Жаратылыстану пəндеріндегі зертханалық ЖҰмысты алгоритмдік деңгейде жасау ерекшеліктері



жүктеу 25,9 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.11.2017
өлшемі25,9 Kb.
#1065


ƏОЖ 37.016:514:001.895

Б.Ж. Абуова, Л.Қ.Жайдақбаева,

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ,  Шымкент

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПƏНДЕРІНДЕГІ  ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ  АЛГОРИТМДІК

ДЕҢГЕЙДЕ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

В  этой  статье  рассматривается  особенности  лабораторных  работ  по  естественным

предметам по уровню алгоритма.

The article deals with the peculiarities of lab works in natural Sciences by algorithm condition.

ҚР  бiлiм  жүйесiн 2015 жылға  дейiнгi дамыту  тұжырымдамасы  мен 2005-2010 жылдары

дамыту  бағдарламасы  арқылы  анықталып  отырған  орта  мектеп  жүйесінің  даму  бағыты  қазiргi

кезеңге  сəйкес  оқыту  əдiстемесiн  өзгерту  қажеттiлiгiн  туындатып  отыр. Оқу  процесінен

оқушыларға  тек  оқу  материалдарын  ғана  игертіп  қоймай, олардың  жеке  тұлға  ретінде  даму

ерекшеліктеріне  байланысты  қажеттіліктерді  пайдалану  арқылы  қоғам  сұранысын  толық

қанағаттандыра алатын адам тəрбиелеуге баса назар аударуды қажет етеді. Əрине, білім мазмұнын

өзгерту  қажеттілігінің  іске  асырылуы  қазіргі  экономикадағы  жаңа  талаптармен  бірге  мектептің

əлеуметтік-педагогикалық  қызметіне  деген  жаңа  көзқарасқа, түсінікке  байланысты. Өйткені  орта

мектеп  үздіксіз  білім  жүйесіндегі  маңызды  буын.  Егер,  осы  кезге  дейін  бұл  буынның    міндеті,

оқушыларды  жоғары  оқу  орнына  түсуге  дайындау  болса, енді  бағдарлы  бағдарлама  арқылы

жоғары оқуға түсумен қатар,  байыпты өмір сүру мүмкіндігі бар  болатын адам даярлау.

Жаратылыстану  пəндерінің  мазмұны  тереңдеп, ауқымы  кеңейген  сайын  оны  үйретудің,

оқып-үйренудің  мəселелері  де  өзгеріп, күрделене  береді, осылайша  əдістемелік  жаңа  тəсілдер

пайда болуда.

Ол  қазіргі  жағдайда  жоғары  сыныптарда  жаратылыстану  пəндерінен  жаңа  материал  өтуде

жəне  зертханалық  жұмыс  жасауда  негізгі  əдіс  болуы  керек. Ол  əрине, мұнда  басқа  оқыту

əдістерімен  үйлесімді  ұштастырылуы  тиіс.  Сондай-ақ  мемлекеттік  білім  стандарты  шəкіртке

келешек өмірде қажет болатын білімнің ең аз мөлшерін меңгертуге бағытталған. Оны игеру үшін

оқытудың  жаңғырту  əдісі  жеткілікті. Мұғалім  оқу  үрдісінде  негізінен  жаңғырту  əдісін

пайдаланатындықтан, оқушының  шығармашыл  деңгейде  оқуы  назардан  тыс  қалады.  Білімділік

артуы үшін   бала тұрақты  бақылауда  болуы тиіс  жəне  шығармашыл  деңгейде  іс-əрекет жасауы

қажет. Мұғалімнен тəуелді екендігін сезінбеуі керек.  Мұны  мұғалімнің іске асыруы мүмкін емес.

Демек, сабақ мұғалімсіз, компьютерді  оқытудың негізгі  құралы ретінде пайдалана отырып, оның

нормативті  уақыты  сақталмай  жүргізілуі  қажет. Сыныптық-сабақтық  жүйе  мен  сызықтық

оқытудан бас тартуға тура келеді.

Жаратылыстану  пəндерін  оқытудың  білімдік  мақсаты – барлық  оқушыларды

жаратылыстанудың  ғылыми  негіздері  туралы  жүйелі  білімдермен  жəне  оларды  саналы  түрде

қолдана  алудың  іскерліктері  мен  дағдыларын  берік  қалыптастыру  болып  табылады. Осындай

білім алу нəтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.

Жаратылыстану саласында  ғылыми ойлау былайша сипатталады:

-  нақты  ғылыми  ақпараттарды  жəне  білімдерді  иемденумен, яғни  фактілерді, арнайы

терминдерді  білу, заңдар  мен  ережелерді  ауызша  айта  алу, құрылымды  процестерді  олардың

функцияларын анықтай алу, заң мағынасын біліктілікпен түсіндіру;

  - іс-тəжірибеде жаратылыстану білімдерін қолдана алу біліктілігін қалыптастыру, өмірлік

тəжірибесін, табиғат  заңдылықтары  туралы  білімдерін  тұрмыста  қолдана  алуымен  байыту,

фактілер  мен  болжамдарды  ажырата  алу  біліктілігімен, тəжірибелер  нəтижесін  талдап,

қорытындылай алу.

Яғни, орта  мектептерде  жаратылыстану  пəндерін  оқыту  əдiстерi оқу  процесiнiң  сапасын

жоғарылату, оқушылардың  танымдық  мүмкiндiктерiн  дамыту, бiлiм  мазмұнын  толықтырып

жетiлдiру  бағытында  жаңартылуы  тиіс. Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда, жаратылыстану  пəндері

əдістемесінде  оқытудың  жаңа  да  тиімді  жолдарын  іздестіру  проблемасының  маңызы  үлкен,

өйткені  жаратылыстану  курсының  жаңа  мазмұны  жəне  түзіліс  жүйесі  мұғалім  мен  оқушының

жаңа əдістерді пайдалануын талап етеді. Əрине бұл мəселеге зертханалық жұмыстың тигізер əсері

өз  алдына, соңғы  кездерде  зертханалық  жұмыс  жасау  барысында  оқушылардың  ізденісін

арттырып, мұғалімнің  басшылығымен  жүргізілетін  оқушылардың  өзіндік  жұмыс  істеуіне

негізделген оқыту əдістері кең қолданылуда.



Елiмiздегі  орта  мектептердiң  компьютерлермен  толық  жабдықталуы, Интернет  желісіне

қосылуы, мультимедиялық кабинеттермен қамтамасыз етілгені, бұл мəселе шешімінің техникалық

тұрғыдан табыла бастағанын көрсетсе керек.

Ұсынылып  отырған  мақалада  аталған  мəселені  шешу  жолдарының  бірі  қарастырылмақ.

Атап  айтқанда, компьютерді  негізгі  оқыту  құралы  ретінде  пайдалану  арқылы  жаратылыстану

пəндеріндегі зертханалық жұмысты  алгоритмдік деңгейде орындау алгоритмі қарастырылады.

Лабораториялық  жұмыстар  ғылыми-жаратылыстану  пəндерін  оқытуда  маңызды  рөлі

атқаратын  іс-əрекет  түрі. Мəселен, ғылыми-жаратылыстану  пəндерінің  ерекшеліктеріне

байланысты  зертханалық  жұмыстар жоспарланған. Олардың əрқайсысы қалай орындалатындығы

жөнiндегi əдiстемелiк  нұсқаулармен  қамтамасыз  етiлген. Нұсқаулардан  олардың  арасында  бiр

мəндi сəйкестiк бар екендiгiн байқау өте қиын. Егер əрбiр зертханалық жұмыстың нақты мазмұны

ескерiлмесе, онда оны орындау келесi операциялар (қадамдар) тiзбегiне келтірер едi.



Зертханалық жұмысты орындау алгоритмi.

1. Зертханалық жұмысты орындау үшiн қажеттi материалдық құрал-саймандарды дайындау.

2. Жұмыстың күтiлетiн нəтижесiн айқындау.

3. Қолда бар құрал-саймандардың күтiлетiн нəтиженi алу үшiн жеткiлiктi екендiгiн анықтау.

4. Егер құрал-саймандар жеткiлiктi болса, онда лабораториялық жұмыс жоспарын жасау.

5. Жоспарды iске асыру.

6. Алынған жəне күтiлген нəтижелердiң өзара пара-парлығына көз жеткiзу.

7. Егер нəтиже күтiлгендей болмаса, онда жұмысты басынан бастап қайта орындау.

Шындығында, бұл тізбекте іс-əрекеттің барлық бөліктері сақталған: 1, 4 - операциялар – іс-

əрекеттің бағдарлық бөлігі, 5-операция - атқару бөлігі, ал 6,7- операциялар – бақылау бөлігі.

Келтiрiлген іс-əрекетті дұрыс орындау – зертханалық жұмысты  зерттеу жұмысына барынша

жақындататынын  көру  қиын  емес.  өйткені,  бағдарлық  жəне  бақылау  бөліктеріндегі  1–3  жəне  6

операциялар  дұрыс  орындалу  үшін  белгілі  деңгейдегі  зерттеу  жұмыстарын  қажет  етсе, 4,7

операциялар – ізденіс  іс-əрекеттері  негізінде  орындалады. Алайда  барлық  зертханалық

жұмыстарды зерттеу жұмыстарына келтiруге оқу жоспарында бөлiнген уақыт мүмкiндiк бермейдi.

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. А.Əбілхасымова, А.Көбесов, Д. Рахымбек, Ə.Кенеш. Математиканы  оқыту  теориясы  мен

əдістемесі. –Алматы: Білім, 1998. – 204 б.

2. А.Əмірбекұлы. Оқу  процесін  оптимальды-əдістемелік  басқару  негіздері. – Шымкент:

Қ.А. Яссауи  атындағы ХҚТУ, 1999. –140 б.

3. Жануартану зертханалық практикумы. Х.М.Сартаева, Б.Ж. Абуова, Шымкент ХҚТУ ШИ

2005 ж.


Мақаланы ұсынған пед. ғыл. д-ры, проф. Еркибаева Г.Г.

14.06.2008 г.



жүктеу 25,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау