Шаруашылық аралық суармалы тiзбектегi су ысырабын оларды азайтуға арналған iс-шараларды жасау және жүйелік су бөлісте ысыраптың номрасын анықтау Үшін керек. Зерттеулердiң нәтижесiнде жүйенiң жұмыс iстеу кезеңдерiнде каналдардағы судың нақтылы ысырабының олардағы су шығындарына қандай да бiр каналдар тобыда су ысырабы бойынша мәліметтер саны көп болған жағдайда оларды орта мәнге келтiредi, ысырапты анықтауға арналған теңдеу алады, сосын оны пайдалану үрдісiнде қолданады.
Суармалы тiзбекке тасындылардың түсуi, қозғалу және шөгу режимдерiн тiзбектегi тазалайтын көлемдi азайтуға арналған iс-шараларды жасау және осы жұмыстардың механизмдермен орындалу деңгейiн көтеру мақсатында зерттейдi.
Суару көздерiндегi, магистральдi және бөлетін каналдардағы, тұнбалардағы, лайлылықты және тасындылардың механикалық құрамын, сонымен қатар каналдар мен коллекторларды тасындылар мен шөптерден тазалау көлемiн анықтайды.
Су-мелиоративтiк теңдiгi алқаптардегi жүйелерде жасайды және жердiң мелиоративтiк жағдайының өзгеру себептерiн анықтау үшін зерттейдi. Жақтау ұңғымалары арқылы жер қыртысы суларының режимiн бақылауды жүргізедi, жер қыртысы суларының өзгеруiнiң суару режимiне байланыстылығын анықтайды.
ЖҮй жерiндегi топырақ-мелиоративтiк аудандардың шекараларын дифференцияланған суару режимiн жасау және қолдану үшін зерттейдi және дәлдейдi.
Тiзбектер мен ғимараттардың техникалық жағдайы олардың деформациясын, жүйенiң элементтерiнiң техникалық жағдайын жақсарту, жөндеу және тiзбектi тазалау жұмыстарының нормативiн дәлдеу, тiзбектiң және ғимараттардың сенiмдiлiк көрсеткіштерiн анықтау үшін жүргізіледі.
5.4 Құрғату жүйелерiндегi өндiрiстк зерттеулердiң құрамы
Құрғату жүйелерiндегi өндірістік зерттеулердiң құрамына кiретiндер: көп жылғы мезгiлдегi су қабылдағыштағы су деңгейiнiң және шығынының динамикасын және су қабылдағыштың коллекторлар мен кәріздердiң жұмысына әсерiн зерттеу; жер қыртысы суларының динамикасы және олардың режимдерiне климаттық және басқа факторлардың әсерi; құрғатудың тиiмдi тәсілдерi мен техникасын зерттеу; каналдар пiшiнiнiң, ғимараттардың деформацияларының, құйылыстардың, каналдардың бекiтiлген учаскелерiнiң (зертетулер алқаптардегi бақылау жақтауларында жүргізіледі), тұрақтылықтары, агромелиоративтiк iс-шаралардың тиiмдiлiктерi және олардың топырақтың су-физикалық қасиеттерiн жақсартуға әсерi; техникалық дақылдардың және пайдалану жұмыстарының прогрессивтi технологиясы; құрғатылған жердi бiрiншi рет игеруге қабылдау; жүйелердiң технико-пайдалану және технико-экономикалық көрсеткіштерi. Әр жылдың соңында жүйелердi пайдалану басқармасы есеп түзейдi, есепте өндірістік зерттеулердiң материалдарын талдайды және жинақтап қорытады.
Достарыңызбен бөлісу: |