Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет53/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
МЖСТТ

Коммерциялық судың есебi республиканың, облыстың, ауданның, шаруашылықтың территорияларына су бөлетін нүктелерде, сонымен қатар кәріздiң, ақаба және артық суларды тастайтын нүктелерде ұйымдасады.
Технологиялық судың есебi шаруашылық аралық бөлгіш каналдарға, ауыспалы егiс учаскесiне, танаптарға су бөлетін нүктелерде, ал жабық тiзбекте қосымша - сорап бекеттерінда, учаскелерге (бөлетін) және танаптарға (суаратын) су беретiн құбырлардың басында, жаңбырлатқыш (суаратын) машиналар мен қондырғыларда, су алатын ұңғымаларда және тiк кәріздi ұңғымаларда ұйымдасады. Егер де жаңбырлатқыш машиналар жеке шығын өлшегiштермен жабдықталса, онда оларды қосатын суаратын құбырларға су өлшейтiн құрал қондырылмайды.
Су бөлетін нүктелердегi шығынды және көлемдi өлшеу дәлдiгi +5%, ал тастайтын нүктелерде +10%.
Коммерциялық су есептейтiн құралдар стационарлы, технологиялық-стационарлы немесе тасымалды болулары керек. Соңғысын екi жағдайда қолдануға болады: вегетацияда жұмыс iстеу ұзақтығы 20%-дан көп емес мезгiл-мезгiл жұмыс iстейтiн нысаналарда, бiр жыл iшiнде тұрақты су шығынымен жұмыс iстейтiн нысаналарда (шығынның өзгеруi 10%-дан көп емес). Табиғи ашық арналардың учаскелерiне орналастырылған су есептейтiн құралдар бьефтiң төменгi жағынан тежелетiн-өзгеретiн ағын режимiнiң әсер ететiн жатпауы керек, ал құбырдың түзу учаскесiнде орналасқан су есептейтiн құралдар шығын өлшейтiн датчиктiң алдындағы ұзындық приборлар мен жабдықтарды гидравликалық соққыдан қорғау үшін жеткiлiктi болуы керек.
Суды есептейтiн құралдар сериялы, метрологиялық аттестациядан өткен болуы керек. Су есептейтiн құралдарды бөліктеу (градустау) және метрологиялық аттестациядан өткiзу үшін каналдарда немесе құбырларда үлгiлi өлшегiш құралдармен өлшейтiн учаскелер (тұрақты немесе уақытша) жабдықталады.
Жердiң гидромелиоративтiк жағдайын бақылау үшін режимдi ұңғымалар тiзбегi, топырақ-тұздың немесе су-тереңдiгiнiң стационары, өндірістік зерттеулер зертханалары қарастырылады.
Режимдi ұңғымаларды көбінесе жақтауларға орналастырады. Суармалы жердегi ұңғымаларда орналастыру тығыздығы суармалы территорияның табиғи құрғату дәрежесiне, ал құрғататын жерде - қоректi судың түріне байланысты.
Топырақты тұздың стационарлары суармалы жерде бiр стационар 150-200 мың га есеппен құрылады. Оларды негiзгi гидромодульдi аудандардағы типтiк ауыспалы егiстiктерге орналастырады. Стационарлар режимдi ұңғымалар тiзбегiмен (25-50), су өлшейтiн бекеттермен және 9-12 лизиметрлерi бар су-теңдiгiнiң алаңымен жабдықталады.
Су-теңдiгiнiң стационары құрғататын жерде 150-300 мың га бiр стационар бар. Оларды судың қоректiк түріне, гидрологиялық және топырақ жағдайларына, реттейтiн тiзбектiң конструкцияларына байланысты типтiк қызмет ететiн алқаптардегi ауыл шаруашылығында пайдаланып жүрген құрғататын жүйелердiң жерiне орналастырады. Стационар режимдi ұңғымалар тiзбегiмен (9-20), су өлшейтiн бекеттермен және 6-9 лизиметрлерi бар су-теңдiгi алаңымен жабдықталады.
´ндiрiстiк зерттеулер зертханасы топырақтың ылғалдылығын және химиялық құрамын, судың химиялық анализiн анықтауға арналған приборлар мен жабдықтармен жабдықталады.
Магистральдi, бөлгіш, ақаба суды тастайтын, қоршалған каналдарда, коллекторларда, бөгеттерде, жолдарда әр 200 м шақырым бағандары мен пикет таңбалары орнатылады. Қапталған каналдарға бағандар мен таңбалар орнатылмайды, ал керектi мәліметтердi тiке қапталғанға жазады.
Суармалы каналдардың сағаларына және құрғататын каналдардың қүярлықтарына, жолдардың қиылысқан жерiне және тармақтарына, ғимараттарға сiлтегiш таңбалар орнатылады. Жабық құбырларда және коллекторларға сiлтеушi таңбалар әдетте танаптың жақын орналасқан шекарасына орнатылады.
Ескертетiн таңбалар каналдарды немесе ғимараттарды пайдалануға болатындығын, болмайтындығын немесе шектелгендiгiн көрсетедi және оларды жолдың бойына, қиылысқан жерiне және көп iрлердiң жанындағы топырақтарға, өткелдерге, елдi-мекеннiң жанына және далалық қостарға орналастырады.
Пайдалану жолдарындағы магистрал каналдардың жиегiндегi жол таңбаларының және сiлтегiштердiң формалары мен өлшемдері ГОСТ-қа сәйкес болуы керек.
Өткiзу қабiлетi 10 м3/с көп iрi гидротехникалық ғимараттарда, магистрал және бөлгіш каналдардың (құбырлар) жиектерiнде, ақаба суды тастайтын каналдарда және коллекторларда, қоршалған каналдарда, бөгеттерде және жолдарда тұрақты геодезиялық размерлер орнатылады, олардың бекiту ұзындықтары 2 шақырымнан аспауы керек.
8.6 Жөндеу-пайдалану жұмыстарын механикаландыру құралдары және тасымалдар
Жөндеу-пайдалану жұмыстарын механикаландыру құралдарын (машиналар және механизмдер) осы жұмыстардың технологиясына және көлемдерiне сәйкес қазiргi «Ауылшаруашылық өндiрiсi кешендi механизациялауға арналған машиналар жүйесі» бойынша таңдайды.
Арнайы техникалармен бiрге (каналтазартқыштар, орақтар, шым жуатын машиналар және басқалар) жалпы құрылысқа арналған машиналар да пайдаланады (экскаваторлар, бульдозерлер, скреперлер, грейдерлер және басқалар).
Машиналар мен механизмдердiң керектi санын, пайдаланушы ұйымдар өз күштерiмен орындайтын жыл сайынғы жөндеу-пайдалану жұмыстарының көлемдерiне және әр машинаның жылдық өнiмдiлiгiне байланысты анықтайды.
Тасымалдау құралдарының түрі мен саны тасылатын жүктiң түріне, жүрiп тұрған автомобильдер мен автоприцептердiң тiзiмiне, орта ара қашықтыққа және тасылатын жүктiң көлемiне, тасымалдайтын құралдардың жылдық өнiмдiлiктерiне байланысты.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын бақылау үшін пайдалану қызметкерлерi мотоциклдермен, мопедтермен және велосипедтермен қамтамасыз етiледi.
8.7 Өндiрiстiк база, пәтер үй. Пайдалану қызметi
Өндiрiстiк базаның құрамына өндірістік зерттеулер зертханасы мен әкiмгершiлiк үйi, жөндеу шеберханалары, қоймалық бөлмелер, гараждар, баспалар, алаңдар және т.с.с.
Жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін, топырақтағы тұздың құрамын және ылғалын, суармалы және коллекторлы-кәріздi сулардың минерализациясын анықтау, 1000 га мелиорацияланатын жерге ұсынылған шартты. Химиялық анализдерге байланысты зертхананың қуаттылығы суармалы жерде 50-100 анализ және құрғататын жерде 10-25.
Жөндеу-механикалық шеберханалары қуаттылығы техникалық қызмет етудi керек қылатын және жергiлiктi орындарда және даярлаушы зауыттарда жұмыстың жиiрек орындалуын ескере отырып, құрылыс-мелиоративтiк техникалар мен автокөлiк қондырғыларының есептi жөндеу санына байланысты анықталады.
Қоймалық бөлмелердiң қуаттылығы оларға жүктелген мiндеттердi ескере отырып орындалатын жұмыстың көлемiне байланысты. Жанар-жағар материалдарда сақтауға арналған ыдыстың көлемiн он күндiк үнемдi ескере отырып есептейдi.
Тұрғын үйдiң және балалар мекемелерiнiң көлемi күшi бар СНиП талабына жауап беруi керек. Ауылдық жердегi тұрғын үйлерде жер учаскелерi және қора-қопсы құрылыстары қарастырылады.
Өндiрiстiк және тұрғын-үй, ереже бойынша, гидромелиоративтiк жүйелердiң iшiндегi немесе жанындағы елдi-мекенде орналасады.
Пайдалану қызметiнiң нысаналарының сәулеттi-жоспарлау шешiмi күшi бар СНиП талаптарына сай болуы керек.
Пайдалану қызметiнiң нысаналарын жобалағанда күшi бар су шаруашылығын пайдалану ұйымдарының өндірістік базасының типтiк техникалық шешiмдерiн пайдаланады.
Жүйенi басқарудың тәсілi мен ұйымдастыру принциптерiн жасайды, пайдалану қызметiнiң құрылымы мен штабын белгiлейдi.
Пайдалану қызметiнiң құрылымы пайдалану ұйымдарына қажеттi барлық функцияларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуi керек. Ол, гидромелиоративтiк жүйенi қандай топқа жатқызуына, жүйелердi автоматты басқаруына (АСУ) және басқа факторларға байланысты.
Пайдалану басқармаларында негiзгi функционалдi және қосалқы бөлімдерге бөлінедi. Пайдалану учаскелерiнiң (бөлімдердiң) саны және олардың пайдалану қызметiнiң шекаралары, диспетчерлiк пункттiң саны және олардың орнласауы анықталады.
Пайдалану қызметiнiң штаты күшi бар штатты нормативтке сәйкес болуға тиiстi, немесе оны суармалы немесе құрғататын жердiң келтiрiлген аудандарына, (топтар, жүйелер), механизмдерге, автоматика және телемеханика құралдарына және басқаларға байланысты пайдалану ұйымдарына және су пайдаланатын шаруашылықтарға (жер пайдаланушылар) бөлек анықтайды.
Жүйе элементтерiне (каналдар, құбырлар, ғимараттар және т.с.с.) қызмет ету Үшін пайдаланушы қызметкерлерге қажеттiлiк нормаға сәйкес бiр жұмысшының жүктемесiне байланысты анықталады.
Сорап бекетінда жұмыс жасайтын қызметкерлердiң саны станцияның жұмыс iстеу режимiне (ңқүлыптаң, станциядағы кезекшiлiк), оны беруге және су алудың күрделілiгiне байланысты штатты норматив бойынша анықталады, ал арнайы режимде жұмыс жасайтын (немесе күрделі гидротехникалық ғимараттың барлығына) жеке есептермен анықталады.
Автоматика және телемеханика, диспетчерлiк қызмет және басқа құралдарға техникалық қызмет жасау үшін штат анықталады.
Бiр жұмысшының жүктемесiн есепке ала отырып, суаруды жүргізу үшін суару машиналарына қажеттi машинисттердiң санын, жаңбырлатқыш машиналардың операторларын, сушыларды және басқа жұмысшыларды есептейдi.
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметiн жете зерттегенде бұрынғы пайдалану ұйымдарын, олардың бөлімшелерiн және өндірістік базаларын барынша пайдаланады.
Ғылыми-өндірістік зерттеулердiң құрамын, оларды қаржыландыру көлемiн, мүмкіншiлiгi келетiн орындаушы ұйымдарды (ҒЗИ, ЖОО) анықтайды.
8.8 Жыл сайынғы пайдалану шығындары
Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшкi жүйелерiнiң бөліктерінiң және бүкіл жүйелердiң (шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi мелиоративтiк шығындар) жыл сайынғы пайдалану шығындарын анықтайды.
Жыл сайынғы гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану шығындарына келесi шығын статьялары кiредi: пайдалану қызметi штатын ұстау, электроэнергияның бағасы, техникалық қызмет ету және жеңiл-желпi жөндеу, күрделі жөндеулер, негiзгi қаржыны қалпына келтiретiн аммортизациялық жарна (реновация), басқа жалпы жүйелік шығындар.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау