Солтүстік-Қазақстан облысы,
Есіл ауданы
А. Шәжімбаев атындағы
Явленка №3 орта мектебі
Реферат:
Линзалар. Жалпы мәлімет.
Орындаған: Түменбаев Әділбек
Тексерген: Шакенов Қанат Серікұлы
Кіріспе:
Пайда болу тарихы.
Линзалар туралы мәлімет
Линзаға байланысты формулалар
Линзалардың негізі кемшіліктері
Қолданылуы
Әдебиеттер
Жоғары ажыратылымдығы жетімсіздік
Пайда болу тарихы:
Алғаш рет линзалар туралы мәліметтерді ежелгі грек “Бұлттар” атты пьесасында табуға болады, пьесада шыны мен күннің жарығы арқылы от алынады.
Үлкен Плинийдің еңбектеріне қарасақ, отты жандырудың тәсілі бірінші рет Рим империясында пайда болды деп айтылады, мысалға линзаны бірінші рет көзге байланысты Римде, гладиаторлар ұрысында қолданылды деген ойлар бар, өйткені олар алыстан көре алмаған кезде изумруд қолданған, изумруд линзаның ролін атқарды.
Рим философы Луций Сенека, линзаны үлкейтетін эффектісі бар, суға толы шыны шар деп сипаттады.
Араб математикі Альхазен (965-1038), оптикаға байланысты алғашқы және өте маңызды трактатында, көздiң көз жанарысы қалай торлылықта суреттi құратынын сипаттады. Линзалар Италияда 1280-ші жылдары көзілдіріктің шығуының арқасында, кең қолданылысқа ие болды.
Линзалар туралы мәлімет:
Линза дегеніміз - екі жақы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене.
Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді.
Линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның оптикалық осінің центріндегі нүктені оптикалық центр дейміз.
Линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусына шамалас тең болған жағдайда, бұл қалың линза болып табылады, ал әлдеқайда кішірек болса, онда бұл жұқа линза болып табылады.
Жинағыш линзалардың тобына ортасы жуан линзалар кіреді, олардың ортасы жиектеріне қарағанда жуан болып келеді, ал шашыратқыш линзалардың кері болады.
Бірақ кейбір кезде шашыратқыш линзаларда жуан болып келуі мүмкін, мысалға судың астындағы ауа көпіршігі, шашыратқыш линзаға жатады.
Линзалардың түрлері:
1-3 суреттердегі линзалар, жинағыш линзалар қатарына жатады.
Екі жақты дөңес линза
Жазық дөңес линза
Дөңес ойыс линза
4-6 суреттердегі линзалар, шашыратқыш линзалар қатарына жатады.
Екіжақты ойыс линза
Жазық ойыс линза
Дөңес ойыс линза
Суреттегі линзаның басты элементтері: NN – оптикалық ось, О – оптикалық центр, F – фокус аралығы, F' – кескін, H – кескін биіктігі.
Достарыңызбен бөлісу: |