Карточка№67 Шыныдағы қарды өрнектерін бақылау, қадағалау.
Бақылау: Шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру.Жылы сулы булар салқын терезелер шыныларына отырып бір-бірімен біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау-бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.
Жұмбақ.
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).
Ырым: Егер терезелердің екі әйнегі де буланса аяз күшейе түседі.
Қозғалыс ойындары.
«Қасқұлақ» (Волк) (қазақ халық ойыны) «Қасқұлақтан» тығылып алаңда бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті. Ойында өз әрекеті мен әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
Еңбек қызметі: Жолға су құю.
Тәрбиешімен бірге жауапкершілікпен жолға су құюды үйрету. Еңбек етуді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
«Шыныдағы қысқы ертегі»
Балалардың шағын ертегіні құрастыруда талаптануын мадақтау, көргендерін айта білу (керемет жапырақтар, ғажайып гүлдер, өрнектер). Алдын –ала болатын қызметке қызығушылығын арттыру.
Өздігінен қызмет.Ойында өз әрекетімен әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
Карточка№ 69 Бұрқасынды бақылау.
Бақылау.Қысқы табиғат құбылысы-бұрқасынмен балаларды таныстыру.
Қатты жел соғып жер үстіндегі қарды айналдырса және шалғайды жаба түссе- бұны бұрқасын деп айтады және балаларға түсіндіру. Егер бұл уақытта қар жауса және омбылар пайда бола бастаса жолға шығуға болмайды. Адасып және үсіп кету мүмкін. Бірақ бұрқасын таза күндерінде де қар жаумай да бола береді.
Жұмбақ.
Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
(боран).
Ырым: Соғып тұрған бұрқасын емес, аспаннан жауып тұрғанды қар дейді. Егер күннің жанында тұман болса-бұрқасын болады.
«Бұрқасын»Тізбекте тұру, қарлы құрылғылар арасында жүре білу, тізбекті бұзбай жүру, білімдерін бекіту, әріптестеріменіс-қимылдарын келісе білуіне үйрету.
Еңбек қызметі: Еңбек мазмұнын кеңейту, жануарларды әр сайын күтуін қамтамасыз ету.Адал еңбек етуге тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |