Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет48/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
МЖСТТ

Құрғату жүйелерiн жөндеу және техникалық қызмет ету: су қыбалдағыштарды, каналдарды және жолдарды жобадағы өлшемдері мен белгiлерiн бұрынғы қалпына келтiруден; су қабылдағыштарды және каналдарды тасындылардан тазартудан; оларды болдырмауды және ағаш-бүта өсiмдiктерiн жүлудан; уақытша (ағаштан жасалған) реттегiш-шлюздердi, көп iрлердi, құбырларды және басқа гидротехникалық ғимараттарды тұрақты түрімен толық немесе жарым-жартылай ауыстыру; жабық коллекторларды, кәріздердi, сүзгiлердi және басқаларды шаю және тазартудан тұрады.
Құрғату каналдарындағы жөндеу жұмыстарының құрамы каналдарды бекiту түріне және бүліну сипатына байланысты.
Судың қозғалу жылдамдығы азғантай (1,5 м/с көп емес) бекiген жерi бұзылған каналды жөндеу үшін шым немесе шым қиындыларын салу қолданылады.
Рұқсат етiлген жылдамдықтан асқанда, бекiтудiң биологиялық түрлерi үшін, сонымен қатар еңiстiң орнықтылығын көтеру үшін, оларды бекiтуге темiрбетон плиталары пайдаланылады, сонымен қатар қиыршық тас немесе ұсақталған тас төселедi.
Су әкелетiн каналдар тiзбегiнiң еңістігінiң табан бұзылған учаскелердi сi тiрегiш қабырғалармен немесе темiрбетонды плиталармен бекiтедi, ал реттеушi каналдар тiзбегiне - қиыршық, үнтақталған тастар себедi немесе шым төсейдi. Су тiрейтiн қабырғаларды, каналда тұрақты судың ағысы болған жағдайда, жергiлiктi материалдармен орнатуға болады (тоқылған, ағаштардан және басқалардан).
Каналдың түбі шайылған жағдайда оны енi 0,2 м кем емес қиыршық немесе ұсақталған тастарды учаскелерге салу арқылы бекiтедi немесе өлшемдері 0,2 х 0,2 м және ұзындығы канал түбінiң енiне тең темiрбетонды табалдырықтар орналастырады.
Жабық құрғататын тiзбектердегi жөндеу жұмыстарының құрамына тiзбектiң элементтерiнiң түріне, бүліну сипатына және жөндеу түріне байланысты.
Iрi коллекторларды (диаметрi 200 мм және көбірек) күнделiктi жөндегенде және техникалық қызмет еткенде келесi негiзгi жұмыстар жүргізіледі: коллектордың трассасындағы шұқырларды жою, құйылыстарды тазалу және жөндеу, құйылыстағы керегелердi ауыстыру, құбырларды (ашпай) тасындылардан тазарту және бiтелiп қалған жердi жою; күрделі жөндеуде: құбырдың кейбiр бөлімдерiн ауыстыру немесе қайта салу; құбырларды тазалау (ашып), қосымша учаскелердi салу немесе коллектордың трассасын өзгерту.
Үлкен диаметрлi коллекторларды тазалап және жөндеп болғаннан кейiн құрғататын тiзбектегi ғимараттарды жөндеуге кiрiседi. Бақылау құдықтарын жөндегенде бетон және темiрбетон сақиналарын ауыстырады, кольцолардың араларын және құбырлардың қосылған жерiн цемент ерiтiндiсiмен бiтейдi (құрамы 1:3), кольцоның сыртқы айналасына қабат саз (құлып) төсеп нығыздайды. Тұнбалар жиналған сiңiру құдықтарын жөндегенде көмілiп тасталған су сiңетiн қабаттарды ашып, шыққан ұсақталған және қиыршық тастарды жуады немесе жаңасымен ауыстырады, су сiңiретiн көмілетiн қабатты таза сүзетiн материалмен орындайды.
Ғимараттарды жөндеп болғаннан кейiн кәріздi жөндеудi орындайды. Көлбеу кәріздердi үш тәсілмен тазартады: тұтас - кәріздi ашып оны қайта салу, пунктирлi-кәріздi ашу, шурфтардың арасындағы арнайы құралдармен тазарту, кәріздi ашпай тазарту.
Бiрiншi тәсіл құбырдың қуысы құрғақ найлктармен және темiр шөгіндiлерiмен, оларда өсiмдiктiң тамырлары жиналғанда, кәріздiң еңістігі керi, құбырлардың қосылған жерiндегi саңылау жарамайтын жағдайда болғанда, оларды жылжытқанда және бұлдiргенде, қорғайтын сүзетiн материалдарды ауыстырғанда қолданылады; екiншiсi - құбырдың қуысына 0,3-0,6 диаметрiне дейiн тұнбалар жиналғанда және ылғалды найлкте, кәріздi түзету және ауыстыру керек емес жағдайда; үшіншiсi - керi еңiстiң болмауы және қыш құбырлардың сапалы төселуi, оларды қайта ауыстырып салудың қажет болмау жағдайында қолданылады. Бұл жағдайда кәріздер химиялық, гидравликалық және механикалық тәсілдермен тазартылуы мүмкін. Кәріздердi гидравликалық тәсілмен тазарту кеңiнен тараған.
7.4 Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
Жөндеуге жататын каналдар мен ғимараттардың тiзiмiн, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының түрлерi мен көлемдерiн анықтау үшін пайдалану қызметiнiң қызметкерлерi гидромелиоративтiк жүйелердi зерттейдi; суармалы тiзбектi - күзде, вегетациялық суарулар аяқталғаннан кейiн. Осы зерттеулердiң негiзiнде алдын-ала ақау ведомостьi дайындалады. Содан кейiн аудандық немесе облыстық пайдалану басқармасы тағайындаған арнайы комиссия гидромелиоративтiк жүйенiң техникалық жағдайы жайлы акт жасайды.
Каналдарды шөгіндiлерден тазарту жұмысының көлемi нивелирлеу арқылы анықталады. Кiшiгiрiм каналдарда көлденең қимасын түсiрмей - тек қана ұзына бойын нивелирлеу орындалады немесе көлденең қимасының тек қана ерекше орындарын әр 300-500 м аралығында өлшейдi. Нивелирлеудiң нәтижесiмен каналдардың қазiргi жағдайдағы бойлық пiшiнi мен көлденең қимасын сызады және оларды жобамен салыстырады. Нәтижесiнде каналдардағы шөгіндiнiң көлемiн және жөндеу жұмыстарының түрін анықтайды. Шаруашылық аралық жүйелердегi жөндеу жұмыстары мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыланады, ал шаруашылықтың iшiндегi жөндеу жұмыстары жер иесiнiң есебiнен (жер игерушiлер).
Жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарында оларды жүргізетiн мерзiмдерi және көлемдерi, сонымен қатар қазiргi норманы есепке ала отырып жұмысшылардың қажеттiлiгi, материалдар, механизмдер және тасымалдау құралдары көрсетiледi.
Суармалы жүйелерде жөндеу жұмыстары күзгi-қысқы және бiрең-сараңы дайындық кезеңiнде (көктем де суаруға дайындалғанда) орындалады. Жөндеу жұмыстарына әдеттегiдей жағдайды қамтамасыз ету үшін вегетациялық кезең аяқталғаннан кейiн тұрақты аяз орнағанға дейiн канал астындағы топырақ суының күмбезi түсуi үшін суармалы жүйелерге су берудi тоқтатады.
Суармалы каналдарды тасындылар мен өсiмдiктерден күзде және көктем де тазартады. Ғимараттарды күнделiктi жөндеу үшін жүйелерге су берудi тоқтатуды қажет ететiн ғимаратты қоспағанда суармалы жүйелердiң жұмысының барлық кезеңiнде жүргізіледі. Бұл ғимараттар күзгi-қысқы кезеңде жне ерте көктем де (суару басталғанға дейiн) жөнделедi.
Құрғататын жүйелерде күнделiктi жөндеу тасқыннан кейiн жүргізіледі, негiзiнен көктем гi-жазғы, күзгi кезеңдерде және бiрең-сараңы қыста, көктемгi тасқын судың алдында. Күрделі жөндеудiң мерзiмi жобамен анықталады.
Шаруашылық аралық тiзбектегi iрi жөндеу жұмыстары жөндейтiн - суармалы және құрылыс су шаруашылығы ұйымдарымен келiсiм-шарт негiзiнде мердiгерлiк тәсілмен орындалады. Шаруашылықтың iшiндегi тiзбектегi жөндеу жұмыстары шаруашылықтың күшiмен немесе мердiгерлiк тәсілмен орындалады.
Суармалы каналға немесе ғимаратқа апат жағдайын шақыруы мүмкін бүлінулер (канал бөгеттерiнiң шөгуі, жарықтар, ғимараттың шайылуы) ғимараттарды айналып өтетiн шұқырлар табылғаннан кейiн пайдалану ұйымының күшiмен дереу жойылады. Бұл үшін апат жағдайындағы бригадалар жасақталады.
Апат кезiнде басқару жүйесінiң диспетчерi дереу бүлінген учаскенi ажыратады және апат учаскесi аймағындағы тiзбектi босатады. Осымен қатар ол басқарма жүйесінiң бастығына апат жайлы хабарлайды және апат болған жерге апат бригадасының құрамына кiретiн механикаландырылған отрядты және линиядағы қызметкерлердi жiбередi. Басқарма жүйесінiң бас инженерi мен механикаландырылған отрядтың бастығы апат болған орынға өздерi шығып апатты жоюды ұйымдастырады. Апат кезiнде орындалған жөндеу жұмыстарына арнайы акт жасайды.
Шаруашылықтың iшiндегi тiзбекке техникалық қызмет етудi және жөндеудi пайдалану ұйымдары, шаруашылықтың келiсiм-шарты бойынша, өз күштерiмен орындайды.
Жөндеу жұмыстарын, пайдалану және мердiгерлiк ұйымдардың, шаруашылықтардың өкiлдерiнен ұйымдастырылған, жұмыс комиссиясы қабылдайды. Орындалған жұмыс орнын қарау негiзiнде комиссия қабылдау актiсiн жасайды.
7.5 Жөндеу жұмыстарының механизациясы және технологиясы

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау