Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



жүктеу 2,36 Mb.
бет3/7
Дата29.01.2018
өлшемі2,36 Mb.
#8051
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7

Дирекциялық бұрыш – сағат тілі бойынша солтүстік бағыттағы орталық – осьтік меридиан немесе оған параллель сызықтан нақтыланған сызық арасындағы горизонтальды бұрышты айтады, α, (альфа) әрпімен белгіленеді (8 суретті қара - ОВ сызығының дирекциялық бұрышы - α).

Дирекциялық бұрыштың сандық мөлшері О0–тан 3600-қа дейін өзгереді.

Дирекциялық бұрыш пен азимут айырымын меридиандардың жақындауы (сближение меридианов) - γ (гамма) деп атайды және мына формуламен сипатталады: γ = А – α; α= А – γ

Меридиандардың жақындау мөлшері орталық меридианда 0 тең, батысқа қарай – теріс, шығысқа – оң.

ОВ сызығының дирекциялық бұрышы оның қай нүктесінде болсын тұрақты.

ОВ сызығының тура (пр.) және теріс (обр.) дирекциялық бұрыштарының айырмашылығы 180° және мына формуламен есептеледі: αобр = αпр ± 1800

А бұрышын (4 суретті қара) мына формуламен белгілеуге болады:

А =α + γ, егер γ, нольге тең болса, ОВ сызығының азимуты мен дирекциялық бұрышы бірімен-бірі тең болады.

Олай болса, бағдарланған сызықтың дирекциялық бұрышын табу үшін сол сызықтың нақтылы азимуты мен меридиандардың жақындау мөлшерін білу керек.

Жердің беттік жазықтығында кез келген нүктенің орны оның географиялық координаттары арқылы белгіленеді. Географиялық координаталар деп алғашқы меридиан жазықтығымен белгіленген нүктенің меридианының жазықтығы арасындағы бұрыш - нүктенің бойлығы, ал экватор жазықтығымен белгіленген нүктенің жер полюсіне қатысты тік кесіндісі арасындағы бұрыш – нүктенің ендігі деп аталады.



Географиялық бойлық гректің λ (лямбда) әрпімен белгіленеді де алғашқы (бастапқы) меридианнан өлшенеді. Бастапқы меридианнан батысқа қарай қашықтық – батыс бойлық, шығысқа қарайғы қашықтық – шығыс бойлық деп аталады. Географиялық бойлықтың өлшем бірлігі 0 0 және 180 0 аралығында өзгеріп отырады. пен бойлық - деп аталады.

Географиялық ендік гректің φ (фи) әрпімен белгіленеді де экватордан, 0 тең, солтүстік немесе оңтүстік полюске 90 0 дейін өлшенеді, осыған сәйкесті ендік солтүстік немесе оңтүстік деп аталады.

Картаның әр парағы меридиан және параллель сызықтарымен шектелген. Бұл сызықтар парақтың рамкасын құрайды, пішіні трапеция сияқты. Рамканың бұрыштарында параллельдердің ендігі мен меридиандардың бойлығы белгіленген.

Меридиан мен параллель сызықтары жанында периметр бойынша минуттік рамка көрсетілген және 1 минуттік интервалдарға бөлінген. Минуттік кесінділер нүктелер арқылы 10 секундтық кесінділерге бөлінген.

Осы рамка арқылы нүктенің географиялық координаттарын анықтауға болады.

Карта парағының ішкі рамкасының әр бұрышында оның ендігі мен бойлығы жазылған.

Ендігі сыртқы және ішкі рамкалар арасындағы параллельдердің жалғасы, ал бойлығы меридиандардың жалғасы.


Тапсырма. Топографиялық карта бойынша нүктенің географиялық координаттарын анықтау.

Берілген нүктенің географиялық координаттарын табу үшін картада тура сызықтармен осы нүктеге жақын ендік пен бойлықтың минуттық бөлулерінің қарама-қарсы орналасқан екі шетін қосады, сонда анықталатын нүкте қосымша сызылған меридиандар мен параллельдер құрған трапецияның ішінде қалады. Содан кейін координаттық кесінділердің мөлшерлерін – берілген нүктеден қосымша оңтүстік параллель мен қосымша батыс меридианға дейінгі қашықтықты, сонымен қатар минуттық рамка бойынша бойлық пен ендіктің бір минуттық кесіндісінің ұзындығын өлшейді.



Өлшенген шамалардың арақатынасы бойынша координаттық кесінділердің секундтық мөлшерлерін есептейді, содан кейін оларды жоғарыда көрсетілген оңтүстік паралеллель мен батыс меридианның ендігі мен бойлығына қосып берілген нүктенің координаттарын табады.

Мысалы, К нүктесіне жақын қосымша параллельдің ендігі: φ 0 = 54°44'20" (9 сурет), минуттық рамканың қабырғасындағы 10 секундтық кесіндісінің ұзындығы - 12,5 мм, К нүктесінен ендігі φ 0 параллельге дейінгі қашықтығы - 3 мм, олай болса бұл кесінді (Δφ) секундпен пропорция арқылы былай есептеледі:

12,5 мм------ 10//

3 мм-------- /Δ φ/ // немесе Δ φ = 10х 3 / 12,5~ 2//

К нүктесінің ендігі формула бойынша былай есептеледі:

φ = φ 0 + Δ φ= 54о44/20// + 2// = 54о44/22//.

К нүктесінің бойлығын есептеу үшін жақын орналасқан қосымша батыс меридианның бойлығын (λо= 18о05/50//), солтүстік немесе оңтүстіктегі минуттық рамкадағы 10 секундтық кесіндінің ұзындығын (7 мм) және К нүктесінен қосымша меридианға дейінгі қашықтықты (2 мм) анықтайды.

Содан кейін пропорция құрайды: 7мм---------------- 10//

2 мм----------------( Δλ)//

және кесіндінің мөлшерін секундпен есептейді: Δλ = 2 х 10/ 7= ~ 3//

К нүктесінің бойлығын мына формуламен анықтайды:

λ = λо+ Δλ =18о05/50// + 3// =18о05/53// .

Бақылау үшін нүктеге жақын орналасқан қосымша солтүстік параллельдің ендігін (φ0=54о44/30//), қосымша шығыс меридианның бойлығын (λо=18о06/00//), жоғарғыда келтірілгендей координаттық кесінділердің секундтық мөлшерлерін (Δ φ =8//, Δλ= 7//) есептеп және оларды параллель мен меридианның координаттарынан алып тастап К нүктесінің ендігі мен бойлығын табуға болады.

φ = φ 0 - Δ φ= 54о44/30// - 8// = 54о44/22//.



λ = λо - Δλ =18о06/00// -7//= 18о05/53// .




9 Сурет – К және В нүктелерінің географиялық координаттарын анықтау

жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау