- Мақсаты: ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жүзеге асыру. Балаларды Отан сүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал еңбек етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін ізденімпаздыққа, жан-жақтылыққа шақыру, тіл байлыған дамыту.
- Сабақтың түрі: сайыс сабағы
- Әдіс – тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, баяндама, топпен жұмыс.
- Көрнекілігі: рәміздер, үнтаспа, презентация,суреттер.
- Сабақтың барысы:
- Сайыс 5 кезеңнен болады.
- І-кезең: Таныстыру;
- ІІ-кезең: Сұрақ-жауап;
- ІІІ-кезең: Сурет салу;
- IV-кзең: Тақпақ жарысы;
- V-кезең: Өз-өнерлерін көрсету.
- І-кезең бойынша топтарға кезекті береміз.Әр топ өздерін таныстырады.
- І-кезең: Таныстыру
- Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата.
- Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әркашанда бейбітшілік, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті – қазақстандықтар ұғымында – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
- Қазақстан Республикасы Мемлекетік туының авторы – суретші Шакен Ниязбеков
- І-ші топтың сұрақтары:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қ-ның бас қаласы қай қаласы?
- Неінші сыныпта оқисыңдар?
- Оң, сол деген сөздің аудармасын айтыңдар?
- Сыныпта неше қыз бар?
- ІІ-ші топтың сұрақтары:
- Тудың түсі қандай?
- Біздің еліміздің президенті кім?
- Біз қай ауылда тұрамыз?
- Қол, аяқ сөзінің аудармасын айтыңдар?
- Сыныпта неше ұл бар?
Қазақстан Республикасының дербес ел ретіндегі айбынын бейнелейтін мемлекеттік 1992 жылдың 4- маусымында ресми түрде бекітілді Мемлекеттік елтаңбамызда көгілдір түсті аспан аясында шаңырақ бейнеленген.Осы нышандарды халық ертегілеріндегі күміс мүйізді прақтардың қағылған алап қанаттары қоршай көмкеріп тұр.Рәміздік тұрғыдан Қ .Р-сы Елтаңбасының негізі- Шаңырақ, ол- гербтің жүрегі. Шаңырақ-ол мемлекеттің түп-негізі-отбасының бейнесі.Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі. Қанатты тұлпар- Қазақ өлеңінің өр рухы.Ол-алыс арманның,талмас талаптың,ұшқыр үміттің,қанатты қиялдың жоралғысындай дала дүлдүлі.Елтаңбаның төбесінде көне түркізаманынан бері қастер тұтылатын белгі-бес бұрышты жарық жұлдыз жарқырайды - Топтарға сурет беріледі, сол суретті тақтаға шығып, көздерін жұмып, топпен сурет салып, жарысуы керек.
- Қорбаңдағы аюдың,
- Құлпынайы көп екен.
- Теріп- теріп алайық,
- Қалтамызға салайық.
- Қорбаңдағы аюдың,
- Құлпынайы көп екен.
- Теріп- теріп алайық,
- Орнымызға барайық.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі – Гимн. 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды. Гимннің сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған – белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов. Гимнді жатқа білу – әрбіріміздің парызымыз! - Әр топтың оқушылары өздері білетін тақпақтарын айтады.
- V-кезең: Өз-өнерлерін көрсету.
- Топтар өз өнерлерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |