БӨЛМЕ ӨСІМДІГІНІҢ КҮТІМІ
5.1. Қысқы күтім
Қыс кезінде үйге от жатқандықтан, бөлме ысып кетеді. Сондай уақытта аптасына бір-екі рет гүл жапырақтарына су бүркеп отыру керек. Гүл ашып тұрған болса, суды гүліне тигізбей бүрку қажет.
5.2. Гүлдерді шаңнан тазарту
Гүл жапырақтарын шаң басып кетсе, оның өсуі тежеледі әрі оттегіні бөле алмай қалады. Ауа тазартамын деп гүл өсіріп, онысын шаң басып тұрса, одан еш пайда жоқ. Дегенмен кейбір гүлдерге, оның ішінде гіргүл, бегония, жүсіптің сұлулығына су бүркуге болмайды. Суарғанда жапырақтарын көтеріп, топырағына су кұю керек.
Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, аураға тез шалдығады.
Әрбір гүлге ерекше бап керек. Кейбір гүлдерге желтоқсан, қаәтар айларында мүлдем су құймай демалдырады.
5.3. Суару.
Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне өажетті
жағдайларды (жарық ,температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған сіды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятн судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбырсуын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.
Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онды топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Өсімдіктері әсіресе күн ыстықта су бүркіп суары қажет
5.4 Ыдыс
Үй өсімдіктері үшін ең өолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тарелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дизенфекциялайды. Гүл отырғызылатын ыдыстың міндетті түрде суағары болуы шарт.
ТОПЫРАҚ
6.1. Үй өсімдігінің топырағы
Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты өажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады.
6.2. Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан олардыәлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дқрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін
шырмалағанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызаралдында кесек топырақ жібігенше, су құюкерек. Өсімдікті қыш құмырадай топырағымен қоса қопарып алып, сілкілегеннен кейін, оныкөшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің кқлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс.
Көшеттеп отырғызу жұмысын,әдетте, көктемде (наурыз, сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Күшкен қыш тостақ түбіне дөңес жағын жоғары қаратылған шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе үсақ тас салады.оның үстіне туралған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалмауын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлап, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыстарға көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақтытаяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдіке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйге) құяды.
6.3. Тыңайтқыш
Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.
ЗИЯНКЕСТЕР МЕН АУРУЛАР
7.1. Үй өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары
Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтық жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру-өсімдікті әлжуаздандырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Дұрыс күтіп баптаған үй өсімдіктері аураға шалдықпайды. Бірақ инфекцияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралыуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі,
сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Үй өсідіктеріне ең көп зиян келтіретін жәндіктер-өсімдік биті, кенелер т.б.
7.2. Өсімдік биті
Тұрқы 2мм болатын ашық көк немесе сары түсті жәндіктер. Олар өсімдіктің жапырағаны, сабағына, қуашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсызболып келеді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды. Гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктеммен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді.
Күресу шаралары: фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен діәрілейді. Ол үшін жазда тагатестің, қызанақтың, петунияның, дельфиниумның, пиретрумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіре алады. Пиретрумның тұнбасын:10г.үнтаққа 1л. Су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10г.сабынға 1л.су) қосады. Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады: темекінің (махорканың) үгіндісіне су құйып (1:10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбанысумен араластырып (1:3), оған иісті сабын немесе күр сабынын (1л.-ге 10г.) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының сарымсақтың, қызанақ жапырағының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8-10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.
7.3. Өсімдік кенесі
Тұрқы 0,3-0,4 мм бітімі сопақша ақшыл сары түсті, денесін әредік түк басқан жәндіктер. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдікке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптап жабысып алады да, доп-домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскенг өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады. Өсісдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жер тарлығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер азалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фукция, орхидея, кактустер т.б. өсімдіктерді зияндайды.
Күресу шаралары: суға ерітілген пиретрумды арасына 7күн салып 5рет (1л.суға 2-3г.)бүркеді. Өсімдікке сі бүркіп алып, оған пиретрумның немесе күкіртті үнтағын себуге, сондай ақ пияздың немесе сарымсақтың 1тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған 1ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құяды) бүркуге болады. Ал бүркіп дәрілеуге келмейтін өсімдіктер үшін төмендегідей тәсіл ұсынылады: туралғпн сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып, полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады.
7.4. Трипстер
Ұзындығы 1-1,5мм денесі сопақша, қара немесе қоңыр, личинкалары ақ ұсақ жәндік. Жапырақтың астыңғы жағына өзегін бойлай орналасады. Залалданған жапырақтардың астыңғы жағында қоңыр, қызыл қоңыр, ал жоғары бетінде ақшыл даудақ пайда болады. Кейін, жапырақтар қоңырланып түсіп қалады. Трипстер жәндіктер аралияны, азалия, драцендер, аспидистер, фикустер, цикломендерді, лимондар мен т.б. өсімдіктерді залалдайды.
Күресу шараралары: кенеге қарсы қолданылатын шаралардың бәрі триптерге де жарайды.
7.5. Аққанат
Ұсақ ұшпа жәндіктер тұрқы, 1-1,5мм, денесі сарғыш, қанаты ақ. Личинкалары сопақша келген, ашық көк түсті. Әдетте жапырақтың төменгі жағын жағалайды. Олар әсіресе жаз айларында райхан гүлін, фуксияны, пеларгонияны, жасминді көп залалдайды. Аққанат уға төзімді келеді.
Күресу шаралары: иіс сабын ерітіндісін (1литр суға 10-15 г) арасына 6-7күн салып жапырақтың астыіғы жағына 3-5рет бүркеді.
Тәжірибе №1
Ет жуылған судың гүлге әсері
Зерттеу әдісі: Гүлді аптасына 2рет суару (дүйсенбі және бейсенбі).
Мақсаты: Гүлге ет жуылған судан тыңайтқыш жасап, суарғанын нәтижесінде гүлде болған өзгерісті бақылау.
Уақыты:_1апта___Зерттеу_объектісі'>Уақыты:_1апта__Зерттеу_объектісі'>Уақыты: 1апта
Зерттеу объектісі: әйел бақыты гүлі
Қорытынды: Зерттеу объектісіне екі «әйел бақыты» гүлін алдық.
Екеуінде жас ерекшеліктері бірдей және екеуіде гүл
ашайын деп тұрған кезінде алдық. Сөйтіп біз бірінші
гүлді шикі ет жуылған сумен аптасына 2 рет (2стакан)
тыңайтқыштан құйып отырдық. Ал 2 гүлге кәдімгі
ауыз сумен 2 рет (2стакан) суарып отырдық.
Нәтижесінде шикі еттің суы мен суарылып отырған
бірінші гүлдің гүлдері бірінші болып ашылды және
гүлдері ірілеу болды.ал кәдімгі гүлмен суарылған екінші
гүлдерін кейінірек ашты және ашылған гүлдері кішілеу болды,
Тәжірибе №2
Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару
Зерттеу әдісі: Ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерін неше күн сайын суаруын білу.
Уақыты: 1апта
Зерттеу объектісі: «Пальма» гүлі
Қорытынды: «Пальма» гүліне 10 наурызда (дүйсенбі) 1л су құйылды.
Топырақтың ылғалдығы 5күнге шыдады. Сөйтіп 6 күнінде
топырақ құрғап қалды. 7-ші күні гүлді қайта
суардық. Сонымен ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерді
аптасына бір рет суарса жеткілікті. Өйткені, өсімдік
көлеңке жерде тұрғандықтан ылғалдылықты жақсы сақтайды.
Тәжірибе №3
Жарық сүйгіш өсімдікті суару
Зерттеу әдісі: терезе алдында тұрған бөлме өсімдігін суару.
Мақсаты: жарық сүйгіш өсімдікті неше күн сайын суару керек екендігін білу.
Уақыты: 4күн
Зерттеу объектісі: «Фикус» тәріздес тікенді гүл.
Қорытынды: «Фикус» тәріздес тікенді гүлге дүйсенбі күні 1л су
құйылды. Сөйтіп топырақтың ылғалдығы 2күнге
шыдады. 3 күні топырақ құрғап қалды. 4-ші күні
таңертең гүлді қайта суардық. Сонымен, жарық сүйгіш өсімдіктерді әр 4күн сайын суарып тұру керек.
Өйткені терезе алдында күннің жарығы
жақсы түсетіндіктен топырақтың ылғалдығы көп сақталмайды.
Тәдірибе №4
Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді жарық жақсы түсетін жерге қойғанда өзгерісті байқау.
Зерттеу әдісі: Гүлді жарық түсетін жерге қою.
Мақсаты: Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді күннің тікелей түсетін жерге қою барысында, өсімдіктегі өзгерісті байқау.
Уақыт: 1күн
Зерттеу объектісі: «Әйел бақыты» гүлі, «Пальма» гүлі
Қорытынды: «Пальма» гүлі:дүйсенбі күні жарық жақсы түсетін
терезенің алдына қойылды. Гүлде 2күн өзгеріс
байқалған жоқ. 3-ші күнінде жапырақтары жұмсарып,
1 жапырағы түсіп қалды. Жапырақтардың түсі
ақшылдана түсті.
«Әйел бақыты» гүлі: дүйсенбі күнімтаңертең жарық
жақсы түсетін терезенің алдына қойдық. Өсімдік
өзгеріссіз 7 сағат тұрды. 8сағатта жапырақтары әлсіреп,
жұмсақ болып, салбырай бастады.
Тәжірибе №5
Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы
Зерттеу әдісі: Бақылау
Мақсаты: сыныптағы барлық бөлме өсімдіктеріне шаң неше күнде басатынын білу.
Уақыт. 15күн
Зерттеу объектісі: «Әйел бақыты», «Пальма», «Фикус» тәріздес тікенді гүл.
Қорытынды: Осы 3 бөлме гүлдерінінің жапырақтарын шаң 15 күнде
басты. Сонымен, бөлме өсімдіктерін әр 15 күн сайын, яғни бір
айда 2 рет сүртіп отырса жеткілікті.
Қорытынды
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаны био аумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескнін көрдіңіз бе? Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайған аураға шалдығуы мүмкін.
Осы ғылыми жобаны зерттеп жазу барысында мен бөлме гүлдері туралы, оның шығу тарихын, ғалымдардың зерттеген жұмыстарын, гүлдің түрлерін, олардың қасиеттерін, қалай күту керектігін және тағы да басқа фактілер мен материалды жинастыру барысында өзіме үлкен жаңалықтар аштым. Бұрыннан бері мен өсімдіктер жайлы көп мәліметтер білгім келген. Міне осы жобаны зерттеу барысында барлық білмеген сұрақтарыма жауап таптым.
Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Әсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімді таң қалдым. Үйдегі басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл әрекетім ініме үлгі болатын болды деп ойлаймын. Және де өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын.
Енді мен тек осы білгеніммен шектеліп қалмай зерттеу жұмысымды ары қарай жүргізгім келеді. Оқушыларды, достарымды бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтуге баулу үшін, арнайы «Бөлме өсімдіктері» атты кітап жазып, шығарғым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Паркер С., Уильямс Б., «Сұрақ және жауап», Алматы қаласы. «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (114-117бет)
Мухаметбекович К.А., «География возникновения жизни», Алматы қаласы, «Атамұра» баспасы, 2008жыл (60-64жыл)
Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы 2008жыл (60-64жыл)
Мұсақұлов Т., «Ботаника», Алма-Ата, «Мектеп» баспасы, 1975жыл (8 бет)
Көкенов Т., Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д., Исамбаев Ә.И., «Қазақстанныңдәрілік өсімдіктері мен оның қолданылуы», Алматы қаласы, «Ғылым» баспасы, 1998жы (89-91бет)
Баталов Э.Н., «Қазақстан өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2004жыл(100бет)
Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктерінің асыл қазынасы», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (72-74бет)
Бірмағамбетұлы Ә., Жүнісқызы К., «Табиғаттану» Алматы қаласы, «Рауан» баспасы, 1998жыл, 2001жыл (206бет)
Достарыңызбен бөлісу: |