Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет13/43
Дата17.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#33300
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
ermekova tn zhunisova m turki tilderin tarikhi duirleu

     Әдебиеттер
1. Қосымова Г. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А., 
2011. 
2. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997. 
3. Ахметов Ә. Түбі түркі өркениет. 2006. 
4. World Discovery журналы, 46б. 2013ж. 
5. Қайдаров Ә. Қаңлы. А., 2004. 
6. Қосымова Г. Қазақ тілінің тарихы. А., 2007. 
7. Рамстедт В.И. Введение в алтайское  языкознание. М.,1975. 
8.  Сартқожаұлы  Қ.  Байырғы  түрік  жазуының  генезисі.  Астана, 
2007. 
9. Сүлейменов О. АзиЯ. М., 2005. 
 
 
 
Шумер мәдениеті мен жазу түрлері
 
 
1.
 
Шумер мәдениеті. 
2.
 
Жазу түрлері. 
 
Шумер  мәдениеті.
  Сол  кездегі  саяхатшылардың  ешқай-
сысы  Месопотомия  тарихы  соншалықты    көне  дәуірге  кететін-
дігін  білмеді.  Тіптен  неополитандық  саудагер  Пьетро  делла 
Велла  да  шумерлер  жайында  ойлаған  жоқ.  1616  жылы  Пьетро 
делла Велла өз бетімен  Шығысқа саяхат жасады. Ол сол кездегі 
Персия  жерін  аралап  шықты,  өзінің  саяхаты,  көрген-білгені 
жайында  туыстарына  хат  жолдап  отырды.  Осы  хаттары    мен 
соңғы  есебі  үштомдық  «Описание  путешествий»  деп  аталатын 
еңбегінің 1660-1663  жылдары жарық көруіне себеп болды. 
Шумер  жазуының  әлемге  әйгілі  болуына  ат  салысқан 
Итальяндық Пьетро делла Велланың есімін ұмытпауымыз керек. 
Еуропалықтардың  арасында  ол  бірінші  болып  құмға  күрек 
қадап,  өте  көне  шумер  қаласы  Ураның  құлаған  орнын  ашты. 
Осы саудагер бірінші болып ғалымдарға сына жазуын көрсетті, 
осыдан  кейін  жазуды  оқудың  200  жылдық  тарихы  басталды. 
Валле  сияқты    шумер  жазуына  тап  болған  дат  саяхатшысы  
Карстен Нибур болды. Дат королінің бұйрығымен «Араб экспе-


 
29 
дициясы» деп аталатын экспедицияны бастап Нибур 1761 жылы 
7  қаңтарда  Копенгагеннен  шығады.  Экспедицияның  алдына 
қойған мақсаты – көне ескерткіштерді жинау және іздеу. Мұны-
мен қоса Нибур сол кездегі лингвистер мен тарихшыларды тол-
қытқан  сына  жазулы  мәтіндерді  көбірек  жинап,  оқып-үйренуді 
армандады.  Дат  экспедициясы  қайғылы  оқиғаға  ұшырады, 
Нибур  ғана  тірі  қалды.  Ауруынан  айыққаннан  кейін  ол  қиын-
дықтан  қорықпай,  шөл  далаға  саяхатты  жалғастырады.                     
1778  жылы  жарық  көрген  «Описание  путешествий  в  Аравию  и 
соседние  страны»  деп  аталатын  еңбегі  Месопотомия  туралы 
білімнің  энциклопедиясы  болды.  Бұл  кітап  көптеген  ғалым-
дарды қызықтырды, себебі мұнда бұрынғы ескерткіштер туралы 
құнды  мәліметтерді  берген  еді.  Нибурдың  жасаған  көшірмесі 
оның кітабында берілді, оның дәлелденген тұжырымдарын сына 
жазуын  оқуда  Гротефенд  пайдаланды.  Оның  еңбегі  шумердің 
болғандығы  жайлы  жұмбақтың  шешілуінің  кілті  болып  есеп-
теледі.  
Дат ғалымы Фридрих Христиан Мюнтер біраз бағалы пі-
кірлер  айтты.  1798  жылы  Дат  королдігінің  ғылыми  қоғамында 
жасаған баяндамасында ол І класс (Нибурдың бөлінісі бойынша) 
әліпбилік жазуды көрсетеді, ІІ класс-буындық жазуды, ІІІ класс 
идеографиялық жазуды көрсетеді деп тұжырымдады. 
Гёттингендегі лицейде грек және  латын тілінен сабақ бe-
ретін  оқытушы  Гротефенд,  Нибур  жазбасының  жақсы  көшір-
месін қолға түсірді. Ол Сильвестр де Саси сипаттаған көне пар-
сы  әміршілерінің  «Царь  царей»  формуласын  білді.  Көптеген 
көне  парсы  сөздерін  қамтыған  Дюперон  сөздігін  пайдалана 
алды,  оның  үстіне  Мюнтер-Тихсеннің  болжамы  оған  белгілі 
болды. Гротефенд шешімін өте жақсы тапты: оның айтуынша,  І 
класс  белгілерімен  жазылған  бағана  –  40-қа  жуық  әріптерден 
тұратын  әліпби.  Гротефенд  көне  парсы  әліпбиінің  8  таңбасын 
дұрыс  талдады.  30  жылдан  кейін  француз  ғалымы  Э.Бюрнуф 
және  норвегиялық  Кристиан  Лассен  барлық  сынажазу  таңба-
ларының 
дұрыс 
сәйкестіктерін 
дәлдікпен 
тапты 
да, 
Персопольдің  І  класс  жазбасын  аударып  шықты.  Бірақ  ғалым-
дарға  ІІ,  ІІІ    класс  жазбаларының  құпиясын  ашу  қиынға  түсті. 
Бюрнуф  пен  Лассеннің  көне  парсы  жазуы  бойынша  еңбегі  жа-


 
30 
рияланғаннан  кейін,  әскери  қызметте  жүрген  майор  және  дип-
ломат Генри Кресвик Раулинсон сынажазу жазбаларының мағы-
насын  ашуды  мақсат  етті.  Ежелгі  тілді  зерттеуді  жалғастыру 
үшін  жаңа  мәтіндер  керек  болды.  Керманшах  қаласының  жа-
нындағы тауда жұмбақ суреттер  мен таңбалардың бар екендігін 
білді.  Ол  өмірін  қауіп-қатерге  тігіп  тауға  шықты  да,  жазбаның 
көшірмесін  жасады.  1835  жылдың  жазы  мен  күзінде 
Бехистунның  сынажазу  жазбасының  көне  парсы  мәтінін  қайта 
сызып  шықты.  1837  жылы  Раулинсон  Лондонның  азиялық  қо-
ғамына көшірілген және аударылған екі үзіктен тұратын мәтінді 
жіберді.  Осы  мәтінді  Лондоннан  Парижге  азиат  қоғамына    жі-
берді  де,  бұл  жұмыспен  көрнекті  ғалым    Бюрнуф  танысады. 
Раулинсонның еңбегі өте жоғары бағаланды. Оған Париж азиат 
қоғамының құрметті мүшесі деген атақ беріледі. 
Бехустин  тауы  мен  Персеполдағы  жазбалар  үш  тілде  
жазылған  еді.  1844-1847  жылдары  Раулинсон  жазбаның  қалған 
бөлігін көшіріп сызып алады. Ғалымның қолында енді есімдерге 
толы  екі  мәтін  пайда  болды.  1855  жылы  Эдвин  Норриске  100 
буын  таңбасынан  тұратын  сынажазудың  екінші  түрінің  шифр-
ларын  шешуге  мүмкіндік  туды.  Жазбаның  бұл  бөлігі  элам  ті-
лінде жазылған екен.  
Жазбаның үшінші бөлігін оқу қиынға соққан. Ол вавилон-
дық  идеографиялық-буын  жазуымен  жазылған  болатын.  Бір 
таңба  бір  буынды  және  бір  тұтас  сөзді  білдірген.  Сол  бір  таң-
бамен әр түрлі сөздердің мағынасын да беретін. Мысалы, р ды-
бысынан  тұратын  буын  алты  түрлі  таңбамен  берілетін,  олар 
қандай дауыстымен көрші тұрғанына байланысты еді (ра, ар, ри, 
ру,  ур).  Дауыссыз  дыбыстар  буын  ішінде  дауысты  дыбыстар 
сияқты кейде жекелеген таңбалар ретінде қолданылды. Осындай 
оқудағы екімәнділік аса қиындық келтірді. 
Ғалымдар сына жазуы қаншалықты көне және көп ғасыр-
лық  өмір  жолында  қандай  өзгерістерге  ұшырады  деген  мәсе-
лелердің  төңірегінде  бас  қатырды.  Эдвард  Хинкс,  Уильям 
Тальбота және Жюль Опперт сияқты көптеген ғалымдардың бір-
лескен еңбегінің арқасында Вавилон тілін оқып-үйренуде жеңіс-
ке жетті. Археологтар тауып берген бұл жазуларды Роулинсон, 
Хинкс, Опперт және Тальботтар оқып шықты. Осылайша ежелгі 


 
31 
Месопотомияға байланысты проблемалар кешенін оқып-үйрену-
мен  айналысушы  жаңа  ғылым-ассириология  ғылымы  өмірге 
келді. 
1869  жылы  17  қаңтарда  француз  лингвисі  Жюль  Опперт 
нумизматиктер  мен  археологтардың  француз  қоғамының  мәжі-
лісінде  Месопотомиядан  табылған  тақтайшалардағы  жазулар-
дың шумерлердікі екендігін мәлімдеді. 
1871  жылы  Арчибальд  Генри  Сайс  Шульга  патшасының 
жазбаларының  бірі    шумер  мәтінін  жариялады.  1889  жылдан 
бастап дүние жүзінің  ғылымы шумерология  ілімін  мойындады, 
бұл  халықтың  тарихын,  тілі  мен  мәдениетін  білдіру  үшін  шу-
мерлік  анықтама  қабылданды.  Сына жазулы  мәтінді  зерттеуші-
лердің  арасынан  Леонард  Кингті,  Франсуа  Тюро-Данженді,  
Леон Легранды, Гуго Радауды, Эдвард Кьераны, Сирил Гэддты, 
М.В.Никольскийді,  Арно  Пёбельді,  Адам  Фалькенштейнді, 
С.Н.Крамерді атауымыз керек. 
Жазу  түрлері. 
Тіл  өзінің  қатынас  құралы  болу  қызметін  
ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл 
жазу  арқылы    таңбаланады.  Соның  нәтижесінде  оның  қатынас  
құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді.  Жазу – адамдардың 
кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өңірдің барлық саласында 
кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал 
ауызекі  тіл  жайында  мұны  айта  алмаймыз.  Ауызекі  тілмен 
сөйлесіп    қарым-қатынас  жасаудың  мүмкіндігі  сөйлеуші  мен 
тыңдаушының  арасындағы  кеңістікке  байланысты  болады  да, 
оның  шеңберінен  шығып  кете  алмайды.  Жазба  тілдің  ауызекі 
тілден кейін пайда болғаны, оның жазудың шығып, жасалуымен 
байланысты  екендігі  белгілі.  Жазудың  шығып,  жасалуының, 
соған  сай  жазба  тілдің  жасалуының  күллі  мәдениет  атаулының 
тарихында  орасан  зор  маңызы  болды  және  болып  та  отыр. 
Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес. 
Адамзаттың  сонау  көне  дәуірінен  бастап  біздің  заманымызға 
дейінгі  талай  ғасырлар  ғылым  мен  техника,  әдебиет  пен  өнер 
саласында  жасаған  күллі  мәдени  байлығын  ұрпақтан  ұрпаққа 
жеткізген де  жазба тіл.  
Жазудың  тарихы  өте  ерте  замандардан  басталады.  Көне 
жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі 


 
32 
практикалық үлкен мәні бар. Көне жазу нұсқаларын талдап оқи 
білу  ерте  заманда  өмір  сүріп,    қазірде  өлі  тілдерге  айналған 
тілдермен  танысуға  немесе  қазіргі  тілдердің  ертедегі қалпымен 
танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын 
зерттеуде  орасан  зор  маңызы  бар.  Жазудың  тарихын  зерттеп 
білу  тіл  білімі  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  тарих  ғылымы 
үшінде айрықша маңызды. 
Қазір  біз  жазба  тілді  ауызша  тілдегі  сөздердің  жазбаша 
түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алға-
шында  бұлай  болмаған.  Жазудың  тарихына  көз  жіберсек,  әріп 
пен  таңбалаудың  кейінірек  пайда  болғанын  көреміз.  Жазу  өте 
ерте  заманда  жасалып,  мыңдаған  жылдар  бойы  өзгеріп,  дамып 
келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге 
оның ұстанымдары да өзгеріп отырды.     
Жазудың  жүйесі  таңбалардың жиынтығынан    тұрады.  Ол 
таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды немесе дыбысты белгілейді. 
Әрбір жазбаша
 таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағы-
насы  болады.    Жазу  жүйесіндегі  таңбалардың,  не  бүтіндей  ха-
барды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай  
жазу  мынадай  түрлерге  бөлініп  қарастырылады:  1)  пикто-
графиялық  жазу;  2)  идеографиялық  жазу;  3)  буын  жазуы;                   
4) әріптік немесе дыбыстық жазу.   
1) Пиктографиялық жазу.
 Бұл  жазудың ең алғашқы түрі. 
Пиктографиялық  жазу  –  суретке  негізделген  жазу.  Сондықтан 
оны кейде сурет жазу деп те атайды, пиктографиялық жазудың 
таңбалары  пиктограммалар  деп  аталады.  Адамдар      біреулерге 
нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған.   Пиктогра-
фиялық жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі 
қолданатын болған.  
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең 
мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. 
Пиктографиялық  жазудың  тәсілін  қазірде  де  кездестіруге  бо-
лады.  Мысалы,  көшеде  жүрудің  тәртібін  аңғартатын  әртүрлі 
белгілердің,  дүкендер  мен  шеберханалардың    жарнамасындағы  
бас киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және.т.б. 
суреттерінің пиктографиялық мағынасы бар. 


 
33 
2)  Идеографиялық  жазу.
  Пиктографиялық  жазудың  бір-
тіндеп  даму  барысында  идеографиялық  жазу  пайда  болды. 
Идеографиялық  жазудың  таңбалары  идеограммалар  деп 
аталады.  Пиктографиядан  идеографияға  көшу  өте  баяу  болды 
және өзіндік айырмашылығы болды. Идеографияның пиктогра-
фиядан  басты  айырмашылығы  таңбалардың  формасында  емес, 
олардың  мағынасында  идеографиялық  таңба  не  жеке  сөзді 
немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді. 
Идеографиялық  жазудың  үлгілерін  өте  ертедегі  қытай 
жазуы  мен  шумер  жазуынан  көруге  болады.    Идеографиялық 
жазудағы  графикалық  таңбалар  цифрлар  тәрізді,  олар  сөздің 
мағынасын білдіруімен ерекшеленеді.  Жазудың идеографиялық 
ұстанымын  қазіргі  тілдегі  сандардың  таңбаларынан  да  көруге 
болады. Мысалы, 5 деген цифрды алайық. Бұл цифрдың сандық 
мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те  бірдей ұғынады, өйткені 
бұл таңба 
бес
 деген мағынаға ие. 
3)  Буын  жазуы.
  Жазудың  дамуы  барысында  буын  жазуы 
пайда  болды.  Жазудың  буын  жүйесінде  таңба  буынды  белгі-
лейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегімен таңбалардың фонети-
калық  мағынасы  жағынан  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Бұған  майя 
жазуын, корей жазуын, элам, урарт және т.б. жатқызуға болады. 
4) Жазудың 4-түрі әріп немесе дыбыс жазуы. 
Әріп жазуы, 
буын  жазуы  жүйелі  жазудан  кейін  пайда  болды.    Таза  күйінде 
консананттық-дыбыстық  жазу  екі  мыңжылдықтың  екінші  жар-
тысында  пайда  болса,  вокалданған  дыбыстық  жазу  біздің  дәуі-
ріміздің бір мыңжылдығының басында пайда болған. 
Әріп  жазуының  пайда  болуының  дүниежүзілік  мәдениет-
тің дамуы үшін үлкен маңызы болды.  Жазу жүйелерінің ішінде 
әріп жазуы – ең қолайлы жазу. Әртүрлі тілдерде буын саны мен 
сөздің  санынан  дыбыстың  саны  әлдеқайда  аз.  Ертедегі  әріп 
жазуы – консонантты-дыбыстық жазу.  
Сонымен,  жазудың  шығуының  және  оның  біртіндеп  да-
мып,  осы  күнгі  дәрежеге  жетуінің  ұзақ  тарихы  бар.    Әр  түрлі 
жазу жүйелерінің ішінде әріп жазу жүйесі жеңіл және өте-мөте 
қолайлы. 
Жазулар  таңбалардың  орналасу  бағытына  қарай  да  бір-
бірінен  ажыратылады.  Қытай  жазуындағы  идеограммалар  жо-


 
34 
ғарыдан  төмен  қарай  орналасады.  Орыс,  грузин,  армян,  өзбек, 
қазақ  жазулары  солдан  оңға  қарай  бағытталса,  ал  араб  жазуы 
керісінше, оңнан солға бағытталады. 
   

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау