1-САБАҚ ТАПСЫРМАСЫ
1) Қысқа тұйықталған катушканың орам саны 1000, катушка күш сызықтары катушканың өсін бойлай бағытталған магнит өрісінде орналасқан. Магнит индукциясы 5*10-3 Тл/с жылдамдығымен өзгереді. Катушканың көлденең қимасының ауданы 40 см2, кедергісі 160 Ом. Жылу шығынының қуатын анықта.
2) Өте аз кедергісі бар индуктивлігі 3 Гн катушканы ішкі кедергісі өте аз ЭҚК-і 15 В ток көзіне қосады. Қанша уақыттан кейін катушкадағы ток күшінің мәні 50 А-ге жетеді.
3) Қандай да бір тізбектің бөлігінде тізбектей жалғанған кедергісі 0,2 Ом резистор және индуктивтілігі 0,02 Гн катушка бар. Ток күші келесі заңдылықпен өзгереді: I=3t. Тізбек бөлігінің ұштарындағы потенциалдар айырымын анықта.
4) Соленоидтың орамы ауданы S1 мыс сымнан жасалған. Соленоидтың ұзындығы – l, ал оның кедергісі – R. Соленоидтың индуктивтілігін анықта.
Достарыңызбен бөлісу: |