Көне түркі тіліндегі тарихи атаулардың семантикалық
даму жолы
Көне түркі тіліндегі тарихи атаулардың семантикалық
даму жолы.
Көне түркі тілі деп VII-XIII ғасырларды қамтитын ескерт-
кіштер тілі ұғынылады. Ескерткіштердің көнесі бірінші түркі
қағанаты дәуіріндегі руникалық және манихей ескерткіштері
болып табылады. XIII ғасырдың ортасында моңғолдар шабуы-
лынан кейін түркі халықтарының ыдырап көшуі үрдісі бастал-
ды, ол түркі тілдерінің бөлінуіне және өзгерісіне алып келді.
Сондықтан көне түркі тілі ретінде моңғол шапқыншылығына
дейінгі руникалық жазба ескерткіштер – Күлтегін, Білге қаған,
Тонықұқ, Онгин, Мойын-Шор, Кули-Шор ескерткіштері мен
50
мифтік сарындағы мәтінінің тілі және XI ғасырда халықтың
сөйлеу тіліндегі сөз қолданысынан алынып жазылған
М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрік» сөздігі мен араб ті-
ліндегі XIII ғасыр шығармалары алынады.
Көне түркі тіліндегі атаулардың семантикалық тұрғыдан
дамуын қарастырғанда, мына заңдылыққа көз жеткізуге болады.
Адам баласы заттық не сындық не болмаса қимылдық ұғым-
дарға атау бергенде, олардың табиғи икемділігі, адам тіршілігіне
бейімділігі, осыдан келіп шығатын сан алуан қасиеттерін есепке
алғандығы байқалады. Сонда лексикалық мағынаның жасалуы
мен дамуына тілдік және тілден тыс факторлар қатысады да,
олар ұғым, атау, таңба ара қатынасы негізінде тұжырымдалады.
Мұны ғалымдар аталым және уәждеме теориясына жатқызады.
Бұл теория бойынша зерттеушілер шындық болмыста таңдап
алынған заттың тілді таңбалармен белгіленетінін, мұнда атау
мен шындық болмыстың арасындағы қатынас ұғым-түсініктің
қалыптасуымен байланысты болатындығын дәлелдейді. Көне
түркі тіліндегі бастапқы түбірден түрлі сөзжасамдық тәсілдер-
мен жасалған туынды сөздер көне түркілердің әлемді тану
танымынан хабардар етеді. Атауға ие болған нысанның ерекше
белгісі жаңадан танылатын нысан атауына негіз болады да, жаңа
мазмұнға көшеді, содан соң жаңа сөз туындайды.
Белгі – атау жасаудың басты амалы, жаңа сөз жасаудың
тәсілі. Атауға негіз болған басты белгінің, сөздің әрі қарай
семантикалық дамуына тигізген әсері кейде көрініп тұрса, кейде
көрінбей жасырынып тұрады. Қолданыста қалыптасқан сөз
тілдің қабылданған заңдылығы бойынша дамып, түрлі дәрежеде
өзгеріске түсіп отырады, өзгеріс сөздің бастапқы мағынасын
білдіретін ішкі мағыналық құрылымның өзгеруімен байланысты
жүреді. Сонда семантикалық өзгеріс ішкі мағыналық құрылым
өзгерісіне тәуелді, яғни сөздің құрамындағы сыңарлардың мән-
мағынасы негізінде жаңа атау қалыптасады. Сөз мағынасының
кеңейіп дамуында ішкі мағыналық құрылымының, яғни бастап-
қы мағынасының үлесі бар. А.А.Потебняның айтуынша: «вну-
тренняя форма – то, что возвышает членораздельный звук до
выражения мысли, взятой во всей совокупности своих связей и
систематичности». Сөздің тарихи дамуында бастапқы мағынаны
51
жасайтын уәжділік пен кейінгі мағына арасындағы байланыс әл-
сіреп, уәжі көмескіленіп не жоғалып кетуі де мүмкін. Туынды
сөздердің ішкі мағынасы әрине болады, бірақ тарихи уәжділік
айқын көріне бермейді. Атаудың ішкі мағыналық құрылымы
аталымға негіз болған деректер мен мағынаны сақтайды, бірақ
оның көріну дәрежесі әртүрлі. Осыдан барып тілде көп мағы-
налылық немесе омонимдік қатарлар қалыптасады, бұлар тілдің
қаншалықты деңгейде өскендігін және тарихи тамырының
қаншалықты алыс дәуірлерге кететіндігін байқатады.
Тілде қанша ғасыр өтсе де өзінің ежелгі мағынасын өз-
гертпей сақтап келген сөздер де бар, сонымен қоса тілдің даму
кезеңдерінде ішкі семантикалық өзгерістерге түсіп, не көп
мағыналылық немесе омонимдік дәрежеге жеткен сөздер бар.
Мысалы, «баба», «байрақ», «байрам» сөздері дыбыстық өзгеріс-
терге түскені болмаса, осы мағынада әлі күнге дейін түркі тіл-
дерінде қолданылады.
Ал мына сөздер әрі көпмағыналылыққа, әрі омонимдік
қатарларға ие болған.
Мысалы: bök І- зат есім, бүк: асық ойынында дөңес жағы
үстіне қарап жатуы;
bök ІІ- зат есім, бүк: үйдің қабырғасы, шарбақ, дуал: үлкен
үй өртенген, тіпті ірге тасы да қалмады, тіпті шарбағы да
қалмады.
Омоним сөздердің біразынан мағыналық жақындығын аң-
ғаруға болса, кейбіреулерінің мағыналары тым алшақтап кеткен-
діктен басқа- басқа болады.
Мысалы: buq І- зат құлап жарылғандағы шығатын дыбыс:
қауын буқ етіп жерге түсті.
buq ІІ- тамақтағы ісік. Тамақтағы буқ белгілері - аузы
кебер. Buq ІІІ- етістік- бүгу: ол аяғын бүкті.
Көне дәуірдің өзінде
-
ақ қолданыста әрі омомним, әрі көп
мағыналы сипатқа ие болған сөздердің мол тобын «А» және
«Б» әрпінен басталатын тарихи сөздерден көруге болады.
Олардың көп мағыналылығы тілдің дамуындағы алғашқы бол-
ған үрдіс те, омонимдік мағыналары кейін орын алған құбылыс.
Көне түркі тілінің сөздік қорындағы мұндай қабаттар тек түбір
сөздер арқылы емес, туынды сөздер арқылы молайып отырған.
52
Туынды жолмен жасалған омоним сөздердің әрбір қатары омо-
нимдік қатардың негізі болатын бастапқы мағынасымен кейде
анық, кейде көмескі байланысын аңғаруға болады.
Мысалы: ΑΒΑ 1- апа, ана.
АВА 2- тибетше әке.
АВА 3- аю.
АВА 4- араб тілінде ата-тегі.
Ваγ І – бұғау, шынжыр; дәнекер; байлауыш; том, тарау.
Βαγ ІІ- соғдыша бақ; жүзім бағы немесе жүзім бағында,
егісте.
Көне дәуірде - ақ істі істеушінің өз тарапынан істелгенді-
гін білдіретін өздік етіс жұрнағы, формалық жағынан бүгінгі
күнге өзгеріссіз жетті. Көне дәуірде өздік етіс жұрнағы өзі үшін
істелетін жағдаяттардың бәрінде жалғана берген: «ер өзіне отын
байланды». Тілдік қолданыста сөздік қордың молаюына байла-
нысты, іс-әрекеттің сипаты өзгергендіктен «байланды» сөзі тек
кісінің өз бойына қатысты істелетін нәрселерге тіркесіп келетін-
діктен, басқа сөздермен алмастырылды: отын жинады.
Көне түркі тілінде «баға» сөзі титул, атақ-дәрежені біл-
дірген. Орта ғасырда парсы тілінен енген «баналық» сөзі баға-
лы, құнды деген мағынаны білдірген. Түркологтардың тарапы-
нан парсы тілінен енген деп танылған «баналы» сөзінің өзі көне
түркі тіліндегі «баға» сөзінің әсерімен қалыптасқан болуы керек,
айырмашылығы – бір ғана дыбыста:
ғ
және
н
дыбысында.
Қазіргі қазақ тіліндегі «бағалы» деген сөз көне түркі
тіліндегі жоғары лауазымды дәрежені білдіретін «баға» сөзінен
орнығып, қалыптасқан. Сөз мағынасы кеңейіп, бұрын адамға
қатысты айтылатын сөз тілдің даму барысында затқа қатысты
айтылатын болған, ал атақ - дәреженің жойылуына байланысты
оның бірінші мағынасы қолданыстан шығып қалған.
Шумер тілінде көне түркілер тіліндегі дербес лексемалық
сападағы бір буынды, екі буынды, үш буынды түбірлердің орын
алуы алтай тілдер тобына кіретін түркі тілдерінің біз сөз етіп
отырған шумер дәуірінен бұрын да тіл дамуындағы ұзақ мер-
зімді қамтитын жалғамалы үрдістің жемісі екендігін көрсетеді.
Шумертанушы О.Н.Туна айтып өткендей, шумер тіліндегі
элементтер – түркі тілінен енген тілдік бірліктер. «Түркі тілінің
53
осыдан 5500 жыл бұрын тәуелсіз және екі тобы бар тілі ретінде
өмір сүргені дәлелденген. Егер пайда болғаннан шумершемен
байланысқа түскен уақытқа дейінгі таралу жылдамдығы тұрақты
болған болса,
прото-түркі тілі
орасан көп уақыт бұрын өмір
сүрген болуы қажет. Түркі тілінің археология және глот-
тохронологиялық жұмыстарына сүйеніп айтылған «жасы ең
сараң есептерімен есептелгенде 8500 жыл сөздерімен салыс-
тыруға болады. Өйткені,
прото-түркі тілінен прото шығыс
және батыс түркі тіліне
дейінгі өткен заман есептелсе, ол дә-
уірден осы күнге дейін өткен 5500 жыл екі есеге артуы мүмкін»
деген пікірімен қорытындылап отыр. Сонда сына жазуымен
жазылған шумер кестелері де түркі тілінің ең көне жазба
ескерткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |