Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет18/43
Дата17.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#33300
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
ermekova tn zhunisova m turki tilderin tarikhi duirleu

А
 бөлімінде көр-
сеткен.  
Ә
 тобында болса фонетикалық және семантикалық бай-
ланыстары анық көрініп тұрған шумерше және түрікше сөз жұп-
тарының тізімін жасаған. Сөздердің мағыналары алынған дерек 
қай  тілде  болса,  сол  тілдегі  күйінде  берілген.  Сонымен  қатар, 
түсініктемесі немісше берілген үш-бес сөзде немісшенің орнына 
ағылшынша  аудармасы  қолданылған.  Осылайша  ғалым  тарихи 
көне  сөздердің шумерше және түрікше нұсқасын сөздік түрінде 
береді.   
А. Шумерше – түрікше дыбыс сәйкестіктері  
1. йар- жару,бөлу. Ер ағаш жарды. 
2. йип- жіп. Ол жіп иірді. 
3. йаг- май. Су тышқан, саз құндызының майы. 
4. йир- ұялту, келекелеу.  
5. ириг- қатты, күшті, дөрекі, ерсі, ири- дөрекі, қатты. 
6.  ирк-  жинау.  Көне  түркі  тілінде:  отырықшылану,  қоныстану. 
Осы  сөздің  мағынасында  шумер  тіліндегі  «жинау»  деген  ұғым 


 
46 
жатыр, отырықшылана бастаған жұрт бір жерге қоныстанып жи-
нала бастайды.  
7. йирик- біраз жыртық, кішкене жарық. 
8.  йары-  көмек.  Көне  түркі  тіліндегі  бұл  сөзді  Э.Р.Тенишев, 
А.М.Щербак  араб  тілінен  енген  сөз  деп  көрсетеді,  бұл  шын 
мәнінде  «көмек»  мағынада  шумер  тілінде  қолданылған,  көне 
түркі  дәуірінде  де  осы  мағынаны  йары  сөзі  береді,  олай  болса, 
араб тіліне бұл сөз көне түркі тілінен енген. 
9. йогун- қалың, қою; жиі, тығыз. 
10. йулуг- төлем, өтем, пида, құрбан. 
11. йап- жабу. 
12. йагы- жау, дұшпан. Жаулар алдады. 
13.  йар-  жару,  бөлу.  Көне  түркі  және  орта  ғасыр  түркі  тілінде 
йар- қазіргі қазақ тіліндегідей - омоним сөз. 
14. йир- жер, мекен, жер жүзі. 
15. йу- жуу 
16. йул- қайнар көз, бұлақ, жылға, өзек. 
Тарихи  сөздердің  мағынасы  түсінікті  болу  үшін  О.Туна 
келтірген  сөздердің  қасына  мысалдар  арқылы  ашып  беруге 
тырысу керек. 
3.Шумер-түркі  тілдеріндегі  сәйкестіктер. 
Шумерлердің 
түркілермен жақындығын дәлелдеуге ХХ ғасырдың орта шенін-
де түрік және қазақ лингвистері батыл кірісті. Тюрколог ғалым-
дарды сілкіндіріп, батыл пікірлер айтуға жетелеген жайттар мы-
налар  еді:  1. 
Шумер  сөздерінің    көбінесе  бір  буынды  сөздерден 
тұратындығы
.  Алтай/моңғол  тіл  бірлестігін,  көне  түркі  тілін 
зерттеген  ғалымдар  ежелгі  түркі  сөздерінің  дені  бір  буынды 
сөздерден тұратындығын, екі, үш буынды сөздердің күрделі сөз-
дер деп саналатындығын дәлелдеген болатын. Шумер тілінде де 
лу-галь  «патша»,  дуб-сар  «жазушы»,  ди-ку  «судья»  -  күрделі 
сөздер болып есептелген.  
2. 
Шумер  тілінің  агглютинативті  тіл  болғандығы

Шумер тілі үндіеуропалық және семит тілдері сияқты флективті 
тілдердің  қатарына  жатпайды,  оған  жалғамалық  қасиет  тән. 
Шумер  сөздерінің  түбірі  өзгермейтіндігіне,  грамматикалық  ма-
ғынаны  сөздердің  тіркесі  беретіндігіне,  қосымша  қызметінде 
тұрған  сөздердің  өз  дербестік  құрылымын  сақтап,  түбірге  тір-


 
47 
кесіп  күрделі  құрылым  жасайтындығына  назар  аударған 
С.Крамер:  «Шумер  тілі  құрылымы  жағынан  агглютинативті 
тілдер  –  түрік,  венгер,  кейбір  кавказ  тілдерін  еске  түсіреді»  – 
деген еді. (Крамер С. Шумеры. Первая цивилизация на земле. 
– М., 2002).  
3. 
Шумер  тілінде  дауысты  дыбыстар  үндестік  заңына 
қарай  өзгеріп,  жуан,  жіңішке  болып  өзгеріп  отырған.
  Сөздің 
аяғында немесе екі дауыссыздың арасында көмескі естілген. Бұл 
заңдылықтар  көне  түркі  тілінде  де,  қазіргі  тілде  де  әлі  күнге 
дейін сақталып келеді. Мысалы: бір отуз йашымда сізіме кіттім. 
Сізіме  қырқ  йашымда  қачтым.  Атсар,  алп  ертіңіз,  утсар,  күч 
ертіңіз  (Енисей  ескерткішінде).  Осында  жуан  буынды  сөздерге 
жуан  қосымшалар,  жіңішке  буынды  сөздерге  жіңішке  қосым-
шалар жалғанған. 
4. 
Шумер  тіліндегі  дауысты  дыбыстар  (а,  е,  о,  ы,  и), 
дауыссыз дыбыстар (б, п, т, д, г, к, з, с, ш, х, р, л, м, н, ң (нг)) 
көне  түркі  тілінде  де,  қазіргі  түркі  тілінде  де  сол  қалпында 
қолданылады.
  Шумер  тілінде  дауыссыз  дыбыстар  егер  сөздің  
соңында  дауысты  дыбыстардан  басталатын  қосымшалар  бол-
маса,  айтылмай  түсіріліп  тасталатын  болған.  Осы  заңдылық 
көне түркі және орта ғасыр дәуірінде де орындалып отырған, со-
ның әсерінен 
суғ-су, кічіг-кіші, улуғ-ұлы, сарығ-сары, тіріг-тірі
 
сөздерінің қалыптасуына алып келген. 
5. 
Шумер  тілінде  зат  есімдерде  род  категориясы  бол-
маған, ол түркі тілдерінде де жоқ. Зат есімдер шумер тілінде 
жанды, жансыз заттар болып бөлінген де, жануарлар жансыз 
заттар  қатарына  жатқызылып,  не  деген  сұрақтарға  жауап 
берген. 
Қазіргі  түркі  тілдерінде  де  адамдарға  кім?  деген  сұрақ, 
жануарларға не? деген сұрақ қойылады.  
6. 
Шумер  тіліндегі  сөйлемдерде  бірнеше  зат  есімдердің 
тіркесімі  баяндауышқа  бағынып  жұмсалған  да,  не  бастауыш, 
не тура немесе жанама толықтауыш, не болмаса анықтауыш 
қызметінде  тұрған.
  Бұл  жалпы  түркі  тілдерінің  ерекшелігі  бо-
лып саналады. Түрік будун табғачқа көрүр ерті. Түргес қағанта 
көрүг  келті.  Сү  басы  Інел  қаған  барзун,  -  тіді  (Кіші  Күлтегін). 
Осы  сөйлемдерде  де  етістіктен  зат  есімдер  көп:  етістіктер  - 
келті,  барзун  тіді  баяндауыш  қызметінде  тұр  да,  ал  қалған 


 
48 
барлық  зат есімдер  бірі (будун,  түргес,  көрүг,  қаған)  бастауыш 
болып, екіншілері (түрік, түргес, сү басы, Інел) анықтауыш бо-
лып, үшіншілері (табғачқа, қағанта) толықтауыш болып қызмет 
атқарып тұр.  
Шумер тілі мен түркі тілдерінің тарихи байланысын алғаш 
анықтаған  түрік  ғалымы  Осман  Недим  Туна  болды.  1947-1948 
оқу  жылында  Стамбул  университетінің  әдебиет  факультетінің 
Түркітану  бөлімінде  оқып  жүргенінде  қолына  Хетт  тілі  сөздігі 
түседі де, ондағы шумерше ГУД «өгіз, мүйізді қара мал» деген 
сөзге көзі түседі. ГУД сөзі мен көне түркіше УД сөзінің ұқсас-
тығы  таң  қалдырады.  Осыдан  кейін  ғалым  шумерше  материал-
дарды іздестіріп жүріп, шумерше-түркіше сөздік жасайды. Осы-
лайша  1947  жылы  алғашқы  жүйелі  дыбыс  сәйкестігі  заңын                 
43 мысалға сүйеніп шығарады. Мысалы: 
шум. Д: түр.й 
Дар-йар  (жар);  дириг-йырық  (жыртық);  дулум-йулуг 
(төлем); диб-йип (жіп) т.б.
шум. Г: түр.й
 
Гамар-агыр  (ауыр);  газ-эз  (есу,  ширату);  ги-ы  (өсімдік, 
ағаш);  гид-ыд  (жіберу);  гид-ит  (итеру);  гишиг-эши  (есік)  т.б. 
шум. Н: түр.й
 
Над-йад  (жаю);  над-йат  (жат);  нанга-йаңа  (жақ,  тұс); 
нигин-йығын (үйінді, жиын) т.б.
шум. Ш: түр.ч
 
Шопан-чопан  (шопан);  зибин-чибин  (шыбын);  шаб-чап 
(шабу, ұру); сач-чача (жаңа туған) т.б.
шум. S: түр.й
 
Сиг-йиг  (таңдаулы,  жақсы);  шурим-йарым  (жарым, 
жарты); заг-йак (жақ, тарап) т.б.
шум. Р: түр.з
 
Гур-үз (үзу); хар-каз (қаз); сар-йаз (жазу, жаңылу); сур-сүз 
(сүзу)  т.б.  О.Н.Туна  тізіміндегі  168  сөздің  «16,6  пайызы  моң-
ғолша,  7  пайызы  тунгусша,  3,8  пайызы  жапонша,  1,9  пайызы 
корейше.  Түркі  тілінің  өз  қорынан  келген  сөздердің  үлесі  кем 
дегенде 83,4 пайызды құрайды.  
Джон  Динелей  Принц,  Джеймс  Б.  Нис,  Фалкенштейн, 
еңбегінде  басқа,  қандай  да  бір  тілдің  белгілі  кезеңдерінде 
«таңғаларлық»  деп  сипатталатын  көптеген  (шумерше)  дыбыс-
тық өзгерулерді мысалдарымен көрсеткен. Алайда аталмыш ды-
быстық  өзгерулердің  қайсысының  осы  еңбектерде  көрсетілген 
кезеңдерге  немесе  эмесал  диалекті  тысындағы  диалектердің 


 
49 
қайсысына  тән  екені  аталмаған.  Әйтсе  де,  кейбіреулері  тізімде 
орын алған баламалар мен салыстырылған және анықталған сәй-
кестіктер шумершенің өз ішінде кезең мен диалектерге бөліне-
тінін  дәлелдеп  тұр:    дугуд  «оқ»  және  умун  «қалың,  қою;  жиі, 
тығыз»  (а.  І;  ә.  ІІІ;  ә.  ІІ),  агар  және  гамар  «ауыр»,  гур  және  ур 
«ору, шабу, кесу» (а. ІІ; ә. ІІІ); мал және гал «қалу» (а ІІІ), маз 
және мен «мен» (б І), мушен және ушан «құс» (а. VІІ; б. ІІІ, 6), 
суд және сум «ұсыну, созу» (ә. ІІІ), уд және кид «күн, күндіз» (ә. 
ІІІ; а. VІІ), уру және кур «қорғау» (а. VІІ). 
 
 

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау