Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет17/43
Дата17.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#33300
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
ermekova tn zhunisova m turki tilderin tarikhi duirleu

Әдебиеттер
1. Сусов П. Общее языкознание, М., 2006.  
2. Шарапатұлы Ш. Жалпы тіл білімі, Қ., 2006.  
3. 
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл
 білімі. А., Санат, 1998.  
4. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., Ана тілі 1996. 
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., Ана тілі, 1993.  
6. Қосымова Г. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А., 
2011. 
7. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997. 
8. Қосымова Г. Тарихи атаулар этимологиясы. 2007. 
 
      
Шумер мен түркі тілдерінің тарихи байланысы 
 
1. Шумер-түркі байланысының зерттелуі. 
2. Шумер-түркі тілдерінің байланысын зерттеудегі 
Н.Тунаның еңбектері. 
3. Шумер-түркі тілдеріндегі сәйкестіктер. 
 
1.Шумер-түркі  байланысының  зерттелуі. 
Шумерлер  та-
рихы  әлемде  көптеген  ғалымдарды  қызықтырды.  М.Белицкий 
шумерлер  Қосөзенге    Иранның  таулы  қыратынан,  не  Орта 
Азиядан,  не  Үндістаннан  келген  деген  тұжырым  жасайды.  
Ағылшын  ғалымы  Гэдда  шумерлер  мен  египеттіктердің  ара-
сында  мәдени  байланыстың  болғандығын  әдет-ғұрыптарының 
ұқсастығы  арқылы  дәлелдесе,  Эрих  Церен  олардың  мәдениет 
ошағы  Парсы  шығанағында  болғанына  қарамастан,  шумерлер-
дің  бұл  жердің  жергілікті  халқы  емес,  басқа  бір  елден  кел-
гендігін  айтады.  Ал  чех  ғалымы  Б.  Гроза  шумерлердің 


 
42 
Месопотамияға  келуі  екі  дүркін:  1)  Эль-Обейда  дәуірінде;         
2) Урук дәуірінде (екі дәуірдің арасы – жүздеген жылдар)  Орта 
Азиядан келгенін дәлелдейді. Хоммель, Унгеру, Бертону сынды 
ғалымдар  шумер  жазуларының  мәнін  ашуға  тырысты.  Неміс 
ғалымы Фридрих Деличь пен франциялық Тюто-Данжен шумер 
тілін  меңгеруге  үлес  қосты.  Бұл  жұмысты  жалғастырған  неміс, 
тілші ғалымы Пебель шумер грамматикасын жазса, америкалық 
С.Н.Крамер мен даниялық Т.Якобсен оған түзетулер енгізді. 
Батыс герман ғалымы Курт Вальтер Керам: «шумерлердің 
тілі  көне  түркілер  тіліне  ұқсас.  Сыртқы  пішіндеріне  қарағанда 
олар үндіеуропалықтарға жатуға тиіс деп қорытынды жасайды». 
Түркі  тілдерінің  даму  тарихындағы  кезеңдерді  анықтап 
көрсету  үшін  алдымен  шумер-түркі  тілдерінің  тарихи  байла-
нысын  білуіміз  керек.  Бұл  үшін  түркі  тілдерінің  жас  мәселесін 
анықтауға  күш  салған  түрік  ғалымы  Осман    Недим  Тунаның 
сөздігінің  маңызы  зор.  Сөздікті  аударуға  көмектескен,    түрік 
тілінің маманы, филология ғылымдарының кандидаты Эльмира 
Қалжанова. 
  Қазақ 
ғалымдарының 
ішінде 
О.Сүлейменов, 
А.Нарымбаева,  Г.Қосымова  сынды  ғалымдардың  шумертаным-
дағы еңбегі ерекше аталуы тиіс.  
2.Шумер-түркі 
тілдерінің  байланысын  зерттеудегі 
Н.Тунаның  еңбектері. 
1947-1948  оқу  жылында  Стамбул  уни-
верситетінің  Әдебиет  факультетінің  Түркітану  бөлімінде  оқып 
жүргенінде  Стуртеванттың  еңбектерінің  Мүнире  Б.Челеби  тү-
рікше  аудармасы  (Хетт  тілі  сөздігі)  Недим  Тунаның  қолына 
түседі.  
Осыдан  кейін  шумерше  туралы  тапқандарының  бәрін 
оқып, керектерін жаза бастайды. Тіпті, французшадан аударып, 
шумерше-түрікше  сөздік  жасайды.  Сол  жерде  ойын  пысықтай-
тын басқа да сөздерді анықтайды: 
ги: ы, гиг: иг, гиш: иш, гур: ор,
 
т.б...  осылайша  1947  жылы  алғашқы  жүйелі  дыбыс  сәйкестігі 
заңын,  яғни  шумерше  сөз  басындағы 
г
  дыбысының  орнына  тү-
рікшеде ешбір дыбыс болмайтынын, кейін бірнешеуі сұрыптал-
ған  43  мысалға  сүйеніп  шығарады.  Шумертанымдағы
  Н.Тунаның 
еңбектерінің  мәні  зор.  Осы  зерттеулері  жөнінде  ол  мынадай 
мәлімет келтіреді:   «сол кезде пайдаланған әдісімнің менен бұ-


 
43 
рын зерттеулер жүргізгендерден тіпті басқа екенін өзім де  бай-
қамаған  едім.  1962  жылы  Америкада  Дж.Вашингтон  атындағы 
университетте  проф.  Николас  Н.Поппенің  жанында  түркітану, 
моңғолтану,  алтайтану  және  тіл  білімі  салаларында  докторлық 
бағдарламасын  оқи  бастадым.  Осы  кезеңде  екінші  сәйкестік 
заңы шум. Д: түр. Й, ø, кейін шум. д/: түр. ð/, одан шум. Н: түр. 
Й, ø сәйкестіктерін бірінен кейін бірін жарыққа шығардым. 1969 
жылы  жеткілікті  мысалдарымен  отызға  жуық  жүйелі  дыбыс 
сәйкестігі  жиналды.  Сол  жылы  филология  докторы  атағын 
алдым.  1970  жылы    4  ақпанда  алғаш  баяндама  жасадым»,  – 
дейді ғалым. 
1973  жылы  Анкарада  түркі  мәдениетін  зерттеу  институ-
тында  алдын  ала  жүргізген  дайындықтар  шеңберінде,  сол  ке-
зеңдегі институт төрағасы Ахмет Темирден бір жиналыс ұйым-
дастыруын  өтінді.  Жиналысқа  оның  өтініші  бойынша  шумер-
танушы  Эмин  Билгич,  ежелгі  дәуір  батыс  түркі  тілінің  озық 
маманы Хасан Эрен қытай тіліндегі көне түркі сөздері мен басқа 
да  кірме  сөздермен  айналысушы  Бахаттин  Өгел,  моңғол  және 
Алтай  тілі  теориясының  зерттеушісі  Ахмет  Темир  және  инс-
титут  директоры  қатысады.  Осылайша  алғашқы  рет  екі  тілдің 
мамандары  жиналған  еді.  1974  жылғы  9  сәуірде  Пенсильвания 
университетінің  таяу,  орта  және  қиыр  шығыс  тілдерінің 
мамандары,  екі  үндіеуропа  тілдерінің  маманы,  салыстырмалы 
үндіс тілдері маманы және екі сына жазуы маманынан құралған, 
барлығы 22 кісілік топ тақырыпты жан- жақты талқылайды. Бұл 
мәжілісте  салыстырылған  екі  жүзден  астам  сөздердің  ішінде 
сипад 
сөзінен басқа ешбір сөзге қарсылық көрсетілмейді. Баян-
дама жасалғаннан кейін Синор мақаланы тез арада жариялауды 
өтінеді.  Бәріне  де  пайдаланылған  әдіс  ұнайды  және  нәтижеде 
мінсіз болып сипатталады. Соңғы сөздерін сөйлеген екі тіл ма-
маны  мәселені  дәлелденген  деп  қабылдайтындарын,  бір  ғалым 
«уақыт тереңдігіне байланысты аз ғана сақтықпен» дәлелденген 
деп  есептейтінін  тілге  тиек  кетеді.  Барлық  талқылауларда  ең 
маңызды мәселеге назар аударған тек қана Хоэнигсвалды болып 
шығады.  «Оның  сақтығы  орынды  болатын.  Зерттеулерімдегі 
сәйкестіктер арасында, бар болу себебін өзім де түсінбеген және 
керекті  жауабы  табылмаған  бір  нәрсе  болатын.  Ол  бірдей 


 
44 
жағдайда,  жеткілікті  сандағы  мысалдармен  расталған  паралель 
сөздер  топтамасы  болатын.  Мұны  байқаған  тек  ғалым 
Хоэнигсвалд  еді.  Сондықтан,  зерттеу  жұмысымды  жариялауға 
асықпадым. 1978 жылдың аяғында, нешінші рет екенін білмей-
мін, тақырыпты қайта қолға алдым және мәселенің анығына екі 
сағат ішінде жеттім,  – дей келіп, қандайда бір екі тіл арасында 
жасалған салыстырма әрқайсысы сол тілдердің біреуіне тән екі 
бөлек  негізде  жасалады.  Менің  салыстырмамда  түрікше  үшін 
негіз ретінде ежелгі дәуір түркі тілі алынған еді. Оның баламасы 
болса  шумер  тілі  еді.  Дегенмен  шумер  тілінің  де  түрік  тілі  се-
кілді  өз  тереңдігі  бар.  Өйткені,  алғашқы  мәтіндер  кезеңі  (шек-
телуі  б.з.д.  3100  жыл)  мен  мәтіндер  болмаған  кезде  (шектелуі 
б.з.д. 1800 жыл) арасында кем дегенде  1300 жылдық уақыт бар. 
Осы уақыт ішіндегі барша тілдік деректер шумер тілінің кезең-
дері  мен  диалектілері  ескерілместен,  бір  сөздіктің  ішіне  енгі-
зілген еді. Түрік тілі болса, соңғы 1250 жылда көлемді үш кезең-
нен өтіп, көптеген диалектілерге бөлінді. Сондықтан, егер түрік 
тілінің  шумер  тілі  сөздігі  секілді  сөздігі  болған  болса,  сол 
сөздікте,  мысалы  д/    әрпінің  баламасы  ретінде  д/,  й/,  з/,  т/,  р/ 
секілді бес параллель баламасы және оларды дәлелдейтін сөздер 
топтамасы  болар  еді.  Олай  болса,  шумер  тіліндегі  сөздерде 
анықталған параллель дыбыстар мен осыны дәлелдейтін сөздер 
топтамасының себебі осы «уақыт тереңдігі» болуы тиіс. Мұндай 
жағдайда  шумер  тілі  мамандарының  осы  диалектілерге  тән 
ерекшеліктерді анықтаған – анықтамағандықтарын іздестіру мен 
топтамаларға соған қарай түсінік беру қажет деп таптым», – деп 
ұзақ жұмыстың әрі қарай қалай жүзеге асқандығын баяндайды. 
Осы  бойынша  жүргізген  жұмыстарын  1982  жылы  аяқтайды. 
Оның  байқауы  бойынша,  шумертанушылар  бірнеше  диалект 
анықтаған: Эмедуб, эмесал, эмеку, эмегир. Алайда бұл диалект-
тердің тек қана эмесал «әйел тілі» диалектіне тән ерекшеліктер-
дің  кейбіреулері, мысалы м: г, д: г анықталған, қалған диалек-
тердің  ерекшеліктері болса  эмеку  диалектіне  тән  еместігіне  қа-
рамастан,  эмеку  диалектіне,  яғни  негізгі  шумер  тілінің  мысал-
дары  ретінде,  бір кезеңнің  және  бір  диалектінің  сөздері  секілді 
көрсетіліп, «басқа ешқандай тілде кездеспейтін ғажап дыбыстық 
өзгеру» сынды сөйлемдермен түсіндірілген. Егер деректер хро-


 
45 
нологияға сәйкес және география назарға алынып жиналған бол-
ғанда,  бастапқыда  осы  диалектердің  әрқайсысының  өзіне  тән 
ерекшеліктерін байқау мүмкіншілігі туындауы мүмкін екендігін 
айтып,  шумер  мектептеріндегі  саз  балшық  кестелердің  оқушы-
лар  тарапынан  әрдайым  көшірмелерінің  алынып  отыруының 
күмәнсіз  екені,  түрлі  диалекттерге  тән  сөздердің  негізгі  тілдегі 
формалармен араласып кетуінде, көне және жаңа формалардың 
бірге, бір ескерткіште қолданылуында рөлі барлығын, бір сына 
жазуы  маманынан  (Барри  Ашлер  деп  ойлаймын)  естіген 
«Шумер  тілі  ескіге  үңілген  сайын  айқындала  түседі»  деген 
сөйлемнің сыры осы болуы мүмкін екендігін алға тартты.  
Бұл  еңбегінде  ғалым  шамамен  соңғы  қырық  жылда 
анықталған отыз екі дыбыс сәйкестігінен, маңызды және мақсат 
үшін жеткілікті деп ұйғарылған 16 сәйкестікті ұсынып отыр. Бұл 
сәйкестіктердің  жетеуі  сөз  басындағы  дауыссыз  дыбыстарға, 
бесеуі түбірге, дауысты дыбыстан кейінгі дауыссыз дыбыстарға, 
қалған  төртеуі  сөз  соңындағы  дауысты  және  дауыссыз 
дыбыстарға қатысты. Тізім берілген сөздер іштеріндегі біреуден 
көп  дыбыс  сәйкестігін  не  сөздердің  түгелге  жуығын  түсіндіре 
алады. Бірінші топты құрайтын он алты заңды 

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау