Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



жүктеу 2,36 Mb.
бет6/7
Дата29.01.2018
өлшемі2,36 Mb.
#8051
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма.

Румб арқылы сызылған планды қарапайым фигураларға бөліп, әр фигураның ауданын 2 рет есептеңіз. Егер араларындағы айырмашылық орташа ауданның 1/100 артпаса жалпы полигонның ауданын есептеңіз.


Әдебиет:

5, с. 9-17; 6, с. 70-88; 7, с. 33-41.

6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Планиметр арқылы жер алаңын есептеу
Мақсаты: жер алаңын полярлы планимет арқылы есептеу

Құралдар: жай қарындаш, мастабты сызғыш, А4 форматты чертеждік қағаз, циркуль-өлшегіш, транспортир, үшбұрыш, полярлы планиметр
Тапсырмаға түсініктеме
Механикалық әдіспен жер алаңын есептеу дәлділігі жағынан және кезкелген формадағы жер учаскелер алаңын немесе ауданын тез орындалуы жағынан өте тиімді. Сонымен қатар алаңды графикалық әдіс арқылы жеткілікті дәлдікте есептеу тек шамалы учаскелерге қолдануға болады.

Жер алаңын қарапайым фигураларға бөлу мүмкін болмағанда – планиметр деген аспап қолданылады.

Планиметр – жер ауданын есептеу үшін арналған механикалық аспап. Планиметрдің екі қолы бар: 1. Әрекет қол; 2. Полюстік қол. Әрекетті қолда есеп механизмасы орнатылады, оның ұшында сызу шынысы бар.

Есеп механизмасының құрылысы: есептеу тегіршегі – 100 бөлікке бөлінген. Есептеу тегіршегісінің айналуын циферблаттан оқу мүмкін – 1-ші сан. 2-ші, 3-ші, 4-ші сан верньерден алынады. Алаңның ауданын анықтау үшін полюстік қол әрекетсіз болып орнатылады. Ал әрекетті қолмен алаңның шекарасы сызылады (сағат тілі бағытымен). Есеп механизмасынан алғашқы сан және соңғы сан алынады. Соңғы саннан – алғашқы санды алғанымызда планиметр бөлігі арқылы өрнектелген ауданды табамыз.

Есеп механизмінен санау тәртібі (15 сурет):



15 Сурет. Планиметр көрсеткіштерін анықтау


Есеп механизмінен 4 цифралы сан алынады. Бірінші цифра (сан) циферблаттан (М) - кішісі алынады, бізде - 7, екінші, үшінші цифрлар роликтен (К) алынады. Екінші сан верньердің (U) 0-не ең жақын цифрлардың кішісі алынады, бізде 5, үшінші цифра – алынған 5 цифрасымен верньердің 0-лі арасындағы қалған толық бөліктер - бізде 2, төртінші цифра верньер штрихының роликтің бөлігімен ең сәйкес келетін бөлік, бізде – 1. Сонымен алынған сан – 7521.

Көлемді га, немесе м2 арқылы көрсету үшін планиметр бөлігінің бағасын табу керек.

Планиметрмен жұмыс істеу үшін полюс оң тарапта, сол тарапта орнатылуы мүмкін.

Планиметр бөлігінің бағасын табу:

Планиметрдің ең кіші бөлігінің м2 немесе га арқылы сәйкес көрсетілуі – планиметр бөлігінің бағасы деп аталады.

Планиметр бөлігінің бағасын табу үшін бақылау сызғышы (контрольная линейка) қолданылады, оның сызған ауданы 100см2, немесе 1:10000 масштабында ауданы 100 га болады.

Бақылау сызғышы бойынша сағат тілі бағытымен аудан екі айналымнан алынған санаулармен есептеледі: мысалы, 6382, 7333, 8283, олардың айырмашылықтары 7333-6382=951 және 8283-7333=950. Екі есептеудің арасындағы айырмашылық үш бөліктен аспауы керек, бізде бір бөлік, олай болса орташа ауданын есептеуге болады (951+950):2 =950,5. Бөліктің бағасы С1= 100 : 950,5 =0,1052 га.

Полигон контурын өлшегенде планиметрді оң тараптан қояды, өлшенетін алаңды екі рет айналады. Әр айналымның санауын алады, кестеге жазады, содан кейін есептеулердің айырымын, орташа айырымын табады.

Мысалы, полигонды айналғандағы санаулар 7150, 8444, 9739, оларды айырымдары: 8444 – 7150 = 1294 және 9739 – 8444 = 1295.

Екі есептеудің арасындағы айырым үш бөліктен аспауы керек, бізде бір бөлік, олай болса орташа ауданын есептеуге болады (1294+1295):2=1294,5.

Содан кейін бақылау сызғышының бағасын – С1 құрылған полигонның масштабына сәйкесті ету үшін – С2 келесі есепті жүргізеді:

С2 = (М2 : М1)2 х С1, мұнда М2 – полигонның масштабы, М1 - бақылау сызғышының ауданын есептеу масштабы.

Мысалы, С2 = (2000 :10000)2 х 0,1052 = 0,0042.

Олай болса полигонның ауданы 1295 х 0,0042 = 5,44 га.
4 Кесте. Ауданды (алаңды) планиметрмен анықтау ведомосы

Планиметр №1235. Бөлік бағасы С1 = 0,1052




Планиметр бойынша санаулар

Санаулар айырымдары

Орташа айырымы

Ауданы, га

алғашқы

соңғы

7150

8444

1294

1261

5,4

8444

9739

1295






Ауданды өлшеу барысында санаулар арасындағы айырмашылық ауданы планиметрдің 200 бөлігіне дейін болғанда 2 бөлік, 200 – 2000 дейін 3 бөлік, ал 2000 бөліктен артқанда 4 бөліктен аспауы керек.


Бақылау сұрақтары:

1 Жер алаңын есептеудің қандай түрлерін білесіңдер?

2 Графиктік әдіспен ауданды анықтаудың мәні неде?

3 Планиметр не үшін керек және оның құрылысы қандай?

4 Планиметр бөлігінің бағасын қалай анықтауға болады және ол нені көрсетеді?

5 Планиметр бөлігінде немесе өлшемінде анықталған фигура алаңын гектарға қалай аударуға болады?



Әдебиет:

1, с. 180-185; 2, с. 27-33; 3, с. 165-169; 4, 123-128 б;. 5, с. 17-24.


7 Зертханалық жұмыс


Тақырыбы:Карталар мен пландарда горизонтальдар арқылы есептер шығару
Мақсаты: ауыл шаруашылығында жер пайдалануда жер бедерінің рөлі өте маңызды, сондықтын ауыл шаруашылығы мамандары карта мен пландарда есеп шығара білу және жер бедерін оқи білу керек.

Құралдар:топографиялық карта, жай қарындаш, масштабты сызғыш, транспортир, циркуль-өлшегіш, шартты белгілер
Тапсырмаға түсініктеме
Карталар мен пландарда жер бедері горизонталдармен бейнеленеді. Жергілікті жердің планында және топографиялык картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді (грекше горизон - шектеуші). Горизонтальдар деп биіктіктері (мұхит деңгейінен) бірдей нүктелерді косатын кисық сызықтарды айтады (16, 17 суреттер).

16 Сурет. Төбенің биіктігін өлшеу

17 Сурет. Горизонтальдармен төбені бейнелеу
Горизонтальдарды жер бетін белгілі бір биіктік сайын басып жатқан су денгейі сызығымен салыстыруға болады.

17-суретте көтеріліп келе жаткан судың төбені бірте-бірте қалай басатыны бейнеленген. 1 -жағдайда су төбенің етегін жайлап алған. 2-3-4- жағдайларда әрбір 1 м сайын көтерілген су төбенің кандай жерін альш жатқандығын көреміз.

Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі (1м, 2,5м, 5м, 10м, 25м, 50м, 100,0м). Бұл мөлшер картаның масштабына және жер бедерінің ыңғайына карай белгіленеді. Мәселен, 1:10 000 масштабтағы топографиялык картада гори­зонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал кыратты жерде 5,0 м сайын жүргізіледі.

Жер бедері қимасының биіктігі (h) деп биіктігі бойынша көршілес горизонтальдардың ара қашықтығын айтады.

Салынымы-заложение (d) деп көршілес горизонтальдардың пландағы метрмен өлшенген ара қашықтығын айтады.

Жер бедерінің сипатын аныктауды оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылып койылады. Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдига қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе-көлденең койылған сызыкша - бергштрих (немісше берг - тау, штрих - сызык) көрсетеді (18 сурет).




18 Сурет. Цифрдың басы биік жақты көрсетеді, бергштрих ылдиға бағытталады.
Санауды оңайлату үшін әр бесінші немесе оныншы горизонталь жуандалады немесе қалыңдалады. Кей кезде қабылданған қима биіктігіне сәйкесті қосымша жарты немесе төрттік горизонтальдар жүргізіледі. Оларды жарты немесе төрттік горизонтальдар деп атайды. Біріншілер ұзын, ал төрттік қысқа және жіңішке пунктирлермен бейнеленеді.

Горизонтальдардың қасиеттері:

1. Горизонтальдар тұйықталған қисық сызықтар.

2. Бір горизонтальда орналасқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.

3. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа қашықтығы оның ең тікті құламалығын білдіреді.

Жер бетінің кейбір горизонталь­дармен түсіруге келмейтін бедері (жарқабак, жыра, т.с.с.) қосымша шартты белгілер қолдану арқылы бейнеленеді.



Карталарда горизонтальдармен шешетін есептерге жатады: 1) жер бедерін оқи білу; 2) жер бедері қимасының биіктігін анықтау; 3) нүкте биіктігіне қарай горизонталь биіктігін анықтау; 4) горизонтальдарға қарай нүктенің биіктігін анықтау; 5) картада қиманы немесе профильді құру; 6) сызықтардың ылдилығы мен еңістік бұрыштарын анықтау.

Жер бедерін оқи білу. Жер бедері негізгі формалардың әртүрлі үйлесімдерінен тұрады, олардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жер бедерінің негізгі түрлері (формалары): тау, қазаншұңқыр, ер, қырат, лощина (19 сурет).

19 Сурет Жер бедерінің негізгі түрлері: а – тау; б – қазаншұңқыр; в – қырат; г – өзек; д – ер (водораздел-су айрығы; тальвег-су ағыны)
Тау – 200 м биік құрат немесе көтеріңкі жер, егер биіктігі одан төмен болса төбе (холм) немесе шоқы (сопка) деп аталады. Таудың бүйірін немесе көлбеу жағын беткей (склон), ал табанын (основание) – тау етегі (подошва) деп атайды. Картада тау тұйықталған горизонтальдармен бейнеленеді.

Қазаншұңқыр – жер бетінің тұйықты ойыс жері, түрі конус сияқты, ең төменгі нүктесі – түбі (дно), бүйірі – беткей деп аталады. Кішкентай қазаншұңқырды – ойыс немесе ор деп атайды. Картада тұйық горизогтальдармен бейнеленеді, бергштрихтары (скатштрихи) ішіне қаралған.

Ер – ерге ұқсас, екі биіктіктің (құраттың) ортасындағы ойыс жер. Ерден екі өзек, қарама-қарсы тарайды. Таулы жерлерде ерді ерді асу деп атайды.

Қырат, арқа (хребет) – ұзындығы едәуір биік жер немесе созылған құрат, ылғыйына бір жағына аласаратын. Қыраттың екі беткейі (ылдыйы) бар, үстіңгі биік жағы суайрығы (водораздел) болып қосылады.

Өзек – созылған ойыс, беткейлері жайылымды келеді. Ең төменгі бөлігі түбі, ал түбінің ең төменгі нүктелерін қосатын сызықты тальвег немесе ағын су деп атайды. Кең немесе енді өзектерді аңғар деп атайды, олардың беткейлері жайылымды келеді. Енсіз беткейі құламалы өзекті жыра немесе сай деп атайды. Өзектер, қыраттар сияқты созылған горизонтальдармен бейнеленеді, бергштрихтары төмендну жақтарына бағытталған.

Жер бедері қимасының биіктігін анықтау. Егер картада рельефтің қиылысу биіктігі көрсетілмесе , оны горизонтальдағы жазулар немесе биіктігі белгілі екі нүктелер арқылы анықтауға болады.

Бірінші тәсіл бойынша беткейдегі биіктігі жазылған екі горизонтальдарды табады, содан кейін осы горизонтальдардың айырымын анықтайды оны горизонтальдар арасындағы аралық санына бөледі. Мысалы, екі горизонтальдар жазылған: 180,0 м және 160,0 (20 сурет). Олардың айырымы 20,0 м тең, ал аралық саны 8 м, олай болса горизонтальдармен рельефтің қиылысу биіктігі: h = 20:8 = 2,5 м.


20 Сурет 21 Сурет


Бірінші тәсіл бойынша беткейдегі биіктігі жазылған екі горизонтальдарды табады, содан кейін осы горизонтальдардың айырымын анықтайды оны горизонтальдар арасындағы аралық санына бөледі. Мысалы, екі горизонтальдар жазылған: 180,0 м және 160,0 (20 сурет). Олардың айырымы 20,0 м тең, ал аралық саны 8 м, олай болса горизонтальдармен рельефтің қиылысу биіктігі: h = 20:8 = 2,5 м.

Жарты горизонтальдар есептелмейді.

Екінші тәсіл бойынша бір беткейде орналасқан биіктігі көрсетілген екі нүктені табады (21 сурет), олардың (екі нүктенің) биіктік айырымын горизонтальдар санына бөледі, табылған сан қиылысу биіктігіне жақын болады.

Мысалы, таудағы нүктенің биіктігі 208,6 м., екінші нүкте беткейде орналасқан биіктігі 189,3 м. Олардың арасындағы горизонтальдар саны 7 тең. Онда 208,6 – 189,3 = 19,3 м, h = 19,3 : 7 = 2,7 м., олай болса рельефтің қиылысу биіктігі 2,5 м тең болады.



жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау