Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/43
Дата17.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#33300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
ermekova tn zhunisova m turki tilderin tarikhi duirleu

УДК 81.1.512 (075.8) 
                                                                  ББК  81.2 я73 
ISBN 978-601-224-481-6 
 
 
 
 
 
                
© Ермекова Т.Н., Жүнісова М.Ә., 2013 
 
  © «Қыздар университеті» баспасы, 2013 


 

Кіріспе 
 
Тіл  –  қоғамдық  құбылыс.  Дүниежүзіндегі  барлық  тілдер 
тәріздес қазақ тілінің де талай мыңжылдықтарға кететін тарихы 
бар  екендігін  ұрпақ  санасына  сіңіру  және  оның  әлемдік  өрке-
ниетте  орны  бар  баға  жетпес  мұралары  екенін  дәлелдеу  қазақ 
тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі,  ұлттық  тіл  ретіндегі  орнын 
айқындай  түсері  анық.  Оның  үстіне, жуық  арада Қазақстанның 
ұлттық тарихын зерделеу мәселесіне қатысты, ведомствоаралық 
жұмыс 
тобының 
кеңейтілген 
отырысында 
көтерілген, 
Қазақстанның ұлттық тарихының көкжиегін кеңейтіп қана қой-
май, халықтың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру мәсе-
лесіне  бұл  пәннің қосар үлесі  мол.  Сондықтан  магистранттарға 
аталған пәннің оқытылуы – қазіргі заман білім парадигмасының 
талабы.  
«Түркі тілдерін тарихи дәуірлеу» оқу құралының 
мақсаты 

 
филология  факультетінің  магистратура  бөлімінде  оқитын  ма-
гистранттарға өтілетін «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық не-
гіздері» атты міндетті пәнге қосымша оқу құралы ретінде бола-
шақ  мамандарды  даярлауда  айрықша  мәні  бар  мәліметтер  мен 
әдебиеттерді таныстыру. Өйткені бұл пәнді зерделеу, филология 
ғылымдарын тұтас әрі жүйелі құбылыс ретінде пайымдауға, тіл 
білімі,  әдебиеттану  мен  фольклористиканы  тұтастықта  тануға 
әсер етеді. «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні-
нің  зерттеу  нысаны  –  қазақ  тілінің  тарихи  тамыры  боп  санала-
тын  түркітану  ілімін  түркіге  дейінгі  кезеңдермен  сатылай    зер-
делеу. 
Тіл  тарихын  дәуірлеу  туралы  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов, 
І.Кеңесбаев,  Т.Қордабаев,  Е.Жұбанов,  Р.Сыздықова,  С.Исаев,  
Ғ.Қалиев сынды қазақ ғалымдардың еңбектері бар. Қазақ әдеби 
тілінің тарихын дәуірлеуге қатысты пікірлер бір жақты болмаға-
нымен, олардың қай-қайсысы да қазақ тілінің тарихи тамыры те-
реңде жатқандығын жоққа шығармайды.  Ал ғалым Г.Қосымова 
республика бойынша «6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» ма-
мандығына  аталған  пәнді  Мемлекеттік  стандартқа  енгізіп,  осы 
пәннің  бағдарламасын  ұсынған  және  оқулығын  жариялаған  бо-
латын.  


 

Оқу  құралын  жазуда  Г.Қосымова,  А.Бахти  сынды  ғалым-
дардың  еңбектері  және  әртүрлі  ақпараттық  қорлар  мен  ма-
териалдар  пайдаланылды.  Авторлар  оларға  ризашылығын  біл-
діре отырып, аталған пән бойынша магистранттарға оқулық тап-
шылығының  орнын  толтыру  мақсатын  көздегенін  ескертеді. 
Аталған  пән  лингвистика  әлеміндегі  әрбір  тілдің  қалай  дәуір-
лерге  бөлініп,  қандай  кезеңдерден  тұратыны  және  ол  кезеңдер 
қандай теориялық мәліметтерге, ұстанымдарға сүйенгені жөнін-
де  мағлұмат  береді.  Әлемнің  тілдік  бейнесін  тану  үшін  негізгі 
рөл  атқаратын  олардың  әрбір  сатысы  жөнінен  кең  түрде  таны-
сып,  қазақ  халқының  тіл  тарихын  үйренеді,  оның  тарихи  даму 
кезеңдері туралы білімін толықтыра алады.   

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау