Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет44/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
МЖСТТ

Келешектегi жоспарда жүйелердi жетiлдiруге арналған iс-шараларды, жаңа суару техникасын енгiзудi, жұмысты кешендi механикаландыруды, суармалы тiзбектiң ПӘК арттыруды және басқаларды қарастырады.
Жылдық өндірістік жоспарда келесi негiзгi бөлімдер бар:
шаруашылық аралық су пайдалану жоспары (суды бөліп тарату) , бұнда су алуға, суды бөліп таратуға және жүйелердегi судың есебiне жасалынатын iс-шаралар көрсетiледi;
тiзбекте және ғимараттарға көрсетiлген техникалық қызмет және ремонт жоспары, бұнда каналдарды тазалауға, ғимараттарды жөндеуге, пайдалануға және басқаруға керектi техникалық құралдарға арналған iс-шаралар, жағалауды бекiтуге және тасқанға қарсы жасалынатын iс-шаралар қарастыралады;
жүйенi дамыту және жақсарту жоспары, бұнда жүйелердi қайта құруға арналған жобалау-iздеу жұмыстары, жүйелердi және оларды пайдалануды жетiлдiруге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары, кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру жұмыстары айтылады.
Жүйелердiң пайдалану басқармасының қаражаттық әрекетi өндірістік-қаражаттық жоспардың арнайы бөлімiнде, пайдаланушы қызметкерлердi ұстап тұру қоса келтiрiлген.
Жүйелердi пайдалану басқармасының шаруашылық қызметi келесi көрсеткіштермен: артық суды пайдалану, пайдалану шығындары, жердiң мелиоративтiк жағдайы, жүйелерге түсетін тасындылардың көлемi және тазартылуы, экономикалық көрсеткіштермен талданады.
Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану қызметi жұмыстың орындалуына байланысты жоғары тұрған мекеменiң алдында есеп бередi, есепте оперативтi және айлық статикалық есеп бойынша, сонымен қатар кварталдық және жылдық өндірістік-қаражаттық есеп бойынша информация ұсынылады. Жылдық есеп - әр ұйымның немесе мекеменiң қызметiн бағалайтын негiзгi құжат.
6.5 Жүйелердi құжаттандыру және инвентаризациялау
Гидромелиоративтiк жүйелердi құжаттандыру - жүйелердiң конструктивтiк, технико-экономикалық және басқа сипаттамаларына белгiлi бiр уақыт мезгiлiндегi жағдайына арнайы құжатқа - техникалық құжатқа жүйелі түрде есеп жүргізу. Техникалық құжат - гидромелиоративтiк жүйенiң техникалық жағдайын бейнелейтiн негiзгi есептеу-техникалық құжат. Құжат бүкіл жүйеге және бөлек iрi ғимараттарға жасалынады. Жүйеге мезгiл-мезгiл жасалған құжаттық есептiң негiзiнде гидромелиоративтiк жүйелердiң кадастры түзiледi - жүйелердiң және олардың негiзгi элементтерiнiң жүйелі түрде жасалған мәліметтер жинағы.
Гидромелиоративтiк жүйелердi инвентаризациялау - жүйенiң және олардың кейбiр элементтерiнiң шын мәнісiндегi жағдайын мезгiл-мезгiл тексеру, нысанның дұрыс (инвентарлы) бағасын анықтау. Инвентаризациялауға негiзгi және айналым қорлары, күрделі жұмыстар, аяқталмаған өндiрiс және жүйенiң басқа мүліктерi, сонымен қатар мелиорацияланатын жерлер жатады. Инвентаризациялау арқылы ғимараттардың, каналдардың, гидромелиоративтiк жүйелердiң жабдықтарының және басқалардың шын мәніндегi жағдайы, олардың әдеттегiдей жұмыс жасау ұзақтығы мен шын мәніндегi бағасын анықтайды. Жаппай инвентаризациялау әр 5-10 жыл сайын жүргізіледі.
Инвентарлы баға, теңге:
ИС = ПС + Кр - Ав * t (6.1.)
мұнда: ПС - ғимараттардың (жабдықтардың) алғашқы бағасы немесе оны ауыстыратын қалпына келтiретiн баға, теңге; Кр - t уақытындағы күрделі жөндеуге кеткен шығын, теңге; Ав - қайта қалпына келтiруге арналған жылдық аммортизацияға бөлінген шығын, теңге; - ғимаратты пайдалануға берген уақытынан бастап инвентаризация жүргізгенге дейiнгi қызмет уақыты, жыл.
Гидромелиоративтiк жүйелердегi техникалық қызмет және жөндеу жұмыстары
7.1 Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын бағалау
Гидромелиоративтiк жүйелер пайдалану үрдісiнде табиғи және жасанды (адамның iс-әрекетi нәтижесiнде) факторлардың әсерлерiне байланысты бүлінуi, тозуы мүмкін.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайының көрсеткіштерi бiртiндеп нашарлайды: жүйелердiң элементтерiнiң тозуы және техникалық қызметке және жөндеуге кететiн шығындары артады; судың сүзілуге кететiн ысырабы артады және жүйелердiң ПӘК төмендейдi; каналдар мен құбырлардағы судың шығыны азаяды; сорап бекетінің арыны өзгередi; суару техникасының жұмыс iстеу қабiлетi нашарлайды; техникалық пайдалану коэффициентi төмендейдi.
Нәтижесiнде, жүйелерге суды тазарту және шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану, суды әкету және жердiң мелиоративтiк жағдайының, жүйелердiң сенiмдi жұмысының, мелиорацияланатын жердiң ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi сапасы және экологиялық жағдайы нашарлайды. Сондықтан, гидромелиоративтiк жүйелердiң барлық элементтерiнiң қызметiн әдеттегi мерзiм уақытында жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұру керектiгi ақиқат.
Гидромелиоративтiк жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстап тұру, оның бастапқы түрін және техникалық сипаттамаларын (көрсеткіштерiн) дер кезiнде қалпына келтiру - пайдалану қызметiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, бұнда гидромелиоративтiк жүйелердi және мелиорацияланатын жердi байқау (қадағалау) жүргізіледі, жүйенiң техникалық жағдайын анықтайды (бағалайды), техникалық қызметтер жне жөндеулер орындалады.
Әрбiр гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық құжаттары болады (құжаты, ведомосттерi, карточкалары), бұнда жобадағы және шындыққа негiзделген көрсеткіштер, сонымен қатар пайдалану үрдісiнде болған өзгерiстер келтiрiледi.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын бағалайтын алғашқы құжаты оның жеке элементтерiнiң жағдайын күнделiктi бақылайтын журналы болып табылады. Журналда, табылған ақауларды және олардың орны, канал бөгеттерi арқылы сүзілуге кететiн шығындарды, су деңгейiнiң белгілері, ақауды жоюға қабылданған шараларды және т.с.с. белгiлейдi.
Әрбір гидромелиоративтiк жүйеге оқтын-оқтын сондай тексеру және оның техникалық жағдайын бақылау жүргізіледі. Оларды жүргізу мерзiмi техникалық пайдалану ережесi бойынша белгiленедi және ол жүйелердiң түрі мен конструкциясына байланысты.
Осы тексерулердiң негiзiнде шаруашылық аралық жүйелердiң техникалық жағдайының актiсi және шаруашылықтың iшкi жүйелерiнiң ақау ведомостi жасалынады.
Техникалық жағдай актiсiнде жүйе элементтерiнiң аттары, ақаудың табылған орны, керектi жөндеу жұмыстарын қысқаша баяндап жазу, жөндеу жұмыстарының түрлерi, олардың көлемi және ұсынылған орындалу мерзiмi берiледi. Ақау ведомосттарында жүйе элементтерiнiң аттары және ақаудың табылған орны көрсетiледi, ақауды баяндап жазу, жөндеу жұмыстарының аттары, олардың көлемi және бағасы берiледi.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын және олардың бөлек элементтерiн техникалық жағдайының шын мәніндегi көрсеткіштерiн жүйелердi жобалағанда және салғанда алынған базадағы сол көрсеткіштердiң мәнімен салыстыру арқылы бағалайды.
Техникалық жағдайын бағалағанда физикалық тозуын және пайдалану үрдісiнде жүйелердiң бөлек элементтерiнiң өзгеруiн, содан кейiн керектi жөндеу түрлерi мен техникалық қызметiн анықтайды.
7.3 Гидромелиоративтiк жүйелерге техникалық қызмет ету мен жөндеу түрлерi

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау