Карточка№73 Адам таситын көліктерді бақылау
Бақылау Адам таситын көліктерді бақылауға алу білімдерін кеңейту. Оларға автобустың арнайы тротуарға жақын аялдамаға тоқтайтынын түсіндіру. Адамдар көлікті арнайы алаңда күтеді, егер алаң болмаса-онда тротуарда күтуі керек.Көлікке міну және түсу тек қана аялдамада рұқсат етілетінін білу.Көлікшілердің жүру ережесін бекіту.
Көркем сөз «Жолың болсын!» Атам шықса сапарға. –Жолың болсын! –дейді апам. Апам шықса сапарға: -Жолың болсын! - дейді атам. –Жолың болсын! - дейді олар, Үлкенге де кішіге. –Жолың болсын! - дейді олар , Ұшырасқан кісіге. Осы сөзде байқадым Қуат барын, күш барын. –Жолың болсын! –айтамын, Алыс жолға шықса кім!
Жұмбақ Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды.(автобус)
Мақал-мәтелдер Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
Тақпақ «Автобус» Е.Елубай. Автобус іші көңілді, Автобус алға зырлайды, Көлік қой ол сенімді. Бағытынан еш аумайды. Вокзал, театр, мектепке Зыр айналар дөңгелек, Жолаушылар мінгізіп, Көлік ол бізге ең керек. Асығар тез жетпекке.
Қозғалыс ойындары «Шұңқырға сыпыру» (өзбек халқының ұлттық ойыны) Көлденеңнен сыпырып, сыпырып жатқан жолақты баспауға үйрету; өздерінше командаға бөлу( санау немесе қызығушылықтары бойынша); ойын ережесін сақтау(команда ойыншысы бір реттен сыпырады).Шағын топта үйрету.
Еңбек қызметі«Қардан сырғанайтын тау жасау» Аталған тақырып бойынша құрастыра білуге үйрету; еңбек құралдарын пайдалану( күрек, шелек).Өз еркінше жолдастарына көмек бере білуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибе «Жақсы-жаман» Балаларға өз қылықтарын бағалап, көлік ережесін сақтай білуге үйрету.
Өз бетінше іс-әрекет Балаларды ойынға керекті құрылыс заттарын жасауға үйрету(үй, пароход және т.б.) Ойынның мазмұны мен тақырыптарын кеңейту және дамыту.
Карточка№75 Мұзды бақылау
БақылауАуа температурасының күрт өзгеруіне байланысты судың қатты күйге айналуын анықтау, балаларға не себепті ауа температурасы өзгергенде судың қататындығын түсіндіру. Мұз бұл –қатты суқұрамы екендігін түсіндіру;мұз медицинада тағамды салқын қалпында сақтап тұруға қолданылады.Мұз құрамы- тұнық, суық, қатты екендігін атау. Өз жауаптарын анық қалыптастырып айтып, сөздік қорларын молайту ; қысқы су құбырларының сұлулығына сүйсіне білуге тәрбиелеу.Суды табиғаттың негізгі көзі ретінде ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |