Источник: ИС Параграф WWW
http://online.zakon.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Микроқаржы ұйымдары туралы
(2014.29.12. берілген
өзгерістер мен толықтырулармен
)
1тарау. Жалпы ережелер
(12баптар)
2тарау. Микрокредиттер беру
(310баптар)
3тарау. Микроқаржы ұйымдарын құру және олардың қызметi
(1125баптар)
4тарау. Микроқаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, олардың
қызметін бақылау және қадағалау
(2629баптар)
5тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
(3032баптар)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының,
құрылуының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондайақ микроқаржы ұйымдарын
мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн
айқындайды.
1тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) есептік тіркеу микроқаржы ұйымын осы Заңның
14бабына
сәйкес микроқаржы
ұйымдарының тізіліміне қосу;
2) кредиттiк дерекнама микроқаржы ұйымы әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын
құжаттар мен мәлiметтер;
3) қарыз алушы микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан
жеке немесе заңды тұлға;
4) мақсатты микрокредит микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес қарыз
алушының белгiлi бiр мақсаттарға оны пайдалануының талаптарымен берiлген
микрокредит;
5) микрокредит микроқаржы ұйымы қарыз алушыға осы Заңда айқындалған
мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
6) микроқаржы ұйымдарының тізілімі микроқаржы ұйымдарының бірыңғай тізбесі;
7) микроқаржы ұйымы коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі
әділет
органдарында
мемлекеттік
тіркелумен
және
есептік тіркеуден өтуімен
айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондайақ осы Заңмен рұқсат
етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке
немесе заңды тұлға;
9) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
негiзделедi және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінен
, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. «
Шаруашылық серіктестіктері туралы
» және «
Жауапкершілігі шектеулі және
қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы
» Қазақстан Республикасының заңдары
микроқаржы ұйымдарына осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда
қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары
қолданылады.
2тарау. МИКРОКРЕДИТТЕР БЕРУ
3бап. Микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары
1. Микроқаржы ұйымы бір қарыз алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті
қаржы жылына белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің
сегіз мың еселенген мөлшерінен
аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.
2. Микроқаржы ұйымы өзінің жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру
қағидалары болғанда ғана микрокредиттерді беруге құқылы.
2014.16.05. № 203V ҚР
Заңымен
21тармақпен толықтырылды
21. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген тәртіппен микрокредиттерді ұсыну үшін уәкілетті органның алдын ала келісімін
алуға міндетті.
3. Берiлген микрокредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы мөлшерлемесі микрокредиттiң
берiлу мерзiмiне қарамастан, бір жылға қайта есептеуде көрсетiледi.
4. Микрокредит беруге байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді
микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде микроқаржы ұйымы алады.
4бап. Микрокредит беру туралы шарт
1. Микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады.
2. Микроқаржы ұйымы жасаған микрокредит беру туралы шарт жөніндегі ақпарат
Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру
туралы
заңнамасында
айқындалған талаптарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға
міндетті түрде берілуге жатады.
3. Микрокредит беру туралы шартта:
1) микроқаржы ұйымының атауы мен қарыз алушы жеке тұлғаның тегi, аты және
әкесiнiң аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы заңды тұлғаның атауы;
2) берiлетiн микрокредиттiң жалпы сомасы;
3) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi;
4) микрокредиттi өтеу тәсiлi (қолмақол ақшамен және (немесе) қолмақол ақшасыз
тәртіппен, бiржолғы не бөліпбөліп);
5) микрокредиттер беру қағидаларында айқындалған микрокредиттi өтеу әдiсi;
6) микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу
күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары
көрсетіле отырып, сондайақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі
микрокредиттің және сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы
шарттың екі тарабы да қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
7) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол бар болса) қарыз алушының
мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;