізілуі  қажет.  Осы  бағытта  мынандай  жұмыстар  жүргізуге 
болады:  
• 
Трафарет,  контурлармен  жұмыс  жасау,  берілген  нүктелерді  қосу 
арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау. 
• 
Дәптер  жолынан  шықпай  түзу,  сынық  сызықтардан  тұратын  оюлар 
салу. 
• 
Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу. 
• 
Әріп элементтерін сызу. 
Сонымен  қатар,  әр  түрлі  дидактикалық  арнайы  ойындарды  қолданған 
жөн.  Мысалы:«Кім  пирамиданы  тез  жинайды?»,  «Сиқырлы  дорба»,  «Кім 
жылдам?»  (шашылған  ұсақ  заттарды  жинау).  «Кесілген  суреттерді 
құрастыру».  Бұл  ойын  барысында  балалар  саусақтарын  жаттықтырумен 
қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады. 
 
Осындай  қолдың  ұсақ  моторикасын  дамыту  жаттығуларын  орындау 
барысында  балалардың  жазу  дағдылары  дұрыс  қалыптасады,  есте  сақтау 
қабілеті дамиды. 
Жазуындағы,  оқуындағы  кемістіктерді  жою  жұмысы  оқу  жылы  бойы 
жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі 
мен жазуын жетілдіру болып табылады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді 
түзету  әрдайым  тоқтаусыз  жұмыс  істеуді  қажет  етеді.  Жоғарыда  айтылып 


11 
 
өткен  әдіс  –  тәсілдерді,  элементтерді  сабақта  пайдалана  отырып,  мынандай 
нәтижелерге қол жеткізуге болады: 
 
Фонематикалық есту қабілеті жетіледі. 
 
Есте сақтау, ойлау қабілеті дамиды. 
 
Қолдың ұсақ моторикасы дамиды. 
 
Оқу мен жазу дағдылары дұрыс қалыптасады. 
Осындай  жұмыстарды  үнемі  жүргізу  оқушыларды  шығармашылыққа 
баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, тіл кемістігін 
түзеуге, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.  
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.«
Тіл дамыту»  Жүсіпова Д.З.,Ихсанова Ф.Қ.,Омарғалиева Т.Ж., Ноғайбеков 
Б.Ж. Алматы  «Аруна баспасы» 
2. «Логопедтің баламен жеке жұмыс  дәптері» Қожахметова  Н.К. 2015ж. 
3.Ефименкова    Л.Н.  «Формирование  речи  у  дошкольников  (дети  с  общим 
недоразвитием речи)» - М 1992г. 
4. 
Өмірбекова К.К., Оразова Г.С., Төлебиева Г.Н., Ибатова Г.Б. «Логопедия» 
Оқулық-Алматы 2011ж. 
5.Филичева 
Т.Б.,Соболева 
А.З.Развитие 
речи 
дошкольников–
Екатеринбург,1997г. 
6. 
Ибатова «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру» 
Алматы 2015ж. 
  
 
АСА ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН  
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК 
Кабенова Гулжазира Сайновна 
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің 
жоғары санатты педагог-психологы 
 
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, аса 
қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім 
үрдісінің дамуы. 
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа 
білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаев  айтқандай, 
оқу процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. 
Инновациялық  жолдарын  жүзеге  асыру  мен  аса  қажеттілігі  бар 
балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері. 
Арнайы  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы  органдар 
көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы: 
ҚР  Білім  және  ғылым  министірінің  2015  жылғы  8  сәуірдегі  №174 
бұйрығы.  ҚР  Әділет  министірлігінде  2015  жылғы  14  мамырда    №11047 
тіркелді. 
«
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі 
Қр Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған: 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау